Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:25, реферат
Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соктыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне тұрып қалған шұжықтарды, сүрлемелерді, улы саңырауқұлақтарды пайдалану кезінде байқалады. Қарын және ішек аурулары кейде ауру қоздырғыш микробтар арқылы да таралады. Ондай микробтар кайнамаған су ішкенде, таза жуылмаған көкөністер мен жемістерді жегенде ағзаға түседі. Таза жуылмаған ыдыстарды пайдаланғанда немесе қолды таза жумаған кезде де микробтар ағзаға түсуі мүмкін. Ішекке түскен микробтар тез көбейін, өздерінен улы заттар бөледі де, ағзаны улайды.
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары
Улы саңырауқұлақ
Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соктыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне тұрып қалған шұжықтарды, сүрлемелерді, улы саңырауқұлақтарды пайдалану кезінде байқалады. Қарын және ішек аурулары кейде ауру қоздырғыш микробтар арқылы да таралады. Ондай микробтар кайнамаған су ішкенде, таза жуылмаған көкөністер мен жемістерді жегенде ағзаға түседі. Таза жуылмаған ыдыстарды пайдаланғанда немесе қолды таза жумаған кезде де микробтар ағзаға түсуі мүмкін. Ішекке түскен микробтар тез көбейін, өздерінен улы заттар бөледі де, ағзаны улайды. Қарын мен ішектің қауіпті ауруларына - дизентерия (сатқақ), іш сүзегі, тырысқақ және т.б. аурулар жатады. Бұл аурулардың көпшілігінде дене қызуы көтеріледі, құсады, ішек қызметі бұзылып, іш өтеді. Бұл кезде адам өздігінен емделмеуі тиіс. Ауру белгілері біліне бастағаннан-ак дәрігерге көріну қажет.
Кейбір ауру қоздырушы микробтар көбіне сілекейдің, қарын сөлінің, өттің әсерінен тіршілігін жояды. Тіршілікке ерекше бейім микробтар ішекке түсуі де мүмкін. Мұндай микробқа тырысқақ ауруының қоздырғышы - тырысқақ вибрионын жатқызуға болады. Оның пішіні үтірге ұқсас. Ол сулы ортада ұзақ уақыт тіршілік етуге әбден бейімделген және тіршілігін ұзақ уақыт жоймайды. Тырысқақ вибрионына хлорлы әк тез әсер етеді. Сондықтан да тырысқақ індеті таралған жерде алдымен қолды сабынмен жуады. Одан кейін арнайы дезинфекциялық ерітіндімен қолды шайып, артынан таза сумен жуады. Тырысқақ ауруының микробтары аш ішекті, сатқақ микробтары тоқ ішекті зақымдайды. Ішек-қарын ауруларын көбіне тағам қалдықтарымен қоректенетін шыбындар, тарақандар таратады. Олар тағамдарды әр түрлі ауру қоздырғыш микробтармен, ішек құрттарының жұмыртқаларымен ластайды. Сондықтан да тағамдарды тоңазытқышта, арнайы ыдыстарда, қораптарда сақтау керек. Бунақденелілердің жаппай көбеймеуі үшін пәтерлерде, үйлерде, аулаларда гигиеналық ережелерді қатаң сақтау қажет.
Мазмұны
1 Ішекте болатын құрт аурулар
2 Тағамнан улану
3 Дұрыс тамақтану және денсаулық
4 Тамақтану ережесі
Ішекте болатын құрт аурулар
Адам ағзасында пішіні мен мөлшері түрліше ішек құрттардың тіршілік етуі мүмкін. Ішек құрттарының көпшілігі жабайы және үй жануарларының ішкі мүшелерінде тіршілік етеді. Ішек құрттары өз иелеріндегі дайын тағамдық заттармен қоректеніп, у бөледі. Бөлінген у ағзаны улап, түрлі ауруға шалдықтырады. Ішек құрттарымен зақымданган ауруларға тән белгілер: тез шаршайды, басы ауырады, лоқсиды, құсады. Кейде қаназдық ауруына да шалдығуы мүмкін. Ішек құрт аурулары кейде сырттай білінбегенімен, адам ағзасына көп нұқсан келтіреді. Адам ағзасы көбіне таспакұрттар, ішексорғы, қылқұрттар, эхинококкпен зақымданады. Ішек кұрттар өте өсімтал келеді. Олардың жұмырткалары көбіне шыбындар арқылы таралады. Қолды таза жумау, көкөністер мен жемістерді жумай жеу де ішек құрттарының таралуына себеп болады. Ішек құрттары жабайы және үй жануарлары арқылы да таралады. Етті, балықты шала пісірген кезде де, ішек құрттары тіршілігін жоймайды. Балаларда қылқұрттар кір қол, тырнақтары, лас киім, төсек-орын арқылы таралады. Ішек құрттарынан сақтану үшін әрбір адам өзінің жеке басының тазалығына зор мән беру қажет. Сонымен бірге көпшілік орындарда (мектепте, аулада және т.б.) да гигиеналык талаптар катаң сақталуы тиіс.
Тағамнан улану
Эхинококк
Тағаммен улану тез арада байкалады. Тамақпен уланудың басты белгілері: іш ауырады, локсиды, құсады, іш өтеді, жалпы әлсіздік байқалады. Кейде адамның дене кызуы көтеріледі. Тамақпен уланған кезде алғашқы көрсетілетін жедел жәрдем - ішекті, қарынды жуып тазалау. Ішті тазалау үшін жылы суға ас содасын (кейде марганцовка ерітіндісін) косып ішкізеді. Бұл кезде бір стакан суға толық бір шай қасық ас содасы араластырылады. Ішті тазалауды бірнеше рет қайталау керек. Іш тазаланғаннан кейін ауру адамға қою шай беріп, төсекке жатқызады. Тамақтан уланудан сақтану үшін: тағамдық заттарды көбіне тоңазытқышта ұстау; жылы жерде сақталған шұжық, қалбырлы ыдыстағы сүрлемелерді пайдаланбау керек.
Кейде білместіктен улы саңырауқұлақтарды пайдаланудан да уланып калады. Сондықтан да саңырауқұлақ жинағанда өте абай болу керек. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды алдымен тазалап, жуып, содан кейін қайнатады. Қайнатылғаннан кейін ғана қуыруға, тұздауға болады. Кейде балалардың білмегендіктен улы өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерін жеп улануы да мүмкін.
Дұрыс тамақтану және денсаулық
Дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Адам пайдаланатын тағам әр түрлі әрі куаты мол нәрлі болуы қажет. Тағамның құрамында өсімдіктекті де, жануартекті де азық-түлік өнімдері болуы шарт. Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым - диетология деп аталады. Аскорыту сөлдерінің дұрыс бөлінуіне жеміс-жидектер, көкөністер, жеміс шырындары, сұйықтағамдар әсер етеді. Ұзақ өмір сүрушілердің басты себептері де дұрыс тамақтана білуге тікелей байланысты.
Тамақтану ережесі
Адам күнделікті бір мезгілде тамақтануға дағдылануы тиіс. Мұндай дағдыға үйренген адамда асқорыту сөлдері дер кезінде бөлініп, тағам тез қорытылады әрі жылдам сіңеді. Күніне төрт рет тамақтануға дағдыланған дұрыс. Бұл ережені өсіп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер есте ұстағаны жөн. Ал ересектер күніне үш рет тамақтана беруіне де болады. Әрбір ас ішудің алдында мұқият түрде қолды сабынмен жуу керек. Тамақтанған кезде, асықпай асты толық шайнап жұтудың да пайдасы зор. Тамақтанып отырған кезде сөйлеу, радио тыңдау, теледидар көру және т.б. қажет емес. Пайдаланатын тағам өте ыстық немесе өте салқын болмауы тиіс. Ащы тағамдарды көп пайдалану да зиянды. [1]
Пайдаланған әдебиеттер
↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х
Информация о работе Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары