Жақыннан көргіштік

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 08:37, реферат

Описание работы

Сезім мүшелері жайлы мәлімет
Көз - көру мүшесі
Жақыннан көргіштік (миопия)

Работа содержит 1 файл

Жақыннан көргіштік реферат.docx

— 27.07 Кб (Скачать)

Жоспар:

    1. Сезім мүшелері жайлы мәлімет
    2. Көз - көру мүшесі
    3. Жақыннан көргіштік (миопия)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сезім мүшелері (органы чувств, сенсорные органы); (organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі  әсерлерін қабылдайтын сезім  жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.     Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды. Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын физиолог ғалым И.П.Павлов анализатор деп атады. Сезім мүшелерін кейде сенсорлық жүйе деп те атайды (латынша - сезу, түйсіну).     Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі - көз; есту мүшесі - құлақ; иіс сезу мүшесі - мұрын; сипап сезу (түйсіну) мүшесі - тері; дәм сезу мүшесі — тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ - тек дыбысты, көз - тек жарықты және т. б. Сезім мүшелері мимен және өзара бірімен-бірі тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып тұрады.      

Көз - оптикалық жүйе. Жарық  адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне  мүмкіндік беретін энергияның бір  түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады. Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсті қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар. Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды. Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза.Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған.Аталған төрт орта – қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене – оптикалық күші D = 58,5 дптр ( F=17,2 мм) болатын линзаға ұқсас оптикалық жүйе құрайды. Ол күрделі объективтің ролін атқарады.      Тамырлы қабық алдыңғы жағындағы нұрлы қабықтан, кірпікті денеден және өзіндік тамырлы қабықтан тұрады. Торлы қабық пигментті эпителиймен қапталған, үш қабатта орналасқан нейроциттер қатарынан түзілген жүйке ұлпасы. Оның бірінші қабатын жарық пен түр-түсті ажырататын фоторецепторлы (таяқша, құтыша) нейроцитгер, екінші қабатын биполярлы (қос өсінділі) нейроциттер, үшінші қабатын мультиполярлы (көп өсінділі) ганглиозды нейроциттер құрайды. Мультиполярлы нейроциттер аксондары көз алмасы мен аралық миды жалғастырып, көру талдағышының өтгізгіш жолын құрайтын көру жүйкесін (ми жүйкесінің II жұбы) түзеді. Көз алмасының мөлдір сәулесындырғыш ортасын — қасаң қабық, алдыңғы және артқы көз қуыстарындағы көз сұйықтығы (шылауық) және шыны тәрізді дене құрайды.             Көз « объективі » - фотоаппарат тәрізді көз торында нәрселерді шын, кіші- рейтілген және төңкерілген кескінін береді. Тордың жүйке талшықтарымен тітіркенуі- көру жүйкесі арқылы миға беріліп адамға көру әсерін туғызады, соның нәтижесінде адам нірселерді көреді. Көру процесі мида түзетіледі , сондықтан біз нәрсені тікелей қабылдаймыз. Көз торламасында нәрсе кескінінің пайда болуынан көру сезімі басталады.   Торламадағы кескіннің өлшемі – нәрсенің өлшеміне және одан торламаға дейінгі қашықтыққа , яғни нәрсеге қарау бұрышына байланысты . Бұл - бұрышты көру бұрышы деп атайды. Нәрсе неғұрлым алыстаған сайын оның көз торындағы кескіннің өлшемі кішірейе береді және көру бұрышы кемиді. Көздің оптикалық жүйесінде нәрсе қалай орналасса да, көз торламасында кескін алуды қамтамасыз ететін тамаша, өмірлік маңызды қасиет бар. Көз бұршығының өзінің қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің, оларды әр түрлі қашықтықтан қарағанда анық кескінін беретін қасиет аккомодация деп аталады.         Нәрсе көзден 12 см қашықтықта болғанда, аккомодация шегіне жетеді. Кірпік бұлшық етінің босаңсуы көзінде көздің көретін нүктесі алыс нүкте деп аталады. Көзге көп күш салу арқылы көрінетін нүкте жақын нүкте деп аталады. Сау көз үшін алыс нүкте - шексіз алыста, жақын нүкте – көзден 15-20 см шамасындағы қашықтықта жатады.       Көз алмасы (лат. bulbus oculi Bulbus — алма, oculus — көз) — пішіні шар тәрізді, алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген көру мүшесінің негізгі бөлігі. Көз алмасының қабырғасы: сыртқы — талшықты (фиброзды) қабықтан, ортаңғы — тамырлы қабықтан және ішкі — торлы қабықтан құралған. Фиброзды қабық мөлдір қасаң қабыққа және ақ қабыққа бөлінеді.            Адамның тіршілігі сыртқы ортамен тығыз байланысты. Қоршаған ортада болып жатқан ақпараттар ағынын жүйкелер сезімтал ұштары (рецепторлар) арқылы қабылдайды.        Көз ауруларының ішінде көбірек таралған жұкпалы ауруға - көз қарығуы (конъюнктивит) жатады. Бұл кезде көздің сілемейлі қабығы қабынады. Аурудың болуына көбіне бактериялар, вирустар және т. б. ағзалар әсер етеді. Кейде гүл тозаңдары, химиялық заттар, дәрі-дәрмектер де әсер етуі мүмкін.Көз ауруларын емдейтін дәрігерді -офтальмолог (грекше — көз), кейде окулист (латынша — көз) деп атайды.       Біздің әлемді көріп тануымызға, табиғаттағы түрлі-түсті бояуды анықтауға, оның ғажап сезіміне бөленіп жүруге бірден-бір себепші болатын –көз. Егер көздің өткірлігі төмендесе, біз өзімізді әлсіз сезініп, көру қабілетінен айырыламыз. Сондықтан бұндай жағдайға ұрынбас үшін адам көз жанарына сәби кезден көніл бөлу керек. Бір көзбен немесе екі көзбен көрудің айырмашылығы бар ма? Бір көзбен көру, бізге кай нәрсенің жакын, кай нәрсенің алыс тұрғанын толык айыруға мүмкіндік бермейді. Сондыктан нөрселер, бізге бір жазықтыкта жаткандай корінеді. Басты бұрмай, бір көзіңді жүмып түрып, жіпті инеден откізіп көріңдер. Екі көзбен кору — кору аймағын кеңейтеді, біз үлкен кеңістікті көреміз. Екі көздің бүлшык еттерінің келіскен әрекеті салдарынан, жақындағы және алыстағы нәрселердің арақашықтығы туралы айтуға, дененің кедір-бүдырын көруге болады. Екі көзбен көретіндіктен, біз нөрсені жазық емес, көлемді күйінде көреміз. Алхазен (Хайсам) тәжірибелер жасап және оларға өзі құрал- жабдықтар құрастыра отырып, өзінен бүрынғылардың қалдырған ғылыми мүрасын дамытты. Ол көру теориясын жасап, көздің анатомиялық қүрылысын суреттеп және кескінді қабылдайтын көз бүршагы екеніне болжам жасады. Алхазеннің көзқарасы кескін торламада болатыны белгілі болғанга дейін, яғни XVII ғасырға дейін үстем болды. Алхазен обскур-камераның жұмыс істеуін біліп, оны астрономиялық құрал ретінде Күн мен Айдың кескінін алуға пайдаланған алғашқы ғалым болған. Алхазен жазық, сфералық, цилиндрлік, дөңес айналардың әрекетін зерттеді. Ол берілген жарық көзі және көз арқылы целиндрлік айнадан шағылған нүктенің орнын анықтауға тырысты.            

Көз ауруларының ішінде көп  кездесетін түрі- жақыннан көргіштік (миопия).           Адамның көру қабілеті жасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 10 жаста затты 7 см қашықтықтан жақсы көрсе, 45—50 жаста - 33 см-ден жақсы көреді. Ал 70-те жақын тұрған заттар бұлдырап анық көрінбейді, көзілдіріктің көмегімен, әр түрлі линзалар (ойыс, дөңес) арқылы реттеледі. Бұл жағдай көз бұршағының өз пішінін өзгерте алмай, төмендеуінен болады. Мұндайда алыстан көргіштік қалыптасады. Алыстан көргіштік (қырақтық) көбінесе қарт адамдарда кездеседі. Әсіресе, жастарда (мектеп окушыларында) жақыннан көргіштік жиі кездеседі. Жақыннан көретін адамдарға алыстағы заттар бұлыңғырланып көрінеді, оның қандай зат екенін ажырата алмайды. Жақыннан көргіштік көбінесе жарық аз түскен жерде оку, жатып оқу, көлікте жүріп окудан болады.      Сау көз бен оның алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік тәрізді кемшіліктері – қасаң қабық пен торламаның арақашықтығына байланысты. Егер көзге күш түсурмей параллель шоқтарды торламада жататын нүктеде жинаса , онда ол сау көз деп аталады. Көз бұлшық еттерінің босаңсыған күйінде фокусы көз ішінде жататын болса, онда оны жақыннан көргіштік деп аталады. Жакыннан көргіштікте көз алмасы үзарып, көз бүршағы аккомодацияға бейімділігін жоғалтады. Сондыктан жақыннан көргіш адам алыстағы нөрсені нашар кереді. Жакыннан көргіш адамдарда нөрсенің анық кескіні торламаның алдында болады, ал торламада кескін анық емес. Жақыннан көргіштікті жасанды түзету үшін—ойыс, шашыратқыш менискілік линзалы көзілдірік киеді Олар нәрсенің анық кескінін торламаға жылжытады. Мұндай линзалардың оптикалык күшінің алдына минус (теріс) таң-басы койылады: -0,5 дптр; -1,5 дптр жөне т.б.Көздің екінші бір көру кемістігі — алыстан көргіштік адамның жасы ұлғая келе, шамамен 40 жастан асқан соң, біртіндеп артып отырады, бірак кейде туа біткен болады. Алыстан көргіштіктің себебі — көз бұршағының айналасындағы бұлшык еттердің босаңсуынан. Алыстан көргіш — адамда алыстағы нәрсенің де, жақындағы нөрсенің де анық кескіні торламада емес, көз алмасының сыртында, тордың артында болады Сондыктан торламаның өзіндегі кескін анык болмайды. Алыстан көргіштікті жасанды тузету ушін дөңес жинагыш менискілік линзалы көзілдірік киеді.         Мұндай линзалар торламада нәрсенің аны кескінін алуға көмектеседі. Алыстан көргіш адамдарға арналған көзілдіріктің оптикалык күші +0,5 дптр, +2 дптр және т.б.            Алыстан көрмеушілік көбіне мектеп оқушылары арасында кездеседі. Дәрігерлер жақыннан көргіштікті 3 ке бөліп қарастырады. Мектеп жасындағы жақыннан көргіштік, туа пайда болған жақыннан көргіштік, миопиялық ауыру. Қазіргі уақытта оқушылардың көбісі мектеп жасындағы жақыннан көргіштікпен жапа шегуде, азап шегуде. Жақыннан көргіштік бастауыш сыныптарда жиі кездеседі.Жақыннан көргіштік қалай пайда болады? Негізінен жатып көп оқығаннан, теледидар мен компьютердің алдында жиі және ұзақ уақыт отырғаннан, жұмыс орнында жарық сәулесінің дұрыс түспеуінен. Ал мектеп жасындағы балалардың партада дұрыс отырмауынан жақыннан көргіштік пайда болады.    Алыстан көрмеушілік (миопия) балалардың нашар көруінің басты себебі болып табылады. Балалық шақта алыстан көрмеушілік жиі өршиді және көз көру жітілігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Балалар арасындағы алыстан көрмеушіліктің жиілігі мектептегі оқу үрдісінің аяғына қарай 15-20 % құрайды. Мұның себебі аурулардың дәрігерге кеш қаралғаны болып табылады.            Алыстан көрмеушіліктің пайда болу себептері:      • Оқушы көзіне түсетін көтерңкі салмақ алыстан көрмеушілікке алып келуі мүмкін;            • Сондай - ақ балада гипертенциялық синдромның болуы, жиі тұмау аурулары және имунитеттің әлсіздігі миопияның пайда болуына алып келуі мүмкін.             • Миопия тұқым қуалау арқылы да берілуі мүмкін.   Алыстан көрмеушілікті алдың алуға арналған жаттығулар:    Күнде өткізілуді қажет ететін көзге арналған жаттығулар әрбір оқушыға көру жітілігінің бұзылысына қарамастан жасалыну керек. 1.Көздерді оңға және солға айналмалы қозғау.     2.Көздерді оңға, солға, төмен, жоғары, қиғаш бойынша қозғау.   3.Көзді үдемелі жұму.         Бұл жаттығуларды күнделікті әрбіреуін екі-екіден қайталаумен күнде 20 рет орындау керек.          Көз жанарын сақтау үшін не істеу керек? Біріншіден, партада немесе үстелде дұрыс отыру, оқу сәтінде көз бен кітап арасының қашықтығы 30-35 см болғаның қадағалау керек. Екіншіден мектепте, үйде, жұмыс жасайтын орынның жарық болуы тиіс. Сол секілді кешкі мезгілде отырып жұмыс жасайтын оқушщылар үстел шамын сол жақтан қою керек. Сонда қолдың көлеңкесі дәптерге түспейді және көз де тез талмайды. Үй тапсырмасын орындағанда әр сағаттан кейін 3-5 минуттық үзіліс жасау қажет. Теледидар, компьютермен жұмыс 40 минуттан аспау керек.     Көз- көңілдің айнасы демекші, біздің айтарымыз егер баланыздың көзінің өткірлігі төмендеп жатса, ойланбастан көз дәрігеріне қаратқан абзал.

 

 


Информация о работе Жақыннан көргіштік