Физика сабағында компьютерді пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:07, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай туып отыр. Компьютер арқылы оқушылар тек информатика сабағында ғана емес, басқа сабақтарды да арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтар арқылы зерттеп, кез келген тақырыпты оқушы өзі меңгеруге дағдылануы қажет

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3

I-тарау.
1. Физика сабақтарында компьютерді қолдану маңызы.
1.1 Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері……………………………………………………………….... 4
1.2. Интерактивті тақтаны физикада қолдану негізі...................................7
1.3. Физика пәні бойынша компьютер арқылы есеп шығару жолдары....9
ІІ-тарау.
2. Физика сабағында копьютерді қолдану әдістемесі.
2.1. Физика курсындағы компьютерді қолдануды оқытудың мазмұны...16
2.2. Физика курсындағы компьютерді қолданудың әдістемесі..................18

Қорытынды.......................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................

Работа содержит 1 файл

Даурен жаңасы.doc

— 163.00 Кб (Скачать)

Ф-ОБ-001/035

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

 

 

 

«Физика» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ   ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: «Физика сабағында компьютерді пайдалану»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Орындаған:ЖФИ-911 тобының студенті  Жұмабаев Д

                Ғылыми жетекшісі:п.ғ.к.доцент Ә.Х.Сарыбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан 2012 ж

 

Ф-ОБ-001/035

 

Мазмұны

 

Кіріспе..................................................................................................................3

 

I-тарау.

1. Физика сабақтарында компьютерді  қолдану маңызы.

    1.1 Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері……………………………………………………………….... 4

   1.2. Интерактивті тақтаны физикада қолдану негізі...................................7

   1.3. Физика пәні бойынша компьютер арқылы есеп шығару жолдары....9  

ІІ-тарау.

2. Физика сабағында  копьютерді қолдану әдістемесі.

  2.1. Физика курсындағы  компьютерді қолдануды оқытудың мазмұны...16

  2.2. Физика курсындағы компьютерді қолданудың әдістемесі..................18

 

Қорытынды.......................................................................................................21

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ф-ОБ-001/035

 

Кіріспе

 

Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай туып отыр. Компьютер арқылы оқушылар тек информатика сабағында ғана емес, басқа сабақтарды да арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтар арқылы зерттеп, кез келген тақырыпты оқушы өзі меңгеруге дағдылануы қажет. Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді.                                   Ақпараттық технологияның міндеті – оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, ізденушілікке баулу. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Мұндай даму барысы, сөз жоқ, барлық салалардың да оған ілесуін қажет етеді. Бұл процестен әрине, физиканы оқыту ісі де артта қалмауы тиіс. Физиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерді қолдану мәселесі енді. Міндетіміз де осы айтқанмен байланысы, яғни сол үйлесімді жолдарды тауып, физиканы оқыту әдістемесіне оларды енгізіп, сабақтың неғұрлым сапалы өтуін, оқушылардың сабақты оқуға деген ынтасын арттыру болып табылады.

Қазіргі ақпараттық заманда оқу процесіне компьютерді енгізу, оны пайдалану, қолдану мәселесі туындайды. Физика сабақтарында компьютерлік техниканы пайдалануға мүмкіндік мол. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой – танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

 

  1. ЖАТ туралы теориялық тұрғыдан зерттеу
  2. Физика сабағындағы ЖАТ маңызын теориялық және практикалық зерттеу.
  3. Физикадан компьютерлік сабақтар үлгілерін көрсету.

 

Физика сабақтарында компьютер қолдану, оқу сапасын арттыруға танымдық – іс-әрекетті күшейтуге дербес жұмысты жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

Ф-ОБ-001/035

 

I-тарау.Физика сабақтарында компьютерді қолдану маңызы

 

    1. Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялардың

ерекшеліктері

 

Тәуелсіз еліміздің  болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, ғылымымыз бен біліміміздің өркендеуіне  тікелей байланысты. Жаңа ақпаратты  технологияның жылдан – жылға  кең құлаш жайып, оның адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай оқушылардың  сыныптағы және сыныптан тыс оқу жұмыстарын компьютер арқылы ұйымдастыру – «Қазақстан – 2030» бағдарламасында көрсетілгендей бұл маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі күні оқытуды  ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл  бөлуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал барлық арнайы ақпараттың – техникалық құралдарды (компьютер, интерактивті тақта, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды  қалыптастырудың бір жолы. 
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; 
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу – тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.                                     Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастағанда «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары» термині пайда болды. Бұл технологиялар бағдарламалап оқыту идеясын дамыта отырып, қазіргі компьютерлер мен телекоммуникацияның дамуымен байланысты оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары – ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі болып саналады.

Алдымен жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу  – тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. Білім  берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу мен оқу  – тәрбие материалдарын

\

Ф-ОБ-001/035

 

үйретуге арналған есептеуіш  техника құралдарының оқу үрдісіндегі  рөлі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың  еңбегін 

жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.

Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі педагогтерге оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық  сәйкестігін ескеріп оқыту үрдісіне енгізу, сабақты ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін:

  • «тереңдетілген» технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);
  • негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданатын технологиялардың ең маңыздысы ретінде қолдану);
  • монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни, диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделсе).

         Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:

  • ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру;
  • коммуникативтік қабілетін дамыту;
  • «ақпараттық қоғамның » жеке тұлғасын дайындау;
  • берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
  • зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру;

Оқушыға жаңа білімді  тиімді іс – әрекет, жаңа технологиялар, ақпараттық дүниемен қарым – қатынас  жасау арқылы оңай меңгеру әдістерін  дамытуға болады. Мұның бәрі  ақпаратпен жұмыс жасау және оны байыпты  ұғыну жолдарын іздеу, оған сыни тұрғысынан қарау, өз пікірін дәлелдей алу қабілетімен қатар шығармашылығын дамытуға бағыт береді.

Физика сабақтарында ақпараттық  - коммуникациялық техноло-гияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысы;
  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды  түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
  • Ф-ОБ-001/035

 

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

 

  • экономикалық тиімділігі;
  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

 

        1.2. Интерактивті тақтаны физикада қолдану негізі

Қазіргі уақытта жаратылыстану  – ғылыми білім беруде сабақ бары-сында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың кө-мегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. 
            Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі -  inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық. 
           ACTIVboard(Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.  Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден

 

Ф-ОБ-001/035

 

тұратын негізгі жұмыс  аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.  
        «Активті экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. 
       Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі : 
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ; 
- Алған білімді жүйелеу ; 
- Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру 
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. 
          Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

         Бағдарламалық – ақпараттық жиынтық  «интерактивтік тақта» дегеніміз  мынандай кең мүмкіндіктері бар  тақта: 

  •   экрандық кескіндердің графикалық түсініктемелерін беру;

 

Ф-ОБ-001/035

 

  •   бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген жұмысына сараптама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік туғызады;
  •     табиғи амалмен (ұсынылатын ақпарат ағынын арттыру есебінен) сыныпта оқушылардың оқу жүктемесін артырады;
  • оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды;

 

  • сұхбатқа құрылған оқытуды жүргізеді;
  •   кей әдістерді пайдаланып, қарқынды әдістеме бойынша оқытады.  

1.3. Физика пәні  бойынша компьютер арқылы есеп  шығару жолдары

 «Компьютер» сөзі  ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш»,  яғни есептеуге арналған құрылғы  дегенді білдіреді. Компьютерлер  есептеу операцияларының күрделі  қатарларын адамның қатысуынсыз,  алдын ала көрсетілген нұсқаулық  – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. 
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты. 
Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және т.б.             Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы. 
Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін ұсынады.         Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды. 
Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады: үстел үстінде тұратын (DeskTop), ұтқыр (NoteBook), қалтаға салуға келетін (Pocket PC), алақанға сыятын (Palm PC) және т.б.       Компьютер қалай жұмыс істейді және қайда қолданылады? 
     Компьютер жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар және

Информация о работе Физика сабағында компьютерді пайдалану