Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 19:43, реферат
Тыныс алу мүшелерінің құрылысы. Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа (носоглотка), көмей (көмекей), кеңірдек және бронхылар жатады. Бұлар-ауа тасымалдайтын жолдар.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Тыныс алу
2.Окпенiн курылысы мен кызметi
3.Окпедегi газ алмасу
ІІІ. Қорытынды.
Жаска байланысты ерекшелiктерi( жана туган балаларда,ересектерде)
ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жаңа туған(тірі және өлі туылған)нәрестенің өкпесінің гистологиялық құрылымы туылғаннан кейінгі өкпенің дамуы. Қартаю кезіндегі өкпенің жасқа сай өзгеруі.
Тыныс алу мүшелерінің құрылысы. Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа (носоглотка), көмей (көмекей), кеңірдек және бронхылар жатады. Бұлар-ауа тасымалдайтын жолдар. Сонымен қатар өкпе жатады. Танау арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікте-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасады. Ол тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен жабылған және көп қан тамырлары бар. Сілемейде тұтылған микробтарды лейкоциттер фагоцитоздайды, содан кейін эпителий кірпікшелері арқылы шаңмен бірге сыртқа шығарылады. Мұрын қуысының сілемейлі қабығында иісті қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұшы болады. Мұрын қуысынан жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі. Жұтылған ас тыныс жолдарына түспеуі үшін көмейге кіреберіс жер шеміршекті көмей қақпашығымен (надгортанник) жабылады.
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпе- кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы жұқа қабықшамен-екі жапырақшадан тұратын өкпеқаппен (плерва) жабылған. Өкпеқаптың сыртқы жапырақшасы кеуде қуысының ішін астарлайды, ал ішкі жапырақшасы бүкіл өкпені қаптайды. Жапырақшалар арсында аз мөлшерде өкпеқап қуысы бар. Сүйықтық өкпенің тыныс қозғалысы кезінде жапырақшалардың үйкелісін азайтады. Өкпеге кіретін бронхылар тармақталып, бронх ағашын түзеді, бронх бұтақшаларының ұшында альвеолалар-өкпе көпіршіктері болады.
Альвеолалар-диаметрі0,2-0,3 мм, тереңдігі 0,06-0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктер. Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған. Капиллярлар мен альвеолалардың жұқа қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді. Адам өкпесінде, шамамен, 700 млн альвеола бар. Альвеоланың ішкі бетіне эпителий жасушаларынан түзілген жұқа қабыршық қапталған. Осы қабыршаққа байланысты көпіршіктер қабысып қалмайды., тұрақты көлемі сақталады. Қабыршақ микроорганизмдерден де қорғайды, содан кейін өзі сіңіріледі немесе сыртқа қақырық түрінде шығарылады.
Ұлпалардағы газ алмасу. Оттекте қаныққан артерия қаны қанайналымның үлкен шеңберімен организмнің барлық ұлпаларына тасымалданады. Ұлпаларда оттек, оттек концентрациясы жоғары капиллярлардан ұлпа сұйықтығы арқылы жасушаларға диффузияланады да, тотығу процестерінде қолданылады. Көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан капиллярларға ұлпа сұйықтығы арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді.
Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0.03% көмірқышқыл
газы бар атмосфералық ауамен тыныс
алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4.0% көмірқышқыл
газы және 79% азотболады. Дем алғандағы және
дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқыш
.
Жасқа байланысты ерекшелiктерi (жаңа туған балаларда,ересектерде)
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты. Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұдлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді.Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды. Алғашқы үш айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады(ер адамға тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық сызықша кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттық мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде – 220см3, 6 жаста 160 см3, ересек адамда 96 см3. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде 53 см3, 1 жаста 210 см3, 25 жаста 1680 см3, 30-40 жаста орта шамамен 1788 см3. Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде 0,07 мм олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада – 1,617 см3, ал ересек адамда 67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолалардың әрқайсысының көлемі жаңа туған нәрестеде 4*108 тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде 6 м2, ал ересек адамда 50 м2, яғни 8 есе артық.
Нәрестенің
өкпесімен тыныс алу бұлшық
еттері онша жетілмегендіктен
олар ауаны ересектерге
Постнатальдiк кезеңде жаңа туған баланың кiндiгiн байлағаннан кейiн өкпесiндегi газ алмасу немесе тыныс алу жүйесi елеулi өзгерiстерге ұшырайды. Балалық шақта өкпенiң тыныс алу бетi белсендi түрде ұлғаяды. Осыған байланысты жасөспiрiмдердiң өкпесiндегi альвеоладардың жалпы саны ерексектерге қарағанда шамамен 10 есе көбейiп кетедi. Өкпенiң салмағы жана туған балаларда -57граммды құрайды.
Өлi туған нәресте - туысымен өз бетiнше де,жасанды да тыныс ала алмаған шарана аталады. Гипоксия - нәрестенiң тiндерiнде оттегiнiң тым кемуi немесе жеткiлiксiздiгi.
50-60 жастан кейiн өкпенiң дәнекер тiндi стромасына
тұздардың шөгуi орын алады. Мұның барлығы
өкпе қозгалыстарының шектелуiне және
газ алмасу кызметiнiң төмендеуiне соқтырады.
Негізінен қалыпты жағдайда ересек адамның
өкпесінің ұшы бұғанадан 1-2 см жоғары тұрады,
ал қарттайған кезде өкпенің семуіне
байланысты бұғана сүйегінен төмен түседі.
Өкпе 50 жастан асқаннан кейін өзгеріске
ұшырай бастайды.
Пайдаланған әдебиеттер.
1)"Қазақ Энциклопедиясы"
2)Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996.
3)интернет жүйесі. www.google.ru
4)Гистология-2. Аяпова Ж
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Тыныс алу
2.Окпенiн курылысы мен кызметi
3.Окпедегi газ алмасу
ІІІ. Қорытынды.
Жаска байланысты ерекшелiктерi( жана туган балаларда,ересектерде)
ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер.