Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:06, статья
Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Атын көп естімеген бұл аурумен ауыратын балаларымыздың қатары кейінгі жылдары күрт өсіп кеткен. Оған елімізде аутизмге шалдыққандарды анықтау жүйесінің жоқтығы, кәсіби мамандардың жетіспеушілігі мен ата-аналардың немқұрайдылығы себеп.
Аутизмге шалдыққан сәбилер
Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Атын көп естімеген бұл аурумен ауыратын балаларымыздың қатары кейінгі жылдары күрт өсіп кеткен. Оған елімізде аутизмге шалдыққандарды анықтау жүйесінің жоқтығы, кәсіби мамандардың жетіспеушілігі мен ата-аналардың немқұрайдылығы себеп.
Аутизм - балалар ауруы. Адамның психикасындағы ауытқулар нәтижесінде бала өз-өзінен тұйықталып, сыртқы ортаға бейімделе алмай қалады. Тілі кеш шығып, ақыл-есінің кенже дамуы - аталмыш сырқаттың белгілері. Өзге сәбилер секілді күлмейді, жеке отырып ойнап, ойыншықтарымен сөйлеседі, тіпті өз атына елеңдемеуі де мүмкін. Бірақ көп ата-аналар «уақыт өте келе тілі шығып кетеді» деп, перзентінің мұндай жағдайына аса мән бермейді. Мамандардың айтуынша, аутизммен ауыратын балалардың интеллектуалдық деңгейі де әртүрлі болады екен. Кейбірінің санасы мүлдем дамымай кенже қалса, енді біреулері ғылым-білім, өнердің жекелеген салаларында керемет талантты екендігін көрсетеді.
- Аутист бала - сөйлескісі келмейтін бала емес, бегілі бір себептерге байланысты айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсудің жолдарын білмейтін бала. Өзге адамдар пайдаланатын тілдесудің жолдарын да білмейді. Мұндай іс-әрекеттің себебі - биологиялық, яғни орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен байланысты. Дегенмен аутист балалардың психологиялық дамуында ауытқушылығы бар балалардың қатарына жататыны бекер емес. Бұл қиындықтарды жеңуіміз керек. Ақыл-есінің дамуында ауытқушылығы бар өзге балалардан айырмашылығы - олардың қарым-қатынасқа түсіп, тілдесе алмауында. Өзгелермен қалыптасқан тәсілмен тілдеспегеннен кейін, ақыл-есі кенжелеп, оқыту-үйрету арқылы қалыптасатын мінез-кұлық дағдысынан ада қалады. Оларда оңалту шаралары «Мүгедектерді оңалту жөніндегі мемлекетік бағдарлама» арқылы реттеледі. Көмек беру үш сатыдан тұрады. Бірінші аутизмге бейімі бар балаларды анықтау болса, екінші деңгей - балаларға психо-педагогикалық көмек беру, үшіншіден, оларды әлеуметтік тұрғыда қорғау керек, - дейді республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтың психологиялық-медициналық, педагогикалық ақыл-кеңес бөлімінің меңгерушісі Әлия Ерсарина.
Әлем
бойынша 67 миллион адам аталмыш аурудың
құрсауына түскен. Ал Қазақстандағы
ресми статистиканың өзі күмән
тудыратын көрінеді. Облыстық психо-медициналық,
педагогикалық
-
Аутизмге шалдыққан бала тек
ата-аналардың иығына түскен
Мамандардың айтуынша, балаларға дер кезінде көмек көрсетілсе, олардың 60 пайызы мектеп бағдарламасына ілесіп, толыққанды білім ала алады. Өкініштісі сол, аутизмге және де басқа психикалық ауытқушылыққа шалдыққан балалардың 90 пайызы арнайы білім беру жүйесімен қамтылмағандықтан мүгедек болып қалып жатыр...
- Бұл ауруға қыздардан гөрі, ұл балалар көбірек шалдығады. Бізде ерте анықтау, диагностикалау жағы қатты ақсап жатыр. Мәселен, мен өз баламның аутизммен ауыратынын 4 жасқа келгенде ғана білдім. Ал ол кезде дамудың негізгі кезеңдерінің бәрі артта қалады. Шыны керек, біз өз баламызды еш түсіне алмадық. Өзі де не болып жатқанын ұқпайды. Өзге әлемде өмір сүріп жатқан секілді. Сондықтан оған бірнәрсені түсіндіріп, балаға не керек екенін түсіну өте қиын. Біз ата-аналарға көмектесіп, қол қусырып отырмауын мақсат етеміз. Аутист баласы бар отбасыларға өте қиын. Өйткені өзгелер баланы түсінбейді, айналадағыларға бала өте ерке, дұрыс тәрбие алмаған секілді көрінеді. Сондықтан аутизмді 3 жасқа дейін анықтап, дер кезінде психо-медициналық көмек беру керек, - дейді аутизммен ауыратын ата-аналардың басын қосқан «Ашық әлем» қоғамдық қорының президенті Әлия Арқарова.