Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 11:33, реферат
Өндірілген өнімді тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүзеге асырады, өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдау арқылы. Өнімді тікелей өткізу әрқашанда тиімді емес сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналады қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құрауға байсалды, байыпты қарауға тиіс.
Кіріспе
Негізгі бөлім:Тауарлардың ассортименті
1).Тауарлар ассортиментінің түрлері және оның нарықтағы рөлі.
2).Ассортиментті құру.
3).Тауар ассортиментінің кеңдігін және тереңдігін бөліп көрсету
Қортынды
Кафедра Маркетинг
Тақырыбы: «Тауар ассортиментінің
көрсеткіштері»
Орындаған: Алмабек Досым
Алматы 2013
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:Тауарлардың ассортименті
1).Тауарлар ассортиментінің түрлері және оның нарықтағы рөлі.
2).Ассортиментті құру.
3).Тауар ассортиментінің кеңдігін және тереңдігін бөліп көрсету
Қортынды
Кіріспе
Өндірілген өнімді тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүзеге асырады, өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдау арқылы. Өнімді тікелей өткізу әрқашанда тиімді емес сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналады қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құрауға байсалды, байыпты қарауға тиіс.
Тауарлардың ассортименті.
1).Тауарлар ассортиментінің түрлері және оның нарықтағы рөлі.
Ассортимент деп аталады:тауарладың белгілі жиынтығы әртүрлі түрлер мен сорттардан бір белгілері бойынша іріктелген(түсі,размері т,б).Ассортимент ұғымы тауарлық массаның құрамын көрсетуге қолданылады.Тауардың ассортиментінің көрсеткіштері: ауқымы, тереңдігі,толықтығы,жаңару дәрежесі,құрамы болып бөлінеді.
Ассотимент тереңдігі дегеніміз белгілі тауарлардың түрлері, топ- тағы бөлімдері.Мысалы,көтерме сауда мекемесінде бес түрлі құрлыс- тық материалдар бар.Сонда ассортименттің тереңдігі 15 болады. Кеңдігі-белгілі тауардың кеңдігі болып табылады.Ассортименттің толықтығы тауарлардың түрлерінің белгіленген жобаға сәйкестігі. Мысалы,прейскурант бойынша 6 түрлі металл болу керек,ал бары 4,сонда ассортимент толықтығы 0,66.Жаңару деңгейі-жаңа түскен тауарлардың барлық тауарларға қатынасы.Мысалы,Дүкен 25 түрлі тауарлар сатады,жаңадан 7түрі келді.Сонда жаңару деңгейі 0,28.
Ассотименттің құрамы-тауарлардың топтарының,түрінің жалпы көлеміндегі салыстырмалы көлемі.Егер ассотименттің құрамы сұранысқа сәйкес болмаса керексіз тауарлар жиналады,ал керек тауарлар жетіспейді.Ассортимент өнеркәсіптік және саудалық болып бөлінеді:
Өнеркәсіптік ассортимент-ол шығарушы мекемедегі тауарлар тізімі.
Сауда ассотименті-саудаға түскен тауарлардың
ассотименті. Сау- далық ассотимент сауда
мекемелерінің мамандандыру дәрежесіне,
халық санына байланысты.Өнеркәсіптік
ассортименттің саудалыққа ауысуы дайын
өнімдер қоймасында немесе жіберу қоймасында
болады.Тауарлар жай және күрделі ассортиментке
бөлінеді:Жай ассотименттегі
тауарлар түрге бөлінеді,бірақ өзгешеліктер
бойынша(размер,жобасы)
Күрделі ассортименттегі тауарлар бір түрдің ішінде тағы тағы размер,конструкция т,ббелгілер бойынша бөлінеді.Тауарлар шығару тегі бойынша топтарға бөлінеді(мысалы,лак-сыр материалдары, металдар,маталар,тоқыма бұйымдары)немесе тұтыну бағыты бойын- ша бөлінеді(шаруашылық тауарлары,мәдени тауарлар, киімдер). Мұндай бөлу топтама ассортимент деп аталады.
Бір тауарлық топтың ішіндегі түрлері номенклатура деп аталады. Ассортименттік концепция деп тауардың тиімді бағытталған құра- мын құру.Мұның негізіне нарықтың нақты субъектілерінің тұтыну талаптары қаржылық,материалдық,еңбек ресурстарын тиімді пайда- лану.Тауардың тиімді ассотиментін құруға толық көмек жасайтын ассотименттік саясат.Ол ұзақ мерзімдік жоспарлар негізінде тауардың ассотиментін дамытуға,тиімді құрамын жасауға саудамен байланыс- ты жақсартуға арналады.Ассотименттік саясат жобалағанда тауардың өмірлік циклін зерт- теу,білу керек.Осы негізде тауарларды таңдау,ассотимент жобалау, бағаларды қою,пайда есептеу,сауданы жандандыру формалары қолданылады.
Ассотиментті құру дегеніміз әртүрлі тауарлардың түрлерін,тағы басқа ерекшеліктері бойынша іріктеп алу,нарық субъектісінің талап- тарына сәйкес етіп оның талаптарын толығырақ орындауға ұмтылу.Тауарлық ассотимент құру,сақтау және тауарлық запас құру процесстерімен тығыз байланысты.Көтерме және бөлшек сауда орындарында тиімді ассотимент болуы үшін міндетті ассотимент болғаны дұрыс(ассотименттік минимум).Міндетті ассотимент уақыт бойынша өзгертіліп,қайта қаралып отыру керек.Ассотимент тұрақтылығы-асссортиментті уақытында тексеру арқылы атқарылады.Әрқашанда саудадағы тауарлардың болуын қадағалау керек.Тұрақтылық коэфицентін жеке дүкен тбойынша,не тауар топтары мен түрлері бойынша есептеуге болады.
ҚУА=нақты ассотимент/міндетті ассотимент
Тауарлардың ассотиментін құру екі сатыда жүргізіледі:
1.Топтық ассотимент.
2.Топ ішіндегі ассотимент.
Топтық ассотимент сатуға белгіленген тауарлардың топтарының тізімі,әрбір топтың жиынтық саны немесе барлық тауарлар көлемін- дегі үлес салмағы көрсетілген тізім.
Топ ішіндегі ассортимент-әрбір тауардың топ ішіндегі нақты тауарлар мен олардың түрлерінің номенклатурасы.Номенклатура тұрақтылығы жағынан тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.
Тұрақты ассортимент әрқашанда толық көлемде болуы керек. Кейбір тауарлардың болмауы сұраныстың қанағаттандырылмауына әкеледі. Өзгермелі ассортимент-альтернативтік және тез өзгермелі сұраныс- қа байланысты ассортименттің жан жақты және жаңарып отыруына көмектесуге.
Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «ФудМастер» компаниясы әрқайсысы өзіндік маркетинг стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассортиментін (әр алуан тауар жинағын) өндіреді.
3)Тауар ассортиментінің кеңдігін және тереңдігін бөліп көрсету
Тауар ассортиментiнiң кеңдiгi фирманың мақсаттары мен мiндеттерiне байланысты. Нарықтың көп бөлігін қамтуды мақсат ететiн фирма ауқымды тауар ассортиментіне ие болуы қажет, ал егер фирма тек пайда табуды көздесе, онда ол пайдалы тауарлардың санаулы ассортиментімен ғана шектеледі. Уақыт озған сайын фирманың тауар ассортименті әдетте кеңейе түседі, ол өсу (наращивание) және толықтыру (насыщение) арқылы жүзеге асырылады. Тауар ассортиментінің өсуі төменге, жоғарыға немесе екi бағытқа да бірдей жылжуы мүмкін.Тауар ассортиментiнiң жоғарыға қарай өсуi. Екінші деңгейде, яғни нарықтың төменгі эшелонында әрекет жасаушы фирмалар оның жоғары сатысына қарай ұмтылады. Нарықтың жоғарғы эшелоны өткізудің жоғары қарқынын және пайданың мол түсуін қажет етедi. Жоғарыға қарай өсу көптеген құралдар мен тәуекелділікті талап етеді. Нарықтың жоғарғы эшалонында орныққан компаниялардың позициялары мықты, ал оның төменгі сатысындағы бәсекелестерінің мүмкіндіктері аз. Сондықтан жоғарғыдағылар нарықтың төменгі эшелонында әрекет ету туралы шешім қабылдауы мүмкін. Әлуетті тұтынушылар төменгі деңгейдегі фирмалар жоғары сапалы тауар шығаруға мүмкіндігі бар екендігіне сенбеуі мүмкін. Ең бастысы, нарықтың жоғары деңгейінде қызмет көрсетуге фирма қызметкерлері мен делдалдарының кәсіби біліктілілігі мен қабілеттілігі жетпеуі мүмкін.Тауар ассортиментiнiң төменге қарай өсуi. Көптеген фирмалар нарықтың алдыңғы қатарында, яғни оның жоғарғы эшелонында орналасқысы келеді. Алайда, фирма өзінің өндірісі мен тауарлық ассортиментін кеңейту үшiн басқа да нарық эшелонын қамтуға тырысады. Фирмалар төменге қарай өсудi нарықтың жылдам дамушы сегментіне ұмтылатын бәсекелестерді тежеу үшін қолдануы мүмкін. Бірқатар американдық фирмалар («Форд», «Дженерал Моторс») 70-жылдардың басында ассортименттерін төменге қарай ұлғайтпағаны, яғни нарықтың төменгі эшелондарын игермегендігі үлкен қателік болды. Мұны жапон фирмалары тиімді пайдаланып, АҚШ автомобиль нарығының айтарлықтай бөлігін қамтып алды.Тауар ассортиментiнiң жоғары және төмен өсуi. Нарықтың орта эшелонында әрекет ететін фирмалар өз тауар ассортиментін бір мезгілде жоғарыға да, төменге де өсіру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ол үшін фирма айтарлықтай жетілген тауарларды шығарып, оларды төменгі нарық эшелонындағы бағамен сатуы қажет. Фирма жоғарыға қарай өсуi үшiн жоғары сапалы тауарлар шығарып, оны нарықтың жоғарғы бөлігіндегі бағадан төменірек бағамен сатуы тиіс.Осындай амал қолдану арқылы «Sony» корпорациясы дербес аудиоплеерлердiң әлемдiк нарығында алдыңғы қатарға шықты.
Тауар ассортиментін толықтыру. Тауар ассортиментін толықтырудың бірнеше себептері бар:
табысты көбейту қажеттілігі;
ассортиментті кеңейтуді сұрайтын делдалдардың пікірін ескеру;
фирманың іске қосылмаған өндірісін жүзеге асыру;
бәсекелестердің іс-қимылын бейтараптандыру.
Тауар ассортиментін толықтыру үшін өндіріліп жатқан өнімдерден жаңа тауар айтарлықтай ерекшеленуі керек. Алайда, тауар ассортиментінің толығуы жалпы табыстың қысқаруына әкеп соғады. Себебі, тауарлар бір-бірімен өзара бәсекеге түседі, ал тұтынушы оларды таңдауда қиналуы мүмкiн.
Тауар ассортиментін толықтыру туралы шешім қабылдау тауар номенклатурасы ұғымымен тығыз байланысты. Тауар номенклатурасы – нақты сатушылардың сатып алушыларға ұсынатын тауарлар мен тауар бiрлiктерiнiң барлық ассортименттiк топтарының жиынтығы.
Тауар номенклатурасы
кеңдігімен, толықтығымен, тереңдігімен
және үйлесiмдiлiгiмен сипатталады.
Тауар номенклатурасының үйлесiмдiлiгiне әр түрлі ассортимент топтарындағы тауардың соңғы тұтынылуы, өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптары, тарату арналары немесе басқа да көрсеткіштерi тұрғысынан өзара ұқсастығы жатады. «Ақсай-нан» компаниясының ассортименттік тауар топтарының номенклатурасы үйлесiмдi, себебі – осының барлығы, тек әдеттегі тарату арналары арқылы өтетін күнделікті сұраныстағы тауарлар.
Тауар номенклатурасын сипаттайтын
бұл 4 көрсеткіш фирманың тауар-номенклатурасын
анықтауға мүмкіндік береді. Ол тауар
номенклатурасына тауарлардың жаңа
ассортименттік топтарын қоса отырып
кеңейте алады. Фирма шығарылатын
тауардың өлшемін өзгерте отырып
және оған әр түрлі қоспалар қосу арқасында
тауар номенклатурасын
Маркетингтік тұрғыда нақты, жинақталған және кеңейтілген өнім деген түсінік кездеседі.
Нақты өнім нақты сипаттары бар тауардың негізгі физикалық мәнін көрсетедi. Мысалы, «Kodak» фотоаппараты, «Bosсh» кір машинасы, «Сұлтан» макароны, «Нұр» шарабы, т.б. сияқты.
Кеңейтілген өнім – тауардың нақты сипатын ғана емес, сонымен қатар оның қызмет көрсетуін білдіреді. Мысалы, «Pentium» компьютерін сатып алуды тұтынушы оны пайдалану мен қызмет көрсету ережесін және бағдарламалар пакетін алумен байланыстырады.
Жинақталған өнім – бұл маркетинг тұжырымдамасына сай тауардың ауқымды, айтарлықтай кең анықтамасы. «Берхаус» фирмасының киiмдерiн сатып алған тұтынушы өзін жас, сән-салтанатты, қайратты немесе нәзік сезінуі мүмкiн.
Қортынды
Тауар қозғалысында белгілі бір қызметтер атқаратын тұлғалар және ұйымдар: транспорттық фирмалар, қойма шаруашылықтары, жүк тасымалдаушылар, тауарды ішкі және халықаралық нарықта өткізуде әр түрлі қызмет көрсететін банктер, сақтандыру компаниялары. Оларды өткізудегі басқа да көмекшілер деп атайды.
Өткізудің ерекше түрі ретінде әр
түрлі жәрмеңкелердегі