Гипер активность

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 15:18, реферат

Описание работы

Дәрумендер – органикалық табиғаттың мейлінше күрделі, белсенді заттары. Олар тек күнделікті тұрмыста пайдаланылатын азық – түліктің құрамы ғана емес, сонымен қатар дәрілік тәжірибеде де қолданылатын, фармотерапиялық шипа көзі. Дәрумендер – адам ағзасының зат алмасуы, жұмыс істеу қабілетінің бірқалыпты болуы үшін аса қажетті, биологиялық жағынан белсенді органикалық қоспалар деп саналады. Ол қоректенудің аса қажетті факторларының ең бастыларының бірі. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі. Адамдар күніне жеткілікті тамақтағанда, олар дәрумендерді азық – түлік, көкөніс, жеміс – жидек, шырындардан алады. Адам қартайғанда оның ағзасының дәрумендерді сіңіру қабілеті де нашарлайды. Дәрумендерді қабылдау мөлшері балалар ағзасының физиологиялық қажет етуіне сәйкес болуға тиісті.

Работа содержит 1 файл

топырак.docx

— 14.71 Кб (Скачать)

                Топырақтың эпидемиологиялық маңыз 

Топырақ – көптеген қарапайымдылардың, жануарлардың, микроорганизмдердің, соның  ішінде бактериялардың, көгеретін саңырауқұлақтардың, вирустардың тіршілік ететін ортасы.  
Топырақта тұрғылықты немесе уақытша тіршілік ететін микроорганизмдер:  
а) жануарлар мен адамға зияндық жасамайтын сапрофиттер;  
б) патогендік микроорганизмдер.  
Топырақтағы патогендік бактериялар мынадай жұқпалы аурулар тудырады: сібірлік жара (қарасан), газдық гангорена, тырысқақ, ботулизм. Жұқпалы ауруды адам топырақты өңдеуде, ауылшаруашылық өнімдерін жинауда, құрылыс жұмыстарында, мал жайылымдарында, жер суаруда (тырысқақ таяқшасы, газдық гангрена, сібір жарасы қоздырғыштары) немесе көкөніске, жемістерге, балыққа, саңырауқұлақтарға микробтар түскенде жұқтырады (ботулизм таяқшасы).  
Жануарлар мен адамның қауіпті жұқпалы ауруларының қатарына сібір жарасы кіреді. Сібір жарасының қоздырғышы – сібір жарасының таяқшасы, ол ауру малдың шығаратын зәр, тезегімен бірге түсіп, спора жасайды және сол күйінде жылдар бойы, әсіресе қызғылт және қаратопырақты жерлерде сақталады. Осы таяқшалармен ластанған шөпті жануарлар жеп, сібір жарасын жұқтырады. Адам сібір жарасын ауру немесе өлген жануарларды ұстағанда, не ауру жұққан мал өнімдері мен шикізаттарын (ет, жүн, тері) ұстағанда және тікелей топырақпен жұмыс істегенде жұқтырады.  
Адам ұлпалары жарақаттанса онда топырақпен ластанған газдық гангрена қоздырғышы адам денесіне кіреді. Топырақта жиі кездесетіндер А Перфрингенс тектес клостридий болады. Осы микробтар жараланған жерге түсіп, токсин өндіреді, ол ұлпалардың ісінуіне және өлуіне ұшыратады.  
Ботулизмді жұқтырту тағам өнімдерін үйде сүрлеп дайындау алараларымен тығыз байланысты болады: балық тұздағанда не қақтағанда, консервіленген саңырауқұлақтар, көкөністер мен жемістер дайындауда болады. Ботулинус таяқшасы тудыратын токсин анаэробтық жағдайларда барлық басқа бактериалдық токсиндер мен химиялық уларға қарағанда адам организміне аса күшті әсер етеді.  
Актиномицеттер, терінің үстіңгі қабатында және терең микоздар, сондай-ақ туберкулез, алапес, дифтерия микробактерияларын тудырады – топыраққа түскенде әжептәуір қауіп туғызады: топырақта туберкулез таяқшалары 15 айға дейін, дифтериялық таяқшалар 2-3 аптаға дейін тіршілік қабілетігін сақтайды.  
Адам организміне түскен глисттер-паразиттер-гельминттерден болатын аурулар – гельминтоздардың таралуында топырақтың алатын рөлі аса үлкен болады. Кейбір гельминттердің даму кезеңдерінің бірі (жұмыртқалар жетілуі) топырақта өтеді. Гельминттармен ластанған топырақта өскен көкөніс, жеміс-жидектерді, ластанған суды қолданғанда адам органгизміне гельминттердің жетілген жұмыртқалары түседі. Гельминттер жұмыртқалары (шошқа, өгіз цепеньдері) топырақтан ірі қара мал мен шошқалар азығына түсуі мүмкін. Жеткіліксіз термиялық өңдеуден өткен сиыр, шошқа етін қолданғанда, адам гельминттерді жұқтыруы мүмкін.  
Топырақты тіршілік ететін уақытша тіршілік ететін микроорганизмдердің үлкен тобын ішек жұқпалы ауруларының (іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, холера), бруцеллездің, туляремияның, обаның қоздырғыштары құрайды. Олар топыраққа белгілі жағдайда түседі (ауру жануарлар мен адамдар шығарындыларымен, жуынды сулармен). Топырақ олар үшін қолайлы орта деп те айтуға болмайды. Алайда, олардың кейбіреулері, әсіресе іш сүзегі, паратифтер.және тырысқақ қоздырғыштары ластанған топырақта ұзақ уақыт яғни бірнеше тәуліктен 5 айға дейін тіршілік қабілетін сақтайды.  
Энтеровирустар – полиомиелиттің және кейбір ішек ауруларының қоздырғыштары топырақта 25 тен 170 күнге дейін сақталады. Әдетте адам ішек жұқпалы ауруларын ...


Информация о работе Гипер активность