Ісіктің қауіпті бары адамның денесінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 12:09, лекция

Описание работы

Әлемде барлық гинекологиялық жаман аурулардың арасында жатыр мойнының ісігі бірінші орында тұр. Бізде де 10500 әйел осы ауруға шалдығып, жылына 655 нәзік жанды осы аурудан көз жұмады. Яғни, жатыр мойнының обырымен ауыратын қазақстандық әйелдердің 16 пайызы бір жыл, ал, шамамен 40 пайызы 5 жылдың ішінде көз жұмады. Бұл туралы бүгін Алматыдағы онколог-дәрігерлер мәлімдеді.

Работа содержит 1 файл

ені сау адам өз ағзасында қатерлі ісік барын сезгенде.docx

— 32.89 Кб (Скачать)

ені сау адам өз ағзасында қатерлі ісік барын сезгенде, қандай күйге түсетінін айтып жеткізу қиын. Бұл ауру қазіргі кезде жасты да, кәріні де, баланы да аямайтын болды. Оны тоқтатудың шегі медицинада табыла қойған жоқ. Кей жағдайда адам өмірден түңіліп, жарық дүнием бітті деп те ойлайды. Бірақ науқасқа шалдыққандар бұл жағдайда ертеңін ойлап, оған қарсы күресудің жолын іздегені артық. Ең бастысы, «өмір - күрес» деген қағиданы науқас есінде ұстап, одан айығуға ұмтылғаны дұрыс.

Ісік жайлы айтатын болсақ, дүниежүзінде оның түрі көп. Солардың ішінде жыл сайын жатыр мойнының қатерлі ісігіне шалдыққан жарты миллион адам анықталып, аталмыш науқастан 240 мың адам көз жұмады. Ісіктердің ішінде әйелдерден кездесетін барлық қатерлі ісіктердің 30 пайызы - жатыр ісігі, соның 85 пайызы жатыр мойнында кездесетін көрінеді. Мұнымен көбінесе 40-50 жастағы әйелдер, кейде одан жасырақтар да шалдығатыны анықталып отыр.  
Қазақстанда жатыр мойны қатерлі ісігі - гинекологиялық қатерлі ісіктердің ішінде ең алдыңғы қатарда. Ауру гинекологиялық болған соң, ол көбінесе әйелдің жыныс мүшелерінде кездесетін қатерсіз және қатерлі ісіктерінің ішінде ең жиі кездесетіні жатыр ісігі (80%-ға дейін). Сирек кездесетін аналық без (15-16%), сыртқы жыныс мүшелерінде және қынап ісігі (2-4 %).  
Қазір жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу жөніндегі вакцинация өте кең көлемде айтылып келеді. Әлемдік рыноктағы бұл вакциналар Қазақстанға да жетті. Вакцинация жұмыстарын лицензиясы бар және ақылы емханаларда іске асып жатыр. Оның екі түрі бар болса, вакцинаның бағасының бір мөлшері (дозасы) 11 550-ден 16 650 теңге аралығында. Ол, негізінен, 10 және 45 жас аралықтағы қыз-келіншектерге егіледі. Жоғарыда айтқандай, бұл жұмысты тек ақылы емханалар іске асырып келеді. 
Ал енді «жатыр мойны қатерлі ісігі» дегенімізді көбіміз біле де бермейміз және одан қалай емделудің жолдарынан да хабарсызбыз. Тек дертке шалдыққанда ғана науқас дәрігерге барып, ауырғанын біледі. Біз осы жағдайды ескеріп, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкогинекологы Анар ҚҰРМАНОВА-ға жолығып, сөзге тартқан едік:  
Аурудың алғашқы белгілеріне келетін болсақ, ауру бастапқы кезінде ешбір белгі бермей өрши береді. Сондықтан да «жатыр мойнындағы қатерлі ісік» деген диагноз әйелдер үшін қашан да болса төбеден тас түскендей болатыны рас. Көбінесе ауру әбден кешігіп, адам өлім қаліне жеткенде бірақ білініп қалатыны жанға батады. Сондықтан көптеген әйелдер одан сақтануға да, емделіп жазылуға да аса күдікпенен қарайды. Жаңадан пайда болған қатерлі ісік бірден ұлғайып кетпейтінін есте сақтаған жан өз денсаулығын қалпына келтіруге қазір медицинаның құдіреті жетеді. Дерт зиянды бір жағдайлар дененің бар жеріне әсер етеді де, алдымен сол жерде жанға бататындай өзгерістерге душар етіп, соның ақыры қатерлі ісікке айналады. Дәрігерлер мұндай жағдайда әрбір ауру әйелді мұқият тексеруден өткізіп барып, дертін анықтағаннан кейін емдеу жұмыстарын бастайды. Осыдан кейін науқасқа дәрігердің ақыл-кеңесімен емделу жұмыстарын жүргізеді.  
Ісік қатерлі және қатерсіз болып екіге бөлінеді. Дерттің 90 пайызы қатерсіз ісікке жатады. Оның асқынған, асқынбағанын дәрігер тек пункция жасап, оны цитологиядан өткізу арқылы анықтайды. Егер цитология қатерлі ісік деп тапса, онда ол адам дереу есепке алынып, мемлекеттік бақылауға тіркейді, диспансерге емделуге жіберді. Сондай-ақ дәрігердің қадағалауына алынады.  
Жалпы, Қазақстан бойынша жатыр мойны қатерлі ісігімен 2008 жылы 1261 әйел есепке алынса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 1353-ке жеткен. Өткен жылы да аурудың саны өскендігі байқалған. Демек, ісік аурулары оның жасарғанын көрсетеді. Қатерсіз ісіктің ең жиі кездесетіні - миома. Бұл бірыңғай салалы ет тінінен ( жатыр, қарын, ішек және тері етінен) өседі. Жатыр миомасы кезінде ұзақ уақыт қан кетіп, адамды анемияға шалдықтырса, қуықты, қуыққа келетін қан тамырларын, жүйке талшықтарын да ісік басады. Ісік 30-35 жастағы әйелдерде пайда болып, климакс мерзіміне дейін өсе беруі мүмкін. Миоманың түрі көп және өте жиі кездесетін түрі - жатыр фибромиомасы. Бұл ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан пайда болып, ауру белгісіз жағдайда өтеді. Ауру асқынғанда кіндіктің төмен жағы қатты ауырып, етеккірдің мерзімі бұзылады. Тіптен көп қан да кетуі мүмкін. Жатыр миомасы және жатыр фибромиомасы бар әйелдер көп жағдайда бала көтермей қалуы да ықтимал. Мұндай жағдайда 30 жастан асқан әйелдер жылына 2-3 рет дәрігерден ақыл-кеңес алып тұрғаны пайдалы. 
Жатыр мойны және жатыр денесінің қатерлі ісігі бүкіл әлемдегі әйелдердің репродуктивті денсаулығының ең маңызды медициналық-әлеуметтік проблемаларының бірі болып отыр. Жатыр мойны мен жатыр денесі қатерлі ісігінің дамуына ерте жыныстық жетілу, жыныстық өмірдің ерте басталуы, 20 жасқа дейінгі және 40 жастан кейінгі босану, етеккірдің ерте үзілуі (45 жасқа дейін), түсіктер, әйел немесе ер адаммен жыныстық серіктерінің жиі ауыстырылуы, әйелде немесе оның жыныстық серігінде папиллома вирустық немесе герпетикалық жұқпаның болуы ықпал етеді. Осыған орай, Денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары басқа жас ерекшелік топтарына қарағанда, 35-60 жас аралығындағы әйелдерді қамтитын жыл сайынғы скринингтік шараларды өткізу аса тиімді деген қорытындыға келді. Әрине, дамыған елдерде скринингтік бағдарламаларды енгізу нәтижесінде жатыр мойнының қатерлі ісікке шалдығуын бақылауға алу мүмкін болып отыр.  
Бүгінде цитологиялық және маммографиялық скрининг әрбір әйелге қол жетімді. Зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тұрғылықты орны бойынша өткізіледі. Жатыр мойнының скринингтің пайдасы өте зор. Скрининг 35-40-45-50-55-60 жас аралықтағы қыз-келіншектер арасында жасалады. Бұл Қазақстанның түкпір-түкпірінде жұмыс істеліп, патологиясы бар-жоқ болсын барлық белгілі жастағы келіншектер арасында іске асырылуда. Бұл жұмыстың көмегімен І-ІІ сатыдағы аурулары барларды анықтайды. Бұрын скрининг жоқ кезде асқынған ІІІ-ІV сатыдағылар көп келетін. Қазір І-ІІ сатыдағыларды анықтау арқылы аман алып қалуға мүмкіндік көп. Сондай-ақ айта кету керек осы скринингтің арқасында қатерсіз ісік ауруларын анықтауға да тигізер пайдасы аурудың алдын алуға мүмкіндік жасайды. 
Жатыр мойны қатерлі ісігінің белгісі: жатырда қан ағып, іштің төмен жағы ауырады. Бойда әлсіздік, салмақтың төмендеуі, тамаққа тәбеттің болмауы, жатырда ағымды ақ келуі сияқты белгілерден байқалады. Осындай кезде дереу гинеколог маманына көрінумен қатар тексерілген абзал. Мұндай жағдайда маман ғана жатыр мойнындағы қатерлі ісік бар жоғын анықтап береді. Міне, осындай белгілер байқалған жағдайда дереу онкогинеколог маманына жүгінсе, аурудың алдын ауыздықтайды. Онкогинекологтың нұсқауымен науқасқа кольпоскопия жасалады (арнайы аппарат), онкоцитологиялық жағынды (мазок) алу мен қатар ісіктен биопсия, УЗИ жасалады.  
Аурудың алдын алу: барлық аурулармен күресу үшін иммунитетті көтеріп, дәрумендерге бай тағамдар жеген пайдалы және де дене шынықтырумен айналысып, дер кезінде дәрігердің бақылауында болған адам өз ауруын жеңеді. Жалпы, бұл ауруды естігенде көп адамдардың қорқуы мүмкін.Тіптен өмірім бітті деп те ойлайды. Мұндай жағдайда сау адам ауырған адамға қашанда демеу болып, жанын жадырататын жағдайды жасауды көбірек ойлауы керек. Науқастың көңілін көбірек көтеріп, ауруды алыстатқан жөн. Және де науқас адам дәрігердің емін дұрыс қабылдап, оның кеңесін уақтылы орындаумен қатар, оған қарсы тұрып, белсене күресе білген жан аурудан айыға алады. Сондай-ақ әрқашанда көңіл күйді көтеріңкі ұстаумен қатар өмірге деген өзінің құштарлығын арттырған абзал. 
Сөз соңында айтатын кеңесіміз - денсаулығыңызға байланысты бір күдікті жағдай туа қалса, дәрігерге жүгініп, тексерілгенді ұмытпаған оңды. Бұл орынсыз алаңдаушылықтан арылуға көмектеседі. Ерте диагностикалау мүмкіндігін пайдаланып, дәрігердің ұсынымдарына сәйкес келмейтін қарапайым адамдардың кеңестерін тыңдамай, дәрігердің барлық талаптарын орындағанда денсаулығыңыз түзеліп, ғұмыр жасыңыз ұзарады. Жылына немесе жарты жылда бір рет гинекологқа қаралып тұру да өз денсаулығыңыз үшін пайдасы бар.  
 
Ақерке АЛПАРОВА


Әлемде барлық гинекологиялық жаман аурулардың арасында жатыр мойнының ісігі бірінші орында тұр. Бізде де 10500 әйел осы ауруға шалдығып, жылына 655 нәзік жанды осы аурудан көз жұмады. Яғни, жатыр мойнының обырымен ауыратын қазақстандық әйелдердің 16 пайызы бір жыл, ал, шамамен 40 пайызы 5 жылдың ішінде көз жұмады. Бұл туралы бүгін Алматыдағы онколог-дәрігерлер мәлімдеді. Айтуларынша, жатыр мойны ісігінің алдын алатын жалғыз жол ол - вакцина егу. Бұл тұста, адам папилломасы вирусы арқылы жұғатын қатерлі ауруға қарсы күресті қазірден, 9 жастан бастап, өтпелі жасқа келмеген қыздардан бастау қажет. Сонда олар болашақта жатыр мойнының ісігімен ауырмайтын болады. Жалпы, адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егу 80-ші жылдарда басталған. Бүгінде әлемнің 21 елі аурудың алдын алып, жас қыздарға вакцина егуді қолға алған. 

 

Мұрат Қайырбаев, Қазақ онкология және радиобиология ғылыми зерттеу институтының бөлім меңгерушісі:

Адам папиллома  вирусының Қазақстанда қай түрлері жиі кездесетін анықтау үшін 4000 әйелді зерттедік. Адам папиллома вирусының 28,5 пайызы анықталды. Оның ішінен 16-18 адам папиллома вирусының түрлері, 70 пайыз жатыр мойнының обырының себептері, деп есептеледі. Сол 2 түрі 29,4 пайыз кездесті, әйелдерден.  

 


Информация о работе Ісіктің қауіпті бары адамның денесінде