Медицина қызметкерінің психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 18:58, доклад

Описание работы

Дәрістің оқу мақсаты; студенттерді медицина қызметкерінің еңбек әрекетінің психологиялық аспектілерімен таныстыру.



Дәрістің жоспары;
Иллюзиялар және деиллюзиялар.
Медицина қызметкерінің жеке тұлғасы.
Дәрігерлер мен науқастар арасында оң қарым-қатынастар орнату.
Эмпатия, “психикалық вентиляция”.
Сенім.
Дәрігерлік қателіктер.
Дәрігерлік құпия.
Қажу.

Работа содержит 1 файл

лекц.А.К. псих. мед. работника.doc

— 49.50 Кб (Скачать)

                       Қарағанды   Мемлекеттік  Медицина Академиясы

   

                Психология, психиатрия және наркология  доценттік курсы 
 
 
 
 
 

Дәріс тақырыбы; Медицина қызметкерінің психологиясы.

                               
 
 
 

Лектор ассистент  Сыздықова Айгүл Қалкеновна

 
 

Пән Психология, педагогика 
 

Мамандық Емдеу ісі - 051101 
 

Курс ІІ

Уақыт (ұзақтығы) 2 сағат

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                            Қарағанды 2006

Кафедраның  әдістемелік жиналысында бекітілген

“    “-------------2006ж. Хаттама № 

Психология, психиатрия және наркология

доценттік курсының меңгерушісі

м.ғ.к., доцент                                             М.Ю.Любченко 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Дәрістің  оқу мақсаты; студенттерді медицина қызметкерінің еңбек әрекетінің психологиялық аспектілерімен таныстыру. 
 
 

Дәрістің  жоспары;

  1. Иллюзиялар және деиллюзиялар.
  2. Медицина қызметкерінің жеке тұлғасы.
  3. Дәрігерлер мен науқастар арасында оң қарым-қатынастар орнату.
  4. Эмпатия, “психикалық вентиляция”.
  5. Сенім.
  6. Дәрігерлік қателіктер.
  7. Дәрігерлік құпия.
  8. Қажу.
 
 

Әдебиеттер;

  1. Артамонов И. Д. Иллюзии зрения. М., 1961
  2. Демидов В. Как мы видим то, что видим. Изд. "Знание", М.,1987
  3. Рок И. Введение в зрительное восприятие. Книга первая. М.,
  4. "Педагогика",1980
  5. Р.С. Немов, «Психология», 1том, Москва, 1995ж.
 
  1. Орлов Ю.М. «Восхождение к индивидуальности», Москва,1991ж.
 
 
  1. Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические  проблемы психологии. М.: Наука, 1984
 
  1. Лурия А. Р. Мозг и психика // Хрестоматия по психологии. – М.: Наука, 1985
 
 
  1. Рубинштейн С.Л. Бытие и сознание. М.: Изд-во АН СССР, 1957
 
  1. Чуприкова Н. И. Психика и сознание как функция  мозга. М.: Наука, 1985.
 
 
 
 
 
 
 

      Мамандығы бойынша жаңа ғана қадам басқан медициналық  қызметкер әдетте, эмоционалдық жағынан  науқастың психологиясына жақын тұрады. Ол науқастың ауруханалық ортаны қабылдауын, ауырсынуды, үрейді, сенімсіздікті жеңуін басынан өткізе алады. Осы жағдай, көбінесе, жас адамдарды мединалық мамандықты таңдауына себепші болады. Алайда бұл себеп біртекті емес, келесі себептерді ажыратуға болады:

      А) аз бөлігі медицинаға қоғамдық мағынасы жағынан басқа азаматтардан жоғары жағдайда тұру мақсатымен келеді.

      Б) көп бөлігі жақсы биологиялық  және жаратылыстану білімдерімен, яғни, өз қызығушылығының арқасында келеді.

      В) кейбіреулер бұл сала белгілі дарындылықты қажет етпейді деп те келеді.

      Г) медицинаны таңдағандардың көбісі бұрын  ауырғандықтан немесе жақын-туыстары ауырғандықтан, науқастарға көмектесу  және ауруды зерттеу үшін таңдайды.

      Д) кейбіреулері туыстарының қысымымен, басқалардың үлгісімен немесе кездейсоқ келуі мүмкін.

      Түңілу  кризисі (иллюзорлы-деиллюзорлы қатынастар) медицинаға аяныш сезімі оянып келгендерге  болады, мұндай адамдардың саны көп, сондықтан  да медициналық ортамен ұшырасқанда, олар белгілі-бір түңілу сезімін  басынан кешіреді. Оқу процесі кезіндегі романтизм шындықпен кездескенде өзгеруі және радикалды түрде трансформациялануы тиіс. Өмірлік реакциялармен трансформациялар нәтижесінде бұрынғы романтизмнен ештеңе қалмауы да мүмкін. Әрине, жас маманның психологиясындағы қайта құрылулар ауырсынусыз болмауы мүмкін емес.

      Дәрігердің  науқаспен қарым-қатынасы тек эмоциялармен ғана анықталмайды. Жақсы істерді  жүзеге асыру үшін, дәрігердің жеке қатынасы, эмоциялары мен тілектері  ғана емес, жұмыс кезінде барлық коллективтің біріккен қызметі кажет.егер де медициналық қызметкер түңілу позициясында қалса, ол басқалар сияқты қателіктер жіберіп, сол шеңберге түсіп, науқастарға және басқа қызметкерлерге ризасыздық көрсетіп, олардың антипатиясын шақырып, жұмысының қортындыларын жоққа шығарады.  

                 Медицина қызмеикерінің  жеке тұлғасы.

      Медицина  қызметкерлері мен науқастар  арасындағы сенім мен оңды психологиялық  қарым-қатынастардың пайда болуына  мына жағдайлар роль атқарады:

      А) квалификация

      Б) тәжірибе

      В) дәрігер мен медбикенің өнері.

      Қазіргі медицинадағы тереңдетілген және кеңейтілген мәліметтердің қорытындысына специализацияның ерекше маңызы локализациясына байланысты белгілі-бір ауру топтарына бағытталған медицина салалары жатады. Алайда мамандандыру оңды жерлеріне қарамастан, кей жағдайда дәрігердің науқасқа деген тарылғақ мозаикалық көз-қарас қаупін тудырады.

      Медициналық психология науқас тұлғасының және оның организмінің қоршаған ортамен байланысты синтетикалық түсінігінің арқасында  мамандандырудың теріс жақтарын жоюға көмектеседі. Квалификация тек аспап болып табылады, қолданудың жоғары немесе төмен әсері (эффект) дәрігер тұлғасының басқа жақтарына тәуелді. Бұл Гладко айтқан науқастың дәрігерге деген сенімділігі туралы анықтамасынан көрінеді.

      “Дәрігерге  деген сенім -  бұл науқастың  дәрігерге деген динамикалық оңды қарым-қатынасы, бұл науқасқа көмектесу үшін дәрігерге тілек, қабілеттілік барлығына сенімнің болуымен көрінеді. Сенімнің пайда болуына науқас дәрігермен кездескендегі, оның алғашқы әсері, оның актуалды мимикасыз, жестикуляция, дауысы, сыртқы келбеті өте маңызды.

      Егер  науқас келбетсіз, ұйқысыраған, шаршаған, басқа заттармен айналысқан дәрігерді  көрсе, ол сенімін жоғалтып, өзіне  қарай алмайтын адам басқаларға да көмектесе алмайды деп шешеді. Тәртібіндегі және сырт келбетіндегі теріс өзгерістерді науқастар тек жақсы білетін, сенетін медицина қызметкерлеріне кешіре алады. Мединалық қызметкер науқасқа мына жағдайларда сенім шақырады: егер ол сабырлы, өзіне сенімді, менменшіл болмаса, тәртіп манерасы – жылдам, шешімді, адамшылықпен, динамикалықпен бірге жүрсе. Дәрігер белгілі шешім қабылдағанда, науқас өмірі мен денсаулығына оның шешімінің әсері мен қортындысын бағалап, жауапкершілік сезімін күшейтуі қажет.  Дәрігерге деген ерекше талаптар оның шыдамдылығын қажет етеді.

      Дәрігер ауру дамуының әр-түрлі мүмкіндіктерін алдын-ала қарастыруы қажет, егер аурудың жағдайы жақсармаса, оның жеке басына деген әшкерлеу, айыптау деп қарамауы тиіс.

      Дәрігер жұмысында белгілі дәрежеде қамқорлық  пен қажетті, шешімділікті, салқын қандылықты, сын көз-қарас пен оптимизмді, жуастықты біріктіру оңай емес.

        Дәрігердің сабырлы тұлғасы науқас  үшін гармониялық сыртқы стимулдардың  кешені боп табылады, олардың  әсері науқастың жазылуына оңды  әсер тигізеді. Медицина қызметкері, біріншіден, өзінің тәртібіне деген  тікелей реакцияны бағалап (әңгімелескенде, мимикада, науқас қимылдарында), екіншіден, басқа қызметкерлердің оның тәртібіне деген көзқарасын бағалап, өз тұлғасын құруы қажет. Өзі де басқа қызметкерлердің тәртібін құрастыруға көмектесе алады. Гармонизация өзіне деген сын-көздің болуын, интелегенттілікті, ырғақтылықты, белгілі-бір күш салуды қажет етеді. Жас медицина қызметкері өзінің тәжірибелі әріптестеріне қарағанда тәжірибесі және квалификациясы аз болғандықтан науқастар оны білгендіктен сенімдері азаяды, бірақта тәжірибенің жетіспеушілігін көмекке дер кезінде келу, еңбектегі зейіні толтыра алады. Науқас пен дәрігер арасындағы оңды көз-қарастарды дәрігердің мінезінің жағымсыз жақтары қиындатса да (холерик немесе меланхолик), бұл қарым-қатынастардың басты негізіне дәрігердің жеке тұлғасының қасиеттері жатады. Жалпы айтқанда, егер науқаста дәрігер туралы нашар көзқарастар қалыптасса, науқас сенімін, ал дәрігер өз беделін жоғалтады. Мұндай көзқарас науқаста келесі жағдайларда қалыптасуы мүмкін. Егер медицина қызметкері өз әріптестері туралы жағымсыз әңгімелер айтса, қарамағындағыларға өктемдік көрсетсе, өсекшіл, қатыгез т.б. теріс тұлғалық қасиеттері болса.

                        Дәрігер мен науқас  арасындағы оңды 

                                      қарым-қатынастар.

      Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынасты құрудағы алғышарттар олар коммуникацияға түспей-ақ қалыптаса бастайды. Дәрігерге келетін науқас кей жағдайда дәрігер туралы көп мәліметтер білуі мүмкін. Сонымен қатар, науқас келген медициналық мекеменің беделі де маңызды орын алады.

      Дәрігер жағынан тәуелсіз себептерге байланысты науқастың ризасыздығы, ашулығы, аффектінің таралу механизміне әкеледі, ол аффектінің пайда болу себептерінен медициналық  қызметкермен кездескенде адекватты  емес түрде пайда болады.

      Дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы жөніндегі теориялық негіздерді З.Фрейд өзінің “Трансфера” деген концепциясында шығарған. Бұл концепция бойынша дәрігер науқасқа есіне түсіреді. Науқастың контактысына байланысты, дәрігерге деген актуалды көз-қарасы теріс (дұшпандық) немесе оң (махаббат, сенім сезімі) болуы мүмкін. Қарама-қарсы бағытта “Антитрансфер” әсер етеді. Қазіргі кезде З.Фрейдтің бұл тұжырымы өте тар және жасанды құрылған, бірақ-та бұл ауыстырудың екі жақты мүмкіндігіне бағытталған рационалды болып табылады. Ата-анасынан басқа “ауыстыруда” науқастың есінде басқа адамдар да қатысуы мүмкін (туыстары, мұғалімдері, достары т.б.).

      “Эстетикалық  стереотипті ауыстырудың” мүмкіндігі жайында да айта кеткен жөн. Жағымды  адамдар симпатия және сенім, ал жағымсыз адамдар – жиі антипатия және сенімсіздік шақырады. Бұл элемент дәстүрлі бекітілген және ертегілерде кездеседі, мысалы, жағымсыз сиқыршы және келбетті ханзада түрінде. Әсемдік туралы түсініктер жақсы қасиеттермен, ұсқынсыздық – жамандықпен байланыстырылады. Бұл тұжырым негізсіз болғанына қарамастан, ол есте күшті әсер қалдырады.

      Әдемі әрі келбетті науқас дәрігер бейнесінде симпатияға әбден ие болады. Шын  мәнінде де аздаған талап қажет  етеді, науқаспен салыстырғанда  сырт бейнесімен антипатияға ие болғанменкейінгі орында тұрады. Және де керісінше эстетикалық көп сенімге ие болады. Науқаспен қарым-қатынаста дәрігер туралы қалыптасқан бірінші әсер үлкен мәнге ие болады. Осы мәнде жалпы медициналық мекеменің жалпы атмосферасы және барлық қызметкерлердің көңіл-күйі үлкен әсер етеді.

      Дәрігермен  бірінші қатынаста науқас өзін шын  мәнінде дәрігердің көмек көрсетуге  даяр екенін және ол көмекті кәзір  көрсететін көзі шешуі қажет. Дәрігер  жалпы белгісімен әрекет зардаптарын  машиналды орындауы шарт. Бірінші  кезеңде дәрігер науқас алдынды оның аты-жөнін сұрап оған қауіпсіздік сезімін тудырып және өзіндік менмендік сезімін арттырады. Алғашқы әсердің тууы кейінгі науқасқа дәрігер қарым-қатынасында үлкен мәнге ие.

      Эмпатия – бұл қажетті және эффективті терапевтикалық қарым-қатынастың орнығуының маңызын анықтайтын бірлестік. Эмпатия – бұл науқаспен сәйкестену қабілеті, сезімнің берілу бейнесінен өтіп кету, оның негізгі қажеттігін ашу.

      Эмпатияны симпатиядан ажырату қажет, кейінгісі  оң эмоциялы қарым-қатынасқа ие. Эмпатия  бұл эмоционалды бейтарап процесс, оны социалды қолданып науқасқа жақсы, пайдалы көмек көрсетуге болады.

      Жақсы қарым-қатынастың түзілуіне науқасқа “Психикалық вентиляцияны” таныстыру  болып отыр, яғни науқастың өз қобалжуын, мәселелерін ашып берді. Дәрігер  бұл уақытта науқастың айтқан сөздерін ойша қарастыруы қажет.

      Науқастың толық айтылмаған ойлары, сезімі көңіл-күйі оның тұлға ретінде шектеу сезімінің  тууына негіз болып қалды. Науқас тез “Психологиялық вентиляцияға”  жетуге негізделуі айтпай ол өз сөздерін, әңгімесімен дәрігердіде мүмкін. Психикалық вентиляцияға тәуелді болып табылу типтер болып табылады, олар батылсыздық әсерінен, ұяттан, өз мәселесін шағын ауру симптомдарын айта алмайды. Осының нәтижесінде дәрігер науқасты мәліметтермен және мағлұматтармен зерттеп және емдейді. Практикада дәрігердің аздаған әсіресе емханада “Психикалық вентиляция” толығымен жүргізу толық емес.    

Информация о работе Медицина қызметкерінің психологиясы