Бас миы және жұлынның өткізгіш жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 18:05, реферат

Описание работы

Сыртқы тітіркенулерді қабылдайтын рецепторлар экстероцепторлар леп аталады. Эволюцияның ерте кезеңдерінде олар негізінен дененің сыртқы жабындыларында орналасқан, бұл сыртқы тітіркенулерді қабылдау үшін қажет еді, сондықтан адамда да олар эмбриогенезде сыртқы ұрық жапырақшасынан – эктодермадан дамиды. Қызметі жағынан асқорыту жүйесімен тығыз байланысты, сондықтан эндодермадан дамитын дәм сезу мүшесінің ғана қатысы болмайды.

Работа содержит 1 файл

коммун дағды.docx

— 16.31 Кб (Скачать)

                                М.Оспанов атындағы БҚММУ

 

 

 

Факультеті: жалпы  медицина

Кафедрасы: қалыпты  анатомия

 

 

Мәнжазба 

 

Тақырыбы: Бас миы және жұлынның өткізгіш жолдары

 

                                

                                                            

 

 

                                                            Дайындаған: Әбдіразақова Ә.А 108 «А»

                                                            Тексерген: Болатовна А 

 

 

 

 

                                Ақтөбе 2012 жыл

  Организм тітіркенуді сыртқы және ішкі орталардан қабылдайтындықтан, сыртқы, ішкі тітіркенулерді қабылдайтын рецептордан келетін импульстарды таситын жолдар болады.

   Сыртқы  тітіркенулерді қабылдайтын рецепторлар  экстероцепторлар леп аталады.  Эволюцияның ерте кезеңдерінде  олар негізінен дененің сыртқы жабындыларында орналасқан, бұл сыртқы тітіркенулерді қабылдау үшін қажет еді, сондықтан адамда да олар эмбриогенезде сыртқы ұрық жапырақшасынан – эктодермадан дамиды. Қызметі жағынан асқорыту жүйесімен тығыз байланысты, сондықтан эндодермадан дамитын дәм сезу мүшесінің ғана қатысы болмайды. 

    Тері  анализаторнының аферентті талшықтары  үлкен ми қыртысына тактилді  тітіркенулерін, стереогнозия сезімін,  ауыру және температура тітіркенулерін  жеткізеді. Осыған байланысты  олар бірнеше топқа бөлінеді.

   Терінің  тактилді сезімталдығын өткізгіш  жолдар – tractus gangliospinothalamocorticalis. Рецептор тері қабатында жатады. Өткізгіш жол үш нейроннан тұрады. Бірінші нейронның жасушалық денесі сезімталдықтың барлық түрлерінің шеткі нейрондары жасушаларының жиыны болып табылатын жұлын түйінінде орналасады. Бұл түйін жасушаларынан шығатын қсінді екі тармаққа бөлінеді; олардың шеткісі тері нерві құрамында рецептордан шығады, ал орталық тармақ артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы жіпшесіне барып, сол жерде жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармақтарға бөлінеді. Талшықтардың бір бөлігі мен жанама тармақтарын жұлынның артқы мүйіздерінде аяқталады. Жоғарылаған талшықтардың басқа бөлігі артөы мүйіздерге енбей, жұлынның артқы жіпшелеріне жүріп fasciculus cuneatus et gracilis құрамында сопақша мидың аттас ядроларына жетеді. 

   Жұлынның  артқы мүйіздері мен сопақша  мидың аталған ядроларында екінші  нейронның жасуша денесі жатады. Артқы мүйіздерде орналасқан  жасушалардың аксондары comissura alba – арқылы ортаңғы жазықтықты  қиып өтіп, қарама – қарсы жақтың  бүйір жібінде орналасқан   tractus spinothalamicus lateralis құрайды.

  Жұлын –  таламустық будалардың айқасуы  артқы түбіршіктің жұлынға кіретін  деңгейінен 2-3 сегмент жоғарылау жерде өтеді. Бұл фактінің клиника үшін елеулі маңызы бар, себебі бұл буда біржақты зақымданғанда қарама – қарсы жақтағы тері сезімталдығының бұзылуы зақымданған деңгейде емес, одан төмендеу байқалады.

   Таламуста  үшінші нейронның жасуша денесі  жатады, оның аксондары  құрамында  үлкен ми сыңарлары қыртысына,  орталық артындағы қатпар мен  тері анализаторының қыртыстық  шеті орналасқан шеке бөлігіне  барады. 

  Ауырсыну  және температура сезімталдығының  өткізгіш жолдары 

  Бірінші  нейронның жасуша денесі жұлын түйінінде жатады, ол түйіннің жасушалары шеткі өсінділері арқылы терімен, ал орталық өсінділері арқылы екінші нейронның – жасуша денесімен жайғасқан жұлынның артқы мүйіздерімен байланысқан. Екінші нейрон аксоны comissura alba құрамында басқа жағына ауысып, көтеріледі. Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның өсіндісі үлкен ми сыңарыны қыртысына келіп, сол жерде орталық артындағы қатпарда аяқталады.

   Экстерорецептордан  шығатын өткізгіш жолдардың екінші  нейрон талшықтарының айқасу  нәтижесінде ауырсыну, температура  , ішінара жанасу және қысым  сезу сезімталдығы импульстары  дененің қарама – қарсы жағынан  орталық артындағы қатпарға беріледі. Сондықтан айқаспаға дейін бірінші  немесе екінші нейронның зақымдануы  сол зақым келген жақтың сезімталдығын  бұзатындығын есте сақтау керек.  Егер айқаспадан кейін екінші  нейрон немесе үшінші нейрон  зақымдалса, онда осы зақымданған  жердің қарсы жағында байқалады. 

 

  Ішкі тітіркенулер рецепторларынан  шығатын өткзгіш жолдар 

Ішкі тітіркенулер рецепторларынан  шығатын өткзгіш  жолдар қозғалыс аппараттарынан – проприоцепторлардан шығатын жолдар қозғалыс анализаторы және ішкі ағзалар мен тамырлар рецепторларынан шығатын жолдар – интероцепторлар деп бөлінеді, жолдардың екінші тобы интероцептивтік анализатор болып табылады.

 

 

           Қозғалыс анализаторының өткізгіш жолдары

Қозғалыс анализаторы  терең проприоцептивтік сезімталдықты  қабылдайды, оған бқлшықет – буын, діріл, қысым мен салмақ сезімдері жатады. Проприоцептивтік сезімдалдықтың негізгі түрі – бұлшықет-буын, яғни буын қабының, сіңірлердің керілуі мен бұлшықеттердің кернеуі дәрежесінің өзгеруінен пайда болатын импульстар, осы импульстардың әсерінен адамда өз денесі мен оның бөліктерінің кеңістіктегі орналасу қалпы және оның өзгеруі туралы түсінік қалыптасады.

  Қозғалыс анализаторының өткізгіш жолдары – tractus gangliobulbothalamo-corticalis және tractus spinocerebellaris anterior et posterior болып табылады.

Tractus gangliobulbothalamocorticalis – рецепторлары сүйектерде, бұлшықеттерде, сіңірлерге, буындарда,  яғни меншікті денеде жатады, сондықтан проприоцепторлар деп аталады.

  Өткізгіш  жол үш нейроннан тұрады. Бірінші  нейронның жасуша денесі жұлын  түйінінде орналасады. Бұл жасушаның  аксоны екі тармаққа  бөлінеді: шеткі тармақ бұлшықеттің нерві  құрамында проприоцептордан шығады, орталық тармақ құрамында жұлынның  артқы жіптеріне өтіп, fasciculus gracilis пен fasciculus cuneatus құрамында сопақша миға дейін барады.олар олар осы жерде аталған жіптердің аттас ядроларында – nucleus gracilis және nucleus cuneatus аяқталады.

  Бұл ядроларда  екінші нейрондардың денелері  орналасады. Олардың аксондарының  құрамында үшінші буын басталатын  таламустың латералды ядроларына  жетеді. Үшінші буын жасушаларының аксондары арқылы қозғалыс анализаторының қыртыстық шеті орналасатын орталық алдындағы қатпар қыртысына келеді. 

 

  Мишыққа баратын проприоцептивті жолдар. Қозғалыс аппаратынан шығатын сезімталдық, санадан тыс импульстар жұлындық пропроцептивті жолдар арқылы мишыққа жетеді.

  Tractus spinoserebellaris anterior. Бірінші нейрон артқы жолдағыдай. Жұлын сұр затының substantia intermedia centralis-ында екінші нейрондар жасушалары орналасады, олардың аксондары tractus spinoserebellaris anterior арқылы қарама – қарсы жағының бүйір жіпшелерінің алдыңғы бөлімдеріне өтіп, сол жерде  айқасады. Жол сопақша ми мен көпір арқылы ми желкеніне дейін көтеріліп, сол жерде қайтадан айқасады. Осыдан кейін талшықтар мишықтың жоғарғы аяқшалары арқылы оған еніп, құрт қыртысында аяқталады. Нәтижесінде бұл жол екі рет айқасқан болып шығады.

  Сөйтіп, екі  мишық жолы да жұлын мен  мишықтың аттас жартыларын  байланыстырады.

  Tractus spinoserebellaris posterior. Бірінші нейронның жасушалық денесі жұлын түйінінде жатады, аксон екі тармаққа бөлінеді, олардың шеткісі бұлшықет нерві құрамында қозғалыс аппаратының рецепторларынан шығады, ал орталық тармақ артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы мүйіздеріне өтіп, өздерінің соңғы және жанама тармақтары арқылы nucleus thoracicus- те синапс құрып аяқталады.  Жұлынның бүйір жіпшесі құрамында мишық құрт қыртысына келеді. Ол жұлын мен сопақша мидағы өз жолында айқаспайды, сондықтан оны тік мишық жолы деп атайды. Алайда, мишыққа енгеннен кейін оның көп бөлігі құртта айқасады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бас миы және жұлынның өткізгіш жолдары