Энтеровирусты жұқпа

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 08:36, доклад

Описание работы

Энтеровирусты жұқпа – клиникалық белгілерінің көптүрлілігімен сипатталатын энтеровирустың әр түрінен туатын жіті жұқпалы ауру.

Работа содержит 1 файл

энтеревирусты жұқпа.doc

— 29.00 Кб (Скачать)

      Энтеровирусты жұқпа

 

 

 

Энтеровирусты жұқпа – клиникалық белгілерінің көптүрлілігімен сипатталатын энтеровирустың әр түрінен туатын жіті жұқпалы ауру.

 

Энтеровирустар бүкіл жерде  таралған, қоршаған ортада ұзағынан сақталады, суда көп уақыт тірі болады, төмен температураларға төзімді.

 

Энтеровируспен тек қана адамдар  ауырады. Науқас адам мен вирустасымалдаушы  жұқпаның көзі болып танылады. Азық-түлік, сапасыз су қолдану арқылы, ластанған  су қоймаларында шомылу, сондай-ақ тыныс  алу жолдарының жоғары бөлігіне вирустың түсуі арқылы адамға жұғады. Жұқпаның таралуына антисанитариялық жағдайлар мен халықтың үймеленуі себеп болады.

 

 Залалданған сәттен бастап  бірінші клиникалық белгілерге  дейін 3 күннен 6 күнге дейін уақыт  өтеді. Ауру безгек, респираторлы-вирсты жұқпа, герпесті ангина, гепатит, жіті ішік жұқпасы, конъюнктивит түрінде өтеді; ең қауіпті түрі ретінде ОЖЖ-ның зақымдануы болмақ (менингит және менингоэнцефалит).Энтеровирустар серозды менингиттің тууына жиі себепші болады.

 

 Менингит (мидың жұмсақ қабығының қабынуы) – бұл орталық жүйке жүйесінің жіті жұқпалы ауруы.

 

 Энтеровирусты менингиттің  мезгілділік болуы (жаз-күз мезгілдері), байланыстылық және ошақты, эпидемиялық  кезеңнің лап  алуы және  мектеп жасына дейінгі және  мектеп жасындағы балалардың  залалдануы қалыпты жағдай.

 

 Ауру солғындылық, тәбет төмендеу, жөтел, мұрын бітелу, нәжістің  бұзылуынан басталады. Аурудың  2-4-күндерінде үш тағанды симптомдар  пайда болады:

 

а) бас ауруы;

 

б) құсу;

 

в)дене қызуының көтерілуі.

 

Бас ауруы шеке мен  маңдай тұсында жиі болады, келіп-кетпелі, өтпелі сипатта да болуы мүмкін. Қатты дыбыс, жарық немесе басқа  да тітіркендіргіштер бас ауруын үдетеді. Құсудың тамақ ішкен-ішпегенге  қатысы жоқ және құсқаннан кейін  адам жеңілдеп те қалмайды. Дене қызуы негізінен 37,5-тен бастап одан да жоғары болады.

 

 Менингит – қауіпті ауру. Оның әрі қарайғы жағдайы уақтылы анықтап, емдеуді жылдам бастап, лайықты ем қолдануға байланысты. Менингит диагнозы тек қана клиникалық сипаттарға қарап қойылмайды, міндетті түрде жұлыннан сұйықтық алынып, зерттеледі.

 

 Жұлын пункциясы  аса ауыртатын шара емес, зарарсыздандырылған  жерде жасалады, одан асқыну болмайды  және менингитке күдік болған  кезде міндетті түрде жасалатын  шара, себебі тек ликвордың жасушалық  құрамының нәтижесі арқылы ғана лайықты ем тағайындалады. Сонымен қатар жұлындағы артық сұйықтықты шығарып тастау емдік шара болып табылады, себебі сол арқылы бассүйек ішіндегі қысым төмендейді және соның есебінен адамның жалпы жағдайы, көңіл-күйі жақсарып, басының ауыру қарқыны  азайып, құсуы тоқтайды.

 

 Менингитті емдеуді міндетті  түрде стационарлық жағдайда, мамандардың  бақылауында жүргізеді, одан кейін  менингитпен ауырғандар невропатологтің  «Д» есебінде болады.

 


Информация о работе Энтеровирусты жұқпа