Нашақорлық қоғам дерті

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 18:19, доклад

Описание работы

Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған.

Работа содержит 1 файл

нашақорлық қоғам дерті.doc

— 102.00 Кб (Скачать)

       2005 жылдың алты айында нашақорлықпен бастапқы ауыру 100 мың халыққа шаққанда 323 оқиғаны құрады (2004 жылы - 318). Бастапқы ауырудың жоғары көрсеткіштері Павлодар (828), Атырау (735), Шығыс Қазақстан (526), Ақмола (492) және Қарағанды (373) облыстарында тіркелді.

       Есірткіге тәуелділердің арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-нің таралу проблемасы айрықша алаңдаушылық тудырады. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың деректері бойынша 2005 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда АҚТҚ жұқтырған 5090 адам ресми түрде тіркелген, оның ішінде егу арқылы қабылданатын есірткілерді пайдаланатындар 63,4 %-ті құрайды. Осы ретте АҚТҚ-ны жыныстық жолмен жұқтыру 25,5 % -ті құрайды.

       Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемалары айқын халықаралық сипатқа ие, осыған байланысты тек қана мемлекеттік деңгейде шешілуі мүмкін емес.

       Қазақстан есірткіге қарсы қызметтегі халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді. Бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер мен шарттар жасалды. ТМД мемлекеттерімен қатар АҚШ, Канада, Еуропалық Одақ елдері осы саладағы біздің дәстүрлі әріптестерімізге айналды.

       Мұның алдындағы Стратегия мен оны орындау үшін қабылданған бағдарламалық құжаттардың нәтижелерін талдау барлық жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалғанын дәлелдейді. Қазақстанда есірткінің айналымы саласында бірыңғай және теңестірілген мемлекеттік саясат қалыптасты және іске асырылуда, елдегі есірткі ахуалының дамуына мемлекеттік және әлеуметтік бақылау орнатылды. Оны тұрақсыздандыруға және оның Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігінің жай-күйіне, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына теріс ықпал етуін шектеуге қол жеткізілді.

       Солай бола тұра, проблема өткірлігі бәсеңдер емес, оған бір-бірімен өзара байланысты бірқатар факторлар әсер етеді, олардың бірі біздің еліміз арқылы есірткі, ең алдымен Ауғанстанда жасалған есірткі трафигінің күшеюі болып табылады. Ауғанстанмен шекаралас өңірлерде есірткіге қарсы белдеу ұру жөніндегі құқық қорғау шаралары кешенін іске асыруды шұғыл қолға алу қажеттілігі барған сайын артып отыр.

       Сонымен бірге есірткі бизнесіне қарсы уәкілетті мемлекеттік органдар қолданып отырған кешенді іс-қимыл шаралары қалыптасқан жағдайға толық барабар емес, есірткіге тәуелділіктің алдын алу, есірткіге тәуелділерді емдеу және кейіннен оңалту проблемасы тиісті деңгейде шешілмейді. Осыған орай және қалыптасқан жағдайға жедел ден қойып, нашақорлықтың бастапқы алдын алу жөнінде қажетті шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ретіндегі құқықтық мәртебесін дамыту мен жетілдіруге ерекше назар аудару қажет болады.

       Проблеманың өткірлігі осы бағыттағы жұмыстың барынша жетілдірілген нысандары мен әдістерін әзірлеу және іске асыру қажеттілігін негіздейді.

 

Нашақорлықтың бастапқы  алдын алу

             Қазақстандық  қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік  мәдени факторлары (моральдық-этикалық  нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.

       Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.

       Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

       Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт деп есептеуге болады, өйткені өзінің денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді.

       Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет.

       Аталған міндет екі негізгі құрамдас бөліктің болуын көздейді: ПБЗ-ны теріс пайдаланудың алдын алу мәселелері жөніндегі білім беру мекемелерінің қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау процесін жолға қою және олар бойынша педагогтар алдын алу жұмысымен айналыса алатындай арнайы әдебиет пен құралдар шығаруды ұйымдастыру қажет.

       Халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) көпшілік қауым үшін қажетті білімнің негізгі көзі болып есептелуі олардың бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады. Екінші жағынан БАҚ-та есірткі заттарының жарнамасына, есірткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің "жеңіл" стилі делінетіннің атрибуты ретіндегі теріс түсініктер уағызына жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізілуі тиіс.

       Бұдан басқа, тікелей есірткіге қарсы насихат есірткіге қарсы жарнаманың орналасуын және баспа және электронды БАҚ-та жүйелі қоғамдық-саяси, талдамалық және көркем жарияланымдарды дайындауды, сондай-ақ есірткіге қарсы тақырыптағы тұрақты теледидар бағдарламалары мен хабарларын ұйымдастыруды және өткізуді қоса алғанда, мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында болуға тиіс.

       Есірткіге қарсы қоғамдық ұстанымды күшейтудің маңызды факторы жастар арасындағы патриоттық көңіл-күйдің өсуі болып табылатындықтан, кең көлемді мәдени-тәрбие жұмысын және оқушылардың, студенттердің, олардың ата-аналарының арасында есірткіге қарсы белсенді насихат жүргізуді негізге ала отырып, оқушылар мен студенттердің "Нашақорлық - Қазақстанның болашағына төнген қатер" атты бүкіл қазақстандық қозғалысын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру қажет.

       Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қоғамдық құнды ынталары мен бейімділіктері негізінде ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл үшін спорттық секциялар, қызығушылығы бойынша шығармашылық үйірмелер, аула клубтары желілерін жер-жерлерде кеңейту, балалардың бос уақытын ұйымдастыру кезінде пікір сайыстар, дискотекалар, плакаттар мен суреттер конкурстарын, викториналарды және есірткіге қарсы бағыттағы басқа да іс-шараларды өткізуді көздеу қажет.

       Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасын негізге ала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі N 999 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарға сәйкес бұл жұмысқа салауатты өмір салты, отбасын жоспарлау орталықтарын және әлеуметтік саладағы басқа да агенттерді тарта отырып, әйелдердің, әсіресе фертилді жастағылардың, есірткі қабылдамауға деген тұрақтылыққа бағытталған толық ауқымды үгіт саясатын жүргізу қажет.

       Бұдан басқа, есірткіге иммунитетті қоғамның өзі қалыптастыруы тиіс. Мемлекет нашақорлықтың және есірткі бизнесінің таралуына қарсы күресте азаматтық қоғам институттары, түрлі қоғамдық-саяси және үкіметтік емес ұйымдар, жекелеген азаматтар арасында бастамашылықты дамыту және көтермелеу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауы қажет. Алдын алу жұмысына мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдарды неғұрлым белсенді түрде тарту, қызметі ПБЗ-ға тәуелділіктің бастапқы алдын алуға бағытталған қазіргі қоғамдық ұйымдарды қолдауды жүзеге асыру және жаңаларын құруға барынша жәрдемдесу, осы салада ғылыми-талдамалық және зерттеу жұмысын жүргізу қажет.

       Дінге сенетіндер мен олардың жақындарының есірткіні қабылдамауын орнықты қалыптастыру бойынша діни конфессиялармен тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыру қажет.

       Нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға деген теріс көзқарасты жеңу мемлекет пен қоғамдық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс.

       Аталған іс-шаралар кешені есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыруға және қоғамның есірткіге бейімделуінің әлеуметтік-мәдени факторларының әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Есірткіні теріс  пайдаланатын адамдарды емдеу және

әлеуметтік оңалту

 

             Тәуелсіз сарапшылардың  бағалаулары бойынша есірткіні  шамадан тыс пайдаланудан Қазақстанда  әр тәулікте төрт адам қайтыс  болады. Елде соңғы 12 жылда нашақорлықпен  ауыратын адамдардың жалпы саны 10 есеге, оның ішінде жасөспірімдер арасында 17 есеге артты. Сондықтан да Стратегияның осы бөлігі қазіргі заманғы әлеуметтік індеттердің таралуының негізгі тетіктерін зерделеу саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламасын іске асыруды (ЖҚТБ/АҚТҚ-мен бірге жүретін есірткіге тәуелділік; қылмыстық, діни-экстремистік, террористік ұйымдарға тартумен психологиялық тәуелділік); жоғарыда аталған әлеуметтік індеттерге халықтың психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру технологиясын әзірлеумен және олардың Қазақстан Республикасының аумағына таралуына тиімді түрде тосқауыл қоюды қамтамасыз етумен байланысты зерттеулер жүргізуді; ПБЗ-ға тәуелділердің алдын алудың, диагностикалаудың, емдеу мен оңалтудың неғұрлым тиімді технологияларын әзірлеу және Орталық Азия елдеріне тарату мақсатында НМӘП РҒПО базасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - БҰҰ ЕҚБ) өңірлік Ресурстық ғылыми-ақпараттық орталығын ұйымдастыруды; НМӘП РҒПО жанынан "нашақорлық", "клиникалық психология" және "әлеуметтік психология" мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестер ұйымдастыруды көздейді.

       Қойылған міндеттерді орындау үшін ел халқының психикалық денсаулығын және психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіруді, республикада психотерапевтік, консультативтік-психологиялық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жүйесін дамытуды жалғастыру қажет болады.

       Қазақстан Республикасының наркологиялық емдеу-алдын алу мекемелерінің құрылымдарын, технологияларын, штаттық қамтамасыз етілуін және материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы наркологиялық көмекті ұйымдастырудың заңнамада бекітілген стандарттарына қатаң түрде сәйкес келтіру, қазіргі заманғы әлеуметтік індеттерге тартылуға халықтың, психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруды тікелей қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының халқына психотерапиялық, консультативтік-психологиялық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жүйесі мекемелерінің (бөлімшелердің, кабинеттердің) технология, кадрмен қамтамасыз ету құрылымдарын аталған айқындамалар бойынша бекітілген кәсіби стандарттарға сәйкес келтіру.

       Наркология, психотерапия, клиникалық және консультативтік психология, наркологиялық, психотерапевтік және медициналық-психологиялық көмек жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс бейіндері бойынша мамандарды даярлауға қойылатын жаңа біліктілік талаптарын, сондай-ақ үздіксіз оқыту бағдарламаларын әзірлеу және бекіту керек. Денсаулық сақтау саласы және әлеуметтік сала мамандарын есірткіге қарсы қазіргі заманғы технологиялар бейіні бойынша кең ауқымды оқыту керек. Перспективті мамандарды шетелдік мамандандырылған оқу орындары мен клиникаларда оқыту; Қазақстан Республикасының мамандандырылған оқу орындарында әлеуметтік педагогтарды, мектеп психологтарын, валеологтарды, салауатты өмір салты орталығының қызметкерлерін қашықтықтан оқытуға арналған бейнематериалдарды тарату; педагогтар, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер мен тәрбие және білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар үшін есірткіге қарсы тақырып бойынша арнайы білім беру циклдерін әзірлеу және жүргізу керек.

       Стратегияны іске асыру барысында Қазақстан Республикасының халқын қазіргі заманғы әлеуметтік індеттерге (ЖҚТБ/АҚТҚ-мен бірге жүретін нашақорлық, қылмыс, терроризм, діни экстремизм) тартылуға азаматтардың психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тиімді бастапқы алдын алу бағдарламаларымен, жоғары қатерлі топтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен әйелдердің аталған індеттерге тартылуына психологиялық тұрақтылық қасиеттерінің жедел дамуын қамтамасыз ететін бастапқы-алдын алу бағдарламаларымен толыққанды қамту көзделетін болады; Қазақстан Республикасының барлық оқу орындарында әрбір тест тапсырушының химиялық және психологиялық тәуелділікке тартылу қатерінің дәрежесін айқындай отырып, аталған қатерді төмендету жөнінде неғұрлым оңтайлы ұсынымдар беру арқылы автоматтандырылған психологиялық тестілеудің арнайы компьютерлік бағдарламаларын, сондай-ақ алдын алу бағытындағы: "Тиімді отбасының өз бетімен үйрену құралы", "Тиімді ата-ананың өз бетімен үйрену құралы" атты екі ақпараттық оқу құралын әзірлеу және тарату; Қазақстан Республикасының барлық оқу орындарын НМӘП РҒПО-ның ғылыми зертханаларында әзірленген, есірткіге қарсы мектепке арналған бейнеқормен және кітапханамен қамтамасыз ету; Орталықтың қызметкерлері әзірлеген, есірткіге қарсы отбасылық бейнеқорды қажет ететін барлық адамдар үшін еркін қол жетімділікті қамтамасыз ету; НМӘП РҒПО жанынан филиалдары Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде жұмыс істейтін психологиялық-педагогикалық алдын алу, оңалту және әлеуметтік қайта бейімдеу ғылыми-эксперименттік зертханасын ұйымдастыру және жабдықтау керек.

Информация о работе Нашақорлық қоғам дерті