Қорлардың қоймадағы есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:11, реферат

Описание работы

Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады.

Содержание

Кіріспе
1. Қорларды жіктеу және бағалау
1.1 Қорлар жайлы түсінік
1.2 Қорлардың жіктелуі
1.3 Қорларды бағалау әдістері
2. Қорлардың есебі
2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС
2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

srs karjylyk esep referat.doc

— 60.00 Кб (Скачать)

                                  Қорлардың қоймадағы есебі.

                                                 Мазмұны

Кіріспе

1. Қорларды жіктеу  және бағалау

1.1  Қорлар жайлы  түсінік

1.2 Қорлардың жіктелуі

1.3 Қорларды бағалау әдістері

2. Қорлардың есебі

2.1 Қорлар және №2  ХҚЕС

2.2 Материалдық қорлардың  қоймадағы есебі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

                                                  Кіріспе

         Нарықтық экономиканың қай саласында  да өндірістік запастар кәсіпорынның  айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда  өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.

Материалдар айналым  активтерінің құрамды бөлігі ретінде  өндіріс процесінде толықтай қолданылады  және өзінің құнын өндірілетін өнімнің  құнына толығымен алып барады.

ЖШС “МТС Құрылыс” мәліметтері  негізінде «Тауарлы-материалды құнды  бұйымдарының есебі және аудиті» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе мынадай тұжырымға келуге болады. Осы жұмысты орындау барысында ең алдымен тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебін теориялық  жағынан ашуға тырыстық. Тексеру жұмысы үшін методикалық база ретінде тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі теориясы мен тәжірибесі бойынша Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың еңбектері алынды.

Қаржы және есеп жұмысының  көлеміне қызметкерлерінің міндеттерін  тиісті адамдарға бөліп, тиімді ұйымдастырылған. Жалпы есеп кәсіпорындарында журнал-ордерлік формада жүргізіледі.

 

                    1. Қорларды жіктеу және бағалау

                            1.1  Қорлар жайлы түсінік

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің  өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

  1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
  2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
  3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
  4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
  5. Мтериалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
  6. Дйындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

                                   

  1.2 Қорлардың жіктелуі

Еңбек заттары бір  тектес емес.  Олардың бір-бірінен  өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

  • шикізат;
  • негізгі материалдар;
  • көмекші материалдар;
  • жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.

Негізгі материалдар  мен шикізаттар өндірілетін өнімнің  құрамына кіріп, оның материалдық негізін  жасайды.

Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.

Материалдық босалқы  қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Босалқылар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Өңдеуге берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары», 1320 «Дайын өнімдер», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқалай босалқылар», 1360 «Босалқыларды есептен шығару резерві».

                                  1.3 Қорларды бағалау әдістері

Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

    1. Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі
    2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
    3. ФИФО әдісі
    4. ЛИФО әдісі

Арнайы сәкестендірілген есептеу әдісі

Арнайы сәйкестендірілген  есептеу әдісі әдетте бірімен  бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есетпеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын  есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға  кіріске алынған әрбір материалдық  қорлардың бағасы оның кіріске алынғандағы  шоты бойынша бағасын анықтау  мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар түрінің  орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

ФИФО  есптен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы  кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау  әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың  бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы тізімі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың бағасымен бағаланады.

ЛИФО әдісі кәсіпорынға  ең соңғы кезекте кіріске алынған  материалдар тобы бірінші болып  шығыс етіледі немесе жұмсалады  деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы  жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар  кәсіпорынға ең соңғы кіріске  алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай срңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

                        2. Қорлардың есебі           

                        2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС

             №2 ХҚЕС мақсаты босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді.  №2 ХҚЕС қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: «Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады.         (b)  ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды.

                   2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын  қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, наменклатуралыцқ номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, т.б.  көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады. Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет.

 

 

Қорытынды

Сонымен, кәсіпорындар мен  ұйымдардың қызметі барысында өздерінің  өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып  алған бірақ әзір ұйымға келіп  түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Материалдар есебін дұрыс  ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық  тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.

Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады: арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі, орташа өзіндік құнын есептеу әдісі, ФИФО әдісі, ЛИФО әдісі.

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын  қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық қорлардың  қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы  олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Абдиманапов А.А., Юсупжанова А.К. Организация учета том 3. // Бухгалтерский учет и аудит: - 2006 год. № 2. – стр. 44-54.

2. Әбдіманапов Ә.Ә.  Есеп көрсеткіштерін өзара салыстру  мен талдау принциптері. // Бухгалтерлік  есеп және аудит. – 2006 жыл.

3. Әбдіманапов Ә.Ә. Қаржылық қорытынды есеп терминдері мен элементтерін тану. // Бухгалтерлік есеп және аудит. – 2007 жыл.

4. №2 Халықаралық қаржылық есеп стандарты. www.google.kz

 

 

 





Информация о работе Қорлардың қоймадағы есебі