Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 18:11, доклад
Қазақстанның халық емшілер қауымдастығының президенті Зиядан қажы Қожалымов қазақ ұлттық медицинасында орын алып отырған кемшіліктер жайында әңгіме қозғайды. Мүндағы басты мәселенің бірі - Республикадағы емшілердің, рухани күйзелген адамдар мен науқастанған жандарды қасиетті ата-баба мазарларының басына апарып емдеуді бизнеске айналдырып алғандығы болып отыр. Қажының айтуынша, бұл мәселе Парламент депутаттарының қарауына ұсынылыпты.
Қазақ ұлттық медицинасының
қазіргі беталысы мен осы саладағы
кемшіліктер
Қазақстанның халық емшілер қауымдастығының президенті Зиядан қажы Қожалымов қазақ ұлттық медицинасында орын алып отырған кемшіліктер жайында әңгіме қозғайды. Мүндағы басты мәселенің бірі - Республикадағы емшілердің, рухани күйзелген адамдар мен науқастанған жандарды қасиетті ата-баба мазарларының басына апарып емдеуді бизнеске айналдырып алғандығы болып отыр. Қажының айтуынша, бұл мәселе Парламент депутаттарының қарауына ұсынылыпты.
Қазақтың
ұлттық медицинасы
Ғалымның айтуынша,
мұндай атақты алып жүргендер, бұрын аталмыш
қауымдастықта тізімде тұрғандар екен.
Мәселен, қазіргі таңда емші болып жүрген,
мамандығы бойынша техник-механик - Тоқтахунов
Абдрахман деген азамат пен тағы бір Қазақстан
кәсіби халық емшілер қауымдастығын құрып
алған Әділхан Ерманов. Зиядан қажының
сөзіне қарағанда, оның тек орта білімі
ғана бар екен. Ал, Ақтөбе облысының Медицина
университетінің дипломын сатып алыпты.
«Бұл біздегі кемшілік», - дейді Зиядан
қажы.
Сондай-ақ, ғалым,
біз мұндай кемшіліктермен күресе отырып,
ата бабаларымыздан келе жатқан киелі
қасиетті аман сақтап қалуымыз қажет дегенді
алға тартады. Дегенмен де, соңғы зерттеулер
жаман нәтиже бермесе керек. Себебі 14 ғасырда
өмір сүрген Майқы баба мен 15 ғасырда өмір
сүрген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбектері
қазақ медицинасының мәртебесін бір көтеріп
тастағанға ұқсайды. Әлі де, қазақ медицинасының
тарихында небір таңғажайыптарды жасаған
асылдар зерттеусіз жатыр. Оған қаражаттың
қолбайлау болып тұрғаны да бар.
Зиядан қажы
Қожалымов тылсым дүниені зертеуде
көп еңбек еткен адам. Оның «Мәңгілік
құпия шежіресі», «Ғарыш-табиғат», «Адам-
Құран шежіресі», «Шапағат нұр ордасы»
сияқты ғылыми еңбектері халық арасында
кең тараған. Көненің көзін сақтап, асылдың
сынығын жинап жүрген Зиядан қажы халық
медицинасын зерттеуде Ресей Қазақстаннан
әлдеқайда озық екендігін айтады.
Соңғы жылдары Қазақстанда
емшілер арасында рухани күйзеліске ұшыраған
немесе науқастанған адамдарды тауып
алып, олардан ақша жиып, қасиетті ата-баба
мазарына апарып, емдеушілер жағы көрініс
беріп кетті. Емшілер жағы мұны « Ақ жол»
деп атайды. Әрине, жаны қиналған адамдардың
ішінде мұның ақ-қарасын ажыратып жатқандар
шамалы. Ал, Зиядан қажы: «Бұл барып тұрған
өрескелдік, бұған жол берілмеу керек»,-
дегенді айтады.
Ғалымның сөзіне
қарағанда, Мұхаммед пайғамбардың хадисінде
«Менің мүміндерім қабырстанға барыңдар,
сендерге АЛЛАНЫҢ сауабы бар» делінген
екен. «Бірақ, бұл адамзаттың о, дүниелік
болатындығын ескерту ғана»,- дейді Қожалымов.
Қажының айтуынша,
мазарға барып, оны құшақтап жылап,
одан бірдеме тілеу дұрыс емес.
Бұл шариғатта да жоқ нәрсе. Ал,
Қазақстанда , рухани күйзелген немесе
науқастанған адамдарды ата-баба мазарларына
апарып емдеу, емшілердің бизнесіне айналып
бара жатыр. Сондықтан да бұл мәселе, Парламентте
қаралып жатыр дейді қажы. Ал, жалпы мұндай
жерге тек таза ниетпен барып, таза ниетпен
қайту керек.
Көп жылдар бойы
Қазақстан халық емшілер
Информация о работе Қазақ ұлттық медицинасының қазіргі беталысы мен осы саладағы кемшіліктер