Анықтамасы: Крон ауруы ол

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 09:10, реферат

Описание работы

Анықтамасы: Крон ауруы ол – басым көпшілікте асқазан-ішек трактісін зақымдайтын созылмалы қабыну ауруы. Ауыз қуысынан бастап, аналь тесігіне дейін зақымдалу мүмкін болса да негізінен жіңішке ішектің шеткі бөлігі немесе жуан ішек зақымданады. Кейбір аурулар ұзақ ремиссиялы, ешқандай симптомдарсыз көптеген жылдар ауыруы мүмкін. Крон ауруымен барлығы дерлік ауырады. Әсіресе 16 – 40 жас шамасындағы, солтүстік аймақта тұратын адамдарды зақымдайды.

Работа содержит 1 файл

крон ауруы.docx

— 21.58 Кб (Скачать)

Анықтамасы: Крон ауруы ол – басым көпшілікте  асқазан-ішек трактісін зақымдайтын созылмалы қабыну ауруы. Ауыз қуысынан бастап, аналь тесігіне дейін зақымдалу мүмкін болса да негізінен жіңішке ішектің шеткі бөлігі немесе жуан ішек зақымданады. Кейбір аурулар ұзақ ремиссиялы, ешқандай симптомдарсыз көптеген жылдар ауыруы мүмкін. Крон ауруымен барлығы дерлік ауырады. Әсіресе 16 – 40 жас шамасындағы, солтүстік аймақта тұратын адамдарды зақымдайды.

Себебі: Себебі әрі нақты анықталмаған.  Кори вирусы мен микобактерия туберкулездің  этиологиялық себебі анықталкан. Аутоантигенді фактор.

Клиникасы:  Крон ауруы ішек жолдарының кез-келген аймағын зақымдауы мүмкіндігінен әрбір ауруда әртүрлі белгілермен көрінуі мүмкін.  Ең жиі таралған белгілер: спазмдар, іштегі ауырсынулар,  қан немесе кілегей аралас диарея, қызба, салмақ жоғалту мен іштің кебуі. Бірақ бұл белгілерді бүкіл науқастар сезбейді, кейбіреулері мүлдем ештене сезбейді. Басқа белгілер өз ішіне  артқы тесік аймағынағы ауырсынуларды немесе бөліністерді, терінің зақымдалуы, тік ішек абцессін, анал жарығын  немесе буындағы ауырсынуларды сезінуі мүмкін.

Крон ауруының ішектік  емес түрлеріне :

  • Терілік дақтар;
  • Буындардың зақымдалуы;
  • Көздің қабынулары;
  • Бауыр мен өт жолдарының  аурулары;
  • Гемостаздың бұзылуы мен тромбоэмболдық асқынулар;
  • Қан аурулары;
  • Амилоидоз;
  • Сүйек ұлпасының метаболизм бұзылысы жатады.

Диагностика:

  • Ренттгенология;
  • Биопсиялы эндоскопия;
  • Жалпы нәжіс анализі;
  • Ирригоскопия;
  • Интубациялық энтерография;

Емі:

 Ең алдымен консервативтік ем:

  • Кортикостероидтар;
  • Қабынуға қарсы препараттар;
  • 6-меркаптопурин, азатиоприн;
  • Метронидазол.

Операцияға көрсеткіштер:

  • Қан кетулерде;
  • Жедек ішектік өтпеушілікте;
  • Абцесстердің пайда болуы;
  • Ішектік жыланкөздерде;
  • Перианальды зақымдалудың ауыр түрлерінде;
  • Консервативтік ем нәтиже бермегенде

 

 

 

 

Пилоростеноз – асқазанның пилорикалық бөлігінің туа біткен ақауы.

Этиология мен  патогенез:  Иннервация бұзылысы нәтижесінде пилорикалық  сфинктердің б-е қабатының жуандауы себеп болады. Соның нәтижесінде  пилорикалық сфинктер ісік тәріздес формалы, ақ түсті, шеміршекті консистенциялы болады.

Клиникасы:

  • Өмірдің 2-3 аптасындағы «фонтан»тәріздес құсу;
  • Құсық ащы иісті өт араласпаған;
  • Сусыдану;
  • Гипотрофия;
  • Зәр шығару сирейді;
  • Іш қатуға бейімдеушілік;
  • Жалпы жағдайының төмендеуі.

Тексергенде  іштің эпигастрий аймағында ауа жиналу мен сегментті  перистальтика анықталады(құмды  сағат сиптомы). 50-85% жағдайда бауырдың шетінде ісінген, қара өрік  көлемді  сфинктерді пальпациялауға болады. Қандағы  хлор мен калийдің төмендеуі әсерінен  метаболикалық алколоз дамиды.

 Дигностика:

    • Контрастық рентгенологиялық зерттеу;
    • ФГДС;
    • Атропинді сынама.

Емі: Пилоростеноздың емі тек қана хирургиялық ем.  Электорлиттік, тұзды-сілтілік тепе-теңдікті қалпына келтіру мақсатында операцияға дайындық жүргізіледі. Операция – Фреде – Рамштед бойынша кілегейсіз пилоромиотомия . Операциядан кейін тамақтану дозаланған көлемде 8-9 күнге қарай жас мөлшеріне қарай жоғарылайды. Инфузиялық терапия мен нәрлендіру клизмалары қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пилороспазм- асқазанның пилорикалық бөлімінің бұлшықеттерінің спастикалық жиырылуының төмендеуі нәтижесінде оның бөлу функциясын қиындауы.

Этиология мен  патогенезі:

    • ЖЖ-нің симпатикалық бөлімінің гипертонусы;
    • Энцефалопатиямен ауыратын баларда;
    • Гиперқозғыштық;
    • Гипертензиалды-гидроцефалды синдром.

Клиникасы:

    • Өмірінің 2 аптасындағы мазасыздық, құсу,1 реттік немесе 2  реттік «фонтан тәріздес» құсу;
    • Құсықта патологиялық заттар жоқ, иісі қышқыл;
    • Сусыздану белгілері жоқ немесе әлсіз білінген;
    • Салмақты аз жинайды;
    • Қарағанда эпигастрий аймағындағы ауырсынулар мен перестальтика  жоқ;

 

Диагностика:

    • Анамнез;
    • Жалпы қарау;
    • Рентген контрастық зерттеу;
    • Эндоскопиялық зерттеу;

Емі:

    • Тыныштықпен қамтамасыз ету;
    • Жеңіл дәрежелерінде жасына сәйкес тамақтандыру жүргізеді. Тамаөтандыруды 5-10 % 2-4 шай қасық ботқадан бастайды;
    • Ауыр жағдайда тамақтану реттілігін 1-3 ретке көбейтіп, тамақтану көлемін азайтады.
    • Тамақтандырудан соң баланы вертикальды қалыпта 30-60 мин ұстайды, сосын ішке жатқызады.
    • Седативті, ауырсынуды басатын препараттар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Анықтамасы: Крон ауруы ол