Аллергиялық аурулар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 20:27, реферат

Описание работы

Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Аллергиялық аурулар
2.Иммундық тапшылықтар
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

микруша.срс.doc

— 61.00 Кб (Скачать)

Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1.Аллергиялық  аурулар

2.Иммундық тапшылықтар

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар,кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан Аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше pollen — шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек

Жергілікті  аллергиялық реакциялар

 

Аллергия - иммунопатологиялық үрдістердің бір  түрі. Жергілікті аллергиялық реакцияларға мыналар жатады:

Жоғары  сезімталдықтың жедел түрі (ЖЖТ).

Жоғары  сезімтадцықтың баяу түрі (ЖБТ).

Трансплантацияға байланысты иммунитет. 

 

 

 Бұл реакциялардың пайда  болу механизмдеріне байланысты алты турін ажыратады:

1.Бейтараптану  ж/е белсенділігін жою(инактивация)  реакцияларында антиген рөлін  гормондар немесе жасуша рецепторы  атқарып,олар ағзалар қызметінің бұзылуымен және дистрофиялык өзгерістерімен байқалады.

2.Цитолиздік  жөне цитоксиндік реакциялар  комплементтің белсенділігінен  немесе қан айналымында жүрген  антиденелер әсерінен дамиды.

3.Қандағы  токсиндік иммундық кешендердің  әсерінен пайда болатын реакциялар. Иммундық кешендер қандағы комплемент жүйесін белсендіріп, ЖЖТ реакциясын тудырады.

4.Атопиялық  және анафилаксиялык реакциялар  аллергиялық антиденелерге н/е  реагиндерге (IgE) байланысты пайда  болып, ЖЖТ түрінде байқалады.

5.Жасушалық  реакция немесе ЖБТ, антигендік құрамы өзгерген жасушаларды лимфоциттер (киллерлер) мен макрофагтардың жәрдемі арқылы жойылуына себеп болады.

6.Гранулематоз  реакциялары. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иммундық  тапшылықтар-иммундық реакцияларға қатысушы Т-жәнеВ-лимфоциттердің,моноциттердің,фагоциттер жүйесінің жеке-жеке немесе біргелікті жетіспеушілігінің нәтижесі.Олар іштен туылған,гендік себептер нәтижесінде туындайды.

Біріншілік иммундық тапшылық.Бұл иммундық тапшылық синдромында  жасушалық иммунитет те,гуморалдық иммунитет те бірдей бүлініп,организмде ауыр патологиялық озгерістер дамиды.Бұларға жататындар:

Иммундық тапшылықтың  швейцариялық түрі.Иммундық тапшылықтың  бұл түрін бірінші рет Глацманн және Риниккер(1960)ашқан.Бұл синдромда  тимус семіп,онда лимфоциттердің мөлшері азайып кетеді,тимус денешіктері тіпті көрінбейді.Қан құрамында гаммаглобулин болмайды(агаммаглобулинемия).

Шеттік лимфа  түйіндерінде тек ретикулалық строма ғана қалады,лимфоидтық жасушалар өте  аз,ал фолликулалар мүлде жетілмеген.Бұл  синдромның негізінде организмде лимфоидты жасушалар пайда болатын бағаналық(столовые)жасушалард-ың жеткілікті өсіп-өнбеуі жатады.

Бала  туғаннан бастап,әр түрлі инфекциялық  аурулармен ауыра бастайды.Терідегі көптеген некроздық,іріңді ошақтар кейінірек сепсиске соқтыруы мүмкін.Бактериялық және вирустық инфекциялар бірдей кездеседі.Аурулар кандидоз,созылмалы диарея нәтижесінде азып,осу үрдісі тоқтайды,осыдан 6-8айда ауру бала қайтыс болады.

Незелоф синдромы жасушалық иммунитеттің мүлде болмауымен,ал гуморалдық иммунитеттің сақталып қалуымен сипатталады.Қанда Т-лимфоциттердің саны өте аз.Қандағы иммуноглобулиндер мөлшері әдеттегідей болғанымен,Т-хелперлердің болмауына байланысты,гуморалдық жүйе тиімді қызмет атқара алмайды.

Тимус семіп қалып,онда тимус денешіктері  көрінбейді,лимфоциттер саны азаяды.Бірақ  шеттік лимфа түйіндерінде,талақта  гуморалдық иммунитетке тән плазмобласт  және плазмалы жасушалар кездеседі.Аурулар 1-2жыл ғана өмір сүріп,әр түрлі инфекция салдарынан өледі.

Луи-Бар  синдромы жасушалы иммунитеттің,аздап  гуморалдық иммунитеттің жетіспеушілігімен,мишық  қыртысының семуімен оған байланысты атаксиямен,қасаң қабық қан тамырларының кеңіп кетуімен(телангиэктазия)сипатталады.Бұл  синдромда Т-лимфоциттерінің жетілу үрдісі бұзылады.

Сонымен қатар,көптеген ауруларда А-иммуноглобулині  жетіспейді.Тимус гипоплазияға ұшырап,денешіктері  азайып немесе мүлде жоғалады.Мишықтағы  Пуркинье жасушасында дистрофиядан бастап некрозға дейінгі өзгерістер байқалады.Ауру адам әдетте созылмалы індеттерден немесе қатерлі ісіктерден қайтыс болады.

Вискотт-Олдрич синдромы экзема және тромбоцитопениямен өтуші иммундық синдромы болып негізінен  полисахаридтік антигендерге қарсы  антиденелер түзілмеуімен сипатталады.Тромбоциттер аздығы нәтижесінде қан ұю үрдісі бұзылып,теріге қан құйылады,кейде бала қан құсып,не ішінен қан кетеді.

Тимус гипоплазия,тіпті атрофия күйіне ұшырайды.Талақта Т-және В-аймақтарында лимфоциттер азаяды,фолликуллалар  жойылады.Қанда IgM азайып,IgAжәне IgE көбейеді(дисиммуноглобулинемия).Аурулар көбінесе пневмониядан,отиттен,цитомегалиядан өледі.

Ди-Джорди синдромы тимустың бүтіндей болмауы(агенезия)немесе гипоплазиясы нәтижесінде дамиды.Тимуспен бірге кейде,қолқа доғасының,қалқанша без маңындағы бездердің жоқтығы  клиникада гипокальциемия және тетания белгілерімен байқалады.Бұл синдромда текТ-лимфоциттерінің жетіспеушілігі байқалып,

Қандағы иммуноглобулин мөлшері өзгермейді.Лимфа  түиіндері мен талақтың фолликуллалары да жақсы дамыған.Плазмалы жасушалар  барлық жерде жеткілікті мөлшерде кездеседі.Бірақ ауру балалар тума ақаулардың немесе вирустық инфекциялардың нәтижесінде қайтыс болады.

Х-хромосомамен байланыс0ан агаммаглобулинемия(Брутон синдромы),плазмалы жасушалар тобының  болмауымен,сарысуда иммуноглобулин мөлшерінің өте аздығымен,ал жасушалық иммунитеттің толық сақталуымен сипатталады.Бұл синдром көбінесе балаларға тән.Аурудың бірінші белгісі-иммунизациядан кейін антидене пайда болмайды.

Тимус өзгеріссіз,бірақ лимфа түйіндері  мен көкбауыр қалыпты құрылысынан  айрылған.Лимфа түйіндерінде реактивтік орталық пен қыртысты аймақ жойылып,тек қана қыртысты аймақ жанындағы тимусқа тәуелді аймақ қалады.Плазмалы жасушалар да аз н.е мүлде болмайды.Балалар өмірінің бірінші айларында н.е бірінші жылында тыныс

Және  асқазан-ішек жолдарынан тарайтын бактериялық сепсистен,іріңді менингит салдарынан өледі.Бірақ та ауру балалар вирустық инфекцияларға төзімді.

Иммуноглобиндер мөлшнрінің бұзылу синдромдары(дисиммуноглобулинемия)қанда  иммуноглобулиндердің шектен 

тыс көбейіп немесе азайып кетуімен сипатталады.Мысалы,Веста синдромында организмде тек қана  IgA жетіспейді,басқа иммуноглобулиндердің мөлшері қалыпты.Ал осы синдромға байланысты балалар туылғаннан бастап созылмалы инфекциялармен ауырады.Микроскопта тимусты май басқаны көрінеді.

Макрофагтар құрамында кейбір жетіспеуі,мысалы,гексозомонофосфат шунты(төте жолы)ферменттерінің белсенділігінің өте төмендеуі нәтижесінде сутегі қос тотығының түзілуінің азаюы созылмалы гранулемалық аурудың пайда болуына соқтырады.Бұл аурудың дамуы лейкоциттердің бактерициттік(бактерияларды жою)

Қызметінің  бұзылуымен түсіндіріледі.Бұл жағдайда фагоцитоз үрдісі әдеттегідей болғанмен,жұтылған бактериялар жойылмастан қала береді.Соның  нәтижесінде лимфа түйіндерінде,өкпеде,бауырда  моноциттерден,лейкоциттерден түзілген көптеген гранулемалар пайда болады.Бұл гранулемалар аз уақыт ішінде іріңді жараға немесе абсцеске айналады.

Үрдіс созылмалы түрде өтіп,абсцестер  айналасында қабықша пайда болады.Бауыр,көкбауыр,лимфа  түйіндері үлкейеді.Тимусты мерзімінен бұрын май басып атрофияланады.Оның стромасында,құрамында мукополисахаридттер бар макрофагтар жиналып қалады.

Екінші  ретті иммундефициттік синдромдардың  бірінші ретті синдромдардан  айырмашылығы-олар түрлі аурулар  мен емнің кейбір түрлерінің салдары  ретінде дамып,көбіне ересек адамдарда байқалады.Иммундық жүйенің екінші ретті жеткіліксіздігі,көбіне лейкоздың,қатерлі лимфоманың,тимоманың,вирустық инфекциялар мен саркодиоз

сияқты  аурулардың салдары.Бұл аурулармен сырқаттанңанда В-лимфоциттер мен  Т-лимфоциттердің популяцияларында(мүмкін,олардың ізашарларында да)ақау қалыптасып,гуморальдық және клеткалық иммунитеттің жеткіліксіздігіне себеп болады.

Иммундық  жүйенің екінші ретті жеткіліксіздігіне  себеп болатын емдік тәсілдердің  ең қауіпті түрлері мыналар:сәулемен емдеу,кортикостероидтарды,иммунодепрессанттарды,антилимфоциттік сарысуды қолдану,тимэктомия,көкіректегі лимфалық жүйені дренаждау(түтік жүргізу)және с.с.

Емнен дамыған иммундық жүйе жеткіліксіздігінің қайсысы болса да,терепия патологиясы  деп бағамдалуға тиісті.Бірінші  реттегідей,екінші ретті иммунодефициттік синдромдарда,іріңді инфекциялар мен сепсис жиі байқалып,туберкулездік процесс те жиі асқынады.

                                      

 

 

 

 

 

Қорытынды

Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Жергілікті аллергиялық реакциялар

Аллергия - иммунопатологиялық үрдістердің бір  түрі. Жергілікті аллергиялық реакцияларға мыналар жатады:

Жоғары  сезімталдықтың жедел түрі (ЖЖТ).

Жоғары  сезімтадцықтың баяу түрі (ЖБТ).

Трансплантацияға  байланысты иммунитет.

Иммундық тапшылықтар-иммундық реакцияларға қатысушы Т-жәнеВ-лимфоциттердің,моноциттердің,фагоциттер жүйесінің жеке-жеке немесе біргелікті жетіспеушілігінің нәтижесі.Олар іштен туылған,гендік себептер нәтижесінде туындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.Медициналық  микробиология.Б.А.Рамазанова,Қ.Құдайбергенұлы

2.Интернет  жүйесі:www.nicebook.kz




Информация о работе Аллергиялық аурулар