Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:46, реферат
Коммуналдық гигиена – ол елді мекендер жағдайында тіршілік орта факторларының адамның денсаулығына әсерін зерттеуші және осының негізіне халықтың денсаулығын және тіршілігінің жағымды жағдайларын сақтауын қамтамассыз етуші гигиеналық нормативтер мен санитарлық ережелерді құрастырушы гигиенаның тарауы.
Негізгі бөлім
Қазақстанда комуналды гигиенаның даму тарихы және ғалымдары
Чокин Алихан Ризаұлы
Самарин Р.И.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
1989 жылы АММИ-да санитарлық-гигиена факультеті қайта құрылды, және екі пәннен тұратын 1991 жылы ашылған арнайы кафедра – комуналдық гигиена кафедрасы болды, бұл кафедраны профессор Неменко Б.А ұйымдастырды. Кафедра өз жұмысын басынан бастады оқу базасы болған жоқ оқу бөлмесі жоқ құрал жабдықтарды қай қайта алу керектігі туындады Оқу құралдарын қайта өңдеу әдістемелік нұсқауларды қайта жазу керек. Кафедраның қайта құрылуына Қазақстан республикасының мемлекеттік бас дәрігеріАндрей Андреевич Реймердің көмегі өте зор болды. Гагарина көшісінде орналасқан ғимаратты керекті құрал жабдықтармен қамтам асыз етуге зор үлесін тигізді.
Алғашында кафедра Алматы қаласының әртүрлі мекемелерінен шақырылған кішкентай дәрігерлер ұжымынан тұрды. Кафедраны м.ғ.д., Қазақстанның МҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор Неменко Б.А басқарды. Ол өзінің еңбек еткен жылдарының 12 жыл бойында гигиена және кәсіптік аурулар ҒЗИ-нің директорының бірінші орынбасар қызметін атқарды және республиканың барлық гигиена ғылымын бағыттай отырып, Қазақ ССР-ның Денсаулық сақтау министірлігінің медицина ғалымдары кеңесінің басқармасының бірінші орынбасары қызметінде болды, бүгінгі күнге дейін «Гигиена» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі «Гигиена қоршаған орта ғылыми негізі» және «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының ғылыми негізі» деп аталатын Бүкіл одақтың проблемалық комиссияларының мүшесі.
1995 жылдан бері профессор Неменко Б.А Қазақстанның медицина ғылымдарының Академиясының корреспондент мүшесі және гигиена секциясының төрағасы. Ол 300 ғылыми еңбек, 4 монография жариялады, оның жетекшілігімен 15 кандидаттық диссертация қорғалынды.
Профессор Неменко Б.А комуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша жоғарғы оқу орындары мен колледждерге арналған мемлекеттік және орыс тілінде 5 оқулықтың авторы. Қазір Республиканың барлық жоғарғы оқу орындарының студенттері осы оқулықтарды пайдаланады. Кафедра жұмысы қиын жағдаймен басталды: оқу базасы, оқу бөлмелері, жабдықтар болмады. Әдістемелік материалдарды жасауға тура келді. Алғашқы кафедраның оқу базасы болып есептелетін 2 қабатты ғимарат проф. Б.А.Неменконың көмегінің арқасында АММИ-не берілді. Осы базада ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған химиялық лабаратория, фотолабаратория, атомды-адсорбциялық лабараториялар ашылды.
Кафедра ұжымы Қарағанды Медициналық институтын бітіруші тек санитарлық дәрігерлермен (Уважанова А.С., Оспанова Г.К., Бердалина Р.А.), содан кейін АММИ бітірген түлектер (Абдразақова С.Ө., Жусупов А.А., Адимолдаев Э.Б., Тулебаева Г.Р., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Стыбаева Г.С., Елгондина Г.Б., ақырғы екі жылда Досмухаметов А.Т., Илиясова А.Д. Текманова А.К., Сакеев А.О., Кажибекова Р.А.) толықты. Осылардың көпшілігі кейіннен диссертациялық жұмыстар жазып қорғады, аға оқытушы, доцент атағын алып, ғылыми жұмыстармен айналысады. 1997-1998 оқу жылдарында кафедра толық профессорлар оқытушылармен қамтамасыз етіліп, оқытушылар саны 22 адамға жетті. Профессор Неменко Б.А. комуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасынан дәрістер курсын, студенттер мен оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқауларды, мамандық бойынша типтік оқу бағдарламасын дайындады.
Осы жылдар ішінде оқу үрдісін жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізілуде, тестілеу сияқты жұмыстың жаңа түрі енгізілді. Бұл жұмысқа кафедра ұжымының барлығы ат салысты. Комуналдық гигиена мен балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде барлық тарау бойынша тесттік бақылау жүргізуге және студенттердің білім деңгейін тексеруга арналған сауалдар құрастырылды. Дәрістер жеткілікті дәрежедегі кестелермен, слайдтармен, бір сөзбен айтқанда оқу әдістемелік материалдардың барлық түрімен қамтылған. Кафедраның профессорлық оқытушылары бұрыннан қалыптасқан бірегей бағдарламаларды негізге ала отырып, оқу әдістемесіне жұмыстарды үнемі жетілдіріп отырады.
Мемлекеттік тіл туралы заң шығуына байланысты кафедраның қалыптасуы жылдарында оның алдында оқу үрдісін осы бағытта қайта құру келелі ісі тұрды. Кафедра ұжымы қысқа мерзімде қазақша білімді қызметкерлермен толықтырды. Нәтижесінде аз уақытта барлық оқу әдістемелік материалдар, дәрістер, әдістемелік нұсқаулар, көмекші оқу құралдары қазақшаға аударылды. Кафедра қызметкерлері 7 тараудан тұратын комуналдық гигиена бойынша балалар мен жасөспірімдерге гигиенадан басшылық оқу құралын баспадан шығарды.
Кафедра студенттерге оқу үрдісін меңгеру үшін екі пәннен Мемлекеттік және орыс тілдерінде негізгі терминдер сөздігі жасалды. 2002 жылы мемлекеттік тілде «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» оқулығы шықты, авторлары проф.Неменко Б.А, аға оқытушы Оспанова Г.К. 2003, 2004 және 2005 жылдары Б.А. Неменконың авторлық басшылығымен мемлекеттік және орыс тілінде медициналық-профилактикалық факультетінің төменгі және жоғарғы курс студенттеріне арналған «Комуналдық гигиена» оқулықтары шықты (аудармашылар аға оқытушы Абдразакова С.Ө., асс. Арынова Г.А.)
Информация о работе Қазақстан Республикасының ғалымдары: А.Р. Чокин, Р.И. Самарин және