Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2011 в 17:09, реферат

Описание работы

Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық қызметтерді жетілдіруге тиісті көзқарастар жүйесі болып табылады. Материалды ағымдарды басқару құрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, өндіріс, өткізу және тасымалдауды білдіреді. Экономикадағы материалды ағымдар көптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының өз мақсаттары бар.

Работа содержит 1 файл

Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі.doc

— 96.50 Кб (Скачать)

      Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді  қолдану тәжірибесі

     Логистиканың  концепциясы материалды ағымдарды  оңтайландыру арқылы шаруашылық қызметтерді  жетілдіруге тиісті көзқарастар  жүйесі болып табылады. Материалды ағымдарды басқару құрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, өндіріс, өткізу және тасымалдауды білдіреді. Экономикадағы материалды ағымдар көптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Егер қатысушылар бірлесіп, басқару объектісін-іштей материалды ағымдарды-рационализациялау мақсатында өз іс-әрекеттерін келісіп жасаса, онда олардың барлығы маңызды экономикалық ұтыс алады. Материалды ағымдарды рационализациялау тек бір кәсіпорын немесе оның бөлімшесінің шеңберінде ғана мүмкін болады. Бірақ максималды әсерді тек шикізаттың алғашқы көзінен соңғы тұтынушыға дейінгі жолда, жиынтық материалды ағымдарды оңтайландыра отырып немесе оның жеке маңызды учаскілерін оңтайландыра отырып алуға болады. Бірақ материал өткізуші тізбектердің барлық звенолары, яғни макрологистикалық және микрологистикалық жүйелердің барлық элементтері бірыңғай құрылған механизм ретінде жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселені шешу үшін техниканы таңдауға, материал жылжитын түрлі учаскілердегі өзара үйлескен технологиялық үрдістерді жобалауға, қарама-қайшы экономикалық мүдделердің үйлесу мәселелеріне және де материалды ағымдарды ұйымдастыруға байланысты басқа мәселелерге жүйелік тұрғыдан қарау қажет.

     Материалды  ағымдарды басқаруға жүйелік  тұрғыдан қарау мәселелері толығынан  төменде қарастырылады. Шикізат  және жұмыс күші арзан елдердегі  өндірістік бөлімшелерді дұрыс орналастыру, қойма шаруашылығының орналасуын және құрылымын оңтайландыру, шикізатты, бөлшектерді және дайын өнімді дұрыс тасымалдау әдістерінің, қосалқы бөлшектермен жабдықтауды және логистикалық сервисті ұйымдастыру есебінен корпорациялардың логистикалық шығындарын төмендету мәселелері қарастырылды.

     Соңғы жылдары нарықтық қатынастардың  дамуына байланысты, логистика атты жаңа ғылыми практикалық ағым пайда  болып, белсенді түрде даму үстінде. Бұның барлығы логистикалық бағыттың капиталистік елдер экономикасында дамып, елеулі нәтиже беруі арқасында. Логистика көптеген IBM, Proctor&Gamble, General Motors, Ford Motors, Johnson&Johnson атты корпорациялардың бизнес құралына айналды.

     Бұл бөлімде логистикалық концепциялардың  өндірістік үрдістің рентабельдігін көтеріп, оны оңтайландыру, сонымен қатар, өндірілетін тауарға немесе қызметке бәсекелестер тауарынан артық қасиеттер беру жағдайлары қарастырылады.

     Батыс мамандар мен ғалымдар көптеген кәсіпорындарда тиімді, бәсекелестерден артықшылық беретін, әрі кеңінен қолданылатын көптеген логистикалық концепцияларды құрастырған болатын. Төменде келтірілген концепциялар отандық кәсіпорындарға одан әрі өнімді және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

     Дүниеде ең кең таралған микрологистикалық  концепция “just-іn-tіme” – JIT (“дәл мерзімде”) концепциясы болып табылады. Бұл концепция 1950 жылдың соңында пайда болды, бұл кезде Тойота Моторс Жапон компаниясы және басқа да Жапонияның автомобиль өндіруші фирмалары белсенді түрде KANBAN микрологистикалық жүйесін енгізе бастады. Бұл концепцияға “Just-іn-tіme" атауын кейінірек американдықтар берді, олар, сондай-ақ бұл әдісті автомобиль өндірісіне пайдаланды. JIT концепциясының алғашқы мақсаты — автомобильдерді жинаудың өндірістік үрдісінде материалдың, бөлшектердің және жартылай фабрикаттардың қорларын ұстамау. Бастапқы тәртіп келесідей болды: егер өндірістік кесте берілсе, онда барлық материалдар, бөлшектер, жартылай фабрикаттар керекті көлемде, қажетті орында және дайын өнімді өндірудің дәл белгіленген мерзімінде жеткізілетіндей етіп материалдық ағымдар қозғалысын ұйымдастыру қажет. Мұндай жағдайда сақтандырушы қорлар керексіз болып қалды.

     Логистикалық  тұрғыдан, JIT — бұл қорлардың минимум  талаптары шексіз қорларды басқарудың бинарлы логикасы, мұндағы материалды ресурстар ағымы өндірістік кестемен берілетін қажеттілікпен синхрондалған. Мұндай синхрондау-бұл екі базистік логистикалық функциялардың, яғни жабдықтаудың және өндірістік менеджменттің үйлесуі. Кейіннен JIT идеологиясы бөлуге, дайын өнімді өткізу жүйесіне табысты түрде енгізілді, ал қазіргі уақытта макрологистикалық жүйеде де өз дамуын алып отыр.

     JIT - ның қазіргі бизнестің түрлі  салаларында кең дамуын ескере  отырып, оған келесі анықтаманы  беруге болады:

     “JIT-бұл  қормен байланысты шығындарды минимизациялау мақсатымен, жүйе звеноларына қажет  уақытта, қажетті мөлшерде материалды ресурстарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді жеткізу үрдісін синхронизациялауға негізделген өндірісте, жабдықтауда және бөлуде логистикалық жүйелерді құрудың қазіргі заманғы концепциясы” JIT концепциясы алдыңғы бөлімде қарастырған логистикалық циклмен және оның құрамдастарымен тығыз байланысты. Идеалды жағдайда материалды ресурстар, жартылай фабрикаттар немесе дайын өнімдер логистикалық тізбектің (арнаның) белгілі бір орнына, оларға қажеттілік туған мезетте жеткізілуі тиіс, бұл өндірістегі бос қорларды болдырмайды. JIT әдісіне негізделген қазіргі логистикалық жүйелер логистикалық циклдың қысқа құрамдастарына бейімделген, бұл жүйе звеноларының сұраныс өзгерісіне және сәйкесінше өндірістік бағдарламаларға тез әсер етуін талап етеді.

     JIT логистикалық концепциясы  төмендегі негізгі  қасиеттермен сипатталады:

  • материалды ресурстардың, жартылай фабрикаттардың, ұдайы өнімдердің минималды қорларымен;
  • қысқа өндірістік циклдарымен;
  • дайын өнімдердің аз көлемді өндірісімен және қорлардың толықтырылумен;
  • материалдық ресурстарды сатып алу бойынша сенімді жабдықтаушылармен, тасымалдаушылармен өзара қатынас;
  • тиімді ақпараттық қолдаумен;
  • дайын өнімнің және логистикалық сервистің жоғары сапасымен.

     Әлемде JIT концепциясының енгізілуі мен  таралуы қорларды басқаруға өндірістік менеджменттің дәстүрлі көзқарасын өзгертуге алып келді. 2-кестеде өндірісті, жабдықтауды және өткізуді басқару үшін бұл көзқарастардың негізгі ерекшеліктері қалыптасқан.

     JIT концепциясын енгізу дайын өнім  мен сервистің сапасын жақсартады, артық қорларды минимизациялайды және кешендік логистикалық функцияларды интеграциялау есебінен менеджменттің фирмалық стилін өзгерте алады. JIT бейімделген логистикалық жүйенің жұмысын қорларды басқаратын екі бункерлі жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйедегі бір бункер материалды ресурстар немесе дайын өнімге сәйкес өндірістегі немесе өткізудегі сұранысты қанағаттандыру үшін қолданылады, ал екіншісі бірінші біткенде толықтырылып отырады.  

Кесте 2. JІT концепциясын және қорлардың дәстүрлі менеджментін салыстыру.

     Факторлар      JІT  әдісі      Дәстүрлі  әдіс
Қорлар Пассивтер. Барлық күштер оны жоюға бағытталуы тиіс. Сақтандыру қорлары жоқ. Активтер. Өндірісті Болжамдау қателіктерінен және жабдықтаушылардың Сенімсіздігінен қорғайды. Қорлардың көбісі “сақтандырушы”.
Қор мөлшері, материалды, ресурстарды сатып алу саны Мөлшер тек  ағымды қажеттілікті көрсетеді. Материалды ресурстардың минималды саны өндірушіге де, жабдықтаушыға да қолданылады. Қор саны үнемді мөлшермен анықталады. Қор өзгерісі өткізудегі шығындар өзгергенде, дайын өнімдердің немесе материалды ресурстардың аз санына өткенде ескерілмейді.
Өткізу Жоғары артықшылық. Құралды тез қайта құру арқылы сұраныс өзгерісін бақылау. Дайын өнімнің көп емес партияларын өндіруге ұмтылу. Төменгі приоритет. Әдетті мақсат — дайын өнім көлемін максимизациялау.
Жартылай фабрикаттар қорлары Жартылай фабрикаттар қорын жою. Егер өндірістік бөлімшелер арасында қорлар болса, онда оларды белгілеп, тезірек жою қажет. Қажетті элемент.  Жартылай фабрикаттар өндірістік технологиялық циклдардың негізі бола отырып, құрылымдық бөлімшелер арасында шоғырланады.
Жабдықтаушылар Өндіріс бойынша әріптестер ретінде қарастырылады. Тек сенімді жабдықтаушылармен қатынас жасау. Жабдықтаушылар саны көп емес. Жабдықтаушылармен ұзақ кәсіби қарым-қатынас орнайды. Жабдықтаушылар саны көп, олардың арасында жасанды бәсекелестік орнайды.
Сапа Мақсат —  ноль ақау. Егер сапа 100% болмаса, онда өндіріс  пен бөлу жеткілікті тиімді емес. Аз ақау жіберіледі. Дайын өнімнің сапасын тексеру  ерікті
Персонал Жұмысшылардың, сондай-ақ басқарушы персонал әрекеттерінің  үйлесімділігін талап етеді. Келісімділік болмай тұрып өзгерістер енгізуге болмайды. Басқаруды жалпы менеджмент жүргізеді. Өзгерістер төменгі деңгейлі персоналға байланысты емес.
 

     Тойота Моторс фирмасы JIT концепциясын қолдана отырып, көрнекті жеңіске жетті, бұл оған 1960 жылдары жаңа автомобильдерді жеткізудің негізгі логистикалық циклының уақытын бір айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді, сол кездегі алдыңғы қатарлық американдық автомобиль өндіруші фирмалардағы цикл 6-9 айды құрады.

     Дайын өнімдерді салыстырмалы қысқа өндірістік циклда аз партиялармен өндіру олармен  байланысты материалды ресурстармен жабдықтау  циклын ынталандырады. Теория жүзінде  базалық  JIT жүйесі үшін идеалды тапсырыс мөлшері бір бірлік болып табылады, бірақ бұл өткізу мен тапсырыстарды өткізуге кететін шығындар проблемасына байланысты жүзеге асырылмайды.

     JIT идеологиясын қолданатын логистикалық  жүйелер тартушы жүйелер болып  табылады. Бұл жағдайда, белгілі  бір звенода қорлар шарықтау шегіне жеткенде ғана оларды толықтыру тапсырысы жүзеге асырылады. Қорлар жеке тарату арналары бойынша материалды ресурстарды жабдықтаушылардан немесе логистикалық делдалдардан бөлу жүйесінде “созылады”. JІT концепциясында маңызды шикізаттың, материалдардың, бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің кейінгі қозғалысын анықтайтын сұраныс алады.

     JІT  әдісін қолданатын жүйелердегі  логистикалық циклдардың қысқа  құрамдастары материалды ресурстардың  жабдықтаушыларын, өндіріс үрдісін  немесе дайын өнімді жинау үрдісін орындайтын басты фирманың жанында шоғырландыруға әрекет етеді. Фирма сенімді жабдықтаушыларды таңдауға ұмтылады, себебі жеткізудегі кез келген үзіліс өндірістік кестені бұзуы мүмкін. Жабдықтаушылардың сенімділігінің маңыздылығы келесіден көрінеді, яғни американдық және европалық өндірушілер JІT концепциясын жапондықтардан кейін тек 10-15 жылдан кейін енгізе алды, себебі оған дейін олардағы жабдықтаушылар сенімділігі төмен болған. JІT концепциясындағы жабдықтаушылар өздерінің бизнесіндегі өндірушілердің әріптестері болады.

     JІT  концепциясын іс жүзіне асыруда  сапа маңызды орын алады. Жапондық  автомобиль өндіруші фирмалар JІT  концепциясын және KANBAN микрологистикалық  жүйесін енгізе отырып өндіріс  үрдісінің барлық сатысындағы  сапаны және кейінгі қызмет сапасын басқарудағы және бақылаудағы әдістерді өзгертті. Соңғы нәтижеде бұл TQM — сапаны жалпы басқару — философиясына айналды, ол фирманың барлық стратегиялық және тактикалық мақсаттарында бірінші орынға сапаны қойды. JІT концепциясы логистикалық микстің барлық құрамдастарының шеңберінде сапа деңгейін ұстауға және бақылауға әсер етеді.

     JІT  әдісіне негізделген микрологистикалық  жүйелер ақпарат пен болжау  дәлдігіне тым сыншыл. JІT тиімді жүзеге асыру үшін технологиялар сенімді телекоммуникациялық жүйелермен және ақпараттық-компьютерлік қолдауымен жұмыс жасауы қажет.

     KANBAN микрологистикалық  жүйесі. Жоғарыда аталғандай, JІT концепциясын іс жүзіне енгізуінің бірден бір әрекеті “Тоета Моторс” корпорациясы жасаған KANBAN микрологистикалық жүйесі болып табылады (жапон тілінен аударғанда “карта” деген мағынаны білдіреді). KANBAN жүйесі өндірістегі “созылмалы” микрологистикалық жүйесінің бірінші рет жүзеге асырылуын білдіреді, оны енгізуге шамамен 10 жыл кеткен. Мұндай ұзақ уақыттың себебі - KANBAN жүйесінің өзі сәйкес JІT концепциясының логистикалық ортасынсыз жұмыс жасай алмады. Осы ортаның маңызды элементтері мыналар болып табылады:

  • өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы;
  • өндіріс үрдісінің барлық сатыларындағы сапаны және жабдықтаушылардағы бастапқы материалды ресурстарының сапасын жалпы бақылау;
  • тек сенімді жабдықтаушылармен және тасымалдаушылармен әріптесу;
  • бүкіл персоналдың жоғары кәсіби жауаптылығы және жоғары еңбек моралі.

     Американдық және еуропалық бәсекелестер осы және басқа да логистикалық орта факторларын ескермей, KANBAN жүйесін автоматты түрде енгізгісі келді, бірақ олар жеңіліске ұшырады.

     “Тойота Моторс” корпорациясы ең алғаш рет 1972 ж. “Такахама” зауытында (Нагоя  қаласы, Жапония) пайдаланған.

     KANBAN микрологистикалық жүйесі сақтандыру  қорын талап етпейтін, тез қайта  құрылуға қабілетті үзіліссіз  өндірістік ағымын ұйымдастыру  жүйесін білдіреді. KANBAN жүйесінің  мәні мынада: зауыттың барлық  өндірістік бөлімшелері, соның  ішінде соңғы жинау линиясы тұтынушы бөлімше тапсырыс берген уақытта және қажетті көлемде материалды ресурстармен жабдықталып отырады. Сонымен, дәстүрлі әдістен басты айырмашылығы – құрылымдық өндіруші бөлімшенің қатаң өндіріс тәртібі болмайды, кейінгі өндірістік-технологиялық цикл бөлімшесі тапсырыс Берген шеңберде жұмысын оңтайландырады. Жүйедегі ақпаратты тарату құралы пластикалық конверттегі арнайы “kanban” карточкасы болып табылады. Карточканың екі түрі бар: таңдау және өндірістік тапсырыс. Таңдау карточкасында өңдеудің алдыңғы учаскісінде алынуы тиіс бөлшектердің саны көрсетіледі, ал өндірістік тапсырыс карточкасында — алдыңғы өндіріс учаскісінде дайындалуы тиіс бөлшек саны көрсетіледі. Бұл карточкалар “Тоета” кәсіпорнының ішінде, сондай-ақ корпорациялар арасында және олармен қызмет жасайтын компаниялар арасында, сонымен қатар кәсіпорын филиалдарында айналып отырады. Осыдан келіп “kanban” карточкалары жіберілетін және өндірілетін өнім саны туралы ақпарат тасиды, бұл JІT концепциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, А,В,С өнімдерін дайындауда қолданылатын а және в бөлшектері алдыңғы технологиялық сатыда дайындалады (4-сурет). а, в бөлшектеріне “kanban” тапсырысының карточкасын жапсырып конвейер бойына қоймалайды. А өнімін дайындайтын жинау линиясындағы жұмысшы таңдау карточкасы жапсырылған белгілі бір бөлшектер жәшігін алу үшін технологиялық арбада тапсырыс карточкасымен а бөлшегінің қоймалау орнына келеді. Қоймалау орнында жұмысшы таңдау карточкасына сәйкес, жәшіктерден жапсырылған карточкаларды жұлып, арбаға бөлшектерді тиейді. Содан кейін алған бөлшектерді жұмысшы жинау линиясына жеткізеді. Ал өндірістік тапсырыс карточкалары а бөлшегінің қоймалау орнында, ағымды линияда қалады, ол алынған бөлшектер санын көрсетіп тұрады. Олар “kanban” өндірістік тапсырыс карточкасында көрсетілген санға қатаң түрде сәйкес келетін көлемдегі жаңа а бөлшектерін дайындауға тапсырысты қалыптастырады.

Информация о работе Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі