Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 07:03, реферат
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында аса қауіпті жұқпалы аурулардың ошақтарының болуы қауіпті індеттің пайда болуына бірден-бір себеп болып отыр. Сол себепті қауіпті ошақтардың көзін жою мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы көктемнің көзі көрінгелі бері қарқынды жұмысын бастап та кеткен.
Оңтүстікте аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы күрес басталды
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында аса қауіпті жұқпалы аурулардың ошақтарының болуы қауіпті індеттің пайда болуына бірден-бір себеп болып отыр. Сол себепті қауіпті ошақтардың көзін жою мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы көктемнің көзі көрінгелі бері қарқынды жұмысын бастап та кеткен.
Осы тұста айта кету керек, Барыс жылы аса қауіпті жұқпалы аурулар, оның ішінде конго-қырым қанды безгегі мен құтырма бойынша облыстағы жағдай тым қатты ушығып кеткен болатын. Мәселен, 2010 жылы 13755 кене шағу жағдайлары тіркеліп, 17 адам конго-қырым қанды қызбасына шалдықса, оның 3-еуі қайтыс болды. Ал, 2009 жылы иесіз иттермен тістелінген 14777 жағдай тіркелсе, 2010 жылы бұл көрсеткіш 15158-ге жеткен. осы жағдайлар ескеріле отырып, биыл жұқпалы ауруларды таратушылармен күреске қазынадан қомақты қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы сейсенбі күні журналистермен өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ғалымжан Әбіш кеңінен айтып өтті. Оның айтуынша, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарымен аула аралау, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмысын кеңінен жүргізу және басқа да емдеу-диагностикалау шаралары жүргізілуде екен.
Сонымен қатар, облыста 2011 жылдың 3 айында құтырма диагнозымен 2 науқас тіркелген. Өкінішке орай, олардың екеуі де қайтыс болды. Олардың бірі Мақтаарал ауданының 1961 жылғы тұрғыны. 25-ақпан күні ит тістеген әйел кейін барлық егуден бас тартады. Бірақ, 13-наурыз күні жағдайы қатты нашарлап, ыстығы көтеріліп, ауруханаға түседі. Сол жерде жан тәсілім етеді. Ал, осындай жағдайға душар болған екінші азамат Сарыағаш ауданының тумасы. 1985 жылғы жас жігіт әскери қызметте жұмыс жасаған. Бірақ та, бұл науқасты тікелей ит қабу фактісі болмаған. Тек, 2010 жылы әкесін ит қауып алады. Соны інісі екеуі ұрып өлтіріп, басын кесіп, экспертизаға өткізген. Бірақ, бұл итте құтыру белгісі анықталмаған. 2011 жылы ғана жас жігіт осы ауруды жұқтырғаны анықталып, кенеттен ол қайтыс болады.
Ендігі жерде адам өмірін сақтап қалу үшін барлық жұмыс қолға алынды, деп сендіреді басқарма бастығының орынбасары. Және де ол, бүгінгі күнге дейін облыста антирабикалық вакцина қоры жеткілікті деп отыр. Яғни, кез-келген сәтте шағымданған жандарға араша бола аламыз дейді. Бізге берілген мәліметке сенсек, биылдың өзінде 113 адамды кене шағып үлгерген. Бүгінде олардың 89-ы бақылауға алынған. Басқарма бастығының орынбасары оларға төніп тұрған қауіптің жоқ екендігін айтып отыр. Демек, әрқашан да әрбір әрекетті сақтықпен жасайық.