Биологиялық ұлпалардың пассивті механикалық қасиеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 12:30, реферат

Описание работы

Қызметкер өзі дайындайтын материалдарды тексеруге және ұйымға зиян келтіретін, азаматтардың ары мен абыройына нұқсан келтіретін мәліметтердің жария етілуін болдырмауға міндетті. Бұл талап бұзылған жағдайда ұйымға келген барлық зиян қызметкерден өндіріліп алынады.

Работа содержит 1 файл

2.doc

— 49.50 Кб (Скачать)

  2.3. Басқа да талаптар:

  Қызметкердің  ұйымның келісімінсіз ұйымның қызметіне байланысты ешқандай материалды өзінің атымен де, бүркеншік атпен де бұқаралық ақпарат құралдарына беруге құқығы болмайды.

  Қызметкер өзі дайындайтын материалдарды  тексеруге және ұйымға зиян келтіретін, азаматтардың ары мен абыройына нұқсан келтіретін мәліметтердің жария етілуін болдырмауға міндетті. Бұл талап бұзылған жағдайда ұйымға келген барлық зиян қызметкерден өндіріліп алынады.

  Жоғарыда  көрсетілген шарттар бұзылған жағдайда қызметкер жеке меншік туралы заңға сәйкес материалдық жауапкершілікті мойнына алады және келтірілген шығынның, оның ішінде қолдан кеткен түсетін пайданың орнын толық мөлшерде толтырады4.

  2.4. Келісімшарт мерзімі өткенге  дейін төмендегі негіздерде бұзылуы  мүмкін:

  - жақтардың келісімімен;

  - қызметкер әскери қызметке немесе  өндірістен кем дегенде 1 ай  қол үзетін мерзімге әскери  жиындарға шақырылған жағдайда;

  - қызметкер ұйымда жұмысын жалғастыруын  тоқтатып, жазаға тартылатын сот  үкімі заңды күшіне енген жағдайда;

  - қызметкер сайлау лауазымына сайланған жағдайда5;

  - ұйым жойылған, қайта ұйымдастырылған  немесе қайта мамандандырылған  жағдайда;

  - қызметкер атқаратын лауазымына  лайықсыз деп танылған жағдайда, оның кінәлі істері байқалғанда  немесе қызметкер осы Келісімшарттың талаптарын дөрекі түрде бұзғанда, клиенттерден шағым түскенде, тапсырма шарттарын сапасыз орындағанда, ұйымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасағанда.

  2.5. Қызметкердің бастамасы бойынша  Келісімшарт төмендегі жағдайларда  бұзылуы мүмкін:

  - осы Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындауға кедергі келтіретін ауру немесе мүгедектік жағдайында;

  - ұйым басшысы Келісімшарт талаптарын  бұзғанда.

  2.6. Қызметкердің өз міндеттемелерін  орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы ұйым басшысының бастамасы бойынша Келісімшартты мерзімінен бұзуға негіз болуы мүмкін.

  2.7. Өз міндеттемелерін орындамау  салдарынан кәсіпорынға материалдық  зиян келтірілген жағдайда кәсіпорын  кінәлілерден зиянның тікелей  нақты мөлшерін өндіріп алуға  құқылы.

  Зиян  мөлшері ұйым бухгалтериясы арқылы өндіріліп алынады.

  2.8. Ұйым таратылған, қайта ұйымдастырылған  немесе қайта мамандандырылған  жағдайда, қызметкердің атқаратын  лауазымы сақталмауы мүмкін болса,  ұйым басшысы қызметкерге Келісімшартты  бұзу туралы кемінде 2 ай уақыт  бұрын ескертуге міндетті, көрсетілген мерзімді сақтау мүмкін болмағанда ұйым қызметкерге ____________ _____________________ теңге көлемінде (үш айлық көрсеткіштен кем емес) өтемақы төлеуге міндетті.

  2.9. Келісімшарт мерзімінен бұрын  бұзылатын жағдайда жақтар бір-бірін  30 күннен кешіктірмей құлақтандыруға міндетті. Келісімшарт ұйым бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылатын жағдайда қызметкерге пайдаланылмаған демалысы үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жәрдемақы төленеді.

  Келісімшарттың  бұзылуы мүмкіндігі туралы ескертудің мерзімі кезінде қызметкерге жақтардың келісімі бойынша жаңа жұмыс орнын іздеу үшін айлық жалақысын сақтай отырып6, _______ күн беріледі.

  Қызметкер ескерту мерзімі өткенше жаңа жұмыс орнын тапса, ол келісімшартты  бұл мерзім өткенше тоқтата алады.

  2.10. Келісімшарт тоқтатылғанда немесе бұзылғанда жақтар арасындағы барлық есеп айырысулар _________ күндік мерзімде жүргізілуі тиіс.

  3. Тараптардың міндеттері

  3.1. Ұйым қызметкерге қажетті жұмыс  орнын, қажетті құрал-жабдықтарды,  анықтамалық және ақпараттық  материалдарды ұсынуға міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  3.2. Жұмыстың ерекшелігін есепке  ала отырып, ұйым төмендегі күндерде  қызметкер міндетті түрде келуі  тиіс деп санайды_____________________________________, ал басқа күндері ұйым қызметкердің  басқа ұйымда жұмыс істейтіндігіне7 келісім береді.

  3.3. Ұйым қызметкерге ұсынған жұмыс  орнында еңбек заңнамасының және  қауіпсіздік техникасының бекітілген  нормаларына сәйкес қауіпсіз  әрі салауатты еңбек жағдайларын  қамтамасыз етуге, қызметкерді  ішкі тәртіп ережелерімен, еңбекті  қорғау жөніндегі талаптармен және қызметкердің лауазымдық міндеттемелерін орындауға қажетті басқа да ережелермен таныстыруға міндетті.

  3.4. Қажет болған жағдайда ұйым  қызметкерді ұйым қаржысы есебінен  де, сондай-ақ қызметкердің өз  қаржысы есебінен де біліктілігін  арттыруға жіберуі мүмкін. 

  4. Еңбекақы төлеу  шарттары

  4.1. Осы Келісімшартта қарастырылған  жұмыстарды орындағаны үшін ұйым  қызметкерге ___________________________________ немесе 1 сағат жұмысқа _________ теңге есебі  бойынша еңбекақы төлейді. 

  5. Еңбекақы төлеудің ерекше шарттары

  5.1. Жұмыстың сипаты бір жерге  барып-келу болғанда ұйым таксиден  басқа қала көліктеріндегі жолақыны  төлейді.

  5.2. Қызметкерге тиесілі жекеменшік  оргтехниканы, көлікті, құрал-саймандарды  қолданғанда ұйым ______________________ теңге  көлемінде өтемақы төлеуге міндетті.

  5.3. Демалыс және мейрам күндері  жұмыс істегені үшін ұйым жұмысшыға  екі есе мөлшерде8 еңбекақы төлейді.

5.4. Іссапар  шығындары үшін қызметкерге төленетін  өтемақы жалпы негізде немесе _____________________________________________________________ есебінен төленеді.

  Басқа да өтемақылар: ________________________________________________________  

  Қызметкердің  іссапарға баруы  міндетті саналады9.

  5.5. Ұйым қызметкерге мінсіз еңбегі  үшін «Сыйақы беру және материалдық  ынталандыру ережелеріне» сәйкес материалдық сыйақы төлейді. Ұйым бұдан басқа төмендегідей сыйақы түрлерін төлейді:

  - қызметкердің ұсынысының10 жүзеге асуы нәтижесінде ұйымның қосымша табыс алғандығы үшін;

  - қызметкердің көмек көрсетуі  арқылы (егер бұл оның лауазымдық  міндеттемелеріне кірмесе) ұйымның пайдалы тапсырыстар немесе шарттар алғандығы үшін;

  - клиенттер саны мен бастаманы  арттырғандығы үшін;

  - ____________________________________________________.

  5.6. Ұйымда тұрақты негізде (еңбек  кітапшасын әкелу арқылы) жұмыс  істейтін қызметкерге, ұйым оның өтініші бойынша, жағдайлары мен жеке үлесін есепке ала отырып, қарыз беруі, несие, аванс алып беруі, _________________________ сомадағы теңгеге дейін қайтарымсыз материалдық көмек беруі, _________ күнге дейін ақшалай құнын сақтау, сондай-ақ сақтамастан қосымша демалыс беруі мүмкін. 

  6. Еңбек дауларын  шешу

  6.1. Жақтар арасында дау туындаған  жағдайда, ол ұйым басшысы мен  қызметкер арасындағы тікелей  келіссөздер жасау жолымен реттелуі  керек.

  Келіссөздерге жақтардың мүддесін көздейтін заңгерлер қатысуы мүмкін.

  6.2. Келіссөздер нәтижелері екі жақ  және олардың өкілдері қол  қойған тиісті хаттамамен рәсімделеді.  Қандай да бір жақтан заңгер  қатысқан жағдайда, екінші жақтың  хаттамаға қол қоюдан бас тартуы  келіссөздерді өтпеді деп санауға негіз бола алмайды.

  6.3. Егер дау келіссөздер жасау  кезінде реттелмесе, онда ол қолданыстағы  заңнама негізінде шешілуі тиіс.

  6.4. Даулы мәселелері бар келісімшартты  бұзуға дауды еңбек даулары  бойынша комиссияның (ЕДК) құқықтары  мен ұстанымдары негізінде әрекет ететін, ________ адамнан тұратын, еңбек даулары мен шағымдарды қарау бойынша құрылған арнайы комиссия қарастыруы мүмкін.

  Осы Келісімшарт екі жақта сақталатын және бірдей заңдық күші бар екі  данада жасалады.

______________________    ____________________________

  (ұйымның  атауы)   (өкілетті өкілдің қолы)

______________________

(қызметкердің  қолы)

Информация о работе Биологиялық ұлпалардың пассивті механикалық қасиеттері