Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 13:08, реферат
Дәрумендер – органикалық табиғаттың мейлінше күрделі, белсенді заттары. Олар тек күнделікті тұрмыста пайдаланылатын азық – түліктің құрамы ғана емес, сонымен қатар дәрілік тәжірибеде де қолданылатын, фармотерапиялық шипа көзі. Дәрумендер – адам ағзасының зат алмасуы, жұмыс істеу қабілетінің бірқалыпты болуы үшін аса қажетті, биологиялық жағынан белсенді органикалық қоспалар деп саналады. Ол қоректенудің аса қажетті факторларының ең бастыларының бірі. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі.