Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 10:00, реферат
Ең тұңғыш 1701 жылы Москвада Сухарев мұнарасында ашылған навигациялық және математикалық ғылымдар мектебі болды. Математикалық білім алуға ұмтылған барлық орыс адамдары үшін негізгі болып, жарты ғачыр бойы өзінің ролін зор аброймен атқарады.
Математикалық білімдердің : арифметиканың , алгебраның және тригонометрияның негіздерін қамтиды.
Ең тұңғыш 1701 жылы Москвада
Сухарев мұнарасында ашылған
навигациялық және
Леонтий Филиппович Магницкий 1669 жылы 9 июньде туып, 1739 жылы өлген.
Баласы орнатқан ,Магницкийдің зиратындағы мазар таста былай деп жазылған: «Онымен I Петр математикалық ғылымдар жөнінде талай рет әңгімелесіп, білімнің тереңдігіне қайран қалған, оны магнит деп атап, документтерде Магницкий деп жазылуға әмір еткен». Магницкийдің ертеде жазылған өмірбаянынан «оның бұған дейінгі фамилиясының кім болғандығы тіпті жақын жүрген адамдарға да белгісіз » дегенді оқимыз.
Магницкийдің математиканы қашан және қайда оқығанын біз білмейміз. Мазар тастағы ұзақ жазуда былай делінген : «Ол ғылымдарды кереметпен және бейнетпен үйренді».
Магницкий өз бетімен оқып білім алуы мүмкін ,өзбетімен оқып білім алған талай адамдарға оның кітабының аса пайдалы құрал болып шыққаны да сондықтан болар . Қалай болған күнде де ол өз кітабының алғас сөзінде , өз бетімен оқитындарды ескеріп,былай деп жазған:
«Болсын деп жұртқа дерек жаздым әліп,
Оқуға өзбетімен әркім алып ».
Магницкий латын, грек, неміс және итальян тілдерін білген, ол өз кітабына керек материалдарды
«Латын, грек әріден,
Итальян, неміс-бәрінен,
Сан алуан кітаптан»
алып құрастырғанын айта кетеді.
Орыстың ұлы ғалымы М.В.
Ломоносов Магницкийдің «
Бұл кітап XVIII ғасырдың алғашқы
жартысыңдағы білім алуға
Магницкий орыс жұртшылығының математикалық кітаптарға мұқтаждығын да, ғасырлар бойы өз жолымен дамып келген орыс халқының дәстүрлерін еске алмайтын шетел кітаптарын тікелей аударып орыс оқушысына ұсынуға болмайтындығын да түсінді.
Сондықтан ол орыс оқушысының
талаптарына сай келтіріліп
«Ақылды тердім, Жұртым теріс демес,
Таза орысша, немістің былшылы емес»
деп аңғарта кетеді.
Осындай еңбектің нәтижесінде орыс халқының өзіне тән математиканың тұңғыш оқулығы жасалып шықты.
Орыс халқының математикалық әдебиетінде орыстардың математикалық білім алу тарихында мұндай роль атқарған басқа кітап жоқ.
Магницкийдің кітабы әуелде белгілі бір мектепке арналған оқулық ретінде жазылғанымен, көптеген адамдардың пайдалануына жарады,бұл жағдайды автор өзі де осылай болады деп ойлап, алғыс сөзінде былай деген еді.
«Тілейміз ,бұл еңбектің болып парқы
Көрсе екен игілігін орыс