Жатырдан тыс жүктілік
Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 22:58, реферат
Описание работы
Жүктіліктің асқынуы, ұрықтанған зиготаның жабысуының жатырдан тыс жүруі. Ол ана өмірі үшін өте қауіпті. Жедел операциялық көмек көрсету қажет жағдай, егер ол көмекті көрсетпесек ол өлімге алып келеді.
30 - 50% жағдайда этиологиясы белгісіз. Ал қалған жағдайда әсер ететін қауіп факторлары:
Іш қуысына хирургиялық операция жасау
Контрацепциялық препараттар
Гормон метаболизмінің бұзылуы
Работа содержит 1 файл
ЖАТЫРДАН ТЫС ЖҮКТІЛІК
Орындаған:
Қабылдаған:
Факультет:
Курс:
Топ:
Жатырдан тыс жүктілік:
- Жүктіліктің асқынуы, ұрықтанған зиготаның жабысуының жатырдан тыс жүруі. Ол ана өмірі үшін өте қауіпті. Жедел операциялық көмек көрсету қажет жағдай, егер ол көмекті көрсетпесек ол өлімге алып келеді.
Этиология:
- 30 - 50% жағдайда этиологиясы белгісіз. Ал қалған жағдайда әсер ететін қауіп факторлары:
- Іш қуысына хирургиялық операция жасау
- Контрацепциялық препараттар
- Гормон метаболизмінің бұзылуы
- Әйел жыныстық мүшелерінің қабыну аурулары
- Жатыр түтігінің транспорттық қызметінің бұзылысы
- Жатыр мен қосымшаларының ісігі
- Жыныс мүшелерінің қалыптасу аномалиясы
Кездесу жиілігі:
- Бүкіл жүктіліктің 2% кездеседі. Түтіктік жүктілік 98% құрайды.
Жіктелуі:
- Орналасу орнына қарай:
- Түтіктік
- Аналық безінде
- Іш қуысында
- Жатырдың рудиментті мүйізінде
Патогенезі:
- Қалыпты жүктілік кезінде ұрықтану жатыр түтігінде өтіп, ұрық жатырға бекініп өседі. Ал бұл кезде ұрықтанып белгілі себептерден жатырға емес кері жылжиды да, жатыр түтігіне, аналық безге, іш қуысына жабысып еніп өседі. Соның әсерінен ауру сезімі, қанағыштық дамиды.
Симптомдары:
- Бастапқы кезеңінде жатырлық жүктіліктен айырмашылығы болмай жүрек айну, ұйқышылдық, тәбеттің жоғарылауы, сүт бездерінің ұлғаюымен көрінеді.
- Жағымсыз симптомдары жүктіліктің 5 – 8 аптасында көрінеді.
- Оған:
- Ауру сезімі – ол сыздап, ұстама түрінде болуы мүмкін. Ауру әдетте іштің төменгі жағында бір жақты болады, егер іш қуысына қан құйылса ол артқы өтіске берілуі мүмкін. Және осы кезде зәр шығару, дефекация ауру сезімімен жүреді.
- Қан аққыштық – жүктілік жатырдан тыс болғаныменде жатырлық қан аққыштық болады, себебі гормон прогестерон төмендеуі. Бұл кезде біз менструация деп ойлауымыз мүмкін, бірақ қанау ұзақрақ болады.
- Көп қан жоғалтқанда шок дамуы мүмкін, терінің ағаруы, қан қысымының төмендеуі, әлсіз пулсь болуы мүмкін.
Диагностикасы:
- Анамнез
- Жүктілікке тест
- УДЗ
- ХГЧ деңгейіне қараймыз. Оның деңгейі 1500 мМЕ\мл болып жатырда ұрық анықталмаса жатырдан тыс жүктілік диагнозын қойамыз, ал ол төмендесе 2 тәуліктен соң қайта тексереміз. Оның деңгейінің 1,6 есе өсуі немесе төмендеуі жатырдан тыс жүктілікті білдіреді.
Емі:
- Хирургиялық(милкинг, туботомия, тубоэктомия) – ең негізгі емі. Ішкі қан кету болғанда бірден операция жасалады. Қазір көбінесе лапароскопиялық операция жасалады. Егер түтік үзілмесе ұрықты ғана алып тастайды.
- Химиотерапия - әсіресе метатрексат, мифепрестон.
Асқынуы:
- Ол бедеулікке немесе қайталануына алып келуі мүмкін. Қалыпты жүктілік 50% құрайды. Қайталануы 20%, бедеулік 30% құрайды. Метатрексатпен емдегенде қайталануы мен бедеулік төмендейді, бірақ бұл препаратты бастапқы сатысында қабылдау керек, ал қазіргі таңда бастапқы таңда анықталуы сирек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Гуриев, Сидорова «внематочная беременность»
- Айламазян, Рябцева. Неотложная помощь при экстремальных состояниях в гинекологии. — 2-е изд., доп. — М.: Мед.книга; Н.Новгород: 2003
- Современные принципы ведения больных с внематочной беременностью: Учеб. пособие для студентов 2006
- Ищенко А.И., Липман А.Д., Бахвалова А.А., Ищенко А.А. // Вопросы гинекологии, акушерства и перинатологии. – 2004
- Алексеева М.А., Екимова Е.В., Колодько В.Г. и др. // Проблемы репродукции. – 2006
Информация о работе Жатырдан тыс жүктілік