Тақырыбы:Жанұяны жоспарлау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:28, творческая работа

Описание работы

Бүкіл дүние жүзінде соңғы жылдары салауатты өмір сүру және жауапты ата-анаға көп көңіл бөлуде.
ДДҰ анықтамасы бойынша жанұяны жоспарлау — бұл әлеуметті-экономикалы, құқықты, керекті, сау бала туу, аборт алдын алу, репродуктивті денсаулықты қорғау, некеде жақсы қатынас бағытында медициналық шаралар бірікпесі.
Жанұяны жоспарлау — өзіміздің өмірімізде белсенді қатысатын түсінік. Жанұяны жоспарлау деген не және ол неге өте маңызды? Көп жылдар жанұяны жоспарлау босануды шектеу деген түсінікпен келген. Бірақ та жанұяны жоспарлау - әйел денсаулығын бала

Содержание

Жанұяны жоспарлау деген не?
Жанұяны жоспарлау бойынша кеңес беру этаптары.
Жанұяны жоспарлау принциптері.
Кеңес беру қадамдары.
Контрацепция әдістері.

Работа содержит 1 файл

Арайлым жанұя.pptx

— 221.10 Кб (Скачать)

 

Орындаған: Сейсенбаева А.П.

Тексерген:

Курс: 4

Факультет: Мейірбике ісі

Топ: 002-01 топ

 

 

    • Тақырыбы:Жанұяны жоспарлау.

 

                                   С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

                         ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ 

 

        

Жоспары

 

    • Жанұяны жоспарлау деген не?
    • Жанұяны жоспарлау бойынша кеңес беру этаптары.
    • Жанұяны жоспарлау принциптері.
    • Кеңес беру қадамдары.
    • Контрацепция әдістері.

 

 

Жанұяны жоспарлау  деген не? 

 

    • Бүкіл дүние жүзінде соңғы жылдары салауатты өмір сүру және жауапты ата-анаға көп көңіл бөлуде.
    • ДДҰ анықтамасы бойынша жанұяны жоспарлау — бұл әлеуметті-экономикалы, құқықты, керекті, сау бала туу, аборт алдын алу, репродуктивті денсаулықты қорғау, некеде жақсы қатынас  бағытында медициналық шаралар бірікпесі.
    • Жанұяны жоспарлау — өзіміздің өмірімізде белсенді қатысатын түсінік. Жанұяны жоспарлау деген не және ол неге өте маңызды? Көп жылдар жанұяны жоспарлау босануды шектеу деген түсінікпен келген. Бірақ та жанұяны жоспарлау - әйел денсаулығын бала босануды қамтамасыз ету деген ұғым. Басқа сөзбен айтқанда бала жағдайдан емес арманмен туылады.

 

    • Отбасын жоспарлау — біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Отбасын ұзақ жылдар бойы жоспарлау — бала тууды шектеу деген түсінікті береді. Бірақ, отбасын жоспарлау — баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Яғни, отбасылық жұп ұрпағын өсіру мен тәрбиелеу дайындығын есепке ала отырып, баланы өмірге әкелу мәселесіне саналы түрде қарауы. 19-35 жас аралығы — бала туу үшін оңтайлы жас. Егер жүктілік бұдан ерте немесе кеш болса, онда туудың күрделі болатыны дәлелденген. Жүктілік арасындағы үзіліс 2-2,5 жыл болғаны дұрыс, өйткені, әйелге келесі баласын өмірге әкелу үшін, өз денсаулығын және болашақ балаларының денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді.   

Жанұяны жоспарлау неге керек?:  

 

    • -армандаған сау бала туылуына;
    • -әйел денсаулығын сақтау;
    • -жанұяда психосексуалды қатынастың жақсы болуы;
    • -өмірлік жоспарды іске асыру.

Дүниежүзілік  Денсаулық сақтау Ұйымы анықтамасы бойынша «репродуктивті денсаулық» - бұл аурулардың болмауы емес, физикалық, ойлау және әлеуметтік жақсару.

Репродуктивті жүйе — бала туу қасиетін қамтитын ағза мен жүйе бірікпесі.

Репродуктивті жағдайын адам өмірімен анықталады, және жыныстық қатынас жауапты. Бұл негізінде  адам жағдайына, сексуалды қатынастың жақсаруына әкеледі.

    • Репродуктивті денсаулықты қорғау концепциясына кіреді:
    • -жасөспірім кезінде жауапты және қауіпсіз тәртіп;
    • -жанұяны жоспарлау қызметін құру;
    • - керек емес жүктіліктің алдын алу, аборт санын төмендету, қауіпсіз аборттар жүргізу;
    • - ЖЖБИ, ЖИТС қосқанда инфекцияны ерте анықтау, алдын алу, емдеу.;
    • - баланы босану оптималды жасы 19-35. интервал босану арасы 2-2,5 жыл, осымен әйел өз денсаулығын және болашақ бала денсаулығын жақсартады.;
    • -бедеулікті емдеу;
    • -ұрықты антенаталды қорғау;
    • -қауіпсіз ананы қорғау, ана, нәресте өлімі мен ауруын  төмендету;
    • -репродуктивті ағзада қатерлі ісіктерді ерте анықтау;
    • -климактериялық кезең мен остеопороз патологиясын алдын алу;
    • -репродуктивті денсаулықты сақтауда еркетің қатысуы ;
    • -әйелді зорлауды тоқтату.

 

Жанұяны жоспарламау  неге алып келеді?

 

    • Жасөпірімдердің репродуктивті денсаулығының қалыптасуына теріс ықпал ететін факторлар ретінде жыныстық қатынастардың ерте басталуы, олардың арасында жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардың көбеюі, сондай-ақ темекі мен ішімдікке әуестілігі – қоғамымыздың ертеңгі күні дүниеге дені сау ұрпақ алып келуіне кереғар процес. 
      Жас қыздардың жоспарланбаған жүктіліктен жасанды түсік тастауы -болашақ ананың ұрпақты болу денсаулығына кері әсерін тигізері анық. Әсіресе бірінші жүктілікті алғызып тастаса, одан кейін балалы болмай қалуы, яғни бедеулікке алып келу фактілерінің орын алуы мүмкін. Жасанды түсік жасату арқылы жарық дүииеге ұмтылған нәрестенің өмірін үзу – адам өлтірумен тең. Жылына әлемде 50 миллион жасанды түсік жасалады. Оның ішінде тек 20 млн тіркеледі. Күніне 200 әйелді өлімге әкеледі. Ал, әлемде 70 мың әйел жасанды түсік асқынуларынан көз жұмады. Жасанды түсіктен кейінгі көз жұмған әрбір тоғызыншы адам 15-19 жас аралығында, және оның 80 % медициналық мекемеден тыс жасалған. 
    • Жоспарланбаған жүктіліктен ананың уызы мен әкенің мейірімін сезіну құқығынан ерте айырылған тастанды балалар қоғамымызда әлеуметтік жетімдер санының артуына себепші факторлардың бірі. Тастанды баланың ата-анасының кім екенін білмеуі, туған отбасында өмір сүру құқығынан айырылуы психологиялық тұрғыдан үлкен дерт. Балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің 16% тұл жетімдер болса, 84% әлеуметтік жетімдер, яғни ата-анасы тірі балалар. Бұл балалардың тағдырын олардың ұрпақтары қайталаса, қоғамда тастанды балалардың саны көбее бермек

 

Жанұяны жоспарлау  бойынша кеңес беру этаптары. 

 

    • Босануға шейін кеңес беру
    • Босанудан кейін кеңес беру
    • Абортқа шейін кеңес беру
    • Аборттан кейін кеңес беру

 

    • Контрацепцияның қазіргі заманғы жаңаша әдістері жыныстық қатынастың мейлінше үйлесімді болуын, қажетсіз уайымның және кездейсоқ жағдайдың алдын алады. Контрацепцияның қандай да бір әдісін қолдану туралы шешімді маманнан кеңес алған соң қабылдауға болады.  
      Жасанды түсін бала тууды жоспарлаудың қолайлы тәсілі емес, одан мүмкіндігінше бас тартқан жөн. Әсіресе, жасанды түсік жасату — әйел бедеулігінің бір себебі. Жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы кеселдер де еркек пен әйел бедеулігіне әкеліп соқтыратын жиі себепке жатады.  
      Жыныс мүшелерінің саулығын қадағалау өте маңызды, өйткені, бала сүю мүмкіндігіне шектеу қоятын көптеген аурулар бар. Бұндай ауруларды өз уақытында емдеген дұрыс. Сонымен қатар, мамандардан үнемі профилактикалық тексеруден өткен дұрыс.  
      Қазақстанда халық санының көбеюін қолдауға бағытталған демография саласында нақты мемлекеттік саясат жұмыс жасайды. Отбасын жоспарлау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар отбасыларға ата-аналық борышқа жауапкершілікпен қарап, баланың өмірге келуін асыға күтіп, әйел денсаулығын сақтау мен отбасылық қатынастардың нығая түсуіне мүмкіндік жасайды.  

Қорытынды

 

    • Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарасаңыз, Сіз дүниеге дені сау және қалыпты бала әкелесіз!

 


Информация о работе Тақырыбы:Жанұяны жоспарлау