Дәріге тәуелділік шақыратын заттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:24, творческая работа

Описание работы

I Дәріге тәуелділік
II Дәріге тәуелділік түрлері
1.Даму механизмі
2.Психикалық тәуелділік
3.Физикалық тәуелділік
III Дәріге тәуелділік шақыратын заттар
IV Абстиненция

Работа содержит 1 файл

Дәріге тәуелділік шақыратын заттар.ppt

— 1.85 Мб (Скачать)

 

Орындаған: Идрис Б.И.

Тексерген: Коранова Т.С.

 

 

 

Астана 2010

 

 

 

 

АҚ «Астана Медицина  Университеті»

 

Тақырыбы: Дәріге тәуелділік  шақыратын заттар

I Дәріге тәуелділік

II Дәріге тәуелділік түрлері

1.Даму механизмі

2.Психикалық тәуелділік

3.Физикалық тәуелділік

III Дәріге тәуелділік шақыратын заттар

IV Абстиненция

  • Кейбір заттарға оларды қайталап енгізгенде дәріге тәуелділік дамиды.Ол дәріні қабылдауға деген ұмтылысты жеңе алмауымен көрінеді,әдетте көңіл-күйді жоғарылату,хал-жағдайын жақсарту,жағымсыз қайғыруды және сезінуді тоқтатау мақсатында,сонымен бірге дәріге тәуелділік шақыратын дәріні беруді тоқтатқанда болады.

        Дәріге тәуелділік:

  • Бірнеше рет қайта қолданғанда пайда болады
  • Үнемі қолдануды қажет етеді
  • Адаптациялық өзгерістер дамиды
  • Даму механизмі дәріге тәуелділік синдромының аз зерттелген.Қолданылу барысында әсіресе психотропты заттарды адамның психикалық жағдайы өзгереді себебі олардың көбі  наркотикалық анальгетиктер,психостимуляторлар,тыныштандырғыш,ұйықтатқыш заттар ,транквилизаторлар көңіл күйге,ойлауға әсер етеді.,эйфория шақырады,қорқынышты ,шаршағандықты азайтады.Көптеген адамдарда әр түрлі психологиялық,биохимиялық,генетикалық,әлеуметтік факторлардың әсерінен психотропты препаратты қайтара қолдануға мәжбүрлейді себебі тұрақтылықты қалыптастыру,эйфория,қорқыныш азаяды.
  • Дәріге тәуелділіктің психикалық тәуелділік және физикалық тәуелділік түрі ажыратылады.Психикалық тәуелділікте осы тәуелділікті шақыртқан затты тоқтатқанда эмоцианальдық,психологиялық дискомфорт байқалады.Оның белгісі тәуелділік шақырған затқа шектен тыс қалаушылық кейде жеңе алмайтындай дәрежеге жетеді.Дәріге психикалық тәуелділік жағдайында препараттарды енгізуді тоқтатқанда тек эмоционалдық жайсыздық тудырады.
  • Психикалық тәуелділік дәрілік затты қолданғанда қанағаттандырарлық сезімді және қайтара қолдануды қалаушылық сезімді туындатады.Психикалық тәуелділік синдромында  патологиялық қажеттілік туындайды дәрілік затты психикалық бұзылыстан қашу жағдайында қолданғанда.Психикалық тәуелділік туындайды науқасқа психотропты препаратты тағайындағанда көп жағдайда емдеуді тоқтатқаннан кейін өз бетімен қабылдауға әкеледі.Психобелсенді заттарды қаодану психологиялық дискомфортты жояды және эмоциональді позитивті жағдай шақырады. 
  • Дәріге тәуелділіктің физикалық түрінде дәріге тәуелділік шақырған затты тоқтатқанда абстиненция синдромы дамиды психологиялық неврологиялық бұзылыстармен көрініс береді.Клиникалық көрінісі абстиненцияның дәріге тәуелділік шақырған психобелсенді затты қолдануды жалғастыру жоғарғы мөлшерде қолданумен сипатталады.
  • Физикалық тәуелділік адаптивті жағдай дәрілік затты қолдануды тоқтатқанда соматикалық бұзылыстармен көрініс береді.Физикалық тәуелділік синдромы дәрілік затты қолдануды тоқтатқанда абстиненция дамуымен байқалады.Физикалық тәуелділікте маңызды рөл ойнайды адаптивті реакциялар ағзадағы рецептордың сезімталдығының өзгеруімен психотропты заттардың  мысалы опиатты рецепторға  морфинтәрізді заттардың әсері ,бензодиазепанды рецепторларға бензодиазепан тобының транквилизаторларының әсері және т.б. 
  • Наркотикалық әсері бар ұйықтатқыш заттарға барбитур қышқылының туындылары жатады.Барбитураттарды үзіліссіз ұзақ қолданғанда бейімделудің дамуына әкеледі және психикалық физикалық дәріге тәуелділік дамиды.Дәріге тәуелділік дамуының жылдамдығы айтарлықтай дәрежеде препараттың мөлшерімен анықталады.Егер мөлшер барынша үлкен болса дәріге тәуелділік 1-3 айдан кейін дамиды.Дәріге тәуелділік бар кезінде препаратты қабылдауды тоқтатқанда ауыр психикалық және соматикалық бұзылыстармен жүреді.Мазасыздық,ашуланғыш,қорқыныш,құсу,ортостатикалық гипотензия дамиды және ауыр жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

            Наркотикалық анальгетик өкілі- морфин.Негізгі әсері ауыру сезімін басу болып табылады.Қосымша әсері :

  • Эйфория
  • Тыныштандырғыш
  • Тыныс орталығын тежеуі
  • Жылу реттеу орталығын тежеуі
  • Асқазанның,ұйқы безінің ішектің секрецияларының төмендеуі
  • Дәріге тәуелділік шақыруы
  • Морфинге тәуелділік морфинизм деп аталады.

 

 

  • ОМНОПОН – опиынның жаңа галенді препараты, опиынның 5-тік алколоидының қосылысынан құралған. Құрамында 48-50% морфин  және 32-35% басқа топтардың алкалоидтары бар, фенантрен және изохинолин қатарының (папаверин). Спазмогенді әсері төмен. Қолдану көрсеткіштері морфинге ұқсас.

 

  • ФЕНТАНИЛ анальгетикалық белсенділігі жоғары, белсенділігі бойынша морфиннен артық  (100-400 есе). Айрықша ерекшелігі, ауырсынуды басу әсерінің қысқа болуы (20-30 минут). Әсері 1-3 минутта дамиды.
  • Нейролептик дроперидолмен (таломонал) біріктіріліп нейролептанальгезияда қолданылады. Анальгезияның осындай түрін науқастың есі, ақыл -ойы тежелмеуі керек кезінде қолданылады, мысалы, миокард инфарктісінде. Ауырсынуды басудың осы түрі өте қолайлы, өйткені науқас ауырсыну қоздырғышын сезбейді (анальгетикалық әсер) және айналасында болып жатқан жағдайға немқұрайлы қарайды (нейролептикалық әсер, күшті тыныштандырғыш және күшті транквилизаторлағыш әсерлерден құралады).
  • ПРОМЕДОЛ синтетикалық препарат. Ауырсыну сезімін басу белсенділігі бойынша,  морфинге 2-4 есе жол береді. Әсер ету ұзақтығы  3-4 сағат. Жүрек айну мен құсуды сирек шақырады, тыныс алу орталығын төмен деңгейде тежейді. Морфинге қарағанда бронхтар мен несеп  түтігінің тонусын төмендетеді, жатыр мойыншасын босаңсытады және төмен деңгейде жатыр қабырғасының жиырылуын күшейтеді. Осыдан колика кезінде жиі қолданылады.
  • Туу кезінде қолдануға болады (қолдану көрсеткіштері бойынша, морфинге қарағанда ұрықтың тынысын төмен деңгейде тежейді, және де жатыр мойыншасын босаңсытады ).

 

  • Бупренофрин рецепторлардың жартылай агонисті.Анальгетикалық белсенділігі морфиннен басым және ұзақ әсер етеді.Морфинге қарағанда әсері баяу дамиды.Асқазан ішек жолдарына морфинге қарағанда аз әсер етеді.Асқазан ішек жолдарынан жақсы сіңеді.Препараттың өзгермеген негізгі бөлігі ішек арқылы шығады ,ал метаболиттері бүйрек арқылы.Абстиненция морфинге қарағанда жеңілдеу жүреді.
  • Этил спирті наркотикалық әсері бар зат болып табылады.Тотығуы бауырда жүреді.Қолданғанда эйфория дамиды,көңіл күйі көтеріңкі,адам шамадан тыс көпшіл,сөйлегіш болады.Қанда концентрациясының жоғарылауында анальгезия,ұйқышылдық кейіннен сана сезімі бұзылады.Этил спирті асқорыту жүйесіне айқын әсер көрсетеді ал ішектің қызметіне аз әсер етеді.Этил спиртін ұзақ қолданғанда оған бейімделу және дәріге тәуелділік (психикалық,физикалық) дамиды.
  • Золпидем имидазопиридин туындысына

    жатады.Айқын ұйықтатқыш және тыныштандырғыш әсерлер көрсетеді.Ұйқы кезеңдеріне аз әсер етеді.Қысқа уақыт әсер етеді.Бауырда биотрансформацияға түседі.Жанма әсерлері аллергиялық реакциялар ,гипотензия,қозу,атаксия,диспепсиялық көріністер байқалады.Ұзақ қолданғанда бейімделу және дәріге тәуелділік психикалық,физикалық дамиды.Сондықтан препаратты қысқа мерзімде қабылданған жөн.

 

  • Зопиклон циклопирролонның туындысы.Ұйықтатқыш,тыныштандырғыш,анксиолитикалық,бұлшықетті босаңсыту,тырысуға қатты әсерлері бар.Жылдам сіңеді.Әсері 6-8 сағатқа дейін сақталады.Негізінен бүйрек арқылы бөлінеді.Ұзақ қолданғанда бейімделу және дәріге тәуелділік дамиды физикалық және психикалық.Жанама әсерлерінен ауызда темірдің ащы дәмі,кейде лоқсу,құсу,бастың ауруы,бастың айналуы,аллергиялық реакциялар байқалады.
  • Бензодиазепин анксиолитикалық және тыныштандырғыш қасиет көрсетеді.Тырысуға қарсы белсенділігі бар.Ас қорыту жолынан он екі елі ішектен жақсы сіңеді.Ағзада биотрансформацияға түседі.Науқастар жақсы көтереді.Жанама әсерлері:ұйқышылдық,есте сақтау қабілетінің бұзылуы,бастың ауруы,лоқсу,терілік себілулер.Ұзақ қолданғанда дәріге тәуелділік психикалық,физикалық дамиды.
  • Фенамин- психостимулятор.Қоздырғыш әсерінің механизмі оның пресинаптикалық ұштардан норадреналин мен дофаминнің босап шығуын күшейтеді.Ас орталығын әсер етеді,тыныс орталығын тікелей ынталандырады.Ас қорыту жолдарынан жақсы сіңеді.Ұзақ қолданғанда кумуляцияға түседі,бейімделу және дәріге тәуелділік психикалық ,физикалық дамиды.
  • Кофеин- психостимулятор.Психикалық қызметті ынталандырады,ақыл ой және физикалық жұмысқа қабілеттілігін,қозғалыс белсенділігін жоғарылатады,реакциялардың уақыттарын қысқартады.Тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарына ынталандырғыш әсер көрсетеді.Негізгі алмасуды жоғарылатады.Гликогенолизді ұлғайтып,гипергликемия шақырады.Липолизді жоғарылатады.Психикалық қызметті ынталандыру үшін қолданылады.Ұзақ қолданғанда айқындығы төмен бейімделу байқалады және психикалық тәуелділік дамиды.
  • Кодеин-фенантрен қатарына жататын апиынның алколоиды.Жөтелге қарсы айқын белсенділігі бар.Әлсіз ауру сезімін басады.Емдік мөлшерде тыныс орталығын тежемейді.Препаратты жүйелі қолданғанда іш қату сияқты жанама әсері болады.Ұзақ қолдану бейімделу және дәріге тәуелділік (психикалық,физикалық)шақырады.
  • Синтетикалық жолмен морфиннен алынатын-этилморфин гидрохлориді.Жөтел орталығына белсенді әсер етеді.Тыныс орталығының тежелуін шақырады.Дәріге тәуелділік шақырады.Сондықтан оларды басқа жөтелге қарсы заттар тиімсіз болғанда қолданылады тек анда-санда қолдануға болады.
  • Эфедрин-симпатомиметик.Ұзағырақ әсер көрсетеді.Жанама әсері орталық жүйке жүйесінің қозуы байқалады.Егер ол едәуір айқын дәрежеде байқалса,оны тыныштандыратын немесе ұйықтатқыш заттарды қолданып азайтуға болады.Дәріге тәуелділік дамиды.
  • Дәріге тәуелділік шақырған препараттың енгізуін күрт тоқтатса айыру көріністері абстиненция дамиды.Қорқыныш,үрей,жабырқау,ұйқысыздық байқалады.Қозғалыс ретсіздігі агрессивтілік және басқада көріністер болуы мүмкін.Көптеген физиологиялық қызметтер бұзылады.Кейде коллапс болады.Ауыр жағдайда абстиненция өлімнің себебі болуы мүмкін.Опиоидты анальгетикті енгізу айыру көріністерін жояды.Егер дәріге тәуелділік дамыған кезінде науқасқа налоксон немесе налорфин енгізсе абстиненнция байқалады.
  • Созылмалы уланулар біртіндеп ұлғаяды.Ақыл ой және физикалық жұмысқа қабілеттілігі ,терінің сезімталдығы төмендейді,арықтау,шөлдегіштік ,іштің қатуы т.б көріністер байқалады.
  • Опиоидты анальгетиктерден туған дәріге тәуелділікті емдеу-өте күрделі мәселе.Станциорда ұзақ емдеу қажет.Опиоидты анальгетиктердің мөлшерін,енгізу жиілігін жаймен төмендету қажет.Әсері ұзақ және әсерінің тоқтауы баяу журетін опиоидты анальгетиктерден енгізеді.Осыған байланысты алдын-алу шаралары өте маңызды;опиоидты анальгетиктерді сақтауды,тағайындауды,жіберуді бақылау.

Информация о работе Дәріге тәуелділік шақыратын заттар