Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 08:22, доклад
Туберкулез (лат. тұберцұлұм – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Туберкулез
(лат. тұберцұлұм – төмпешік), ескіше:
құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда
болатын созылмалы жұқпалы
Тарихы
Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Аретаіос) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де Туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар Туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде Туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.
Жұқпалы ауру
Жұқпалы
аурудың тарайтын негізгі көзі –
науқас адамнан түскен микробтары бар
қақырық. Сау адамға ол негізінен
Туберкулезбен ауырған адам түкірген
қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары
арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен
бірге жұтқанда; сирек жағдайда –
Туберкулезбен ауырған үй жануарларының
сүтін шикілей ішкенде, етін шала
пісіріп жегенде жұғады. Организмге
Туберкулез таяқшасының енуі ауруға
себепші болғанымен, оның толық дамуы
үшін жеткіліксіз. Адамдар Туберкулезбен
бұрын науқастанып, организмнің
иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде
(әсіресе мал өнімдерінің
Туберкулез түрлері
Туберкулездің
ашық және жабық түрлері болады.
Ашық түрінде қақырықта Туберкулез
таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің
мұндай түрімен ауыратын адамдар
өте қауіпті деп есептелінеді.
Ал жабық түрінде қақырықта
Ауруды анықтау түрі
Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.
Емі
Туберкулезге
қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі,
ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен
кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің
терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері
табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста
қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу
өте пайдалы. Қазақстанда Туберкулезге
қарсы жұмысты Туберкулез мәселері
ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір
облыс орт-нда арнаулы