Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 14:35, реферат
Нарық қатынастарын зерттеуін экономикалық теория классикалық мектебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған Адам Смит пен Давид Рекардо жатады. Адам Смит рыноктык экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет «laissez faire» – «өзінше жүре берсін» саясатын жүргізгені абзал. Рыноктың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Рыноктың тепе-теңдігі жай адам эгоизмінің негізінде жүзеге асады – пайдаға мүдделі және еркін бәсекенің болуы. Адам Смиттің ойынша, адам рынокта өз пайдасын көздей отырып, «қаперінде жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жиірек қызмет жасайды». Еркін рынокқа бар ниетінің артуының арқасында А. Смит либерализм мектебінің айтулы идеологы болды. (Liberalis – еркін деген латын сөзі.) К.Маркс экономикалық теорияда рынок тепе-тепеңдігі мәселесі үш деңгейде қараған: микродеңгей – көпсалалы шаруашылық деңгейін және қоғамдық шаруашылықтың ең жоғарғы, көп факторлы, ұдайы өндіріс дәрежесінің деңгейі. Мысалы, К.Маркс «Капиталдың» екінші томында рыноктык тепе-теңдіктің схемасын экономиканың әр түрлі аясындағы өндіріспен қорланудың өзара байланыстылығына қатысты қарастырған.