Паразитология

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:57, реферат

Описание работы

Паразитология (гр. para – жанында, гр. sіtos – қоректену және гр. logos – ілім) – бір организмнің екінші организм есебінен қоректенуін, паразит пен оның иесінің байланысын, өзара қарым-қатынасы, олардың қоршаған ортаға тәуелділігін, дене құрылысы, тіршілігі, дамуы, жан-жаққа таралуын; сондай-ақ адамның, жануарлар менөсімдіктердің паразиттік ауруларын, олардан арылу, сақтану жолдарын зерттейтін кешенді ғылым; биология саласы.

Работа содержит 1 файл

Паразитологи1.docx

— 26.15 Кб (Скачать)


                                          Паразитология

 

Паразитология (гр. para – жанында, гр. sіtos – қоректену және гр. logos – ілім) – бір организмнің екінші организм есебінен қоректенуін, паразит пен оның иесінің байланысын, өзара қарым-қатынасы, олардың қоршаған ортаға тәуелділігін, дене құрылысы, тіршілігі, дамуы, жан-жаққа таралуын; сондай-ақ адамның, жануарлар менөсімдіктердің паразиттік ауруларын, олардан арылу, сақтану жолдарын зерттейтін кешенді ғылым; биология саласы.

Паразитологияның түрі

Паразитология өзінің зерттейтін нысанына қарай: 
медициналық Паразитология (адамның паразитін зерттейді); 
малдәрігерлік Паразитология (үй және кәсіптік маңызы бар жануарлардың паразитін); 
агрономдық Паразитология не фито Паразитология (өсімдіктер паразитін) гельминтология болып бөлінеді. 
Паразитология Қазақстанда 1930 жылдардан бері, яғни Қазақ малдәрігерлік ғылым-зерттеу институты мен КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесінде арнайы бөлімдер ашылғаннан кейін дами бастады.Бұл саладағы зерттеулер Қазақстан ҒА-ның Зоология институты құрылуымен қатар (1943) өрістей түсті. 20 ғасырдың 2-жартысында И.Г. Галузо, С.Н. Боев, Е.Г. Гвоздевтің жетекшілігімен Қазақстанда паразиттердің кең таралған, аса зиянды түрлерінің тіршілік сатыларын зерттеп ашу жұмыстары жүргізілді. Фитогельминтология зерттеулер нәтижесінде бидайдың, темекінің, бақша өсімдіктерінің гельминтозды қоздырғыштары анықталды. Паразитті қарапайымдылар тудыратын: токсоплазмоз, безноитиоз, гемоспоридиоз, лейшманиоз, тейлероз, пироплазмоз, саркоспоридоз ауруларының патогенезі мен организмде дамуы зерттелді. Сарып, кене энцефалиті, оба, құс спирохетозы, туляремия, кейбір гельминтоз ауруларының табиғи ошағы анықталып, ол туралы зерттеулер одан әрі дамытылды. Иксод және гамаз кенелердің, бүргелердің, масалар мен шіркейлердің, қансорғыш шыбындар мен соналардың фаунасы, биологиясы, зияндылығы зерттелді. Қазір паразитті организмдердің экожүйелердегі орны мен олардың қоршаған орта экологиясына байланысты өзгеруін және ерекшеліктерін зерттеу, антропогендік қысым жағдайында зооноздардың эпидемиологиялық және эпизоотология механизмдерінің өзгеруін анықтау, қауіпті індет тарататын паразиттерді жоюдың биологиялық әдістері іздестірілуде. Республикада паразитология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Р.Н. Аппасов, С.І. Сванбаев, В.Я. Панин, Т.Н. Досжанов, Б.Шайкенов, А.М. Дубицкий, А.И. Агапова, Ж.М. Жатқанбаева, т.б. 

 

 

 

Паразиттер. Диагностика  және терапия.

    

      «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын қайтыс болатын 50 млн. Адамның ішінде 16 миллионының өлім себебі инфекциялық және паразитарлық аурулар». Бұл аурулардың тобы қазіргі адамзат өлімі себептерінің ішінде жетекшілердің бірі болып отыр. Әлемдегі аурулар саны бойынша, ішек гельминтозының жұғуы дүние жүзінде үшінші орын алады. Балалардың психикалық және физикалық дамуының тежелу себептері  паразитарлық аурулар болып табылады, ересек тұрғындардың еңбек қабілеттілігін төмендетеді.  Ауру жұққан адамның ағзасында аллергия туғызып, паразиттер жұқпалы және соматикалық ауруларға қарсы тұруды төмендетеді, акцинопрофилактиканың нәтижелілігін төмендетеді. Көптеген елдерде паразитарлы аурулармен күресудің маңыздылығын ескере отырып, 2001ж. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының елу төртінші сессиясында 2010ж. Дейін геогельментоздармен күрес стратегиясын мақұлдады». Ғаламшар тұрғындарының жартысынан көбі паразитарлы індеттерден зардап шегеді.

Ит бүргелері ішек құрт жұмыртқаларын  тасымалдайды. Ал ит болса, жұмыртқаларын  жұтып, өзінің ылғалды дем алысы  арқылы оларды 5 м-ге дейінгі қашықтыққа таратады (мысық 3 м-ге дейін).

Мысалы: бөсір жұмыртқасы  6 айға дейін өмірге қабілеттілігін сақтайды және шаң-тозаң, ойыншықтар, кілемдер, киім және төсек жаймалары, қол арқылы ауызға түседі. Сырқаттану ондаған жылдарға созылуы мүмкін.

Аскарида жұмыртқалары (жылына 100 млн. Сырқаттану жағдайлары)  дұрыс жуылмаған құлпынай, көк, кір қолдар арқылы жұғады, шыбындармен таралады).

Ал кәуап пен шошқа майында  95% -нда трихинеллезб жұққан.

Ал тұздалған балық, «строганина» немесе уылдырық – адамдағы гельминит  анакондасындай. Үлкен дарағының  ұзындығы 10 метрге дейін жетеді және ұзақ өмір сүреді - 25 жылға дейін.

Ауру туғызатын басқада паразиттік өкілдер: лямблия, эхинококк, анкилостома, токсокара, таспа құрттар, шистосомыдар және т.б.

 

Адамның сырқаттануы жиі түрде  ауыр созылмалы уланудың, соның ішінде паразитарлы инфекциялардың көрінісі болып табылады. Ауыр созылмалы аурулардың артында қандайда бір паразитарлы  инвазия тұр, олар аурудың себебі немесе себептерінің бірі болып табылады.

Олар – бізге ең қажетті және пайдалы  нәрлі заттардың  «бағалаушылары». Адам ағзасында гельминиттердің 150-ге дейін түрі болуы мүмкін, ал паразиттердің жұққанын анықтау өте қиын.

Олардың белгілерінің саны шектеусіз  деуге болады. Сондықтан мамандар «танымал» аурулармен сырқаттанған және дәстүрлі дәрі-дәрмектер көмектеспейтіндерге  паразиттерден тазартуды ұсынады.

Кең таралған аурулар: іш қату, іш өтуі, желдер және іш кебуі, буындар мен  бұлшық еттердің сырқырауы, анемия, аллергия, реңсіз тері, жүйкенің қозуы, ұйқының  бұзылуы, тістерді қайрауы, созылмалы  шаршағандық, иммунды бұзылулар.  Сондай-ақ салмақтың артуы, шектен тыс ашығу, салмақ жоғалту, демікпе, эпилепсия және бас сақинасының ауруы.

 

Паразитарлы инвазияның себептері:

1.     Жеке гигиенаның бұзылуы

2.     Ішек құрттары жұмыртқасының қабығын бұзатын асқазан сөлі секрециясының бұзылуы

3.     Иммунитеттің әлсізденуі

4.     Қалыпты ішек микробиоценозының бұзылуы

5.     Дұрыс тамақтанбау

6.     Өт қозғалысының бұзылуы және оның бактериостатитті қасиеттерінің жоғалуы

7.     Ілеспелі таз  жұқпасы

8.     Ферменттер белсенділігінің жоғалуы

 

Антипаразитарлы бағдарламаның  құрылымы:

1. Жеке гигена ережелерін сақтаймыз:

2. Асқорыту трактатының жұмысын  оңтайландыру қажет: өт қозғалысын  қалыпқа келтіру, ішек жиырылуын  және оның пайдалы микрофлорасын  қалпына келтіру, ферменттер жұмысын  арттыру, гельминиттердің құрт  сатысының дамуына қолайсыз жағдай  жасау.

3. Ағзаны улану белгілерінсіз  паразиттерден арылтуды қамтамасыз  ететін мақсатты антипаризтарлы  қызметке ие қауіпсіз құралдарды  пайдалану қажет. Осы жағдайда  жанама нәтижелері бар химиялық  антипаразитарлы препараттармен  бауыр мен бүйрекке токсинді  әрекет ету қауіпі жоққа шығарылады.

4. Бағдарламада ферменттер мен  пайдалы бактериялардың теңгерімді  үйлесімдік фонында фитонцидті, бактерияға қарсы, микробқа қарсы  және паразиттерге қарсы қасиеттері  бар препараттар дегельминтизациясын  қолдану өте өзекті.

5. Судың жеткілікті мөлшерін (кемінде  1.5-2 литр сапалы, басқалардан гөрі  сілтілі суды) ішу және тазалау  кезеңінде тамақтану рационынан  ұннан жасалған, тәтті және ет өнімдерін алып тастау ұсынылады.

Жоғарыда баяндалғаннан, гельминиттер әрекетті көп қырлы, оларды болжау, бағдарлау мүмкін емес,  иесінің ағзасы үшін қауіпті және зиянды. Гельминит тасымалдауды жұқтыру қауіпінің өте жоғары деңгейде болуына байланысты, жылына 2 рет дәрігер-паразитологта алдын алу дегельминтизация курсын өткен дұрыс. Сонымен бірге, улану белгілерінсіз ағзаны паразиттерден босатуды қамтамасыз ететін мақсатты антипаразитарлы әрекетке ие қауіпсіз құралдарды қолдану өте маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               

 

 

                                                                 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1."Қазақ Энциклопедиясы" 

2.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

 

 


Информация о работе Паразитология