Иммунды жауаптың түрлері. Тжәне В лимфоциттердің иммундық жауаптағы маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:57, реферат

Описание работы

Иммундық жүйе- морфофункционалдық жүйенің бүтіндігі болып табылатын, ағзаның ішкі ортасындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын, миграция және рециркуляция жолдарымен байланысатын арнайы лимфойдтық мүшелер мен тіндердің өзара жиынтығы.
Иммундық жүйе- қозғалмалы және үздіксіз жаңарып отыратын жүйе. Сонымен қатар, оның құрамының тұрақтылығы ағзаның жеке құрылымының сақталуына зор ықпал етеді.
Иммундық жүйенің құрылысын үш денгейге бөлуге болады: мүшелік, жасушалық және молекулалық.

Содержание

Кіріспе
Иммунды жүйе туралы түсінік.
Иммундық жүйенің мүшелік жасушалық және молекулалық денгейлерінің құрылысы.
Иммундық жауап туралы түсінік.
Иммунды жауаптың түрлері. Тжәне В лимфоциттердің иммундық жауаптағы маңызы.
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

иммунды жүйе.doc

— 53.00 Кб (Скачать)

   

 

 

 

                  Жоспар:

  • Кіріспе
  • Иммунды жүйе туралы түсінік.
  • Иммундық жүйенің мүшелік жасушалық және молекулалық денгейлерінің құрылысы.
  • Иммундық жауап туралы түсінік.
  • Иммунды жауаптың түрлері. Тжәне В лимфоциттердің иммундық жауаптағы маңызы.
  • Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

Иммунды жүйе туралы түсінік.

Иммундық  жүйе- морфофункционалдық жүйенің бүтіндігі  болып табылатын, ағзаның ішкі ортасындағы  антигендік тұрақтылықты қадағалайтын, миграция және рециркуляция жолдарымен байланысатын арнайы лимфойдтық мүшелер  мен тіндердің өзара жиынтығы.

Иммундық  жүйе- қозғалмалы және үздіксіз жаңарып  отыратын жүйе. Сонымен қатар, оның құрамының тұрақтылығы ағзаның  жеке құрылымының сақталуына зор  ықпал етеді.

Иммундық  жүйенің құрылысын үш денгейге бөлуге болады: мүшелік, жасушалық және молекулалық. 

Иммундық жүйенің мүшелік жасушалық  және молекулалық денгейлерінің  құрылысы.

                                            Мүшелік денгей

Иммундық  жүйенің мүшелік денгейі 1) орталық (біріншілік) және 2) шеткі (екіншілік) мүшелерден тұрады.

Иммундық жүйенің орталық мүшелері.

Иммундық орталық мүшелері лимфоциттердің түзілуін қамтамасыз етеді. Бұл жерде олар лимфойдтық бағаналы жасушалардан түзіліп, көбейеді және функционалдық пісіп жетілген жасушаларға айналады. Сутқоректілер мен адамдарда екі орталық мүшесі болады: сүйек кемігі және тимус. Сүйек

 

 

 

 

кемігінде В лимфоциттердің клондары түзіледі, сондықтан сүйек  кемігі гуморалдық иммунитет жүйесінің  орталық мүшесі болып саналады. Ал тимуста Т лимфоциттердің клондары түзіледі, ол жасушалық иммунитет жүйесінің орталық мүшесі болып табылады.

Сүйек кемігі-иммундық жүйенің қан айналымы мен орталық  мүшелердың қызметтерін біріктіретін мүше, ол  көп қабілетті бағаналы жасушалардың, яғни барлық қан жасушаларының  көзі болып табылады. Көп қабілетті  бағаналы жасушалардан пайда болатын жасушалар: эритройдтық, одан эритроциттер түзіледі; миелойдтық одан нейтрофилдер, моноциттер, базофилдер, эозонофилдер түзіледі. Мегакариоцитарлық тромбоциттер түзіледі. Лимфойдтық екі жасушалы сызық Т лифоциттің және В лимфоциттңі ізашарлары пайда болады.

Сүтқоректілерде сүйек кемігі В лимфоциттердің негізгі  түзілу ортасы болып табылады. Тимус  деп тимиан өсімдігінің жапырығына және айыршаға ұқсас болғандықтан аталған. Тимус филогенетикалы ежелгі лимфойдтық мүше, онда лимфойдтық жүйенің түзілуі мен қызметінің реттелуі және де жасушалық  иммунитеттің дамуы жүреді. Тимус алдынғы көкрк аралықтық жоғары бөлімінде, төстің артында, жүрек үстінде орналасқан. Ол екі бөліктен тұрады, әр бөлігі капсуламен шектелген, одан тіннің ішіне қарай бөлікті бөлекшелерге бөлетін перделер орналасқан. Әр бөлшектің шетінде субкапсулалық және қыртыстық қабаттар, ал ортасында милы қабат ажыратылады. Тимус маңызды эндокриндікмүше болып табылады. Тимустың гормондары кальций мен фосфор метоболизміне, гликозаның

 

 

 

 

алмасуы мен утилизациясына бұлшықет тонусына, бойға және жыныстық жетілуге әсер ететіндігі анықталған. Бірақ тимустың негізгі эндокриндік  қызметі – иммуногенезге реттегіштік әсер ету, сонымен бірг  тимустың гормондары, тимустың өзінің ішіндегі және одан тыс лимфоциттердің дифференциялану үрдісіне ықпал жасай отырып, шеткі лимфойттық мүшелерде Т лимфоциттердің сонғы пісіп жетілуін реттейді және де сүйек кемігінде Т лимфоциттер ізашарларының диференциялану үрдісіне әсер етеді. Тимуста тимопоетиндер мен тимозиндерден басқа, лимфоциттердің миграция, дифференциялану және пролиферация үрдісіне әсер ететін гуморалдық факторлар түзіледі. Тимус тек қана Т лимфоциттердің пісіп жетілуіне мамандандырылған.

Иммундық  жүйенің шеткі мүшелері.

Оларға: көк бауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары аппендикс, бадамша без, аденойттар және басқа да лимфойдтық түзілістер жытады. Бұл мүшелердің тимусқа тәуелді және тимусқа тәуелсіз аумақтарына лимфоциттер орналасады. Иммундық жүйенің шеткі мүшелер жүйесінің үйымдастыру негізде жергілікті қағидалар жатыр: әрбір лимфойдтық мүше дененің белгілі бір бөлігін бақылайды, бұл жерден оған лимфа келеді немесе қан айдау жолдарында кедергі болады немесе ағзаның ішкі ортасын шектейтін кедергілермен тікелей байланысады.

 Шеткі мүшелерде  антигендермен жанасу арқылы  лимфациттердің сонғы пісіп жетілуі  антигенге тәуелді 

 

 

 

 

дифференциялануы  жүреді, нәтижесінде сәйкес антигендерге иммундық жауап шақыратын, пісіп  жетілген иммунды хабарлы лимфоциттер  түзіледі. Т және В лимфоциттердің және антигенді таныстырушы жасушалардың коперациясы жүреді. Нәтижесінде В лимфоциттер антидене түзетін плазмалық жасушаларға диференцияланады.

Жасушалық денгей.

Иммунды жүйенің жасушалары антигенді тануы  бойынша тегі мен функционалдық  ерекшелігіне байланысты екә топқа бөлінеді.

  1. Лимфоциттер
  2. Антигенді таныстырушы жасушалар

Молекулалық денгей

  1. В лимфоциттер түзетін иммуноглобулиндер және олардың түзілуін реттейтін гендер.
  2. Медиаторлар көмегімен иммунды хабарлы жасушалар иммундық жауаптық қалыптасуына реттелуіне қатысады. Бұл мелиаторларды цитокендер деп атайды.
  3. Негізгі гистосәйкестік кешендерінің гендері. Бұл гендерің өнімі ағзаның барлық ядросы бар жасуаларының бетінде орналасқан.
  4. Саралау кластерлері лимфоциттер субпопуляциясының беткейлік маркерлі нәруыздарының белгіленуі үшін қолданылады.
  5. Адгезия молекулалары көптеген жасушалардың бетінде орналасқан.олардың көмегімен жасушалардың деңгейі жоғарылайды.
  6. Лимфоциттердің антигенді танушы рецпторлары.
  7. Тимус гормондары тимус құрлымдарының эпителий жасушаларымен түзілетін төменгі молекулалық пептидтер.
  8. Сүйек кемігінің миелопептиттері-сүйек кемігінің жасушалары мен түзілетін гормон тәрізді әсері бар және В лимфоциттердің диференциялануына қатысатын төменгі молекулалық нәруыздар.

 Иммундық жауап туралы түсінік.

Иммундық  жауап-антигенді тануға, байланытыруға, әлсіздендіруге ыдыратып және ағзадан  шығаруға бағытталған иммундық жүйенің  арнай кешенді серпілісі. Арнайы иммундық  серпілістер гендік бөтен  ақпараттарды тасымалдаушыларға қарсы  бағытталады.  Мысалы: вирус, бактерия, басқада жұқпалы агенттер ісік жасушалары мен гендері ұқсас емес ағза, бөгде нәруыздар, полиқанттар т.б антигендер жатады.

Механизмі бойынша иммундық жауаптың келесі түрлерін ажыратады:

  1. Жасушалық
  2. Гуморалдық
  3. Аралас немесе жасушалық гуморалдық

В лимфоциттердің негізгі қызметі ағзаға түскен антигендерге қарсы антиденелерді түзу.

Т лимфоциттер жасушалық иммунитет серпілісін жүзеге асырады, олар сонымен қатар, антигендерді тануға және жасушалық гуморалдық иммундық жауаптардың басталуына

 

 

 

 

реттеуіне қатысады. Т лимфациттер иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына және оның сақтап тұруына ықпал етеді. Антигендермен  әректтесу бойынша иммунды жауап  екіге бөлінеді:

  1. Біріншілік иммундық жауап – 4-7 күнде дамиды. Оның негізі В лимфациттердің белсендірілуі және олардың антидене түзетін плазмациттерге айналу болып табылады.
  2. Екіншілік иммундық жауап- көптеген көрсеткіштері бойынша екіншілік иммунды жауап кезіндегі жасырын кезең өт қысқа жылдам дамиды және антиген аз мөлшерде болуы талап етіледі, оның айқындалған пісіп жетілу белгілері бар. Егер иммунды жауаптың қарқындылығы енген антигендердвң тепе тең мөлшерде болса мұндай иммунды жауапты нормэргиялық деп атайды. Егерде иммундық жауаптың қарқындылығы шеттелген мөлшерден асса, мұндай иммундық жауап гиперэргиялық болып табылады. Кейбір жағдайларда макроағза әртүрлі себептерге байланысты енген антигендерге иммундық жауап қайтармайды. Иммундық жүйенің мұндай арнайы ареактивтілік жағдай иммунологиялық төзімділік деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

Сонымен иммундық жүйенің орталық мүшелерінде ізашар жасушалардан Т және В лимфоциттерінің түзілуі және олардың антигенге тәуелсіз диференциялануы жүреді. Осы орталық мүшелердгі антигенге тәуелсіз диференцияланудың ең негізгі нәтижесі лимфоциттер клондарының түзілуі болып табылады. В лимфациттердің клоны сүйек кемігінде ал тимуста Т лимфоциттердің клоны қалыптасады. Лимфоциттер орталық мүшелерден қан және лимфа ағымы арқылы шеткі мүшелерге көшеді. Осылайша еткі мүшелерде иммундық жасушалар өздерінің әсерін жүзеге асырыды.осы кезде лимфоциттердцң антигендерімен байланысы іске асырылады және иммундық жауап дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Бижигитова Б.Б «комплемент жүйесі мен антигенді таныстырушы жасушалардың иммунды жауаптағы маңызы»
  2. Қожанов С.В, Шортанбаев Ә.Ә «Жалпы иммунология»
  3. Молчанов О.Е, Попова И.А «современные тенденций иммуннотерапий злокачественных опухолей »
  4. Балпанова Г.Т, Шортанбаев А.А «трансплантациялық иммунитет»

Информация о работе Иммунды жауаптың түрлері. Тжәне В лимфоциттердің иммундық жауаптағы маңызы