Бауыр биохимиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:39, лекция

Описание работы

1. Ас қорыту – ең ірі ас қорыту безі болып табылады. Онда өт, өт қышқылдары (12%), фосфатидилхолин (4%), холестерол (0,7%), тура билирубин, ақуыздар, стероидты гормондар ыдырауының өнімдері, электролиттер, дәрілік препараттардың метаболиттері түзіледі. Өт тағам майларының эмульгирленуін және қорытылуын қамтамасыз етеді.
2. Экскреторлы қызметі – өттің құрамында билирубин, креатинин, мочевина, ксенобиотиктер және олардың залалсыздандырылу өнімдері, холестерол шығарылады.
3. Секреторлы –альбумин және басқа белоктар фракциясының, қан ұю жүйесі белоктарының, липопротеиндердің, глюкозаның, кетон денелерінің, кретиннің синтезі және қанға бөлінуі.

Работа содержит 1 файл

бауырдың биохимиясы.ppt

— 1.89 Мб (Скачать)

БАУЫРДЫҢ  ЖӘНЕ ҚАННЫҢ БИОХИМИЯСЫ

Бауырдың қызметтері

 

1. Ас қорыту – ең ірі ас қорыту безі болып табылады. Онда өт, өт қышқылдары (12%), фосфатидилхолин (4%), холестерол (0,7%), тура билирубин, ақуыздар, стероидты гормондар ыдырауының өнімдері, электролиттер, дәрілік препараттардың метаболиттері түзіледі.

  • Өт тағам майларының эмульгирленуін және қорытылуын қамтамасыз етеді.

 

2. Экскреторлы қызметі – өттің құрамында билирубин, креатинин, мочевина, ксенобиотиктер және олардың залалсыздандырылу өнімдері, холестерол шығарылады.

 

3. Секреторлы –альбумин және басқа белоктар фракциясының, қан ұю жүйесі белоктарының, липопротеиндердің, глюкозаның, кетон денелерінің, кретиннің синтезі және қанға бөлінуі.

 

4. Қор қызметі – гликоген, минералды заттар, витаминдер, фоль қышқылының қоры болып табылады.

 

5. Метаболитикалық қызметі

 

6. Залалсыздандыру қызметі

Бауырдағы заттар алмасуының байланысы

 

  • Көмірсулар мен ақуыздар алмасуының «қосылған» жері – пируват, Кребс циклындағы оксалоацетат және α-кетоглутарат болып табылады. Олар трансаминдену реакцияларында аланинге, аспартатқа және глутаматқа айналады.

 

  • Көмірсулар және липидтер алмасуының байланысы:
  • Пентозды циклда түзілетін НАДФН молекулалары май қышқылдары және холестерол синтезіне пайдаланылады
  • Гликолизда түзілетін глицерол-3-фосфат үшацилглицеридтердің синтезіне пайдаланылады
  • «Глюкозалық" және "аминқышқылдық" ацетил-SКоА май қышқылдарының және холестеролдың синтезіне қатысады

Бауырдағы заттар алмасуының байланысы

Бауырдағы көмірсулар алмасуы

 

  • Гликогеннің синтезі және ыдырауы қанда глюкоза деңгейін тұрақтандырады
  • Гексозалардың (фруктозаның, галактозаның) глюкозаға айналуы жүреді
  • Пентозды цикл НАДФН қамтамасыз етеді, ол микросомальды тотығу, май қышқылдарының, холестериннің синтезіне пайдаланылады

Бауырдағы көмірсулар алмасуы

Бауырдағы липидті алмасу

 

  • Май қышқылдары ацетатты блоктан синтезделеді. Ары қарай майлардың және фосфолипидтердің құрамына еніп, қанға липопротеиндер түрінде түседі.
  • Холестерин синтезделеді де, липопротеиндердің құрамында басқа мүшелерге жеткізіледі. Артық мөлшері өт қышқылдарына айналады да, өттің құрамында шығарылады

Бауырдағы липидті алмасу

Бауырдағы ақуызды алмасу

 

  • Плазмадағы аминқышқылдарының мөлшері бауыр қызметімен реттеледі
  • Артық аминқышқылдары ыдырап, аммиак мочевина циклында байланысады
  • Қан плазмасы белоктарының синтезі және ыдырауы жүреді

Метаболитикалық қызметті бағалау

 

Клиникада қолданылатын әдістер:

 

Көмірсулар алмасуын бағалау:

  • Қандағы глюкоза деңгейі бойынша
  • Глюкозотолерантты тест қорытындысы бойынша
  • Гормондарды енгізгеннен кейін (адреналин) гипергликемия мөлшері бойынша

 

Липидті алмасуды бағалау:

  • Қанда үшацилглицериндер, холестерин, ТӨТЛП, ТТЛП, ТЖЛП деңгейі бойынша
  • Атерогендік коэффициенті бойынша

 

Белокты алмасуды бағалау:

  • Қан сары суында жалпы белокты және оның фракцияларын анықтау бойынша
  • Коагулограмма көрсеткіштері бойынша
  • Қанда және зәрде мочевина деңгейі бойынша
  • АСТ, АЛТ, ЛДГ-4,5, сілтілі фосфатаза, глутаматдегидрогеназа ферменттерінің белсенділігі бойынша

 

Пигментті алмасуды бағалау:

  • Қан сары суында жалпы және тура билирубин мөлшері бойынша

Бауырдың залалсыздандыру қызметі

 

Конъюгация реакцияларының негізгі қышқылдарының құрылысы

Бауырдың залалсыздандыру қызметі

Бауырдың залалсыздандыру қызметі

Бауырдың залалсыздандыру қызметі

Бауырдың залалсыздандыру қызметі

Бауырдың залалсыздандыру қызметі

Қанның биохимиясы

 

  • Қан плазмадан және клеткалардан (формалық элементтерден) тұратын сұйықтық
  • Формалық элементтер клеткалардың үш түрінен тұрады - эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер.

 

  • Қан плазмасы белоктардың, электролиттердің, моносахаридтердің, төменмолекулярлы құрамында азот бар қосылыстардың, липопротеиндердің ерітіндісі болып табылады.

 

  • Қан ұйығаннан кейінгі сұйық фаза қан сары суы деп аталады. Онда фибриноген болмайды.

 

Қанның қызметі

 

  • Тасымалдаушы. Қан газдарды – оттегі және СО2, қажетті заттарды тасымалдайды. Гормондарды тасымалдау. 
  • Гомеостаз. Қанның қышқылды-сілтілі тепе-теңдігі өкпе, бауыр және бүйрек арқылы реттеледі.

 

  • Қорғаныш. Иммунды жүйе арқылы

 

  • Гемостаз. Қан ұю жүйесі

Қанның клеткалары

 

  • Қан элементтері – эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер болып табылады.
  • Лейкоциттерге түрлі формадағы гранулоциттер, моноциттер, лимфоциттер жатады.
  • Тромбоциттер қан коагуляциясын қамтамасыз етеді.

Қан плазмасының құрамы

 

  • Қан плазмасы электролиттердің, метаболиттердің, белоктардың, витаминдердің және басқа да қажетті заттардың сулы ерітіндісі болып табылады.
  • Қан плазмасының электролитті құрамы Na+, Са2+ и Cl- иондарының жоғары концентрациясымен ерекшеленеді. Керісінше, К+, Mg2+ және фосфаттардың концентрациясы клеткаға қарағанда төмен болады. Қан плазмасының электролитті құрамы теңіз суының құрамына ұқсас.

Қан плазмасы белоктарының қызметі

 

  • Қанның коллоидты-осмостық қысымын сақтайды  – альбуминдер;
  • Қышқылды –сілтілі тепе-теңдікті сақтауға қатысады – альбуминдер, гемоглобин,
  • Кальций, магний, мыс және басқа иондарды байланыстырып, зәрмен шығарылуын тежейді – альбуминдер және өзгешелік тасымалдаушы белоктар,
  • Органикалық заттарды байланыстырады және тасымалдайды (көмірсулар, липидтер, гормондар, витаминдер, токсиндер)– альбуминдер және т.б.,
  • Қанның қоймалжыңдығын анықтайды және қан ағымында эритроциттер мен лейкоциттердің тұрақтылығын сақтайды (қанның реологиялық қасиеттері)– қан ұю жүйесінің белоктары,
  • Қан ұюға қатысушы маманданған белоктар  (фибриноген, протромбин, антигемофильді глобулин және т.б.),
  • Ағзаның иммунды қоғанысын қамтамасыз етеді – иммуноглобулиндер, комплемент жүйесінің факторлары, трансферрин,
  • Тканьдердің зақымдалуы кезінде ағзаның өзгешелік емес қорғанысын қамтамасыз етеді – өткір кезең белоктары.

 

Плазма белоктары

Өткір кезең белоктары

 

  • Альфа-глобулиндер
  • Бактриалды, вирусты, паразитарлы инфекция, токсикалық және аутоиммунды реакциялар, қатерлі ісіктер кезінде артады.
  • Бауырда, моноциттерде, лимфоциттерде, нейтрофилдерде синтезделеді. Олардың концентрациясы зақымдалу ауқымына байланысты болады. Синтезі цитокиндермен, анафилотоксиндермен, глюкокортикоидтармен реттеледі.
  • Оларға С-реактивті белок, қан сары сулы амилоид А, гаптоглобин, α2-макроглобулин, церулоплазмин, α1-гликопротеин, α1-антитрипсин, орозомукоид жатады.
  • Олардың концентрациясының артуы жасырын қабыну процесінің де айғағы болып табылады (мысалы, атеросклероз).

Эритроциттердегі зат алмасуы

Эритроциттердегі зат алмасуы

Гемоглобиннің құрылысы

Гемоглобиннің құрылысы

Гемоглобиннің биосинтезі

Гемоглобиннің биосинтезі

Гемоглобиннің биосинтезі


Информация о работе Бауыр биохимиясы