Кан топтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:29, реферат

Описание работы

Қан Топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбал. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Қан.
2.2. Қан топтары.
2.3. Қан топтарын анықтау.
III.Пайдаланған әдебиет

Работа содержит 1 файл

кан топтары.doc

— 177.50 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1. Қан.

 2.2. Қан топтары.

2.3. Қан топтарын анықтау.

III.Пайдаланған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қан Топтары

Қан Топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбал. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.

 

Қан тобын  анықтау. 

Қан тобын анықтау. Қан, қан  компоненттерін, препараттарын құю  трансфузиология деп аталады. Қазіргі  таңда қан құю ағзаларда алып салу шарасына теңіліп, қан құюға  қөрсетпелер ретінде қатаң қойылады. Қан тобы эритроциттерде және плазмада топтық антиген мен антиденелердің барлығына байланысты, яғни агглютиногендер А және В, агглютининдер α және β. І (0) топ қаны бар кісілердің эритроциттерінде А және В агглютиногендер жоқ, плазмасында β агглютининдер бар. (ІІ) А тобында эритроциттерде А агглютиноген, плазмасында β агглютинин бар. (ІІІ) В тобында эритроциттерде В агглютиноген, плазмасында α аглютинин бар. (IV) АВ тобында эритроциттарда А және В агглютиногендер бар, плазмасында α және β агглютининдер жоқ. Антигендер біратты агглютинендермен агглютинация реакциясына кіріседі. Бұл кезде эритроциттер жабысып гемолиз жағдайы дамиды. Сондықтан организмде бір атты, яғни А мен α және В мен β кездеспейді. Қан тобын анықтауға керекті құрал-жабдықтар.

1. Стандартты изогемагглютинациялаушы сарысулар: О (І) (мөлдір түсті), А (ІІ) (көк түсті), В (ІІІ) (қызыл түсті) екі сериялы. 2. Стандартты сарысу АВ (IV) (сары түсті) қосымша бақылау үшін қолданылады. 3. О (І), А (ІІ), В (ІІІ) қан топтарының стандартты эритроциттері. 4. Ақ фарфорды қан тобын анықтауға арналған 7 ойықшасы бар Петри тарелкасы. 5. Пипеткалар 7 дана. 6. Шыны таяқшалар және предметті шынылар. 7. Натрий хлоридының изотониялық ерітіндісі. 8. Зарасыздандырылған скарификаторлар. 9. Құмсағат. 10. Спирт. 11. Зарасыздандырылған мақта шариктар. 12. Йод тұнбасы. 13. 3 % хлорамин ерітіндісі. Ыдыс № 1 және 2. Қан тобын анықтау ережесі. 1. Қолдарды жуып, қолғаптар киіңіз. 2. Қан тобын анықтайтын тарелкаға науқастың аты жөнін жазыңыз. 3. Науқастың 4-саусағын спиртпен өңдеп, зарасыздандырылған скарификатор мен тесіңіз. Бірінші тамшысын сүртіп тастаңыз. 4. Резиналы грушасы бар шиша капиллярмен саусақтан қан алып 1 кіші тамшыдан тарелкаға 1 санының астына 1 тамшы, 2 санының астына 1 тамшы және 3 санның астына 1 тамшы тамызыңыз. Барлығы болып үш тамшы болады. 5. Әр топқа арналған бөлек пипеткамен 1 қан тамшысының жанына І топ сарысуын, 2 тамшының жанына ІІ топ сарысуын, 3 тамшының жанына ІІІ топ сарысуын 1:10 есебінде тамызыңыз, яғни, сарысу мөлшері қан мөлшеріне қарағанда 10 есе көп болуы керек. 6. Әрбір топқа бөлек шиша таяқша алып араластырыңыз. 7. Сағатқа қарап 5 минут күтіңіз. Сол кезде тарелканы қолыңызға алып шамалы қайқап тұрыңыз. 8. Сонан соң әр қайсы топқа 1 тамшыдан натрий хлоридының изотониялық ерітіндісін тамызыңыз. 9. Егер агглютинация реакциясы (агглютинация реакциясы бұл эритроциттердің жабысып тарелкада тұнба, жапырақша, құм тәрізді болып байқалуы) еш қайсысы тамшыда жүрмесе бұл қанда А және В агглютиногендер жоқ және О топ болып табылады. 10. Егер агглютинация реакциясы 1 және 3 тамшыда байқалып, 2 тамшыда болмаса, бұл қанда А агглютиногены бар және А (ІІ) топ болып табылады. 11. Егер агглютинация реакциясы 1 және 2 тамшыда жүріп, 3 тамшыда байқалмаса, бұл қанда В агглютиногены бар және В (ІІІ) топ болып табылады. 12. Егер агглютинация барлық үш топтағы сарысулармен жүрсе, бұл қанда А және В агглютиногендер бар. АВ (IV) топ болып табылады. Бірақ бұл кезде АВО (IV) топ сарысуымен реакция жүргізу керек. Бұл кезде агглютинация реакциясы АВО (IV) топ сарысуымен жүрмейді. Қан тобын анықтағанда болатын қателер. 1. Аглютинация реакциясы жоқ болған кезде оны бар деп санау. Бұл жағдай сарысумен қан тамшысының кеуіп кетуінде, бөлмеде салқын болса (температура 12 С төмен болса) байқалады. 2. Аглютинация реакциясы бар болған кезде оны жоқ деп санау. Бұл жағдай үлкен қан тамшысы алынса, сарысулардың титрі мен белсенділігі төмен болса (нормада 1:32 немесе 1:65 болуы керек), бөлмеде ыстық болса (температура 28 С жоғары болса) байқалады. Қателіктердің алдын алу. 1. Жаңадан дайындалған сарысуларды қолдану, жарамдылық мерзімін тексеру.

 

2. Қан мен сарысулардың  бір біріне болған 1:10 есебінде  қатынасуын қадағалау. 3. Сарысуларды  дұрыс сақтау (тоңазытқыштарда), бөлмеде  температураның 15-25 С болуын қадағалау. 4. Агглютинация реакциясын 5 минут бойы күту. 5. Медициналық құрал жабдықтарды, мақталы шариктарды № 408 бұйрыққа сәйкес залалсыздандыру. 9. Резус-факторды анықтау. Керекті құрал жабдықтар. 1. Универсалды антирезус реагент. 2. Пробиркалар. 3. Пастер пипеткасы. Натрий хлоридының изотониялық ерітіндісі (физ р-р). Анықтау техникасы. 1. Пробирканың түбіне пипеткамен 2 тамшы стандартты антирезус реагент және 1 тамшы тексерілетін қанды тамызыңыз. 2. Екеуін араластырыңыз, пробирканы сілкуге болмайды. Пробирканы жайлап горизонталды қалыпқа дейін келтіріп, ішіндегін қабырғалар бойы ағызу керек. 3. 3 минут бойы пробирканы осылай қозғап тұрамыз. 4. Сонан соң пробиркаға 2-3 мл натрий хлоридының физиологиялық ерітіндісін құямыз. 5. Егер пробиркада агглютинация реакциясы жүріп, түбінде жапырақша тәріздес тұнба пайда болса және бетіндегі ерітінді мөлдір болып келсе, бұл қан резус оң мәнді болып саналады. Егер пробиркада агглютинация реакциясы байқалмай, ерітінді сары-қызғыштау түске боялса (тұман тәрізді), бұл қан резус теріс мәнді болып саналады. 10. Гемотрансфузия алдында жеке сәйкестікке сынама жүргізу. Гемотрансфузияға дайындалу барысында қан тобымен резус факторды анықтап болған соң жеке сәйкестікке байқау өткізіледі. Екі реакция жасалады: А) АВО жүйесімен жеке сәйкестікке байқау өткізу. В) резус фактор бойынша жеке сәйкестікке байқау өткізу. Донормен рецепиент қандарының арасындағы жеке жеке сәйкестікке байқау өткізу үшін Петри табақшасымен рецепиент қанының сарысуын дайындау керек. Бұл үшін рецепиент көк тамырынан шприцпен 5 мл қан алып пробиркаға құямыз. 1 сағат күтеміз. 1 сағаттан соң қан сарысуы пішінді элементтерден бөлініп шығады. Уақыт аз болса пробирканы центрифугаға салып 3 минут айналдырып сарысуын бөліп алуға болады.

 

 

 

А) АВО жүйесімен  жеке жеке сәйкестікке байқау өткізу. Петри табақшасына 1 үлкен тамшы реципиент (0,1 мл) сарысуын капиллярмен тамызамыз. Жанына бір кіші тамшы (0,01 мл) донор қанын флаконнан шприцпен алып тамызамыз. Шиша таяқшамен араластырамыз. Петри табақшасын жайлап шайқап тұрамыз. Байқау 15-25 С температурада өткізіледі, қорытындысы 5 минуттан кейін шығарылады. Егер агглютинация реакциясы байқалса бұл қан сәйкес емес. Қан құюға болмайды. Егер агглютинация реакциясы жүрмесе бұл қан сәйкес болып саналады және оны құюға болады. В) резус фактор бойынша жеке жеке сәйкестікке байқау өткізу. АВО жүйесі бойынша жеке жеке сәйкестікке байқау өткізіліп сәйкес болған соң резус фактор жүйесі бойынша жеке сәйкестікке байқау өткізу керек. Бұл байқауды екі түрде өткізуге болады. А) 33% полиглюкин қолданып жасау. Реакция пробиркада 5 минут ағымында жылытпай жасалады. Пробирка түбіне 2 тамшы реципиент қанының сары суын, 1 тамшы донор қанын және 1 тамшы 33% полиглюкин ерітіндісін тамызамыз. Пробирканы жанжағына қарай еңкейтіп, ішіндегі ерітіндісі пробирка қабырғаларына жайылатындай етіп 5 минут бойы шайқаймыз. Кейін 3-4 натрий хлоридының физиологиялық ерітіндісін құйып, араластырамыз (пробирканы қатты шайқауға болмайды). Егер агглютинация реакциясы байқалса, донормен реципиенттің резус фактор бойынша сәйкес емес болып табылады. Агглютинация реакциясының жоқтығы қандардың сәйкестігін білдіреді. Б) 10% желатин қолданып жасау. Пробирка түбіне 1 тамшы донордың эритроциттерін (алдын ала натрий хлоридының физиологиялық ерітіндісінде 10 есе мөлшерде жуылған болуы керек), жылытылған 10% желатин ерітіндісінің 2 тамшысын және реципиент қанының 2 тамшы сарысуын тамызамыз. Пробиркадағыны араластырып су моншасына 46-48 С температурада 10 минутқа саламыз. Кейін 6-8 мл физ раствор құйып араластырамыз. Егер агглютинация реакциясы байқалса, донормен реципиенттің қандары резус фактор бойынша сәйкес емес болып табылады. Агглютинация реакциясының жоқтығы қандардың сәйкестігін білдіреді.

11. Гемотрансфузия  алдында биологиялық байқау өткізу. Егер донормен реципиент қандары  жеке сәйкестікке сәйкес болса, онда биологиялық сәйкестікке байқау өткізіледі. Бұл үшін системаны флакондағы қанмен толтырады, инені науқастың көк тамырына салады. Ағынды түрде науқасқа 10-15 мл қан жібереміз. Клапнды қысып қойып 3 минут бойы бақылау жүргіземіз. Егер аллергиялық реакциялардың немесе асқынулардың белгілері болмаса (пульстің, тыныс алуының жиілеуі, ентікпе, бетінің қызаруы т.б.), тағы 10-15 мл қанды ағынды түрде жіберіп, системаны тоқтатып 3 минут бойы бақылаймыз. Сосын үш рет қайталаймыз. Егер үш реттен кейінде науқаста реакция белгілері болмаса, бұл қан биологиялық сәйкес саналады және гемотрансфузия жасауға мүмкіншілік береді. Флакондағы қанды тамшылатып, минутына 60 тамшыдан жібереміз. Егер биологиялық байқауда реципиентпен донордың қаны сәйкес болмаса, науқас тынышсызданады, тахикардия, ентікпе, бетінің қызаруы, қалтырау немесе ыстықтау, өкпенің қысуы, ішінің ауырсынуы тәрізді белгілер пайда болады. Екі бел аймағының ауырсынуыда тікелей белгісі болып табылады. Бұл жағдайда қан құюды тоқтатып дәрігер шақырамыз. 19. Гемотрансфузия үшін донор венасынан қан алу. Дайындау керек: қан алуға арналған жүйе (екі ұшында жуан инелері бар), глюгицир (бұл консервант, флаконға алынған қан ұйып қалмауы үшін қолданылады), бос, қақпағы бар заразсыздандырылған флакон, ине-ауа өткізгіш, инъекцияға арналған жгут, спирт, мақта, валик. Алдымен бос зарасыздандырылған флаконға глюгицир ерітіндісін 1:4 қатынасында құйып аламыз (мысал: 50 мл глюгицир, егер 200 мл қан алынбақ болса). Бұл үшін 10 грамдық шприцпен глюгицир ерітіндісін флаконнан алып, бос флаконға құйып қоямыз. Сонан соң жүйені дайындап, бір ұшын бос зарарсыздандырылған флаконға енгіземіз. Сонымен бірге сол флаконға ауа өткізгіш ретінде ине саламыз. Донорды кушеткаға жатқызып, шынтағының астына валик қойып, жгут салып, инъекция орнын спиртпен өңдеп жүйенің бір ұшын донордың венасына енгіземіз. Ине венаға түскен соң жгутты шешіп алу керек. Флакон донор венасынан төмен орналасуы керек. Флакон толған соң ине венадан шығарылып, флаконнан жүйенің бір ұшы мен ауа өткізгіш алынады. Соңында флаконға паспорт толтырылады. Онда донордың аты-жөні, қан тобы, резус факторы, қан мөлшері, консервант және қанның сериясымен нөмірі, қан алған дәрігермен мейірбикенің аты-жөні көрсетіледі. Флаконға алынған қанды сол күйінде құюға болады (переливание цельной крови) немесе қан құю станциясында тоңдырылып сақталады. 40. Гемотрансфузионды шокта алғашқы көмек көрсету. Гемотрансфузионды шок бөтен топтағы қан немесе резус факторы бөтен қан құйғанда дамиды. 1. Тез қан құюды тоқтатады. 2. Морфин 1%-1 мл, немесе промедол 2%-2 мл, немесе фентанил 0,005%-2 мл+димедрол 1%-2 мл+ аскорбин қышқылы 5%-5-10 мл к/т енгіземіз. 3. Преднизолон 60-120 мг к/т, кальций глюконаты 10%-10 мл к/т. 4. Гидрокарбонат натрий ерітіндісі 2%-200-400 мл мл к/т.т. 5. Глюкоза ерітіндісін 5%-500-1000 мл мл к/т.т+ соңында диурезды күшейту үшін 40-60 мг лазикс жібереміз (Глюкоза ерітіндісінің орнына лактосоль немесе Рингер ерітіндісін, Лазикстың орнына манитол 15%-300-400 мл қолдануға болады). 6. Бүйректегі қан айналым процесін жақсарту және тамырлардың спазмын жою үшін, артериялық қан қысымы қалыпқа келген соң глюкоза-новокаинды қоспа 200 мл к/т.т (глюкоза 5%-100 мл+новокаин 0,25%-100 мл) әр 1-2 сағат сайын енгізіледі. Арасында глюкоза 5% және реополиглюкин ерітінділері жіберіліп тұрады. 7. Гипертермия жағдайында анальгин 50%-2 мл б/с саламыз. Тыныс алудың ауыр түрде бұзылуында жасанды дем беру шараларын өткіземіз. 41. Пирогенды реакцияларда алғашқы көмек көрсету. Гемотрансфузияның реактивты асқынуларының ішінде жиі пирогенды реакциялар кездеседі. Пирогенды реакциялардың себебі трансфузиялық заттардың құрамында пирогенды элементтердің-яғни, донор қанының, микроорганизмдар белоктарының ыдырауынан пайда болатын заттар және қан алу, сақтау және құю кезінде асептика ережелерін сақтамағандық болып саналады. Клиникалық көрінісі пирогенды реакциялардың ауырлық дәрежесіне байланысты болады. Жеңіл пирогенды реакцияларда науқастың дене қызуы 1-С көтеріледі, бұлшықеттері, аяқ-қолдары, басы ауырады, жаурау, мазасыздық болады. Бұл белгілер қысқа уақытқа созылады және арнайы ем талап етпейді. Орташа пирогенды реакцияларда науқастардың дене қызуы 1,5-2,0 С көтеріледі, жаурау, қалтырау, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді. Кейде денеде бөртпелер пайда болады. Ауыр пирогенды реакцияларда науқастардың дене қызуы 2,0 С аса көтеріледі, жаурау, қалтырау, еріндерінің цианозы, құсу, қатты бас ауру, бұлшықеттердің, сүйектердің ауырсынуы, ентікпе, есекжем немесе Квинке ісінуі дамиды. Алғашқы көмек: 1. Реакция басталғанда қан құюды немесе ерітіндіні құюды тез тоқтатамыз. 2. Науқастың үстін екі көрпемен жабамыз. Ыстық шай, кофе береміз. Аяқтарына жылытқыш қоямыз. 3. Анальгин 50%-2 мл+димедрол 1%-1 мл б/е, аспирин немесе парацетамол 1 таблетка ішуге береміз. 4. Антигистаминды препараттар: супрастин 2%-2 мл немесе тавегил 2 мл, немесе пипольфен 2,5%-2 мл б/е саламыз. 5. Ауыр реакцияларда глюкокортикоидтер: преднизолон 30-60 мг б/е, немесе дексаметазон 4-8 мг б/е саламыз. 6. Елермелер ұстамасында наркотикалық анальгетиктер: морфин 1%-1 мл, промедол 1%-1 мл, омнопон 1%-1 мл б/с саламыз.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  • С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Основы сестринского дела» Учебное пособие.-М; Родник, Москва. 2002-352 стр.
  • Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.-Самара, 1998-360стр.
  • Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000
  • Шевченко А.А. Клинический уход за хирургическими больными. Учебное пособие.-М., 2008-412 стр.
  • Левитэ Е.М. Введение в анемтезиологи-реаниматологию. Учебное пособие/под редакцией И.Г.Бобринской.-М., 2007-256 стр. 
  • Мухина С.А., Тарновская И.И. Общий уход за больными.-М.: Медицина, 1989.
  • Мухина С.А., Тарновская И.И. Атлас по манипуляционной технике сестринского ухода.-М.: АНМИ, 1995.

Информация о работе Кан топтары