Миопия жайлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:45, реферат

Описание работы

Миопия немесе басқаша атауы алыстан көрмеушілік, сығырлық. Миопия кезінде адамның көз алдындағы бейне көздегі көз торында емес, оның алдында көрінеді. Сондықтан көз торы алдындағы бейне адамға бұлдырап көрінеді. Миопия – көз рефракциясы, (көздің сәулені сындыру күші) клиникада көз көру фокусы, тор қабық алдына орналасады.
Миопиялық ауру – алыстан көрмеушіліктің асқынған түрі, шыны тәрізді дене мен көз түбінің өзгеруімен қайталанбайтындығымен ұштасады.

Содержание

Ауру. Аурудың түрі. Классификациясы.
Этиология. Аурудың пайда болу себептері.
Клиника.
Емдеу.
Миопия ауруы кезіндегі 20 жаттығулар.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Миопия - копия.docx

— 30.54 Кб (Скачать)

Жоспар

 

    1. Ауру. Аурудың түрі. Классификациясы.
    2. Этиология. Аурудың пайда болу себептері.
    3. Клиника.
    4. Емдеу.
    5. Миопия ауруы кезіндегі 20 жаттығулар.
    6. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауру. Аурудың  түрі. Классификациясы.

Миопия немесе басқаша атауы  алыстан көрмеушілік, сығырлық. Миопия кезінде адамның көз алдындағы  бейне көздегі көз торында  емес, оның алдында көрінеді. Сондықтан көз торы алдындағы бейне адамға бұлдырап көрінеді. Миопия – көз рефракциясы, (көздің сәулені сындыру күші) клиникада көз көру фокусы, тор қабық алдына орналасады.

Миопиялық ауру – алыстан көрмеушіліктің асқынған түрі, шыны тәрізді дене мен көз түбінің өзгеруімен қайталанбайтындығымен ұштасады.

Дүние жүзінде әрбір үшінші адам миопиямен ауырады екен. Миопия жас  өспірімдерде кезігетін аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетіні. Миопияның  саны жыл сайын бес пайызға  артып отыратынын және де кейде мүгедектікке әкеп соқтыратын бірден бір себеп  болып жататынын ескерсек бұл  мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады. Ал миопия немесе сығырлық, сығырайма деген не екенін түсіну үшін жалпы рефракция не екенін білу қажет және өте маңызды болып табылады.  
         Рефракция көз сыртқы дүние заттарын қабылдауды олардың тор қабықтағы бейнелеріне анализ жасау арқылы жүзеге асырады. Жарықты өткізетін бөлігін көздің мөлдір ортасы құрылымдары: қасаң қабық, алдыңғы камера сұйықтығы, бұршақ және шыны тәрізді дене құрайды. Жарықты қабылдайтын бөлігі тор қабық болады. Жарықты өткізетін ортаның оптикалық жүйесінің көмегімен сыртқы дүние заттарының бейнелері тор қабыққа көшіріледі және адамның көз алдында бейнеленеді. 
Оптикалық жүйеде жарықтың сынуын рефракция деп атайды, және ол диоптриямен анықталады. Барлық сындыру беттерінен өтетін түзу сызық көздің оптикалық білігі болады да, ал білікке параллель болып түсетін жарық сәулелер бас фокуске жиналады. Көздің артқы бөлігіндегі бас фокустің орналасуының тор қабыққа қатынасын ескере отырып клиникалық рефракцияның үш түрін ажыратады. 
          1. Эмметропия – ол оптикалық жүйенің сындыру күші оның білігінің ұзындығымен сәйкес келіп, параллелді саулелер фокусы тура тор қабыққа түседі. Яғни мұндай жағдайда көздің алысқа көруі жақсы болады да, жақыннан көруі көз аккомодациясы арқылы жүріледі. 
          2. Миопия яғни сығырайма – бұл жағдайда артқы фокус тор қабықтың алдына түседі. Миопиялы адамның көзінің сындыру күші күшті деген сөзді білдіреді, яғни алыстан көрмеушілік пайда болады. 
          3. Гиперметропия – негізгі фокус тор қабықтың артына түседі, яғни сындыру күші әлсіз. Мұндай көзде аккомодацияны толық пайдаланған жағдайда алысқа жақсы көруі мүмкін, ал аккомодация жеткіліксіз жағдайда жинаушы линзамен көздің коррекциясы жасалады. 
Көздің оптикалық жүйесі аккомодация арқылы өзгеруіде мүмкін, яғни көздің әр түрлі қашықтықтағы затты қабылдау және оған бейімделу үшін сындыру күшінің өзгеруі арқылы жүріледі. Аккомодация дегеніміз кірпікті бұлшық еттің көмегімен көз бұршағында жүрілетін өзгеріс.

 

Миопия (грек тілінен аударғанда мио сығыраю, опсис көру деген сөз) миопиясы бар адамдар алыстағы затқа көзін қысып қарайды, және де заттарды көзіне жақын ұстап қарайды. Көбінесе мектеп жасындағы балаларда басқы үш жылдан басталып байқалады. Миопия үш дәрежеде кездеседі: 
          1. Миопия 1 дәреже 3 диоптрияға дейін – әлсіз;

2. Миопия 2 дәрежелі 3-6 диоптрия –  орташа;

3. Миопия 3 дәрежелі 6 диоптриядан жоғары  – жоғары.

 

Этиология. Аурудың пайда  болу себептері.

Бұл кемістік бөлмеде жарықтың жеткіліксіздігінен, затқа көзді тым тақап жұмыс істеуден (оқу, жазу, кейбір қолөнері кәсібімен шұғылдану) т. б. болады. Алыстан көрмеушілік әдетте балалардың мектепте оқып жүрген кезінде басталып, кейіннен өрши түсуі мүмкін. Мұндайда көз тез талады; ұзақ уақыт сабаққа дайындалғаннан кейін көзінің түбі сыздап ауырады; көзі бұлдырайды. Затты айқын көру үшін оны амалсыз көзіне тақауға мәжбүр болады. 

Миопияның пайда болу себептерін (факторларын) 2 топқа бөліп қараймыз:

  1. Жалпы ағзалық фактор:

- ағзаны әлсірететін аурулар  (анемия, дәрумен жетіспеушілік т.б.) 
          - вегетативті дистонияны тудыратын созылмалы уланулар (хроникалық интоксикация) 
         - тұқым қуалаушылық (егер миопия баланың ата анасының бірінде болса, әсіресе екеуінде де болған жағдайда балада болу мүмкіндік 70 пайызға артады екен).

  1. Көру қызметіне әсерін тигізетін факторлар:

-жарықтың жетіспеушілігі (сыныпта, үйде) 
          - оқыған, жазған кездегі дұрыс отырмауынан (орындық столдың баланың бойына сәйкес келмеуінен, көлікте жүріп оқу, жатып оқу) 
         - күн тәртібі дұрыс болмағандықтан (мысалы спортпен шұғылданатын балаларда сирегірек кездеседі, ал миопиялы балаларда көбінде омыртқа жүйесінде өзгерістер болып жатады) 
        - соңғы кездері көзге ауыртпалық түсіретін компьютер, ұялы телефон, теледидарды мөлшерден тыс қолдану әсерінен 
        - дұрыс тамақтанбағандықтан.

Жалпы жас балаларда көздің капсуласы (склера және қасаң қабық) жұмсақ және созылғыш болып келеді. Көзге көру ауыртпалығы арта түскен сайын көз  капсулалары тез және күштірек созыла түседі де көз артқа қарай созылып  жұмыртқа тәріздес болады. Бұл жағдайда көздін көру жітілігі тіптен нашарлайды. Мұндай процесс мектеп жасының балаларында, жас өспірімдерде ағзаның гармональды  фоны өзгеруіне байланысты жиі кездеседі. Белгілі күн тәртібі жоқ, таза ауаға шықпайтын балаларда бұл  тіптен жиіленеді. Үдемелі миопия кезінде  көз алмасы шамадан тыс созылуына байланысты көз алмасының қоректенуі бұзылып, тор қабықта дегенерация болуы мүмкін. Ал тор қабықтың аса жұқарған жерлерінде оның үзілуі, тор қабықтың сырылуы болып жатады. Мұндай жағдайда көру қабілеті аса төмендеп, тіпті соқырлыққа әкеп соқтыруы мүмкін.

 

Клиника.

Миопия ауруы кезінде  науқас адам бірнеше жағдайларды  хабарлайды:

  • Алыстан көрмейтіндігін;
  • Көздің бұлдырауы;
  • Көздің алыстағы тұрған заттан жақын тұрған затқа қарауда немесе керісінше қарауда ауыртпалығы;
  • Заттардың екі еселенуі;
  • Алыстағы заттар түсініксіз көрінуі;
  • Алыстағы заттарды көруі үшін адамның көзді сығырайтуы.

 

Емдеу.

Миопиядан алдын алу:

- баланың жалпы организмін  нығайту, тыныс алу, жүрек қан  тамыр жолдарын белсендету (спортпен  айналысу, дұрыс уақытылы дәруменге бай тағаммен тамақтану).

 
- көздің бұлшық ет жүйелерін  бекіту, көздің қан айналымын  жақсарту, склераны бекіту (проф  Аветисов Э.С жаттығулары, терезеге  белгі қойып т.б. жаттығу жасау).

 
- балалардың оқу, демалу уақытын  реттеу (теледидарды күніне екі  сағаттан артық қарамауға, теледидардың  экранынан 2,5 метр алыста отыру,  компьтерді тәулігіне жарты сағаттан  артық қолданбайға үйрету, таза  ауаға серуендеу т.б).

 
- мектептің оқу бөлмелерінің  жарықтануын реттеп, парталардың  биіктігін балалардың бойына  сай жасау.

 
Одан басқа да жалған миопия немесе спазм аккомодация да жас өспірімдер, мектеп жасындағы балаларда жиі  кездеседі. Оның белгілері де, себептері  де тура миопиядағыдай. Ол жақынға қарау  кезінде көзге ерекше ауыртпалық түсуінен, көзге қатты жарықтың шамадын  тыс әсер етуінен, зақым жарақаттар кезінде цилиарлы бұлшық еттің шамадан  тыс жиырылуынан болады. Бұл жағдайда рефракция тұрақты күшейеді, сондықтан көбісі миопиямен шатастырып жатады. Спазм аккомодациясы бар оқушы тез шаршайды, басы ауырады. Көбінесе бір екі айдын ішінде көздің көруі төмендеуіне шағымданады.

Жалпы балаларды кем дегенде  жылына бір рет көз дәрігерінің  тексеруінен өткізіп, егер қандай да бір ауытқу болса, ерте анықтап, дер  кезінде ұтымды қабылдаған емдеу  нәтижелі болмақ.

 

Емдеу әдістері:

 
1. Көзілдірік таңдау.

 
2. Жанамалы линза таңдау.

 
3. Түрлі жаттығулар жасату.

 
4. Дәрі дәрмекпен емдеу (қан тамырын кеңейтетін дәрілер, кальций препараттар, биогенді стимуляторлар, витаминдер).

 
5. Физио емдеу (мойын маңайына массаж жасау, электрофорез тамырларды кеңейткіш препараттармен, көз бұлшық еттеріне электростимуляция жасау).

 
6. Хирургиялық емдеу (склера бекітуші операциялар, кераторефракционды операциялар, лазер операциялар).

 

Миопия ауруы  кезіндегі 20 жаттығулар.

1-жаттығу

Шынтағыңызды үстелге тіреп, алақандарыңызбен көздеріңізді жабыңыз. Жаттығу ұзақтығы — 5 минут. Осы жаттығуды күніне 2-3 рет қайталаңыз. Алақаныңыздан тараған  жылу мен қараңғылық көздеріңіздің  шаршауын басады.

2-жаттығу

Таңертеңгілікте көзіңізді жауып, бетіңізге алдымен жылы су, соңынан  салқын су бүркіңіз. Жаттығуды 20 рет  қайталаңыз. Кешке қарай осы жаттығуды  тағы істеп көріңіз. Бірақ, бұл жолы бетіңізге алдымен суық су, сонан  соң жылы су бүркесіз. Бұл жаттығу  көздеріңіздің қан айналысын  жақсартады.

3-жаттығу

Фокус жасау. Әр қолыңызға бір-бірден қарындаш ұстаңыз. Біреуін көзіңізден 15 см қашықтықта тік ұстаңыз. Ал, екіншісін  алға созылған қолыңыздың қашықтығында ұстаңыз. Сонан соң көзіңізді бір қарындашқа тоғыстырыңыз да, кірпігіңізді қағып, көзқарасыңызды екінші қарындашқа аударыңыз. Бұл жаттығуды күніне екі рет жасаңыз.

4-жаттығу

Аяқтарыңызды алшақ қойып, бүкіл  денеңізбен бір жағыңыздан екінші жағыңызға  қарай бұрылыңыз. Көздеріңіз алыстау  тұрған бір нәрсеге қадалуы қажет. Ауық-ауық кірпіктеріңізді қағып  қойыңыз. Жаттығуды 50 рет қайталаңыз.

5-жаттығу

Көздеріңнің бұлшық еттерін  қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар. Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.  Бұл кезде бір қалыпты  дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.

6-жаттығу

Кеңсірікке қарап тұрып 3-4 рет деп алыңдар, көздеріңді  талдырмаңдар.

7-жаттығу

Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені  белгілеңдер. Алысқа қадалып қараңдар.

8-жаттығу

Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА  қарап, көз тіккен нүктені  белгілеңдер. Алысқа қадалып қараңдар.

9-жаттығу

Бастарыңды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер. Алысқа қадалып қараңдар.

10-жаттығу 

Көзді қатты жұмып, қайта  босатыңыз, бірақ қабақты ашпаңыз. Одан соң көзді 10 рет жиі-жиі жыпылықтатыңыз. Енді қабақты қатты таңғалғандай жоғары көтеріңіз, одан соң қабақты  түйіңіз. Бұны да 10 рет қайталайсыз.

11-жаттығу

Саусақ ұштары қызғанша алақандарыңызды  қатты ысқылаңыз. Көз ұясы шетіндегі  самайды саусақ ұштарымен айналдыра  ұқалаңыз. Және де оң қол саусақтары сағат тілінің бағыты бойынша, сол  жақ қолдың сауқастары сағат тіліне қарсы бағытта қозғалуы тиіс.

12-жаттығу

Терезе алдына тұрып, алыстағы бір затқа караңыз, одан кейін  көзді мұрын ұшына бағыттаңыз, сосын қайтадан алыстағы затқа қараңыз. Бірнеше рет қайталаңыз.

13-жаттығу 

Көзді жұма отырып көзді  баяу айналдырыңыз. Алдымен бір бағытка  бес рет толық айналдырыңыз, одан соң екінші жаққа қарай айналдырыңыз. 30 секунд бойы орындаңыз.          

14-жаттығу

Қабақты жауып, оларды саусақ ұшымен 30 секунд уқалаңыз.                    

15-жаттығу

Басты оңға, солға бұрыңыз, жоғары көтеріңіз, төмен иіңіз. Бірнеше  рет айналдырыңыз.      

16-жаттығу 

Үлкен саусақпен көздің айналасындағы, нүктелерді (жоғарыдағы, төмендегі, оң және сол жақтағы) табыңыз да оларды 8 рет тынысты ішке тартып, сыртқа шығару кезінде уқалаңыз. Тынысты  сыртқа шығарғанда аздап   басыңқырап,   ішке   тартқанда   босатыңыз.   Бос саусақтардың ұшы маңдайға тиюі тиіс. Басқа нүктелерді де осылайша уқалаңыз. Одан кейін үлкен саусақтармен самайдың алдыңғы бөлігін ұстап, бүгулі сұқ саусақтармен көз айналасын айналдыра уқалаңыз. 

17-жаттығу

Әдемі   суретке   (мысалы,   пейзажға) қараңыз. Көзді  10-20 секундқа жұмыңыз. Оймен сурет ішіне кіріңіз.   Суреттің   жақтауынан   көрінбей   тұрған тұстарын елестетіңіз. Сол жерлерде серуендеңіз. Өзіңізге жағымды   жер   тауып,   сонда   сәл   тоқтаңыз.   Денеңізді босаңсытыңыз. Жақсы демалдыңыз.

18-жаттығу

Көзіңізді жоғары, төмен 10 рет  жүгіртіңіз.

19-жаттығу

Көзіңізді оңға, солға 10 рет  жүгіртіңіз.

20-жаттығу

Көзіңізді айналдырыңыз, көзіңізбен әртүрлі фигуралар салыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы, Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
  2. Аттестация рефракция және оның ауытқуы – миопия,                     М. Хуандыққызы, Талдықорған, 2012
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтауды дамыту институты, Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (педриатриялық сала), Алматы, 2007

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://www.zhardem.kz/news/1340595087.html

http://www.eurolab.ua/eye-health/1608/2334/25805/

http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30164240

Информация о работе Миопия жайлы