Протей. Потогенділік. Этиологиялық және патогенділік рөлі. Аурухана аралық инфекцияларында атқаратын рөлі. Лабораториялық диагностика. А

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:36, доклад

Описание работы

Протейлер – грам теріс, қозғалмалы факультативті анаэробтар, Proteae трибасына, Enterobacteriaceae тұқымдасына, Proteus туысына жатады. Спора және капсула түзбейді, О- және Н-антигендері бар. Термостабильді О-антигені бойынша топтарға бөлінеді, ал талшықты термолабильді Н-антигені бойынша 200-ден аса сероварларға бөлінеді. Плоскирев ортасында мөлдір, ірі оқшауланған колониялар түзеді, олар ортаны сілтілендіріп, оны сарғыш түске бояйды; висмут-сульфитті агарда – ылғалды кір-қоңыр колониялар, оларды алғаннан кейін қою қоңыр аймақ қалады.

Содержание

Протейге жалпы сипаттама
Антигенді құрылымы
Қасиеттері
Эпидемиологиясы
Резистенттілігі
Патогенезі және клиникасы
Лабороториялық диагностикасы
Емдеу және алдын алу
Медициналық қызметкерлер арасында инфекцияның таралуының алдын-алу.
Ауруханаішілік инфекцияның алдын-алудағы негізгі шаралар

Работа содержит 1 файл

Нургалиева А. Микробиология.ppt

— 4.53 Мб (Скачать)

Протей. Потогенділік. Этиологиялық және патогенділік рөлі. Аурухана аралық инфекцияларында атқаратын рөлі. Лабораториялық диагностика. Алдын алу және емдеу.

 

Орындаған: Нұрғалиева А.

Топ: 236 ЖМФ

Тексерген: Абишева М.Т.

 

Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау Министрлігі

 

Жоспар:

 

  • Протейге жалпы сипаттама
  • Антигенді құрылымы
  • Қасиеттері
  • Эпидемиологиясы
  • Резистенттілігі
  • Патогенезі  және клиникасы
  • Лабороториялық диагностикасы
  • Емдеу және алдын алу
  • Медициналық қызметкерлер арасында инфекцияның таралуының алдын-алу.
  • Ауруханаішілік инфекцияның алдын-алудағы негізгі шаралар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Протейлер – грам теріс, қозғалмалы факультативті анаэробтар, Proteae трибасына, Enterobacteriaceae тұқымдасына, Proteus туысына жатады. Спора және капсула түзбейді, О- және Н-антигендері бар. Термостабильді О-антигені бойынша топтарға бөлінеді, ал талшықты термолабильді Н-антигені бойынша 200-ден аса сероварларға бөлінеді. Плоскирев ортасында мөлдір, ірі оқшауланған колониялар түзеді, олар ортаны сілтілендіріп, оны сарғыш түске бояйды; висмут-сульфитті агарда – ылғалды кір-қоңыр колониялар, оларды алғаннан кейін қою қоңыр аймақ қалады.

                      туысының барлық өкілдері- бастары домаланған, грам теріс таяқшалар, көлемі 0,4-0,6х 1-3мкм, спора және капсула түзбейді, перитрихтар болып табылады. Полиморфизмге бейім, коккатәрізді және жіп тәрізді формалары байқалады.  Кейде қозғалмайтын, талшықтарынан айырылған түрлері де кездеседі.

 Протей-хемоорганотрофта.Оптимальды температурасы 37 С, рН 7,2-7,4; өсу шекерасы 20С-ден 38С дейін. Қоректік орталарға талапшыл емес, қарапайым орталарда жақсы өседі.

 

 

  • Proteus mirabilis
  • Proteus morganii
  • Proteus vulgaris
  • Proteus rettgery
  • Proteus inconstans

 

 

                     туысы бөлінеді:

Қасиеттері:

 

  • Протеилерде цитопатогенді қасиеті бар;
  • Жасушаішілік паразитизм;
  • Сыртқы ортада тұрақты;
  • Барлық шіріген өнімдер бар жерлерде кездеседі.

Түр

 

Ферментация

 

мамандануы

 

Желатинді сұйылтуы

 

мальтоза

 

мантит

 

ксилоза

 

салицин

 

индол

 

H2S

 

уреаза

 

орнитиндекарбоксилаза

 

P. vulgaris

 

+

 

-

 

Bs

 

b

 

+

 

+

 

+

 

_

 

+

 

P. mirabilis

 

-

 

-

 

+

 

B

 

-

 

+

 

+

 

+

 

+

 

P. morganii

 

-

 

-

 

-

 

-

 

+

 

-

 

+

 

+

 

_

 

P. rettgeri

 

-

 

+

 

B

 

B

 

+

 

-

 

+

 

-

 

_

 

P. inconstans

 

-

 

-

 

-

 

-

 

+

 

-

 

-

 

-

 

-

 

Proteus туысының дифференциалды-диагностикалық  көрінісі.

  • Шіріту  қалдықтардың сапрофиттері болып табылады., аз мөлшерде адам және жануар ішегінде болады, тұрып қалған сулар мен топырақта анықталады. Жұғу жолы көбінесе алиментарлы жолмен адам ағзасына тағаммен бірге көп мөлшерде протей түскенде жүзеге асады. Протей жиі дисбактериоз немесе ауруханалық инфекция қоздырғышы ретінде бола алады

Протей қоршаған ортаға  салыстырмалы тұрақты, мұздатуды  жақсы өткізеді. 60 С-де 1сағ ішінде  өледі, 80С-5мин ішінде, 1% фенол ерітіндісінде 30мин өледі. Көптеген антибиотиктер  мен дезинфекциялық заттарға  төзімді бола алады.

  • Протей адамда түрлі ауруларды тудыруы мүмкін, жиі тағамдық токсикоинфекцияны.    Басқа шартты-патогенді микроорганизмдермен қатар протей түрлі формадағы іріңді қабыну және септикалық ауруларды тудырады: цистит, пиелит, іріңді асқынулар  және күйген беттер, флегмоналар, абцесстер , плеврит, пневмония, остеомиелит, менингит, сепсис.

Эндотоксин 

 

Ферменттер

 

Макроағзаға протеилердің 

патогенді әсері

 

липополисахарид

 

лейкоцидин

 

гиалуронидаза

 

гемолизин

 

Энтеротоксин,

колицин 

  • Тағамдық токсикинфекция патогенезі протейдің асқазан –ішек жолдарында көптеп бұзылуымен және мұнда бөлінген эндотоксиннің қанға сіңірілуімен байланысты. Аурудың ауырлық дәрежесі ағзаға  түскен протей мөлшеріне тікелей байланысты.
  • Enterobacteriaceae тұқымдастарының бактериялары сияқты протеилер өздерінің қалыпты өмір сүру орнынан шыққан кезде ғана ауру тудырады (асқазан-ішек жолы). Протеилердің ауруханаішілік берілуі орын алады, инфекцияның жыныс жолымен берілуі таралған, сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтамау.
  • Бактериологиялық зерттеу.
  • Серологиялық зерттеу.Бактериальді зерттеу үшін материал – нәжіс, құсық массалары, қан, тағам қалдықтары, зәр, ликвор. Арнайы антиденелер титрінің РА және ТЕГАР-да динамикада 4 есеге өсуі протеи инфекциясына көз жеткізеді.
  • Шыныда protei туысының бактериясы. Теппинг мода                   F= 270.265 кГц.
  • Емдеу.
  • Протеймен шақырылған тағамдық токсикоинфекцияда спецификалық емес дезинтоксикацияға бағытталады. Ауру пайда болған жағдайда іріңдеу мен сепсиспен өтарде, антибиотикограмма нәтижелері ескеріліп антибиотиктер қолданылады. Ішек дисбактериозымен байланысты колит кезінде, протей көп мөлшерде болғанда интести-бактериофаг қолданылады. Әлсіз өтетін қабыну процестерінде антибиотикке мойынсұнбаса аутовакциналарды қолдану керек.
  • Этиотропты терапия – колипротеилі бактериофаг, интестибактериофаг, энтеральді лактоглобулин. Сырқаттың ауыр формасында антибактериальді ем негізгі болады. Антибиотиктерді бактериялардың сезімталдығын ескере отырып тағайындайды. Жиірек карбоксициллиндерді (карбенициллин, тикарциллин), уреидопенициллиндер (мезлоциллин, азлоциллин, пиперациллин), цефалоспориндер ІІІ-IV қатардағы (цефотаксим, цефтриаксон, цефпиром), монобактамдар (азтреонам), карбапенем (тиенам, меропенем).

 

Протеи асқазан-ішек жолын зақымдаса болжамы тиімді. Ас-токсикоинфекциясының ауыр түрлерінде, сонымен қатар балаларда летальді болжам.

 

 

 

  • Негізгісі перзентханаларда, ауруханаларда, қоғамдық тамақтану орындарында, балалар үйінде санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау. Макроағзаның қорғаныс күшін жоғарылату, науқастарды уақытында оқшаулау керек.

Медициналық қызметкерлер арасында инфекцияның таралуының алдын-алу:

 

  • Барлық медициналық араласуларды орындауда арнайы қорғаныс киімнің болуы
  • Қолдың тазалығы ең негізгі инфекция таралу жолының алдын-алу
  • Жаралағыш заттармен жұмыс атқарғанда үлкен абайлық көрсеткен жөн
  • Медицина қызметкерлерінің жаппай иммунопрофилактикасы

Ауруханаішілік инфекцияның алдын-алудағы негізгі шаралар:

 

  • Ауруханаішілік инфекцияны қадағалайтын эпидемиологиялық шаралар жүйесі
  • диагностикасы мен қоздырғыштардың маниторингін жүргізу
  • Дезинфекциялық шаралардың эффективті болуы
  • Стерилизациялық шаралардың эффективтіг
  • Ауруханаішілік инфекциямен күресу шараларын нығайту
  • Госпитальды гигиена тәртіптерін сақтауҚоздырғыштардың лабраторлы
  • “Микробиология” Пяткин К.Д, Кривошеин Ю.С. Москва 1980
  • Интернет Google
  • Микробиология және вирусология.Қазақ Мемлекеттік Медицина Университеті.Алматы

 

 

 

Т

 

2

 

14


Информация о работе Протей. Потогенділік. Этиологиялық және патогенділік рөлі. Аурухана аралық инфекцияларында атқаратын рөлі. Лабораториялық диагностика. А