Суда еритін витаминдердің коферменттік қызметі

Автор: m***************@bk.ru, 28 Ноября 2011 в 16:41, реферат

Описание работы

Суда еритін витаминдер адам ағзасына тағаммен түседі немесе ішек бактерияларымен синтезделеді. Суда еритін көптеген витаминдердің биологиялық мәні олардың коферменттік қызметіне байланысты болады.
Тағаммен түсетін немесе ішек бактерияларымен синтезделінетін суда еритін витаминдер адам организмінде өздерінің биохимиялық қызметтерін коферментке айналғаннан кейін көрсетеді.

Содержание

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 В1 дәрумені (антиневриттік)
2.2 В2 дәрумені - рибофлавин
2.3 В5 немесе РР дәрумені - никотин қышқылы.
2.4 В6 дәрумені (антидерматитті) - пиридоксин.
2.5 Н дәрумені - биотин
2.6 В3 витамині - пантотен қышқылы
2.7 В12 дәрумені (антианемиялық)
2.8 С дәрумені - аскорбин қышқылы
III. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Biohimiya2.doc

— 239.50 Кб (Скачать)

 

5,6,7,8 - тетрагидрофоль қышқылы 

      Фоль  қышқылының тәуліктік қажеттілігі  шамамен 400мкг. Кейбір тірі ағзалар (бактериялар) фоль қышқылын қажет тепейді, олар n - аминобензой қышқылынан синтездейді.

      Тетрагидрофоль  қышқылы (ТГФҚ) коферменттік қызмет атқарады, ол сәйкес ферменттердің (метилтрансфераза, формитилтрансфераза және т.б) бір - көміртектік радикалдарды тасымалдауын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда ТГФҚ коферментінің туындылары түзіледі: формил - ТГФҚ, метенил - ТГФҚ, метилен - ТГФҚ, метил - ТГФҚ. Біркөміртектік радикалдар пуринді және пиримидинді нуклеотидтер мен кейбір аминқышқылдарының синтезі үшін пайдаланылады. Тертагидрафоль қышқылы d - УМФ - тан d - ТМФ биосинтезіне  қатысады. Сондықтан ТГФҚ нуклеи қышқылдарының биосинтезі, клеткалардың бөліну процестерінде ерекше орын алады. 

В12 витамині - цианкобламин (кобламиндер) 

      Кобламиндер - құрамында кобальт бар күрделі құрылымдар. В12 витаминінің құрылымын 1956 жылы Дороти Ходжкин рентген құрылымдық талдау әдісімен анықтаған.

      В12 витаминінің циклді жүйесі порфириндердің циклдік жүйесіне ұқсас, онда бірқатар метильді топтар қосымша орналасқан. Корринді сақинасында көптеген қос байланыстар бар. Адам ағзасында В12 витаминін ішек бактериялары жеткізеді. В12 витамині бауырда, бүйректе өте көп. Өсімдік тектес тағамдарда кобаламиндер аз болады, сондықтан тек өсімдік тағамымен тамақтанатын адамдарда В12 гиповитаминозының белгілері дамиды. Жіңішке ішекте В12 витамині сіңірілуі үшін асқазанның қабат түзу клеткаларымен синтезделетін  гликопротеид және Са++ иондары қажет. Ішек қабырғасында цианокобламин гидроксикобламинге  айналады да, плазманың өзгешелік екі белоктары: транскобламин 1 және транскобламин 2 көмегімен қанда тасымалданады. Тканьдерде, әсіресе бауырда және бүйректе, гидроксикобламин коферменттік түрге - яғни метилкобламин мен дезоксиаденозилкобламинге айналады.

      В12 витаминінің биологиялық маңызы. Кобаламидті коферменттер  (метилкобламин және дезоксиденозилкобламин) В12 витаминінің туындысы ретніде 2 түрлі ферменттік реакцияларға қатысады:

      - кейбір топтарды көміртегінің бір атаомынан екіншісіне сутегі атомының орнына молекулаішілік тасымалдаудың реакциялары. Бұл тасымалдау 5 - дезоксиаденозилкобламиннің коферментіне байланысты болады. Ферменттердің бұл тобына диолдегидратаза, этаноламин -аммиак -лиаза, лизилмутаза, рибонуклеотидредуктаза, метилмалонил - КоА мутаза жатады.

      - метильдік топтарды тасымалдау реакциялары. Бұл реакцияны катализдейтін ферменттер метилкобламин коферментін пайдаланады. Оларға гомоцистеинметилтрансфераза жатады. 

С витамині - аскорбин қышқылы 

      Аскорбин қышқылы немесе антискорбутты (антицинготты) витамин өзінің химиялық табиғаты бойынша 2,3 - дегидро - гулон қышқылының лактоны болып табылады. Оның құрамында "редуктон" топтары бар, олар дегидроаскорбин қышқылын түзе отырып, жеңіл тотығады. Тканьдерде аскорбин - дегидроаскорбин қышқылы редокс - жүйесін түзеді. Аскорбин қышқылының дегидроаскорбин қышқылына тотығуын аскорбат - оксидаза қамтамасыз етеді, бұл құрамында мыс бар фермент, ол митохондриялардың тыныс алу тізбегінде С цитохромына электрондарды тасымалдайды. Дегидроаскорбин қышқылының тотықсыздануын глутатионның қатысуымен дегидроаскорбатредуктаза іске асырады:

      Сүт қоректілердің ішінде тек маймылдар, адамдар және теңіз шошқасы аскорбин қышқылын тағаммен алуы қажет, басқа түрлер оны өздері синтездей алады. С витаминінің негізгі қайнар көздері - жеміс, көкөніс, әсіресе цитрустар. Аскорбин қышқылы көп мөлшерде итмұрында, тәтті бұрышта, қарақатта және т.б бар. Ересек адам үшін аскорбин қышқылының тәуліктік қажеттілігі 50 - 100мг.

      Аскорбин  қышқылы көптеген биологиялық қызметтер  атқарады, ол ағзаның күшті тотықсыздандырғышы ретінде көптеген биохимиялық процестерге  қатысады:

      - аскорбин - дегидроаскорбин қышқылы редокс - жүйесін түзеді, ол оның антиоксиданттық қасиетін сипаттайды.

      - темірдің 2 валенттік түрінің ішекте сіңірілуіне қажетті Fe+++  - iн Fe++ дейін тотықсыздануын іске асырады

      - фоль қышқылының тетрагирофоль қышқылына дейін тотықсыздануына қатысады

      - металдармен комплекс түзеді . Мысалы, аскорбин қышқылы темірді оның тасыалдаушы белок - трансферринмен байланысынан босатады да, темірдің тканьдерге келіп түсуін жеңілдетеді.

      -  Fe++ және оттегімен бірге ароматтық емес қосылыстар үшін ферментативті гидроксильдеуші реагенті болып табылады, мысалы фенилаланиннің тирозинге айналу процесінде.

      Сонымен қатар аскорбин қышқылы мынадай  ферменттік гидроксильденуге қатысады:

      - Серототинің түзілуі арқылы жүретін триптофанның гидроксильденуі

      - Коллагеннің синтезі кезіндегі пролин мен лизин қалдықтарының гидроксильденуі

      - Бүйрек үсті безінің гормондары синтезі кезіндегі стероидтардың гидроксильденуі

      - Карнитиннің синтезі кезіндегі бета - бутиробетаиннің гидроксильденуі

      Аскорбин  қышқылы орталық жүйке жүйесінің  медиаторы болып табылатын норадреналиннің дофаминнен түзілуін катализдейтін дофамин - бета - гидроксилаза үшін ко - субстрат болып табылады. 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 
 

      Адамның күнделікті қоректік  заттарының және солармен дұрыс  тамақтану адам өміріне пайдасын  әкеледі. Адам ең алдымен өзінің  Денсаулығын ойлап организмге зиянды заттарды қабылдамай, мөлшерін асырып жібермей дұрыс тамақтану қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. Тапбергенов С.О «Медициналық биохимия» Алматы - 2009ж. 117 -139б.
  2. Кенжебеков П.К «Биологиялық химия» (арнайы бөлімдері) Шымкент - 2005ж. 216 – 241б.
  3. Т.С. Сейтембетов, Б.И. Төлеуов, А.Ж. Сетембетова «Биологиялық химия» Алматы – 2010ж. 84 - 98б.
  4. http://www.google.kz
  5. еанго
  6. еавеук

Информация о работе Суда еритін витаминдердің коферменттік қызметі