Жарнама және оның фармацевтикалық нарықта тауарларды жылжытудағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 06:11, реферат

Описание работы

Жарнама туралы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесінде туындайтын қатынастарды реттейді. Бұл заңның негізгі мақсаты: жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету,жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсіз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.

Содержание

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Жарнама уралы түсінік.
2.2. Дәрілік заттарды жарнамалау.
2.3. Еліміздегі фармацевтикалық нарық.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

СРС жарнама.ppt

— 1.03 Мб (Скачать)

  
  
 
  
  
  
 
 
   
   
Кафедра: Фармацияны ұйымдастыру,экономикасы және дәрілік қалыптар технологиясы 
 
СӨЖ  
 
Тақырыбы: Жарнама және оның фармацевтикалық нарықта тауарларды жылжытудағы рөлі 
  
  
  
 

 

 

 

 

 

Орындаған: Куппанова С.Ш.

           Беккулиева М.Л.

Қабылдаған:

Топ: 202-1                                   Факультет: Фармацевтикалық

                                                                

 

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ  МИНИСТРЛІГІС.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ  РККАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ

МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Жоспар: 

 

  • І. Кіріспе.
  • ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Жарнама уралы түсінік.

2.2. Дәрілік заттарды жарнамалау.

2.3. Еліміздегі фармацевтикалық  нарық.

  • ІІІ. Қорытынды.
  • ІҮ. Қолданылған әдебиеттер.

 

 

Кіріспе. 

 

Жарнама туралы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы  №508-ІІ Қазақстан Республикасының  Заңы Қазақстан Республикасы  аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесінде  туындайтын қатынастарды реттейді. Бұл заңның негізгі мақсаты: жарнаманы  жасау, тарату, орналастыру және  пайдалану үшін қажетті жағдайларды  қамтамасыз ету,жарнама саласындағы  жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсіз  жарнаманы болғызбау және оларға  тыйым салу болып табылады.

 

  • Жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез-келген нысанда, кез-келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын ақпарат. Жарнама туралы заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі процесінде туындайтын қатынастарға қолданылады.

 

Жарнама – маркетинг құрамдас бөліктерінің маңыздыларының бірі. Сондықтан жарнама және кампанияларын жүргізу тиімділігін зерттеу бойынша жұмыс маркетингтік шаралар жүйесінде маңызды орын алып қаржыландырудың айтарлықтай көлемін талап етеді.

Жарнама пациенттер шеңберін кеңейтіп, медициналық қызметті өткізуді жоғарылатып, медициналық мекемелер мен жеке практикалы дәрігерлер пайдасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

  • Дәрілік заттарды жарнамалау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының дәрілік заттар туралы заңнамасымен  реттеледі. Медициналық қызметтер көрсету жарнамасына, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістер мен құралдарының жарнамасына, оларға лицензия мен рұқсат болмаған,сондай-ақ оларды жарнамалауға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен берілген рұқсат болмаған кезде жол берілмейді.
  • Интернет магазин жүйесіндегі ақпараттық технологиялар адамдарға кері де оң әсерін тигізіп келеді.Мысалы:Бір дәріні жарнамалап фирмалар арсында бәсекелестерді тудырады.Кейбір адамдар уақыттары жетпегенде интернет жүйесі арқылы дәрілерді  сатып алады.Дәрілер тек дәрігердің талабы бойынша аптекадан алу керек.

 

  • Оңтүстік Қазақстан облысында Экономиканы жаңарту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысын өткізді Мәжілісте елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы фармацевтикалық кешенді дамыту туралы мәселе сөз болды.
  • Мемлекеттік сатып алулардың ауқымында отандық фармацевтикалық өндірістердің үлесі артып келеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс пен  «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның жаңа өзгертулерінің арқасында мемлекеттік сатып алулардың ауқымындағы отандық өндірушілердің үлесі алдағы уақытта біртіндеп және сенімді өсетін болады.
  • Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында халықаралық стандарттарды енгізу мақсатында кәсіпорындарға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу қарастырылған. Бұл шаралар дәрілік заттардың ішкі нарықта пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық дәрілік заттардың халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз ету үшін қажет.

 

 

Еліміздегі фармацевтикалық өндіріс

Отандық дәрі-дәрмек өндірісін  дамыту – басты мақсат 

 

Халық денсаулығы – ұлттық  байлық. Сол ұлттық байлығымызды  сақтау үшін денсаулық сақтау  саласына зор жауапкершілікпен  қарағанымыз жөн. Алайда елімізде  фармацевтика саласына қатысты  мәселелер жетерлік. Осыған назар  аударған Елбасымыз алдағы уақытта  фармацевтика өндірісін дамыту  мақсатында ішкі сұраныстың 50 пайызын  отандық дәрі-дәрмек өндірушілер  есебінен қамтамасыз етуге тапсырма  берді. Сондай-ақ «сырттан міндетті  түрде сатып алатын дәрі-дәрмектер  де бар. Бірақ оларды сатып  алу кезінде сапасына қатаң  бақылау болуы тиіс» екенін  де қадап айтты.

Қазақстанда дәрі-дәрмек  өндірісін жолға қоятын барлық  мүмкіндік бар: 
Біріншіден, ғылыми әлеуетіміз бұл саланы тікесінен тік тұрғызатындай қабілетке ие. 
Екіншіден, елімізде әлемнің басқа түкпірінде өспейтін дәрілік қасиеті бар жүзден астам шөп түрі өседі.  
Яғни дүниежүзінің 90 пайызының дәрі-дәрмек өндірісінде пайдаланып жүрген биологиялық қорларының Қазақстанда жеткілікті болуы да басты артықшылығымыз деуге болады. Демек, дәрі өндіруге алдағы уақытта тек қаражат пен ынта болса болғаны. 

Францияның дәрiлерi Шымкентте  де шығады  

 

Дәрілердің 50 %-ы біздің елімізде  шығарылатын болады. (Елбасының Қазақстан  халқына Жолдауынан). Қазақстандағы  фармацевтика саласының отаны  — Шымкент. Елдегi дәрi-дәрмек өндiрушi алып кәсiпорын да осында орналасқан. Салаға қажеттi мамандар Оңтүстiк  Қазақстан фармацевтика академиясында  даярланады. Өркениеттi елдер сапына  сапалы өнiм өндiрiсiмен ену  мiндетi тұрғандығын шымкенттiк фармацевтер  жақсы бiледi.

Қазақстандағы фармацевтикалық  өнiм өндiрушi бiрегей кәсiпорынның  әлемдiк стандарттарға сай өнiм  өндiруiне үлкен маңыз берiлуде. Бұл орайда, қазақ-француз саммитiнде   францияның «Sanofi Aventis» компаниясының   препараттарын мемлекетаралық келiсiм-шарт  негiзiнде  «Химфарм» АҚ-ы базасында  шығару осы жобаны жүзеге асыруға  мүмкiндiк бермек. Биыл тамыз айында  сәтiн салса франциялық препараттар  Шымкентте шығарылып, дәрiханаларда  сатылатын болады. 

 

2012 жылы отандық өндiрiстiң  даму сатысына аяқ баса отырып,  компания 150 түрлi жаңа медикамент  шығаруды жоспарлап отыр. Олардың  iшiнде, әсiресе әлеуметтiк ауруларға  аса қажеттi  дәрiлер болады.  Қатерлi iсiк, өкпе-құрт, сары  ауру сынды бүгiнгi қоғамның  деңдеп тұрған дертiне шипа  болар дәрiлер шығару басты  мiндет болып отыр.

Қазақстанда қазіргі таңда 100 млн. АҚШ долларына жуық фармацевтикалық  өнімдер өндіріледі. Еліміздің ішкі  нарығында өндірілетін дәрі-дәрмектердің 20 пайызға жуығы экспортқа шығарылады.  
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында фармацевтика саласында өндірілетін өнімдердің көлемін бірнеше есе ұлғайту жоспарланып отыр.  
Бұл ретте қазақстандық экспортты сыртқы нарықтарға жылжыту жұмысымен «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ айналысатын болады. 
 Айта кетейік, 2010 жылдың мамыр айында «KAZNEХ» экспортты дамыту және жылжыту корпорациясы» АҚ «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ болып қайта құрылған болатын. Жаңа құрылған органның негізгі мақсаты - экспортты дамыту және жылжытумен қатар Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар тарту болып табылады. Мұндай ұйымдар әлемнің 119 елінде жұмыс жасайды және экспортты жылжытуға және инвестициялар тартуға жәрдемдесуі тиіс. 

Қорытынды

 

Қазір еліміздің фармацевтика  өнеркәсібінде 79 кәсіпорын жұмыс  істейді. Елдегі барлық шығарылатын  дәрі-дәрмектің ақшаға шаққанда 90 пайызы – бес ірі зауыттың  еншісінде. Отандық «Химфарм» АҚ, «СП Глобал Фарм», «Ромат», «Нобел  АФФ», «Нұр-Май-Фарм» ЖШС, Қарағанды  фармацевтика зауыты – өндірістің  толық циклін жүзеге асыратын  кәсіпорындар. Ал 15 жылдың ішінде  отандық өндірушілердің нарықтағы  үлесі 3 пайыздан 10 пайызға ғана көтерілген. Бүгінде еліміз дәрі-дәрмектермен  өзін тек үштен бір бөлігінде  ғана қамтамасыз етеді. Сондықтан  шетелдікіне  әуес деп көпшілікке  топырақ шашуға да болмайтын  шығар.

Осы уақытқа дейін мемлекет  жәрдем көрсетпесе, елімізде алып  дәрі-дәрмек индустриясын құру  мүмкін емес деп айтылып келді. Бұл бағытта ешқандай жұмыс  жүргізілген жоқ деп ауызды  қу шөппен сүртуге және болмас. Дегенмен Үкімет отандық дәрі-дәрмек  өндірісін қолдауға шындап кіріспекші. 
Ендігі міндет – өндірісті 2014 жылы 50 пайызға дейін жеткізу.

Қолданылған әдебиеттер. 

 

  • 1. Жарнама туралы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508-ІІ ҚР заңы
  • 2. Www.Google.Kz
  • 3. Мединалық заңдылық
  • 4. Фармацияны ұйымдастыру

 


Информация о работе Жарнама және оның фармацевтикалық нарықта тауарларды жылжытудағы рөлі