Тауар маркасы
Тауар таңбасы дегеніміз басқа тауарлардан
оны айыру үшін, қабылданған тәртіпке
сәйкес тіркелген тауарға берілген белгі.
Марка – бір немесе
бірнеше сатушының тауарларын не қызметтерін
ұқсастыруға (идентификациялауға) арналған
ат, термин , белгі символ, сурет немесе
осылардың тіркестері және оларды бәсекелестер
тауарынан, қызметтерінен дифференцияциялау.
Маркалық
атаулар – марканың ауызша аталатын
бөлшегі немесе атаулы тауардың таңбасының
бөлімі. Мысалға, «Avon», «Шеврон», «Диснейленд»,
«Американ экспресс».
Маркалық
белгі (эмблема) – марканың айырмашылығын
көрсететін, бірақ ауызша айтуға болмайтын
бөлшегі немесе заңға сүйенген құқықтық
қорғаумен қамтамасыз етілетін тауар
таңбасының бір бөлімі. Таңбасы бар тауарлар
таңбасы жоқ тауарларға қарағанда 15-25%
артық бағаланады.
Тауар белгісі –
құқық жағынан қорғалуы қамтамасыз
етілетін марка не оынң бөлшегі. Тауар
белгісі сатушының марка атын
немесе марка белгісін қорғаудағы ерекше
құқын қорғайды. Тауар белгілерінің
тіркелуі бәскелестермен бәсекеге түсу,
жарнама жасау, тұтынушылардың олардың
коммерциялық құрамымен танысу үшін
ғана емес, ол басты түрде тауар
белгілеріне лицензия сату мүкіншілігі
үшңн қолданылады.
Тауар таңбасын
белгілеудің 4 түрі бар:
Фирмалық
атау. Ол – сөз, әріп немесе сөздер мен
әріптер тобы;
Фирмалық
белгі – символ, сурет, ерекшеленетін
түс немесе белгілеу;
Сауда
бейнесі – дербестендірілген тауар таңбасы;
Сауда
белгісі – фирмалық атау, фирмалық белгі,
тауар бейнесі немесе олардың заң тұрғысынан
қорғалған түрі.
Тіркелген тауар белгісін
пайдалану R әрпімен белгіленеді.
- «Бренд» терминінің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ, ағылшын тілінен аударғанда ол «таңба, мөр» деген мағынаны береді. Сондықтан да, сатып алушы оны бәсекелес тауарлардан ерекше етіп көрсететін өзіндік бейнесі ретінде түсінеді. Бренд – атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы санасында бекінген, нарықта танымал сауда маркасы.
- Қазақстанда брендтің даму деңгейі батыс елдерімен салыстырғанда төмен. Оның негізгі себептері – тауарды өткізудегi бренд рөлін дұрыс бағаламау және өнімнің бәсекеге қабiлеттілігінің төмендігі.
- Отандық тауарлардың ішіндегі атақты брендтерді атау әзірше қиынға соғып отыр. Алайда, біздің нарықта «Фуд-Мастер», «Рахат», «Беккер және К° », «Әсем-ай», және т.б. компания өнімдерінің сапалы түрі бар екенін айта кеткен жөн. Бірақ олар өз өнімінің имиджін көтеруге жеткіліксіз көңiл аударады.
- Кез келген тауар белгісі бренд бола бермейді, ол үшін тауар нарықта беделге ие болып, өнім жоғарғы сапасымен тұтынушының сеніміне кіруі қажет. Бренд құру үлкен шығынды талап етеді. Оны құруға көптеген елдерде 20-25 млн доллар шамасында қаржы бөлсе, Ресейде орташа
есеппен 4-12 млн, ал Отандық «Қант орталығы» «Терра
инкогнито» деп аталатын брендқа 2 млн-ға жуық доллар ақша жұмсады.
Қазақстанда төменде
көрсетілген белгілеуден тұратын тауар
белгілеріне рұқсат етілмейді:
- Мемлекеттік елтаңба, эмблема, жалау, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың аты, марапаттаулар, басылымдар және т.б. ерекше белгілер;
- Қоғам қөзқарасына қайшы келетін, тауар туралы адамдарға жалған көзқарас тудыратын белгілер;
- Бұрын тіркелген тауар белгісіне ұқсас белгiлер;
- ҚР қорғалатын өнеркәсіптік үлгілер;
- Атақты әдеби туындылардың, өнер және т.б. атауы.
- Қазақстанда тауар белгісіне берiлген куәлiк 10 жылға дейiн жарамды.
- Тауар таңбасының атын іздеу – күрделi мiндет, ол белгілі сапаға ие болуы қажет. Тауар белгісінің аты жылдам, оңай айтылатын, тез танылатын, жылдам сақталатын әрi дараланатын болуы керек. Сондай-ақ тауар белгісінің аты тіркеуге алынатындай және заңдық түрде қорғалатындай болуы керек.
- Қазіргі заманда нарықта сатып алушылардың санасын жаулап алу үшін әйгілі тауар белгілерiнiң арасында қатаң күрес жүрiп жатыр. Осыған байланысты отандық өндiрушiлерге тауар белгiсi ғана емес, сондай-ақ маркетинг және жарнама құралдарын қолдана отырып, бренд жасау қажет.Фирма таңбалық белгілеудің 3 әдісін қолдануы мүмкін.
- Өндіруші маркасы немесе жалпы ұлттық марканы қолдану.
- Фирма тауарын өз таңбасын қоятын делдал-дистрибьютер немесе дилерлерге сату.
- Өндіруші өнімінің жартысын өзінің таңбасымен, ал қалғанын делдал таңбасымен сату.
- Тауар белгісі интеллектуалды меншік объектісіне жатады және заң арқылы қорғалады. Заңмен қорғану тауар таңбасының иелеріне сол тауарға деген өз құқығын тіркеу арқылы өткiзiледi. Интеллектуалды меншіктің басқа түрлеріне қарағанда (патент, авторлық құқық) тауар таңбасы кейбір елдерде іскерлік мерзімі бойынша шектелмейді. Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлерінің атаулары туралы» Заңына сәйкес шаруашылық субъектісі – барлық өндірілген тауарларға бір тауар белгісін немесе әр тауар түрі үшін бірнеше тауар белгісін қолдана алады (38).
- Тауар белгісін тіркеу туралы өтініш патенттік ведомствоға беріледi. Сараптама негізінде Қазақстанның Патент және сараптама институты оның мемлекеттік тіркелуге жіберілгені жөнінде шешім қабылдайды.