Тері және жылу реттелу қабылдағыштары

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 22:49, реферат

Описание работы

Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.

Содержание

І . Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Терінің маңызы
Тері қабаттары
Терінің қосалқы өсінділері
Тері аурулары
Тән қабылдағыштары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Astana_Meditsina_Universiteti.pptx

— 292.53 Кб (Скачать)

        “Астана Медицина Университеті” АҚ 
           Қалыпты физиология кафедрасы

 

 Тақырыбы: Тері және жылу реттелу   қабылдағыштары.

 

 

 

 

 

 

 

 

              Қабылдаған: Жаңқал Ж.А.

              Орындаған:

              Топ:

 

Астана  2013

               Жоспар.

 

І . Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

     Терінің  маңызы

     Тері  қабаттары

     Терінің  қосалқы өсінділері

     Тері  аурулары

     Тән  қабылдағыштары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

         Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.

       Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері - сырты, үсті, derma - тері), ортаңғы қабаты - нағыз тері(дерма), ішкі қабаты - шелді қабаты деп аталады. Соңғы кезде шелді қабатпен нағыз тері қабатын біріктіріп, бір қабат деп санауда.

    •     Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы   атқаратын қызметіне  сәйкес түрліше болады. Үнемі  механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында  эпидермис  қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден аспайды.
    •     Эпидермистің өзі екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты мүйізді қабат деп аталады. Бұл қабаттағы тіршілігін жойған жасушалар қайызғақ түрінде үнемі түлеп түсіп отырады. Қайызғақ көбіне шаштың арасынан айқын көрінеді. Эпидермистің мүйізді қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді. Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда болған. Эпидермистің ішкі қабатын - өсуші қабат дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар орналасқан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады. Өсуші қабаттағы жасушалардың бөлініп көбеюі тырнақтардың да, түктердің де өсуіне септігін тигізеді. 

 

           Терінің екінші қабаты -нағыз тері қабаты  (дерма). Дерма «тері» деген ұғымды білдіреді.

           Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген. Оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Дерманың эпидермиске жанаса орналасқан сыртқы қабатын -емізікшелі (сосочковый), ішкі жағын - торлы (сетчатый) қабат дейді. Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл қабатта қантамырлары, лимфа тамырлары, жүйке талшықтары өте жиі орналасқан. Эпидермисті қажетті қоректік заттармен осы қабат қамтамасыз етіп тұрады. Емізікшелі қабаттағы тарақ, емізік тәрізді өскіндерге байланысты әр адам терісінің сыртқы бедері түрліше болады. Дерманың торлы қабаты, тірек қызметін атқарады. Бұл қабатта түктің түбірі, тер және май бездері орналасады.

 

      Тер  бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына кішкене тесікшелер - шұрықтар түрінде ашылады. Тер бездері алақанда, табанда, қолтықта, тақымда көп шоғырланған. Тер бездері арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен бөлінген тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. Балаларда тер бездері нашар дамыған.

    

     Майлы бездердің өзектері түктердің түбіріне ашылып, түктерге, теріге май бөледі. Майлы бездерден бөлінген май теріні құрғап кетуден сақтайды, теріге суды өткізбейді. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін қамтамасыз етеді. Майлы бездер баста, бетте көбірек болады. Теріде болатын ерекше жасушалар күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пигмент (меланин) бөліп, терінің түсі қараяды. Оның қорғаныштық мәні бар.

    Терінің iшкi қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және тepiгe серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты қан тамырларымен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған.

   Шаш, түктер, тырнақ - эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері. Алақанда, табанда, ерінде түктер болмайды. Бас терісінде қалың өскен түктер - шаш деп аталады. Шаштың теріден сыртқа шығып тұрған бөлігі - сояуы (қылшығы), терінің астында түбірі мен жуашығы орналасқан. Түктің жуашығы мен түбірінің сыртын түк қалтасы қоршап тұрады. Түк жуашығымен қантамырлар, жүйкелер және түкті тікірейтетін бұлшықеттер байланысқан. Түк қалтасына майлы бездердің өзегі ашылып, шашты (түктерді), теріні майлап тұрады.

    Тырнақ — саусақ ұштарының сыртында орналаскан жалпақ мүйізді түзіліс. Тырнақ та шашқа ұқсас үнемі өсіп отырады.

 

       Тері аурулары

 

         Тері ауруларын қарайтын  медицина  бөлімі дерматология деп аталады. Тері ауруларымен айналысатын дәрігерді дерматолог деп атайды.

                Безеу

 

          14-15 жаста көп оқушыда безеу пайда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып қыздырады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Кейде оның көлемі ұлғаяды, ал оны сығып тастаған жағдайда,  орнында шешек ізіндей дақ қалады.

         Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды. Олар уақытша пайда болып, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы да мумкін. Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумен алма- кезек жуыну жақсы көмектеседі Өте ащы, дәмдеуіштер (бұрыш , қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тартыңдар.  Ең бастысы – бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру. Осылардың бәрі мүмкіндігінше асқазан жұмысын жақсартып, безеулердің алдын алады.  Таңертең аш қарынға бір стақан су ішкен дұрыс.  Безеуді өзіңіз шұқылап, түртіп жүрмеңіз: инфекция енгізіп алуыңыз мүмкін. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну қажет

 

             Сүйел

 

Сүйел - тері қабатына шығатын, көбінесе жұқпалы болып келетін мүйізді қабықтармен жабдықталған эпидермалық қатерсіз өскіндер. Олар адамның папилломатоздық вирусының кейбір түрлерінен таралады.

Сүйелдің кәдімгі, жалпақ, үшкір  және кәріліктен болатын түрлері бар:

    • кәдімгі сүйелдің кішкенесі түйреуіш басындай, ірісі бұршақ дәніндей, ал пішіні жартылай шар тәрізді немесе сопақша болады. Ол қолдың сыртына, саусаққа, табанға шығады. Тырнақ маңайына және табанға шыққан сүйелдер жанға батуы мүмкін.
    • жалпақ сүйелдер дөңгелек немесе үшкір пішінді түйіншек сияқты болады. Бұл көбінесе бетке және қолдың сыртына шығады. Ол жұқпалы болады. Жалпақ сүйелдер кейде бірнеше айдан соң өздігінен жоғалып кетеді.
    • ұдайы тітіркеніске ұшыраған тері үстінде үшкір сүйел пайда болады: кейде ол өршіп, пішіні тауықтың айдары немесе түсті мыңжапырақтың басы секілді бұжырланып кетеді.
    • кәрілік сүйелі егде тартқан адамдарға шығады. Ол дөңгелек, сопақша немесе бұрыс пішінді, ал көлемі жағынан жасымық дәніндей болады. Көбінесе кеудеге, арқаға, бетке шығады; түсі - сұрғылт сары немесе қызыл қоңыр келеді.

 

            Қышыма қотыр 

 

    •   Қышыма - бұл  жұқпалы терi ауруы, оның қоздырғышы -қотыр кенесi. 
         Қотыр кенесi адамның терiсiне енгеннен кейiн жылдам көбейе бастайды, ол адам терiсiнде жұмыртқа салады, олардан 7 –10 күн өткен соң, ересек қотыр кенелерi пайда болады.
    •    Қотыр кенелерiнiң  қоршаған орта әсерiне төзiмдiлiгi төмен, 3-7 күнннен кейiн олар жойылып кетедi. Қотыр кенелерi және олардың личинкалары   төсек жаймаларын және iш киiмдердi қайнатқанда, оларды   үтiктегенде бiрден жойылып кетедi.  
      Қотыр кенелерi  қышымамен ауырған адаммен тiкелей  тығыз қатынаста болғанда, сондай-ақ олардың пайдаланған төсек жаймаларын және iш киiмдерiн, киiм-кешектерiн, сүлгiлерiн, жөкелерiн, қолғаптарын, сондай-ақ басқа да заттарын пайдаланғанда жұғады.  
           Қышыманы 53% жағдайда аурудың төсек жаймаларын, 23%  жағдайда олардың киiм-кешектерi мен  жеке гигиеналық заттарын пайдаланғанда  және 24% жағдайда   аурудың  тұрмыстағы басқа  заттарын  пайдаланғанда жұқтырып алуға болатыны анықталған. 
           Санитарлық-гигиеналық тәртiптi сақтамаған жағдайда ауруды қоғамдық моншалардан, душ қабылдайтын орындардан, жатаханалардан, қонақ үйлерден, жүргiншi поездарынан жұқтырып алуға болады.

 

        Тән сезімталдығы немесе тән    қабылдағышы

 

           Денеге тиген және қысымды сезу әсерін қабылдайтын арнайы орындар. Тән қабылдағышы-ның көп жері саусақ ұштарында, қолбасының алақан беттерінде, табанда, тіл ұшында және басқа жерлер де болады. Дененің сезімталдығы арқада және бойында өте нашар. Сондықтан да бір затты білу, түсіну үшін біз алдымен алақан, тері беттеріне тигіземіз немесе ұстаймыз. Қысымды сездіретін нүктелердің саны бір шартты сантиметрінде – 25 шамасында. Жалпы тері беттерінде шамамен 500 мың қабылдағыштар болады. Адам денесіндегі тән сезімталдығы ең жоғары бөлігі түк-шаш басқан болады. Осындай балтыр терісінде 9-10, баста 165-300 қабылдағыштар саны есептелген. Шаштар қозуды бірнеше рет күшейтіп береді. Қабылдағыштардан осындай сезім-дерді (денеге тию, қысым) қабыл-дағанын басқа мүшелер (көз) сезеді. Мұрын ұшының терісі немесе саусақ ұшы ұштары үшін тән сезімталдығының табалдырығы, қарын және арқа терілеріне қарағанда 10-15 есе аз. 
 
Егер тері бетіне ұзақ қысым жасап тұрса біз оны сезбей қаламыз. Бұл қысымға бейімделгендікті (адаптацияланғанды) білдіреді. 
 
 

        Тән сезімталдығы ана құрсағында даму кезінде басталады. Бала туылған кезде тері – тән сезу қабылдағыштары жетерлік дәрежеде дамыған болады. Нәресте мен емізулі балаларда тән сезімтал-дығының тітіркенуі ауыз, көз, маңдай, алақан және табан аймақтарында күшті. Екінші сөзбен айтқанда, оларда тән сезімтал дәрежесі механикалық тітіркендір-генде, ержеткендер дәрежесіндей болады. Емізулі балалардың тәнін тітіркендіргенде, оған жауап ретінде барлық денесі қозады да, аяқ-қолы ербеңдетумен жауап береді. Жергілікті таралу реакциясы 1-1,5 айлығына дейін (қабақ, мұрын және ауыз аймағында) қалыптаса бас-тайды. 2,5 айдан өткенде басқа таралу реакциясы (маңдай, құлақ, қарын т.б.) қалыптасады. Сонымен тітіркендіргіш табалдырығы төмен-дейді. Тән сезімталдығы өмір бақи өзгеріп тұрады. Максималды сезімталдық 35-45 жасқа дейін сақталады да, одан кейін кәрілік кезінде төмен түседі.  

Ыстық және суықты сезу

 

       

 

      Терідегі ыстық-суықты қабылдау екі түрдегі жүйке ұштарындағы – Краузе құтышасы және Руффин емізікшелері, біріншісі суықты, екіншісі-жылыны түйсінеді. Суықты сезетін нүктелердің саны жылылыққа қарағанда едәуір көп. Терінің 1 сморташа 6-23 суықты қабылдайтын нүктесі және оның тек 3 жылылықты қабылдайтын нүктесі болады. Адам денесін жалпы алғанда ыстық-суық түйсігін қабылдайтын нүктелер саны 280 мыңды құрайды, олардың 30 мыңы жылыға, ал 250 мыңы суыққа жауап береді. Ыстық және суық қабылдағыштары тері бетінде бір-келкі орналаспайды. Дененің ашық тұрған бөлігі (бет, мойын, қол басы), жабық тұрған денеге қарағанда суыққа сезімталдылығы төмен. Құрсақ терісі ыстық-суық алмасуына сезімталдығы жоғары. Ыстық-суық қабылдағыштары сыртқы ортаның ауа-райына оңай бейімделеді. 
 
    Нәрестенің ыстық-суық сезім-талдығы күшті дамыған, олар сыртқы ортаның өзгерісіне тез жауап береді. Жас баланың ыстық-суықты сезімталдығы тек тері беттерінде ғана емес, оның ауыз қуысының, көмекей т.б. кілегейлі қабаттары да тез сезеді. Осы жағдай сезімтал-дықтың жеке даму айырмашылығы-нан да байқалады. Емізулі балалар жылылықты реттеуге қабілетті. Ерте жастағы баланың бет терісінде жылуды сезуі күшті. Нәрестелер суықтан гөрі жылы болғанды дұрыс көтереді.  

Пайдаланылған әдебиеттер

 

    • http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D1%80%D1%96
    • http://ses.vko.gov.kz/kz/article_02.htm
    • http://predmet.kz
    • Интернеттен алынған суреттер
    • http://www.kitaphana.kz

 

Тыңдағандарыңызға Рахмет


Информация о работе Тері және жылу реттелу қабылдағыштары