Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 11:27, доклад
Асқазан аурулары — өңеш пен 12 елі ішек аралығына орналасқан ас қорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуы. А. а-ның ішінде: асқазанның қабынуы, асқазан жарасы, асқазан рагы жиі кездеседі. Асқазан қабынуының жедел және созылмалы түрі белгілі. Жедел қабыну кейбір дәрілерден, арақ-шараптан, шәй, кофені қою ішуден, тамақты өте ыстық немесе суық жеуден және бұзылған тағамды жеп уланудан пайда болады.
Асқазан аурулары — өңеш пен 12 елі ішек аралығына орналасқан ас қорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуы. А. а-ның ішінде: асқазанның қабынуы, асқазан жарасы, асқазан рагы жиі кездеседі. Асқазан қабынуының жедел және созылмалы түрі белгілі. Жедел қабыну кейбір дәрілерден, арақ-шараптан, шәй, кофені қою ішуден, тамақты өте ыстық немесе суық жеуден және бұзылған тағамды жеп уланудан пайда болады. Науқастың жоғарғы құрсақ тұсы жайсызданады, жүректің айнуы, құсу және іш өту байқалады. Созылмалы қабыну жедел қабынудың жазылмай қайталануынан туындайды. Ол 12 елі ішек сөлінің кері ағуынан, ұзақ уақыт ішімдікті, дәрілерді пайдаланудан, бактериялық қабынудан т.б. болады. Науқаста кекіру, ащы запыран келу, жүрек айну, құсу, арықтау және қан аздық белгілері байқалады. Ауруды гастродуоденофиброскоппен анықтайды. Ауру адам тағам, демалыс режимдерін сақтап, асқазан сөлін тежейтін дәрі-дәрмектер ішуі керек. Асқазанның ойық жарасы маусымға байланысты өршіп отырады. Аурудың ұшығуына көңіл күйзелісі, асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы, тамақтану режимінің бұзылуы, темекі тарту, кейбір дәрінің кері әсері мен организмнің қорғаныс факторларының (иммунитеттің) әлсіреуі жатады. Көбінесе тамақтанғаннан кейін 1/2-1 сағ. ішінде науқастың жоғарғы құрсақ тұсы ауырады. Емдеу үшін тұз қышқылын бейтараптайтын атропин, циметидин т.б. дәрілер қолданылады.
«Ауру — астан» десек те, көпшілігіміз жүйелі тамақтана бермейміз. Ал асқорыту жүйесінің бұзылуы түрлі ауруға шалдықтыратыны анық. Дұрыс тамақтанбау аурудың асқынуына сеп болады. Асқорыту жүйесінің сырқаттары ел аумағында кеңінен таралған қан айналым, тыныс алу мүшелерінің сырқаттарынан кейін үшінші орынды алады. Деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда еліміздегі әрбір екінші тұрғын асқазан ауруынан зардап шегеді екен. Мамандар дұрыс тамақтанбаудың салдары ересек адамдарда ғана емес, балалар мен жасөспірімдерде де үдей түскенін айтады. Мәселен, 100 мың адамға шаққанда 15 мыңнан астам бала, 30 мыңнан астам жасөспірім асқорыту жүйесінің бұзылуынан зардап шегеді. Республика бойынша, әрбір 100 мың ересек адамның 12 мың 410-ның асқорыту жүйесінде ақау бар. Асқорыту сырқаттарының арасында гастрит, ішек жарасы аурулары басым болып отыр. Мамандардың айтуынша асқазан ауруына әртүрлі жағдайлар себеп болады. Яғни ауру, біріншіден, жүйелі әрі құнарлы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан пайда болса; екіншіден, күйзеліс пен жүйкеге шектен тыс салмақ түсіру, аз қимылдау да ауруға шалдықтырады. Сол себепті, тамақтану тәртібін ретке келтіру керек. Дәрігердің нұсқауынсыз өз бетімен дәрі-дәрмек қабылдау ас қорыту жүйесін бұзса, шылым шегу мен алкогольді ішімдіктер ішудің соңы да асқазан жарасына соқтыруы мүмкін. Кез келген дәрінің асқазан арқылы сіңетінін ескерсек, үнемі дәрі қабылдауға мәжбүр, мәселен, жүрек ауруымен ауыратын адамдар аса сақтықпен қарағаны жөн.
Дайын астың түр-түрі дүкен сөрелерінде қаптап кеткен бүгінгі таңда тамақтану тәртібіне ден қою да қиын шығар. Десе де, өзімізді сауықтыру мен асқорыту жүйесіндегі сырқаттардың алдын алу үшін функционалды тағам түрлерін пайдалануымыз қажет. Асқорыту жүйесінде сырқаты бар адамға бірден дәрі-дәрмек беріледі. Алайда дәрінің кері әсері бар екенін де ескеру керек.
Ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін сақтау және мәзірін түрлендіріп отыру керек.
Тағамды бірден өте көп мөлшерде ішкен кезде асқазан толып кетеді. барлық қоректік заттарды ыдырата алмайды. Асқорыту жүйесінің қалыпты қызыметі үшін тамақ белгілі бір уақыт аралығынан кейін аздаған мөлшерде түсуі керек. Күніне төрт мезгіл тамақтанған жөн. Бұл кезде бір күнде ішетін тамақтың 25%-ы таңертеңгі, 40%-ы түскі асқа, сәскелік асқа 15%, 20%-ы кешкі асқа бөлінуі керек.
Тамақты белгілі бір уақыт аралығынан кейін, белгілі сағатта ішкенде тамақ ішетін уақытқа шартты сөл бөлу рефлекстері түзіледі. Ас қорыту сөлі тамақ ішкенге дейін бөлінеді де, түскен тамақ тамақтану режімін сақтамайтын және әртүрлі уақытта тамақ ішетін адмға қарағанда тез әрі жақсы сіңіріледі.
Кешкі асты ұйықтаудан 1-2 сағаттай бұрын ішу керек. Егер бұл уақыт аралығы аз болса, адам қарны тоқ күйінде жатқанда мазасызданып ұйықтайды да, организм қажетті мөлшерде демалмайды. Себебі ас қорыту мүшелері тамақты қорыту үшін белсенді жұмыс істеуге мәжбүр болады.
Адамның қарны аша бастаған кезде ашулануға бейім келеді. Себебі жүйке жасушалары да асқазанмен байланысты. Қазір көптеген адамдар арықтаймын деп тамақты тым аз жейтіндіктен, ағзаға қажетті қоректік жетіспейді де, табиғи түрде көңіл-күй бұзылады, жүйкеге салмақ түседі. Сондықтан аш жүрмеген абзал. Және ауқаттанар кезде есте ұстайтын жайт, ас алдында кисель немесе айран секілді сұйықтық ішу керек. Бұл астың дұрыс қорытылуына жақсы әсер етеді. Асқазаныңда ақаудың бар екенін білгеннен кейін майлы, ащы, қуырылған тағамдардан аулақ болған жөн. Тамақты суға қайнатып жегеннің пайдасы өте көп. Бірақ көпшілік осыған мән бермейді. Мәселен, шұжық, кириешки, чипсы, гриль, кәуап секілді қуырылған әрі құрамында жасанды қоспалары бар тағамдарды сау адамның өзі шектеп жеу керек. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп. Құрамына дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады. Осы қоспалар арқылы тамақты дәмді етіп, көп мөлшерде тамақтануға әсерін тигізеді. Дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни транс майлар көп. Сонымен бірге асты асығыс жеп, дұрыс шайнамағандықтан, асқазан бүрлері тітіркеніп, күйзеліске түседі. Өйткені сөл асты қорытып үлгере алмайды. Қарын және ішек жолдарындағы шырышты қабық жарақаттануы мумкін. Тамақтанған кезде, асықпай асты толық шайнап жұтудың да пайдасы зор. Тамақтанып отырған кезде сөйлеу, радио тыңдау, теледидар көру және т.б. қажет емес. Пайдаланатын тағам өте ыстық немесе өте салқын болмауы тиіс. Ащы тағамдарды көп пайдалану да зиянды.
Қалай да уақытты үнемдеуді талап ететін қазіргі заман ағымына қарай адамдар жүрдім-бардым тамақтануды әдетке айналдырған. Осыған байланысты асқазан-ішек жолдарының әртүрлі аурулары белең алуда. Сондай аурулардың бірі — созылмалы панкреатит. Созылмалы панкреатит — асақазан безінің морфологиялық немесе функционалды өзгерістерімен сипатталатын, экзокринді немесе эндокринді асқазан жетіспеушілігіне алып келетін ауру. Бұл сырқаттың туындауына әсер ететін факторлар: алкогольді ішімдіктерді көп қолдану, өт қабына тас байлану. Созылмалы панкреатит емінің негізгі шарты — тамақтану ретін сақтау. Яғни ащы және майлы тамақтарды шектеу, алкогольді ішімдіктерді, газдалған сусындарды ішпеу керек. Бұл сырқаттан аулақ жүру үшін көшеде сатылатын, кафелер мен мейрамханаларда ұсынылатын тағамдар әрқашан сапалы бола бермейтінін есте ұстау керек.
Сапасыз немесе ескі өнімдерді пайдаланғанда адам тағамнан улануы мүмкін. Ол көбінесе шұжық өнімдерін, консерві, әсіресе үйде консервленген өнімдерді, улы саңырауқұлақтарды пайдаланғаннан кейін байқалады.
Сапасыз немесе жеткілікті аспаздық өңделмеген тамақ, жақсы жуылмаған жеміс-жидек, көкеніс арқылы организмге ауру тудыратын микорбтар түсуі мүмкін. Бұл асқорыту жолының бұзылуына, ішектен қан кетуге, ішек қабырғасында жара түзілуге себепші болуы мүмкін.
Ас ішу уақытының тұрақты болмауы, асқазан сөлі қышқылының артуына, яғни, асқазан қыжылын тудыратын басты себептердің бірі. Егер адамдар біраз уақыт тамақ ішпей аш жүріп, бірден тоя тамақтанса, болмаса тамақтан соң дереу ұйықтап, не моншаға түссе, ас қорту кезінде асқазанға қажетті оттегі толық жетіспейтіндіктен бұл асқазанның созылуына, кейін келе асқазан қыжылына алып келеді. Сондықтан астан соң ешқандай дене әрекетінсіз аз уақыт кеудені тік ұстап отыру пайдалы. Қыжыл жүрек қан тамырлары және жүйке жүйесі аурулары әсерінен де пайда болуы мүмкін.
Шала дайындалған қышқылды тағамдарды көп жеуден мысалы, ұннан жасалған тәтті тағамдарды жегеннен кейін де көп адамдарда асқазан қыжылы пайда болады. Асқазан сөлі қышқылының артуынан сақтану үшін асқазан қышқылын арттыратын тағамдарды аз тұтынуға дағдыланған жөн. Қыжылдан көп зардап шегетін науқастар майсыз асқан ет, құс еті, балық өнімдері және буға пісірілген тағамдарды көбірек тұтынуы керек. Жұмсақ пісірілген мұндай өнімдер ас қорту жүйесіне көп күш түсірмейді. Сүт асқазанның сілемейлі қабатына жағымды әсер етіп, қыжыл кезінде көмек беретін тиімді құрал. Сүт асқазан сөлінің қышқылдығын азайтады.
«Алдымен салат жеу, одан соң сұйық тамақ, кейіннен қою тамақ, ең соңынан шәй, компот ішу»- бұл барлық асхана, мейрамханалар ұстанып келе жатқан тәртіп. Бұл тамақтанудың ең қате түрі. Салат асқазанда сілтілік ортаны қалыптастыратын тағам. Асқазан сөлі салаттан кейін ет сияқты қою тамақтарды қорытуға шамасы келмейді. Қорытылмаған астың бәрі асқазанда тұрып қалады да түрлі аурулар пайда болады. Ет жеген соң газды минералды су ішу өте үлкен қателік. Газдалған су асқазандағы еттің сыртына айнала жабысып алады да оның қорытылуына бөгет жасайды. Осыдан барып, панкреатит, қарын асты безінің ауруы пайда болады. Ет пен қамырды араластырып жеу денсаулыққа өте зиян. Бұл екеуін қосып пайдалануға болмайды. Қамыр араласқан ет дұрыс қорытылмайды.
Сау болғымыз келсе, күнделікті жеген тамағымыздың тек дәмді емес, сапалы әрі пайдалы болуына баса назар аударғанымыз жөн..