Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 18:55, реферат
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу.
Алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?
Адам
қайғылы жағдайға кез келген жерде:
үйде, көшеде, жолда, көлік апаттары
кезінде немесе т.б. ұшырауы мүмкін.
Көбінесе адамдар алғашқы медициналық
көмек көрсету жөніндегі
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.
Ең алдымен адамды қайғылы жағдай болған жерден алып шығыңыз, оның өміріне қауіпті жағдайды (талып қалу, бастырылып немесе қысылып қалу, қан тоқтамау) жойыңыз; жарақатының қандай дәрежеде екенін, көлікпен немесе жаяу тасымалдауға келетін-келмейтінін көріңіз; қауіпсіз, медициналық көмек көрсетуге қолайлы жерге апарыңыз; алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
Көз қарашығының жарық сезгіштігін анықтау тәртібі. Бас бармақпен үстіңгі қабақты көтеріп, қарашыққа қараңыз. Егер қарашық жарық түскеннен кейін де үлкен күйінде қалса, онда ол жарықты сезбейді деген сөз. Қараңғы кездерде қарашықтың жарық сезгіштігін электр қолшамының көмегімен байқауға болады.
Ұйқы артериясындағы тамыр соғысын байқау тәртібі. Төрт саусағыңызды жарақаттанған адамның мойнына қойыңыз. Саусақтарыңызды кеңірдек пен мойын бұлшық етінің ортасына қойып, тамыр соғысын байқау үшін аздап батырыңқыраңыз.
Қолдан
немесе аяқтан қан ағатын (капилярлық
немесе тамырлық) болса, зақымданған
жерді таза дәкемен қаттырақ байлаңыз
(бастырып байлау) немесе лейкопластырьдың
көмегімен мақта-дәкеден
Артериялық қанау кезінде артерияны қолмен басып тұрады, қан тоқтатушы жгут көмегімен немесе қолды не аяқты бүгу арқылы тоқтатады. Артерияны қолмен немесе жұдырықпен басқан кезде қан бірден шамамен 10-15 минутқа тоқтап қалады, содан соң қол шаршап, қысым әлсірей бастайды. Сондықтан артериядағы қан тоқтай салысымен қан тоқтатушы жгутты пайдаланыңыз. Жгутты жалаңаш денеге байлауға болмайды. Адам терісі қатпарланбай, тегіс болуы керек, жгут байланатын жерді орамалмен немесе дәкемен ораңыз. Жгутты аяқ немесе қолдың астынан алып, үстіне қарай байлаңыз, алғашқы екі байламды қатты етіп, үшіншісін тартпай сәл ғана байлаңыз. Егер қан тоқтамаса, жгутты алып, қайтадан одан да жоғарырақ жерден байлаңыз. Байлауыңыздың қаттылығы қанды тоқтатуға болатындай, бірақ мүлдем қан жүргізбей тастамайтындай болуы керек. Жгутты байлап болған соң жгут салынған уақыт, құтқарушының аты-жөні, лауазымы жазылған қағаз қыстырып қоюды ұмытпаңыз. Жгут әдетте 1,5 - 2 сағатқа ғана, ал суық күндері 0,5 - 1 сағатқа қойылады. Ал әрбір 30 - 60 минут сайын жгутты босатып отыру керек, яғни бірнеше минутқа босатып, сол кезде жгуттың жоғарғы жағынан саусақпен басып отыру керек, жгут тұрған жердегі ізге ақырын ғана массаж жасау керек. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды.
Фабрикалық жгут болмаған жағдайда оны қолда бар нәрсемен (резина түтік, галстук, белдік, белбеу, орамал, бинт және т.б.) алмастыруға болады, тек сым темірді қолданбаңыз.
«Ауыздан ауызға» тәсілімен
өкпеге жасанды түрде ауа
1) Оң
қолыңызбен аурудың иегінен,
2) Сол
қолыңызбен мұрнын қысып,
3) Еріндеріңізді
аурудың ерніне қатты басып,
оның ішіне қарай қатты дем
шығарып, үрлеңіз. Үрлеу
Екінші
рет үрлегеніңіз нәтижесіз
Жүрек тұсына массаж жасау. Жасанды демалдырудың алдында басты артқа шалқайту арқылы жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.
Жан сақтауға қатысушы адамдар қанша болса да, кеуде қуысын басу мен үрлеудің ең тиімді қатынасы 30х2 болуы тиіс.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.emer.kz/survival/methods/
2) www.1st-aid.ru - «Правила оказания первой медицинской помощи» мақаласы.
Интернет арқылы іздеу. Сіз интернет арқылы бұл тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «алғашқы медициналық көмек», «алғашқы медициналық көмек көрсету» және т.б. кілт сөзді сөздерді теру керек.
Улы газбен уланғанда не істеу керек?
Улы газ – иісі жоқ уландырғыш газ, оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және одан адам бірнеше минут ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.
Улы газ кез келген отынды, мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш отын немесе көмірді жаққанда шығады. Әдетте, от жағатын құрал (мысалы, пеш) дұрыс жұмыс істеп және пайдаланылып тұрса, қауіпті емес.
Улы газ дем арқылы ішке кеткенде:
Улану белгілері:
Улы газбен уланғанда улы газдың келуін тоқтатыңыз; жапа шегушіні таза ауаға шығарыңыз; жатқызыңыз, тыныштандырыңыз да таза ауамен дем алдырыңыз (газетпен желпіңіз, желдеткіш немесе кондиционер қосыңыз);
Егер зардап шегуші есінен танған болса, жүрегіне жабық массаж жасаңыз және жедел жәрдем келгенше немесе есін жиғанша жасанды демалдырыңыз.
Есіңізде болсын, зардап шегушіні қауіпті аймақтан шығару кезінде, алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңізді, өзіңіз уланып қалмауды ойлаңыз. Ол үшін тез қимылдау керек және қол орамал немесе дәкемен мұрынды байлап алу керек.
Ең көп тараған көздері — бұл газ және май пештері, ағаш пеші, газ құралдары, бассейндердегі жылыту құралдары және қозғалтқыштар, жанып біткен газ шығарушы құбыр. Пештегі жарықтар, мұржалардың толып қалуы, бітеліп қалған құбырлар – бұлар улы газдың тұрғын үйлерге, бөлмелерге тарауына әкеліп соғады. Пешке таза ауаның жеткіліксіздігінен де үй ішіне улы газ жиналып қалуы мүмкін. Үйдегі бөлмелердің тар болуынан ауа алмасуы нашар болады да, улы газбен улану қаупі күшейе түседі.
Улы газбен улануды болдырмау үшін:
Пайдалы сілтемелер:
1) www.emer.kz/survival/methods/
2) www.polismed.ru/f-a-gaz-
Интернет арқылы іздеу. Сіз интернет арқылы бұл тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «газбен улану», «газбен уланбау үшін не істеу керек» және т.б. кілтті сөздерді теру керек.
Информация о работе Алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?