Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 19:25, реферат
Залалсыздандыру, стерилизация – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі.
Стерилизацияға жара бетімен, қан немемсе инъекциялармен қатынасы болған, медициналық құралдар және де барлық дерлік бұйымдар қатысады.
Стерилизация түрлері:
Термиялық түрі (Ультракүлгін сәулелер: ультракүлгін ауа сәулелендіру, таңуды сәулелендіру, процедуралық кабинетті және операция бөлмесін сәулелендіру).
Стерилизацияның химиялық түрі полиэтиленнен жасалған бұйымдарды, өкпенің жасанды ауа жібергіш аппаратурасы, ал әр-түрлі талшықты оптикасы бар эндоскоптар стерилизациясы залалсыздандырушы құралдармен немесе газдармен, яғни:
- газдық стерилизация (этиленнің тотығы, пропиленнің тотығы, бромды метил, және оның қоспалары);
- ультрадыбыстық стерилизация;
- инфрақызыл сәуле шығару;
Клиникалық практикада әдетте физикалық фактормен залалсыздандыру қолданады - залалсыздандырудың термиялық түрі, яғни будың қысымымен әсер етуі (автоклавтеу) және құрғақ ауаның әсер етуі (әр-түрлі модификациялы құрғақ қызбалы шкафтар қолданады).
Тақырыбы: Медициналық құралдар мен материалдарды стерилизациялау тәсілдері мен түрлері
Орындаған: Төлепова Ж.М
Топ: 210 (ОМ)
Тексерген: Бектасова А. М.
Залалсыздандыру, стерилизация – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі.
Стерилизацияға жара бетімен, қан немемсе инъекциялармен қатынасы болған, медициналық құралдар және де барлық дерлік бұйымдар қатысады.
Стерилизация түрлері:
Термиялық түрі (Ультракүлгін сәулелер: ультракүлгін ауа сәулелендіру, таңуды сәулелендіру, процедуралық кабинетті және операция бөлмесін сәулелендіру).
Стерилизацияның химиялық түрі полиэтиленнен жасалған бұйымдарды, өкпенің жасанды ауа жібергіш аппаратурасы, ал әр-түрлі талшықты оптикасы бар эндоскоптар стерилизациясы залалсыздандырушы құралдармен немесе газдармен, яғни:
- газдық стерилизация (этиленнің тотығы, пропиленнің тотығы, бромды метил, және оның қоспалары);
- ультрадыбыстық стерилизация;
- инфрақызыл сәуле шығару;
Клиникалық практикада әдетте физикалық фактормен залалсыздандыру қолданады - залалсыздандырудың термиялық түрі, яғни будың қысымымен әсер етуі (автоклавтеу) және құрғақ ауаның әсер етуі (әр-түрлі модификациялы құрғақ қызбалы шкафтар қолданады).
Автоклав туралы түсінік
Автоклав бу стерилизациясының әр-түрлі габариттерінің әр-түрлі дәрежеде қолданумен жүзеге асады.
Бу стерилизаторында жоғары температура (138°С-қа дейін) және жоғарғы қысым (2,5атм.дейін) қалыптастырады, себебі бұл жағдайлар бүкіл стерилизациондық камерадан ауаны толығымен шығаруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар киімдер мен таңғыш материалдар қабаттары арасындағы қыртыстарға дейін жетеді.
Емдік мекемелер үшін стерилизациялаудың 2 режимі қолданылады:
1 режим - температура 132°С, қысым 2 атм., уақыт 20 мин.
Бірінші режим (басты) бөз, дәке сияқты селдір материалдарға қолдануға (таңғыш материал, көйлектер), әйнек, «200°С» белгісі бар шприцтер және коррозийнге тұрақты метал бұйымдарына қолданылады.
2 режим – температура 120°С, қысым 1,1 атм., уақыт 45 мин.
Екінші режим (аяншақ) жұқа резиналы бұйымдарға, латекс (хирургиялық қолғаптар және т.б.) және полимерлердің бөлек түрлеріне (полиэтиленннің жоғары тығыздығы) қолданады.
Бу қысымымен стерилденетін барлық бұйымдар, алдын-ала бөлек орауышқа – стерилденген қораптарға (бикстар немесе контейнерлер) фильтрмен немесе фильтрсіз, екі қабатты мақта-маталы орауыштарға немесе тығыз қағазды крафт-пакеттерге орап, оларды белгілейді. Стерилдеудің мерзімі осы орауыштарға сәйкес болады. Фильтрсіз бикстер 3 тәулік, ал фильтрмен 20 тәулік сақталады. Екі қабатты мақта-маталы орауыштар немесе крафт-пакеттер стерильді жағдайларда 3 тәулікке дейін сақталады.
Бу стерилизаторларын әдетте автоклавтар деп атайды, бұл атаудың өзіне сәйкес келмесе де (автоклав «өзін-өзі жабу» дегенді білдіреді, гр. ауто-өзі, лат. клавис-кілт). Ең қарапайым деген стерилизатор 2 қабатты қазаннан және саңылаусыз жабылатын қақпақтан тұрады, ол бу қысымының белгілі бір мөлшерге дейін көтерілуіне мүмкіндік береді.
Автоклавтың жұмыс реті оған берілетін нұсқауында толық жазылған. Барлық ережелерін сақтағанымен кей кезде стерилизация
толық емес болуы мүмкін. Бұндай сәтсіздіктердің себептері төмендегідей болуы мүмкін:
- Стерилизатордың жүктелуі дұрыс болмай, будың жұмыс камерасына түгелдей таралмауына себеп болуы мүмкін. Стерилизаторға жүктелетін заттар жұмыс камерасының 70%-ға дейін мөлшерін алу керек.
- Стерилді камерадан ауаны толық, дұрыс шығармау, соның салдарынан көпіршіктердің қалуы және соның микроорганизмдердің өлуіне кедергі жасауы.
- Таңғыш материалдар мен киімдердің өте тығыз орналасуы, соның салдарынан будың терең қабаттарға өте алмай барлық таңғыш материалдарға әсер ете алмауы.
- Бикстің жүктелуі кезінде будың өтуіне арналған саңылауды ашуға ұмыту.
- Стерилизация кезінде материалдардың шектен тыс ылғылдануы, соның салдарынан операциялық киімдердің микроорганизмдердің өткізгішті болуы.
Бұл көрсетілген ережелерді болдырмау шаралары өте қарапайым, дегенмен медқызметкерлердің күнделікті назарын талап етеді.
Құрғақ қызбалы шкафта ыстық ауамен стерилдеу
Металл және әйнек бұйымдарына арналған. Стерилизацияға орамадағы ылғал өтімділік қағаздардың, автоматтардағы Е маркалы бұйымдарды немесе орауышсыз (ашық сиымдылықтағы) құрғақ қағаздар қолданылады. Қағазда стерильденген бұйымдар 3 тәулікке дейін сақталады, ал қағазсыз стерилденген бұйымдар стерилизациядан кейін міндетті түрде қолданылуы керек.
Стерилизационды камерадағы жұмыс температурасы 180°С, уақыты – 60 минут. Қағаз пакеттерді қолдан немесе зауыт тәсілімен дайындайды. Қағаз пакеттердің тігістерін 5% крахмалды желіммен жапсырады. Желімдеуден кейінгі бос ұшын 3 рет бүгеді де, саңылаусыз желімдейді.
Ауа стерилизаторындағы жұмыс барысы:
1. Жүктелу салқын стерилизаторда жүзеге асады.
2. Жылыту.
3. Стерилизация: стерилизацияның санап шығару уақыты стерилизацияның керек температурасына жетуінен басталады (180°С) экспозицияның біту мерзіміне шейін (60минут).
4. Салқындату: 40-50°С.
5. Жүктелуден шығару.
Химиялық заттарды ерітінділермен стерилизациялау
Сутек тотығы зарарсыздандыру қасиетіне ие. Стерилизация үшін 6% сутек тотығының ерітіндісі, экспозиция 180 мин., температура 50°С; полимер, резина, әйнек және коррозийнге тұрақты металл бұйымдары үшін стерилизацияға жүктелу экспозициясы – 360 мин, 18°С температурада.
Экспозиция мерзімі біткеннен соң бұйымдарды 2 реттен стерилді сумен шаяды және стерилді контейнерлерге ауыстырады, мысалға стерилді жаймалармен (сүлгімен) төселген стерилизационды қораптар, кейін берік жауып қояды (стериль уақыты 3 тәулік) немесе стерилді құралдар үстеліне қолдану үшін жаяды.
«Дезоксон-1» - түссіз сұйықтық, сірке қышқылы тәріздес иісі бар, суда, спиртте жақсы ериді. Қоңырқай түсті флакондарда шығарылады және 10°С температурасында жыл бойы өзінің активтілігін сақтайды.
Стерилизация үшін 1% ерітінді қолданылады, сол үшін 200 мл препаратты 800 мл суға араластырады, экспозиция 45 мин., температурасы 18°С, ерітінді тек бір тәулікке ғана шыдамды, тек бір рет қана қолданылады.
Стерилденген бұйымдарды стерилді суда шаяды, 5 мин жүктейді, 3 рет су ауыстыруымен, содан кейін стерилді жайма үстіндегі стерилді қораптарға орналастырады. 3 тәулікке дейін сақтауға болады.
«Дезоксон-1» коррозинді қасиеті бар, сондықтан да құралдардың стерилизациясына әрдайым жарамды емес. Сақтық шараларды сақтап жұмыс істейді.
Газдармен стерилизациялау
Стерилизация стационарлы газ стерилизаторында жүзеге асады. Көбінесе газ стерилизациясын этилен тотығуында стерилдейді.
Бұл стерилизацияның түріне оптиканы, кардиостимуляорды, полимерлі материалдар бұйымдары, резиналар, әйнектер, металлдар, әр-түрлі аппараттардың пластмасс бөліктерін стерилдейді.
Бұл метод бойынша стерилизациялау көптеген қиындықтар туғызады, сондықтан өзінің көптеген мүмкіндіктеріне қарамастан, ол әлі де кеңінен қолданбайды.
Стериль бақылауы
Бактериологиялық, техникалық және термиялық методтармен жүзеге асырылады.
Бактериологиялық методтар ең дәл, бірақ уақытты қажет етеді, сондықтан да стерилизатордың жұмыс істеу тиімділігін қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Бақылаудың техникалық методы камерада максималді көп термометрдің болуына негізделген, сонымен қатар монометрлердің бақылау жұмысы және т.б.
Бақылаудың термиялық методы күнделікті жүргізіледі. Ұнтақ тәрізді заттардың түсін ауыстыруына және белгілі бір температурада еруіне байланысты негізделген.
Бақылау үшін температура өзгерісі, уақыт, химиялық тесттер, термохимиялық индикаторлар және биотесттер қолданылады.
Келесі заттарды қолданады:
- несепнәр (132°С);
- құрғақ қызбалы стерилизацияны бақылау үшін: тионесепнәр (180°С); янтарь қышқылын (180-192°С) және т.б.
Таңғыш материалдарды стерилизацияға дайындау
Таңғыш материалдарды бөлек үстелге таза қолдармен дайындайды. Процедуралық кабинеттерде кіші салфеткаларды дайындайды, сонымен қатар дәкелік тампондар және мақталы дөңгелектер. Тампондар, дөңгелектер және салфеткалар қанның кетіруіне қолданады, қан жолдарының қанын тоқтатуға қолданады.
Кші салфеткаларды дайындау тәртібі: дәкенің барлық шеттері, 20×15 размерімен, салфетканың іш жағына қарай бүгілу керек. Біріншіден үлкен жақтың шеттерін бірінен-бірі тығылып тұратындай етіп бүгеді, кейін ішкі жағын бір-біріне жақындайтындай етіп бүгеді, және салфетканы жартыға бөледі. Сол дәкенің бөлігінен тампондарды да дайындайды: үлкен, орташа, кіші, салфетка тәрізділері. Тампондарды дайындау үшін пайда болған сызықты жартылай тігіннен және көлденең бөледі.
Дөңгелектердің дайындалуы: кішкентай дөңгелектерді 6×8 размерлі дәкеден дайындайды, орташалары 8×10см. Дайындауға алынған дәкенің бөліктерін, дәкелік түйір қалыптасатындай үшбұрышты конверт ретінде бүктейді. Бірақ та жан-жағынан жіптер шығып тұрмау керек.
Турундаларды (сызықтарды) дәкенің бөліктерінен дайындайды, ені 5 см және ұзындығы 40-50 см, дәкенің соңын ішке қарай 1-1,5 см-ге бүгіп, кейін қайтадан дәке ұштарын тағы да бір рет бүгеді, пайда болған сызықты 3 саусаққа орайды, ал бос ұшын ішке қарай бүгеді.
Таңғыш материалдарды стерилизационды
қораптарға жинау
Мақсаты: стерилизациялау үшін автоклавта жинау және стерилдің сақтау мерзімге дейін сақталуын қадағалау.
Жабдықталуы:
- дезраствор: 1% хлорамин ерітіндісі;
- бикстер үшін деп маркіленген ветошь – 2 дана;
- қолғаптар үшін сиымдылық;
- қолғаптар, маска;
- үлкен бөзді салфетка, бөздің ішкі қабатына төсеу үшін;
- дәкелік пакеттердегі таңғыш материал (салфеткалар, турундалар, мақталы дөңгелектер);
- стерилді индикаторлар әр бикске 3 данадан;
Керекті шарттар: стерилизационды қораптар фильтрмен және фильтрсіз әр-түрлі сиымдылықтағы және формадағы.
Стерилді халат кию
Мақсаты: манипуляцияларды стерилді медициналық құралдармен жасау.
Жабдықтары: киіммен стерилденген бикс.
Процедураға дайындық:
1. Стерилді биксті киіммен қойып, қатайтып, белгілеуін, стерилдігін сыртқы көрініске қарап тексеру.
2. Биксті көмекшінің көмегімен ашу.
3. Стерилдіктің индикаторын алып, оның жағдайын бағалау;
4. Бикстан стерилденген косынка мен масканы стерилді корнцанг арқылы алып, биксті жабу.
5. Стерилденген косынка мен масканы кию.
6. Хирургиялық деңгейде қолды жуу, қолды 0,5% хлоргексидиннің спирттік ерітіндісімен өңдеу.
Процедураның орындалуы:
1. Халатты бикстен шығару.
2. Халатты жазу, халатты қолдың ұзындығындай етіп шығару керек, ол айналадағы заттарға және жеке киімдерге тимеу керек.
3. Жағаның артқы жағын ұстап, ішкі жағымен өзіне қаратып, бет деңгейінде ұстау керек.
4. Екі қолды бір уақытта киіп, қолды жоғары және жан-жаққа қарай ашу керек.
5. Жеңдегі байлағыштарды өздігінен байлау.
6. Белбеудің соңын көмекшіге айтып байлау.
7. Стерилді қолғаптарды кию.
Жоспары:
1)Стерилизация
2)Стерилизация түрлері. Автоклав туралы түсінік.
3)Стериль бақылауы. Бактериологиялық, техникалық, термиялық.
4)Таңғыш материалдарды стерилизацияға дайындау.