Еңбекақыны төлеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 21:16, лекция

Описание работы

Соңғы жылдарда әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған. Химиялық элементтердің табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды.

Работа содержит 1 файл

шынар материал.doc

— 176.00 Кб (Скачать)

Натрий  — жасушада тек ион түрінде кездеседі. Ол негізінен дене сұйықтықтарының құрамы нда болады да, қан мен лимфаның осмос-тық қысымын реттеуде маңызды рел атқарады. Натрий буферлік жүйе құрамына еніп, қанның әрекетшіл ортасын реттеуге, қозу процесінің туындап, таралу процесіне қатысады, гормондар синтезіне әсер етеді.

Хпор — организмде теріс зарядты иондар түрінде кездеседі, натрий және калий иондарымен байланыста болады, жасушада козу процесінің туындауында маңызды рөл атқарады, қарын сөлі құрамыңдағы тұз қышқылының құрамы на енеді.

Магний — жасуша ішінде жинақталатын катион. Ол митохондрия-ларда шоғырланады, тотықтырғыш фосфорлану процесінің белсендірушісі болып табылады да, қуат алмасуын, ДНК синтезін жандандырады, актин мен миозинді жалғастыратын магнийлі белок комплексінің құрамына еніп, бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Магний гликолиз процесін реттейтін көптеген ферменттік жүйелердің құрамына енеді, кальцийдің кереғары болып табылады. Қан құрамында магний мөлшері өссе, нерв жүйесінің қозғыштығы төмендеп, нерв орталықтарының қызметі тежеледі, организмді ұйқы басып, селқостық (апатия) байқалады.

Организмдегі минералды  заттардың жалпы мөлшері онша көп емес, дене массасының 3,5-4 пайызы шамасында. Олар организмде жинақ-талған мөлшеріне қарай макро, микро- және ультра элементтер бо-лып бөлінеді. Физиологиялық маңызы жоғарыда баяндалып өткен химиялық заттар макроэлементтерді құрайды. Микроэлементтер де-неде өте аз мөлшерде (103-105 пайыз) кездеседі. Оларға темір, мыс, кобальт, марганец, мырыш, йод, бром, фтор, никель жатады. Ультраэлементтердің (алтын, күміс, селен, радиоактивті элементтер) денеде нышаны ғана болады (106 пайыз және одан да аз).

Микроэлементтер организмнің өсіп даму процесін реттеуде, оның түрлі дерттерге төзімділігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Дегенмен, әр микроэлемент белгілі бір қызмет атқарады.

Темір — гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-тотықсыздандыру ферменттері — пероксидаза, каталаза мен биологиялық тотығу процесін жүрізетін цитохромдық ферменттер құрамы на енеді. Денеде темір бауырда, көк бауырда, ішектің кілегейлі қабығында ферритин (темірдің гидрат тотығы мен белоктардың қосылысы) түрінде кездеседі. Организмде темір гемосидерин (темірлі пигмент, гемоглобиннің ыдырау өнімі) түрінде де кездеседі. Темірдің бір бөлігі плазма белоктарымен сидерофилин атты қосылыс түзеді. Осы қосылыс түрінде темір организмде тасымалданады. Организмде темір жетіспесе эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия).

Мыс — гемокупреин  түрінде эритроциттер құрамында болады. Ол кейбір тотығу-тотықсыздаңдыру ферменттерінің құрамына ене оты-рып, ұлпалық тыныс процестеріңде маңызды рөл атқарады. Мыс қан түзу процесін жақсартады, меланин пигментін түзу үшін қажет. Ол цитохромоксидаза ферментінің белсенділігін күшейтіп, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары мен А, В, С, Е, РР дәрмендәрілерінің әсерін жандандырып, өсіп-өну процесін күшейтеді.

Кобальт — В12 дәрмендәрісінің құрама бөлігі болғандықтан қан түзу процесінде маңызды қызмет атқарады. Ол организмдегі ферменттік процестерге, зат алмасу қарқынына, өсу, даму процестеріне жағымды әсер етеді, жүректің, ас қорыту ағзаларының, нерв жүйесінің, ішкі секреция бездерінің, сүйек кемітінің қызметін жақсартады. Орга-низмде ұйқы безінде, бауырда, бұл шық еттерде жинақталады.

Марганец — дененің барлық мүшелері мен ұлпа ларының құрамында кездеседі, бірақ сүйекте, бауырда, бүйректе, ұйқы безінде, гипо-физде көбірек жинақталады. Ол белоктарды ыдырататын ферменттердің құрамы на енеді, кейбір тотығу-тотықсыздандыру ферменттерінің белсеңділігін арпырады, белоктың, көмірсулардың, маидың алмасуын жандандырады. Марганец организмнің өсіп-дамуына, қанның түзілуіне, сүйектің жетілуіне жағымды ықпал етеді.

Мырыш — барлық ұлпа ларда кездеседі, карбоанщдраза ферментінің, инсулин гормонының құрамына енеді, мырыш тұздары гипофиз, ұйқы безі және жыныс бездері гормондарының белсенділігін арттырып, белоктар мен көмірсулар алмасуын жандандырады.

Йод — қалқанша безі гормойдарының құрамы на енеді, зат алмасу процесін жандандырып, өсу процесін күшейтеді.

Бром — гипофиз  гормондарының құрамы нда кездеседі, үлкен ми жарты шарлары жасушаларындағы қозу және тежелу процестерінің туындауын реттейді.

Фтор — сүйек пен тіс кіреукесінің құрамы на енеді. Ол көптеген ферменттердің әрекетін әлсіретіп, зат алмасу процесін баяулатады, қан құрамындағы кальций мен фосфордың ара қатынасына әсер етіп, сүйектің қатаюын шапшандатады. Фтор жетіспесе тіс кіреукесі бұзылады .

Никель — кейбір ферменттердің белсенділігін күшейтіп, ашу процесін жандандырады, организмде оның мөлшері шамадан артық болса, онда

никель көздің қасаң қабағына жинақталып, организм көру қабілетінен айырылады.

Организмде кейбір элементтердің нышаны ғана болады, сондық-тан олардың биологиялық мәні әлі толық зерттелмеген. Бұл элемент-тердің (мышьяк, радий, торий, уран және оның ыдырау өнімдері) зат алмасу процесіне ықпалы болатыны байқалған.

 

 

Микроэлементтер – топырақта, тау жыныстарында, қазба көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде (аз мөлшерде 0,01 – 0,1% не одан төмен) кездесетін химиялық элементтер. Микроэлементтерге Al, Fe, Cu, Mn, Zn, Mo, Co, І, т.б. жатады. Олар бірқатар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың, тыныс алу пигменттерінің құрамына кіреді. Академик В.Вернадский Микроэлементтердің биосферадағы таралуының бірнеше заңдылықтары бар екенін зерттеді. 30-дан астам Микроэлементтер адам, жануар және өсімдік тіршілігіне өте қажет. Микроэлементтердің артық не кем болуы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Микроэлементтер өсімдіктің организміне топырақпен, ал жануарлар мен адам организміне тамақпен ауысады. Микроэлементтер бойдың өсуіне (жануарларда – Mn,Zn, І), қанның түзілуіне (Fe, Cu, Co), т.б. әсер етеді. Егер өсімдік құрамында бор болған жағдайда ол азот, фосфор және калийді жақсы сіңіреді. Бор жетіспегендеөсімдік тұқымы нашарлайды, әр түрлі ауруларға шалдығады. Марганец пен мырыш тотығу - тотықсыздану процесін жылдамдатып, өсімдіктің өсуін тездетеді. Мыстотығу ферменттерінің құрамына кіреді және В тобы витаминдерінің синтезін белсендендіреді. Йод адам және жануарлар организміндегі тироксин гормонының қызметін жақсартады. Микроэлементтер мұнай, газ және полиметалл кендерін іздеуге, ауыл шауашылығындағы дақылдарының өнімділігін арттыруға (микротыңайтқыштар), т.б. пайдаланылады.[1][2]

 

 

Улағыш заттар (орыс. Отравляющие вешества) — ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың негізі болып келеді. Улағыш заттар жүйкеге әсер ететін улағыш заттар, теріге әсер ететін улағыш заттар, кезден жас ағызатын улағыш заттар, түншықтыратын улағыш заттар және жалпы әсерлі улағыш заттар болып бөлінеді. Жүйкеге әсер ететін улағыш заттар қазіргі улағыш заттардың аяғы әлімге әкеліп соқтыратын негізгі тобын құрайды. Оларга құрамындафосфоры бар және кез келген аппликацияда зақым келтіретін улағыш заттар жатады. Олар — табун, зарин, зоман және т.б. Жалпы әсерлі улағыш заттарға көгерткіш кышқыл, хлорциан,арсин, фосфин және т.б., ал түншықтыратын улағыш заттарға фосген, дифосген, хлорпикрин т.б. жатады. Теріге әсер ететін улағыш заттар аяғы елімге әкеліп соқтыратын улағыш заттарға жатады, олардың қатарына иприт, азоттық иприт, люизит т.б. кіреді.[1]

 


Информация о работе Еңбекақыны төлеу