Менингококкты инфекция

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 11:28, реферат

Описание работы

Тыныс алу жолдарының инфекциясы – қоздырғыштары ең алдымен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарында локализацияланатын инфекциялық аурулар, ал жұғу көбінеауада шашырап берілу механизмі арқылы болады, оған грипп, ангина, аденовирусты аурулар, менингококк инфекциясыменингококкты и

Содержание

Жоспар:
1. Менингококкты инфекция
2. Этиологиясы
3. Эпидемиологиясы
4. Патогенезі
5. Клиникасы
6. Менингококкты инфекцияның емі.

Работа содержит 1 файл

Менингококкты инфекция.docx

— 23.97 Кб (Скачать)

                 

               Менингококкты инфекция

Жоспар:

1. Менингококкты  инфекция

2. Этиологиясы

3. Эпидемиологиясы

4. Патогенезі

5. Клиникасы

6. Менингококкты  инфекцияның емі.

 
Менингококкты инфекция

Тыныс алу жолдарының инфекциясы – қоздырғыштары ең алдымен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарында локализацияланатын инфекциялық аурулар, ал жұғу көбінеауада шашырап берілу механизмі арқылы болады, оған грипп, ангина, аденовирусты аурулар, менингококк инфекциясы т. б. аурулар енеді.[1] Қара күз бен қыстың алғашқы айында түрлі тыныс жолы аурулары көбейетіні белгілі. Бұл кезде мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабаты мен мидың жұмсақ қабатын зақымдайтын жедел жұқпалы менингит те ұшырасып қалып жатады. Менингит негізінен осы кездері басталып, наурыз, сәуір айларына дейін жалғасуы мүмкін. Сондықтан жұртшылықтың ол туралы біле жүргені де абзал.

Менингит ауруы ауа-тамшы  жолымен, науқас адаммен сөйлескенде, ол түшкіргенде, сүйіскенде сілекей арқылы жұғады. Менингококты инфекцияның клиникалық көрінісі симптомсыз бактерия тасымалдаушылықтан назофарингит, менингит, менингококцемия, менингоэнцефалиттен іріңді менингококты сепсиске дейін байқалуы мүмкін. Аурудың менингококты инфекциясымен көбіне мектепке дейінгі  жастағы балалар ауырса, сонымен қатар ол жасөспірімдер мен ересектер арасында да кездеседі.

Ауру жедел басталып, жалпы  әлсіздік, бас айналу, бас ауруы пайда болады, температураның көтерілуі, лоқсу, құсу байқалады. Науқастың көңіл-күйі бұзылып, қозғалысы бәсеңдейді, ол қатты дыбысқа, шуылға төзімсіз келеді, басын орап жатады. Ал менингиттің ауыр түрімен науқастанған сырқат аяғын созып, басын артқа шалқайтып, бір жанымен жатады. Мойынның, арқаның, іштің еттері тырысып, науқастың басын кеудеге еңкейтуі қиынға түседі. Тыныс алуы нашарлап, тері қабаттары бозарып, іштің төменгі жақтарында бөртпе (менингококты сепсис) пайда болады, еріннің айналасы көгеріп кетеді. Мұндайда балалар тамақтан бас тартады, бірақ суды жиі-жиі ішеді. Менингит ауруын анықтаған жағдайда науқасты оңашалап, дер кезінде ауруханаға жатқызу керек.

Ауру анықталған үйде немесе ортада бөлмені жиі желдетіп, ылғалды жуу жұмыстарын жиілетіп, дәкеден жасалған «масканы» қолданған абзал. Науқаспен қарым-қатынаста болғандарға он күн медициналық қадағалау жүргізіліп, дәрігердің қарауында болады. Науқас жазылып шыққаннан кейін дәрігер-невропатологтың диспансерлік бақылауына алынады.

 

Науқас ауруынан айығып шыққан соң екі-үш ай бойы тез шаршағыш, әлсіз, жұмысқа қабілетсіз болады. Әсіресе балалар балабақшада шулы ойындарға қатыса алмайды, оқушы балалардың сабаққа ынтасы жоғалады.

Бүгінде аталған аурудың  алдын-алу үшін балалар арасында менингококк инфекциясын тасымалдаушыларды анықтау мақсатында зертханалық тексерулер жүргізіліп, қадағалануда.

Жалпы, жоғарғы тыныс жолдарының қандай да болмасын қабынуы кезінде уақыт жоғалтпай дәрігерге көрінген абзал. Осы арқылы менингиттің де алдын-алуға болады. Менингококкты инфекция әлі күнге дейін ерекше проблема болып саналады.Соңғы 20 жыл ішінде эпидемиологиялық мәселе шешілмеді. Соңғы жылдары осы аурудан балалардын өлімі де көбейді ІДКИБ бойынша 1998 жылы өлім 10,7 болса, ал 1994жылы 12,4болды. Бұл аурудың күрделі мәселе екендігі осы аурудың жиі кездесетіндігі, осы ауру салдарынан балалардың жиі өлетіндігінде ғана емес, бұл ауру өте ауыр түрде өтеді, уақытында диагноз қойылы.п, ауруханаға дер кезінде жатқызылмайды.Сондықтан ауырғандардың арасынан бір жасқа дейінгі балалардың саныда өсті. Аралас түрлері өсті,(49,4)-тен 53,6%-ға дейін ,ИТШ жиі кездесетін болды. Диагноз ерте қойылмайды.

 

 

   Этиологиясы.

Neisseria meningitis немесе  оның Вейксельбаум диплококкы  деп атайды(1887ж) Гр/-/ таяқша,37Ә өседі , аэроб,сыртқы ортада өте тұрақсыз. Аурудан кейін болатын иммунитет ұзақ емес – типіне байланысты.

Эпидемиологиясы.

6. Инфекция көзі-ауру  адам және тасымалдаушы.Тек адамда кездесетін ауру.Егер де тасымалдаушылар көбейетін болса, онда эпидемия болу қаупі бар.Тасымалдаушылық бірнеше күннен айға дейін болуы мүмкін, орташа -2 апта.Ауру ақпан – мамыр айлары ішінде жиірек кездеседі. Балалар бұл ауруға өте сезімтал. 
7. Контагиозды индекс-0.5-10% жиі 14 жасқа дейінгі балалар көп ауырады.(70-80%, оның 50% 5 жасқа дейінгі балалар).

Эпидемиологиясы. 
8. ДКИБ бойынша(Алматы қаласы) 
9. 1 жасқа дейін -31,2% 
10. 1-3 жас аралығыда -31,7% 
11. 4-7 жас аралығында -21,7% 
12. 7 жастан жоғары -15,4% 
13. Ауыратын жасқа өсіп келе жатқан балалар нормотрофиктар, бірақ соңғы жыл дар осы пікір өзгеріп тұр, фондық потологиясы бар балаларда ауырып жатыр. Патогенезі: 
14. Менингококктар ауамен мұрын – жұтқыншақтың шырышты қабатына енеді, сол жерде бала назофарингитпен ауырады,егерде баланың қорғаныс қабілеті жақсы болса, ауру әрі қарай таралмай осыменен аяқталады, ал егер баланың иммунитеті әлсіз болса, онда қоздырғыштар мұрын – жұтқыншақтың лимфо тамырлары арқылы қанға өтеді, қанда менингококкцемия – бактериемия – септицемия, менингокктар өледі, өлген кезде олар токсиндер бөледі. Менингококк көптеген орындарды бұзады. Гематоэцефалдық барьерден өтіп ми қабаттарын зақымдайды.Кейде қоздырғыш қанға өтпестен тор сүйек арқылы периваскулярлы,периневралды лимфа жолдар арқылы жұмсақ ми қабаттарына тікелей өтеді.

Клиникасы: 
15. инкубациялық кезең 3-10 күн. 
16. Жіктелуі: В.П.Покровский ұсынған(1995 ж). 
17. 1.Жергілікті түрлері: 
18. -менингококк тасымалдаушы 
19. -жедел назофарингит 
20. 2 .Жайылған түрлері: 
21. – Менингококцемия 
22. -а/ типті 
23. -б/ өте тез дамитын түрі 
24. -в/ созылмалы

Клиникасы: 
25. -Менингит 
26. -Менингоэнцефалит 
27. -Аралас түрі 
28. -( мененгит + менингококкцемия ) 
29. -Менингококкты эндокардит 
30. -Менингококты артрит ( синовит), полиартрит 
31. -Менигококкты пневмония 
32. -Мениногококкты иродоциклин 
Клиникасы: 
33. Клиникалық көріністері: Жедел назофарингит ең жиі кездесетін түрі. Диагноз эпидемиологиялық, клиникалық, бактериологиялық мәліметтерге қарап қойылады. 3-8 күннен кейін ауру не жазылады немесе аурудың жайылған түріне өтеді.Диагноз қою қиын. Жайылған түрінде продромальды кезеңі-2-3 күн.

Жайылған түрі: 
34. ИТШ I дәрежелі – дене қызуы – 39-40 C, қалтырау, гиперестезия, еріндері көгереді, тері қабаттары бозарады, тахикардия, аздап АҚҚ жоғарлайды, аздап ентігу, диурез қалыпты немесе аздап азайған. Бөртпе өзінің кездесетін жерлерінде ғана орналасқан кеудесінде, бетінде. 
35. ИТШ II -ші дәрежелі-дене қызуы төмендейді субфебрильді немесе қалыпты. Бала әлсіз, есенгіреген, есінен танған, акроцианоз, аяқ қолдары салқын, тахикардия, АҚҚ 20-30мм түскен төмен, жүрек үндері бәсеңдеген, тынысы беткейлі, олигоурия, бөртпе шырышты қабаттарда да кездеседі. 
36. ИТШ III дәрежелі- гипотермия, тотальды цианоз, өліктің дақтары шығады, тахикардия өте айқын, аритмия, АҚҚ -40/0-20/, пульс жоқ, анурия, тыныс- патологиялық, есінен танған-комада. ДВС қан кетулер болады.

Лабораториялық  диагностика-

37.бактериологиялық, 
38. серологиялық – қос сары су әдісін қолданады(РПГА, РСК, ИФА ). 
39. Әйнекте қанның жуан тамшысы: диплококктар табылады.

 Салыстырмалыдиагноз- 
40.қызылшамен, 
41.қызамық, 
42.скарлатина, 
43.Верльгофауруы, 
44. басқада этиологиялы менингиттермен.

Менингококкты инфекцияның емі. 
45. Менингококкты инфекцияның жайылмалы түрінің диагнозы қойылған жағдайда ауруханаға дейінгі көмек көрсететін дәрігердің дұрыс тактикасы өте маңызды. Менингококкты инфекция –емге берілгіш инфекция. Өз уақытында және дұрыс көрсетілген көмек, науқасты қалдықты белгілерсіз емдеуге мүмкіндік береді. 
46. Менингококкты инфекцияның жайылмалы түрлері тек қана ауруханада емделетіндігін есте сақтау қажет. 
47. Менингококкцемия кезінде науқасты реанимация бөлімшесіне жатқызу қажет, ол жерде аурудың үдеуін алдын алатын үздіксіз бақылау жүргізіледі. 
Менингококкты инфекцияның емі. 
48. Ауруханаға дейінгі этапта дәрігерден менингококкты инфекцияның менингококкцемиясында дәрігердің міндеті: 
49. 1. Левомицетин натрий сукцинатын 25 мг/кг енгізу. 
50. 2. Преднизолон 2-3 мг/кг бұлшық етке немесе көктамырға(ИТШ болмаса). 
51. 3. Дене қызуын төмендететін дәрілер – анальгин 50%-0,1 мл/өмір жылында; димедрол 1% немесе пипольфен 2,5%. 
52. 4. Қозу немесе құрысу кезінде – седуксен 0,5% немесе құрысуға қарсы басқа дәрі. 
Менингококкты инфекцияның емі. 
53. Менингит болған кезде 
54. 1.Пенициллин(бензилпенициллинің калий тұзы) 50-60 мың/кг бұлшық етке (бір реттік мөлшер). 

55. 2.Айқын менингеалды  синдром кезінде натрий сульфаты 25% 1,0 мл/өмір жылына. 
56. 3.Дене қызуын төмендететін дәрілер – анальгин 50% -0,1мл/өмір жылына, димедрол 1% немесе пипольфен 2,5% . 
57. 4.Қозу және құрысу кезінде – седуксен 0,5% (жас бойынша) немесе құрысуға қарсы басқа дәрі. 
58. Сонымен қатар көктамырға реополиглюкин15-20мл/кг енгізіледі және ылғалданған оттегі беріледі.


Информация о работе Менингококкты инфекция