Спирменнің корреляциялық талдауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:22, реферат

Описание работы

Спирменнің рангтік корреляция коэффициент әдісі екі белгі немесе екі профиль арасындағы корреляциялық байланыстың бағытын және тығыздығын анықтауға мүмкіндік береді. Байланыс есептеліну үшін екі белгінің барлық мәндері рангіленіп, сәйкес рангілердің айырмасы анықталынады. Спирменнің корреляциялық коэффициенті параметрикалық емес критерилерге жатады. Реттік шкалада өлшенеді. Бұны коэффициентпен есептеу барысында белглердің орналасу тәртібі маңызды болып табылмайды.

Работа содержит 1 файл

Спирмен.doc

— 64.00 Кб (Скачать)

   Тағайындалуы.

    Спирменнің  рангтік корреляция коэффициент  әдісі екі белгі немесе екі  профиль арасындағы корреляциялық  байланыстың бағытын және тығыздығын  анықтауға мүмкіндік береді. Байланыс есептеліну үшін екі белгінің барлық мәндері рангіленіп, сәйкес рангілердің айырмасы анықталынады.

   Сипаттамасы.

Спирменнің корреляциялық  коэффициенті параметрикалық емес критерилерге жатады. Реттік шкалада өлшенеді. Бұны коэффициентпен есептеу барысында  белглердің орналасу тәртібі маңызды  болып табылмайды.

Белгілерді рангілеу барысында, рангілеу 20 саннан төме болмау керек. Сондықтан да болар Спирменнің корреляциялық коэффициентінің кестесі тек 40 сыналушыларға ғана арналған.

                                 N- 40

  Рангтік корреляцияны  есептеу үшін мәндердің екі қатары болуы тиіс және олар рангіленген болуы керек мәндер қатары ретінде мыналар бола алады.

     1.Сыналушылардың бір тобында өлшенетін екі белгі

  1. Екі индивидуалды профиль, яғни белгілердің нақты жиынтығы бойынша, екі сыналушыдан алынған индивидуалды мәндер, белгілер екеуіне де ортақ болады.
  2. Екі топтық профиль, яғни екі топқа ортақ болатын белгілер жиынтығы бойынша сыналушының екі тобынан алынған мәндер жиынтығы.

4. Индивидуалды және топтық профиль бір адамның индивидуалды профилі ол қатыспайтын топ профилімен салыстырылады.

     5. Егер де Rs абсолюттік өлшемі критикалық мәнге теңессе немесе одан артса, онда корреляция сенімді болады.

  Болжамдары.

Екі болжам болады. 1-шісі бірінші жағдайдағы мәндерге байланысты, ал екіншісі қалған 3 жағдайларға байланысты болады.

1-болжам.

H0- А және Б айнымалылары арасындағы байланыс

H1- А және Б айнымалылары арасындағы корреляция нөлден сенімді түрде ерекшеленеді.

2-болжам.

H0- А және Б иерархиялары арасындағы корреляция нөлден ерекшеленеді.

H1- А және Б иерархиялары арасындағы корреляция ерекшелінбейді.

Шектеулері.

  1. Әрбір айнымалы бойынша ең аз дегенде 5 бақылаулар саны болу керек. Ал ең жоғарғы шегі критикалық мәндер кестесіне сәйкес N – 40 болу керек. (ең жоғары шегі 40)
  2. Rs- Спирменнің рангтік корреляция коэффициенті салыстырылатын айнымалылар бойынша бірдей ранг көп болатын кезде қисынсыз мән береді. Ең дұрыс қолайлы жағдайы бұл екі корреляцияланған қатарда сәйкес келмейтін мәндер болуы керек. Бірдей ранг болатын кезде мынадай түзетулер енгізуге болады. Оның формуласы мынадай.

 Та және Тб - бірдей рангтер

 Та –(а3-б3)

 Тв – (в3 -в)

L-D рангтік қатарындағы бірдей ранг алған әрбір топ көлемі в-В рангтік қатарындағы бірдей ранг орналасқан әрбір топ көлемі.

   Есептеу формуласы:

D- екі белгі, екі айнымалы рангтері айырмасы.

N- рангіленетін мәндердің зерттелінушілердің саны.

Алгоритм

Rs – Спирменнің рангтік корреляция коэффициентін есептеу жолдары.

  1. А және Б айнымалылары ретінде қандай екі белгінің немесе екі иерархияның болатындығын анықтау.
  2. А және Б айнымалылардың мәндерін рангілеу ең аз мәнге 1 ранг беріледі. Сыналушылардың немесе белгілердің реттік нөмері бойынша кестенің 1-ші сағанасына рангілерді қойып шығу керек.
  3. В айнымалының мәндерін жоғарыдағы сәйкесінше рангілеу, оны 2-ші бағанаға қойып шығу керек.
  4. Кестенің әрбір жолы бойынша А және В рангілері арасындағы а айырмашылығын есептеу керек, оны 3-ші бағанаға қояды.
  5. Әрбір айырмашылықты квадраттап, d2. Ол мәндерді 4-ші бағанаға орналастыру керек.
  6. Квадраттардың қосындысын есептеу керек.
  7. Бірдей ранг болатын кезде, мынадай түзетулер енгіземіз
      1. Та – (а3-а)
  8. Тв- (в3-в)
  9. Rs- рангтік корреляция коэффициентін мына формула бойынша есептейміз.

 

  1. Формуладан шыққан мәндерді берілген критикалық мәндермен салыстырамыз. Егер де Rs критикалық мәннен артса немесе оған теңессе, онда корреляция 0- ден сенімді түрде ерекшеленеді.
  1. Спирменнің корреляциялық коэффициентін қолдану үшін келесідей ережелерді сақтау керек.
  2. Салыстырылып отырған айнымалылар реттік шкалада алыну керек. Олар интервалды және қатынас шкалаларында өлшенбейді.
  3. Таралу қалпы корреляцияланған көлемі маңызды болып табылмайды.
  4. Варияциялар саны қолданылған айнымалылар X және  Y бірдей болу керек.
  5. Спирменнің корреляциялық коэффициентінің кестесі (21 қосымша) n-5 тен   n-40 дейін ғана берілген. Одан асқан сыналушылардың санын Пирсонның корреляцялық коэффициентін есептеу керек. (20 қосымша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Қолданылған әдебиеттер.

  1. Сидоренко Е.В. «Методы математической обработкой в психологии» Санк-Петербург,1996-208
  2. Түңлікбаева Э.М «Психологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі ықтималды- статистикалық әдістер» Алматы, 1999-43бет
  3. Дружинин В.Н. «Эксперименталды психология» Москва 1997

Информация о работе Спирменнің корреляциялық талдауы