Лекции по "Эконометрия"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 21:43, курс лекций

Описание работы

«Экономикалық теория негіздері» курсының мақсаты мен міндеттеріне- студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтары мен эволюциясы және шектеулі ресуратар жағдайында адамның экономикалық қылығының принциптерімен себептері туралы теориялық білім беру, сондай-ақ оларда экономикалық дүниетаным мен мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда азаматтық бағытын ұстануды қалыптастыру Студенттердің білімдерін тестілік бақылау формасын тексеру, есептеу шығару, логикалық жаттығулардың және әр түрлі мәселелерді шешу, экономикалық негізгі түсініктер және категорияларға арналған тренигтар өткізу. Бұл студенттердің ойлау процессін және экономикалық теория пәніне деген қызығушылығын туғызады.

Содержание

1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
2-тақырып. Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері.
3-тақырып. Экономика дамуының негізгі үлгілері, меншік қатыастары мен экономикалық институттар.
4-тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауар-ақша қатыастарының дамуы. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы.
5-тақырып. Нарық заңдылықтарының негізгі сипаты. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері
6-тақырып. Өндіріс шығындары және фирма табысы
7-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
8-тақырып. Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі. Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы.
9-тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде 10-тақырып. Экономикалық өсу және оның түрлері.
11-тақырып. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
12-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі фискалды және қаржы саясатын мемлекеттік реттеу.
13-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ақша-несие саясаты.
14-тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары
15-тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс-әрекет

Работа содержит 1 файл

Экономтеория.doc

— 704.50 Кб (Скачать)
  1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
  2. Өндірістің дамуы мен  әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
  3. Техникалық прогресс шектеулі.
  4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
  5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
  6. Мемлекет пен қарулы  күштердің ролі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік  экономиканың жүйенің сипаттамасы:

Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс  Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер  жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.

Экономиканың жоғарыдан  басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.

Ерекшеліктерін нақты  төмендегідей бөлуге болады.

  1. Өндіріс  құралдарына мемлекеттік меншік.
  2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.
  3. Өндірушілердің монополист ретінде  көрінуі.
  4. Орталықталынған  ресурстар қоры.
  5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Таза нарықтық экономика  жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.

Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер  толық шешемін таба алмайды.

Нарықты экономиқаға  тән қасиеттер:

  1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
  2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген

     нарықтық  механизм арқылы реттеу мен  басқару.

  1. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

  1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
  2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

Сондықтан нарықты экономика  жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас  тартуға болмайды.

Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.

Нарықтық экономикаға  өтудің Қазақстан  республикасындағы  басты міндеттері мыналар:

  1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
  2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік  жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті  тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
  3. Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
  4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
  5. Бағаны  либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.
  6. Экономиканың қаржылық  тұрақтануы.
  7. Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

3 тақырып. Экономика дамуының негізгі үлгілері, меншік қатынастары мен экономикалық институттар.

 

  1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
  2. Меншік объектілері мен субьектілері.
  3. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру:  кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері. 

 

    Мақсаты: Меншік институты ұғымын жан-жақты қарастыру, әсіресе жеке меншікті талдауға басты назар салу арқылы, оның нарықтық жүйедегі рөлін көрсету. Экономикалық жүйені және оның түрлерін қарастыру арқылы экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіндіру, әсіресе Қазақстандағы қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін көрсету.

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

Жекешелендіру, Иемдену, Меншік , Меншік объектілері, Меншік субъектілері, Меншікті мемлекет иелігінен алу, Қоғамдастыру,Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі, Табысты бөлу әдістері, Оноре тізімі, Иемдену құқығы, Пайдалану құқығы, Басқару құқығы

 

Дәріс мән-мәтіні.

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне  жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және  өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік ќатынастарын д±рыс т‰сіну ‰шін, оны иемдену  ќатынастарымен салыстыру ќажет. Иемдену – затты мењгеріп алудыњ наќты ќоѓамдыќ єдісі. Иемдену осы берілген меншіктіњ жєне оныњ наќты т‰рлерініњ негізі, тамырлы белгісін ќ±райды. «Меншік» жєне «иемдену» деген т‰сініктерді ажыратып, єрќайсы жеке танып білу ќажет: б±лардыњ жеке ±ѓымдар жєне экономикалыќ ќатынастар ж‰йесінде µздерініњ жеке орындары болады.

Иемдену – шаруашылыќ µмірдіњ ж‰йесімен сєйкестікте болады жєне сонымен бірге дамиды. Алѓашќы заманда адамдар кµбінесе табиѓат сыйларын жинап,  ањ мен балыќ аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылыќ ќалыптасады – иемденуші (табиѓаттыњ дайын сыйларымен айналысатын) жєне µндіруші шаруашылыќтар.

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар  арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

  1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
  2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
  3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
  4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
  5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
  6. Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және  бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік  құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

  1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
  2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
  3. Басқару құқығы, яғни  игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
  4. Табысқа деген құқық, яғни  игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
  5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
  6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
  7. Игіліктерді  мұрагерлікке беру құқығы
  8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
  9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
  10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
  11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Адамзат қоғамының  даму тарихында меншіктің әр түрлі  типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.

Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің  дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.

Нарықтық экономикаға  көшу меншік қатынастарын өзгертугі  талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендіру нарыққа  көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.

Мемлекет иелігінен  алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс.  Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

 

 

Жекешелендірудің  тәсілдері

1. Аукционда байқау  бойынша сату және сатып алу.

2. Кәсіпорын капита-лының  үлесін сату (акцияларды)

3. Жалға берілген кәсіпорынның  мүлкін сатып алу.


   

Қазақстан Республикасында  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен  алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық  бағдарламасына» сәйкес  жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта  жүргізіледі.

  1. Кіші  жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
  2. Жаппай  жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының  бөлінуіне негізделді.
  3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды  кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен  алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

  1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.
  2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет   иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font

Информация о работе Лекции по "Эконометрия"