Маркетингтік зерттеулер және маркетингтік ақпарат жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 19:56, реферат

Описание работы

1. Маркетингтік ақпарат жүйесінің түсінігі.
2. Бастапқы және екінші деңгейлі ақпарат: түсінік, мәні, дәрежесі және жетіспеушілігі.
3. Маркетингтік ақпарат жүйесі.

Работа содержит 1 файл

Маркетингтік зерттеулер және маркетингтік ақпарат жүйесі.doc

— 78.00 Кб (Скачать)


Маркетингтік зерттеулер  және маркетингтік ақпарат жүйесі.

 

1.      Маркетингтік ақпарат жүйесінің түсінігі.

2.      Бастапқы және екінші деңгейлі ақпарат: түсінік, мәні, дәрежесі және жетіспеушілігі.

3.      Маркетингтік ақпарат жүйесі.

1.      Маркетингтік ақпарат жүйесі – адамдар, жабдықтар және бағалау, жинастыру үшін қолданылатын және маркетингтік шешімдерді қабылдау үшін нақты ақпаратты таратудың метологиялық әдістері құрайды. Маркетингтік зертеудің мақсаты- фирманың осы нарықта бәсекелес позициясында орнын айқындау немесе нарықта шығарылатын тауардың сұранысы болып табылады. Маркетингтік зертелуді бірнеше тәсілдермен шығаруға болады. Ұсақ фирмалар консолтингтік фирмаларға ғылыми орталықтарға, университтерге зертемеге сұраныс береді, ірі фирмаларда маркетингтік зерттеудің өз қызметтері болады. Мысалы, АҚШ-та фирмалардың 75% осындай қызметтер бар. Маркетингтік зертеулердің келесі бағыттары бар : тұрмысты талдау, бәсекелестердің фирмаларының тауарлары, сатып алушылардың жаңа тауарға деген реакция,баға қысқы да ұзақ мерзімді болжам жасау.

Маркетингтік зерттеу 5 кезеңнен тұрады.

1)     зерттеудің обьектісі мен мақсатын айқындау;

2)     ақпарат көздерін таңдау;

3)     ақпарат жинау;

4)     жиналған ақпаратты талдау жөнінде;

5)     зерттеу қортындылары;

2.      Ақпаратты жинаудың әртүрлі тәсілдері бар және нақты зерттеу үшін соған сәйкес жұмыстарды таңдау керек. Ақпараттың көзі бастапқы және екінші мәлімет бола алады.

Екінші мәлімет-бұл басқа мақсаттар үшін жиналған ақпарат. Бастапқы мәлімет- ең бірінші нақты мақсаттар үшін жиналған ақпарат.

Екінші мәлімет- бұл нақты ақпарат. Бұл ақпарат ішкі құжаттарда сақталады, кіріс туралы көрсеткіштер бухалтерларының есеп берулері, тұрмыстық көрсеткіштер, шот фактуралары және т.б.

Сыртқы көздер мемлекеттік мекеменің шығарымдамалары ( статистикалық есептер және анықтамалар) , жарнама агенттері, әртүрлі газеттер мен есеп берулер.

Екінші мәліметтің артықшылығы ақпараты жинаудың жылдамдығы және шүбәсіз сенімді болады. Кемшілігі: мәліметтер ескіреді, толық емес және әртүрлі мақсаттар үшін жиналған.

Екінші мәлімет жағдайымен , өзгерістермен, тұрмыс кендігімен, кіріс тыралы, бәсекелестер, жетістіктер мен танысуға көмектеседі.

Бастапқы мәлімет- жаңа мақсатқа байланысты жиналған ақпараттар. Бастапқы мәліметті жинауға біршама еңбек пен уақытты, қаражатты талап етеді. Сондықтан бастапқы ақпаратты жинаудың арнайы жоспарын құрастыру керек.

Бастапқы зерттеулерге жататындар: Байқау,панелдік интервьюж,сараптама.

3.      маркетингтік ақпарат жүйесі-бұл үнемі іс-әрекеттегі жүйе тура ақпаратты керекті уақытында жинастыру, топтау, бағалау және тарату үшін қажет адамдар арасындағы қатынастар жүйесі, құралдар және методикалық әдістер.

Маркетингтік ақпараттың жүйесі.

Маркетингтік      ішкі жүйенің          маркетингтердің жүйелік 

Ақпарат                                                 зерттелуі    

 

                                Жинақтау                                 маркетингтік

                                Жүйесі                                          ақпараттың

                                Ішкі маркетингтік              анализ

                                 Ақпарат                         жүйесі

 

 

 

Маркетингтегі              маркетингтік орта              

Басқару              - мақсатты нарық

-анализдеу              - маркетинг арналары

-              - бәсекелестер

-реализация              -  бақылау дәрісханалары

-ұйымдастыру              -макроортаның факторлары

-бақылау                   

А) ішкі есеп беру жүйесіне жататындар: көрсеткіші, материялдық сұранысы және т.б.

Барлығы компьютерге енгізіледі. Сауда агенті кез-келген жерден телефон арқылы өзіне екректі мәліметтерді ала алады. Мысалы, қоймадағы құжаттардың бар болуы бұл бәсекелестер алдында көптеген қажеттер болар еді.

Б) Маркетингтік зерттеу жүйесі. Маркетингтік зерттеу-фирма алдындағы маркетингтік жағдайға байланысты қажетті деректер тобын жүйелі түрде анықтап, оларды жинау, талдау және алынған нәтижелео туралы есеп беру.

В)Маркетингтік зерттеулердің мәселелеріне мыналар жатады: нарық сипаттамаларын зерттеу, өткізуді талдау, бәсекелестер тауарын зерттеу, қысқаша уақытта болжам жасау, жаңа тауарды және оның потенциялын зерттеу, ұзақ уақыт болжамын жасау, баға саясатын зерттеу. Маркетингте ақпаратты алу үшін келесі әдістер қолданылады; бақылау, панель.

Панель- бұл қайталанып жиналған мәліметтер. Панел үлгілері; сауда, тұтынушылық, арнайы панел.

Г) маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі.

Маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі талдау әдістерінің қазіргі заманға сай түрлерін ұсынады. Талдаудың негізгі статистикалық банк және адамдар банкі.

Адамдар банкі- нарық қызметі бойынша маркетингті қабылдауға сәйкес математикалық адамдар тізімі.

Кесте

Бұл моделдер мына сұрақтарға жауап береді;

-         Не жақсы ?

-         Қай орналасқан жер жақсы?

Кесте

Маркетингтік зерттеудің соңғы кезеңі есеп берудің дайындау болып табылады.

ҚР-да маркетингтікзерттеумен бірнеше консолдингтік фирмалар айналысады. Мысалы, алматы қаласында қоғамдық пікірдік зерттедің реыпубликалық орталығы әлеуметтік және маркенингтік зерттеу агенттігі, Биммсимм фирмасы.

Бірақ Қазақстандағы маркетингтік зерттеу нарықтық экономика талап еткендей кең қолданыстаппаған.

Маркетингтік зерттеулер дамуының  бірінші кезеңі Америкада  массалық  стандартты  тұтынушылық  тауарлар  сату  дәуірімен  бай-ланысты  болды.  Өндірушілер  делдалдар  (супермаркеттер,  көтерме  дүкендер)  арқылы  сатып  алушылармен  тікелей  байланысы  болмағандықтан,  зерттеулер  маркетингтік  іскерлікті  бағалау  құралы  ретінде  қарастырылды.  Бұл  рыноктық  зерттеулердің  маңызды  функциясы  болып,  ал  зерттеулер  мен  маркетингтік  әрекеттің  бір  мақсаты  болды,  жақсы  сауда  маркалары  тұтынушыларын  қанағаттандыру  дәрежесін  табу  арқылы  оны  қолдауға  көп  ақша  жұмсалды.  Осы  үшін  зерттеулер  келесі  типтерде  болды:  тауар  және  жарнаманы  тесттеу;  бөлшектей  аудит;  нарықтық  эксперименттер;  массалық  ақпараттар  құралдары  аудиториясын  зерттеу.
    Маркетингтік зерттеулер  дегеніміз-компанияның  басқару  шешімдерін  дұрыс  қабылдау  мақсатымен  алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
     Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын макроортаны талдау.

      Маркетингтік зерттеулер-бұл тұтынүшылардың талғамдары мен талаптарын  зерттеуге бағытталған фирманың маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің  бірі.Мұндай зерттеулерді кәсіпорындар маманданған және консалтингтік фирмаларға тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркентингтік бөлімдерінің күшімен өткізеді. АҚШ компанияларының 75%-інде осындай бөлімшелер бар, онда маркетологтар, статистер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар, психологтар жұмыс істейді.
    Қазақстанда маркентингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen»,BISAM,Cuar,Cessi Kazakhstan,Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары.Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Neilsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд. доллардан астам болса, Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың біржылғы айналымы-700-800 мың доллар.
    Отандық кәсіпорындардың көпшілігі зерттеулерді жүргізудің қажеттілігін әлі түсіне бермейді.Сондықтан Қазақстаннарығында осындай тапсырыстардың 80%-і шетелдік компаниялар үлесіне тиіп отыр .Солай бола тұса да, маркетингтік зерттеулердің бағасы Қазақстанда Ресейдегіден 1,5-2,0есе, ал Еуропадағыдан 5-10 есе төмен. Соған қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдарда маркетингтік зерттеулер кеңінен қолданылып жүрген жоқ. Мысалы, Жапонияда шоколадты тұтыну талғамдарын пікір сұрау әдісімен зерттеу (750 адамға 40 минутта пікір сұрау жүргізу) 63 мың доллар, АҚШ-та-62,7 мың, Батыс Еуропада-36 мың, Орталық Еуропада-14 мың доллар, Қазақстанда-10 мың доллар тұрады.
    Екінші ретті ақпаратты жинап, талдау зерттеу мәселесі онсыз шешу мүмкіндігі болса да міндетті түрде жүргізіледі. Екінші ретті ақпараттың жалпы құндылығын бағалау үшін оның жақсы жақтары мен кемшіліктері анықталады.
    Екінші ретті ақпарат көп түлі көздерінен алынады. Негізінде оларды екі түрге бөлуге болады: ішкі және сыртқы ақпарат. Біріншісі фирманың өзінен алынады. Ол-фирманың қаржы баланстары, тауар өтімі туралы мәліметтері, кірісі мен шығысы, клиенттер есебі, қорлары туралы мәліметтер, одан бұрын жүргізілген зерттеулердің нәтижелері.Екіншісі сырттан алынған ақпарат мәліметтері. Олар үкімет мәліметтері және де басқа жақтан алынатын мәліметтер. Үкімет мәліметтері негізінде мемлекеттік статистикалық орындары арқылы кең көлемде тегін немесе номиналды бағамен таратылады. Алайда үкіметтік мәліметтер әдетте кешігіп жарияланады.
   Ал басқа мәліметтер негізінде мерзімді басылымдар арқылы түседі.Олар кітаптар, монографиялар,журналдар, газеттер, жеке меншіктегі зерттеу ұйымдарының коммерциялық мәліметтері (мысалы, Қазақстандағы «БРИФ»маркетинг агенттігі) тағы басқалар.

                                        

             Екінші ретті ақпараттың ұтымды жақтары мен кемшіліктері
Ұтымдысы:  Арзан түсуі, тез арада жиналуы бірнеше көздері барлығы, фирманыңт өзі жинай алмайтын мәліметтердің болуы, тәуелсіз көздерінен алынған, дәлелді мәліметтердің болуы, зерттеу барысында зерттеу мәселені алдын ала анықтауға көмектесу.

Кемшіліктері:
       1.Екінші ретті ақпарат ескі болуы мүмкін, өйткені ол басқа мақсат үшін жиналған.
       2.Ақпарат жалпы сипатта болғандықтан жүргізіліп отырған зерттеулер мақсатына сәйкес келмеуі мүмкін.
 Екінші ретті ақпарат негізінде жүргізілетін зерттеулер «кабинеттік»  деп аталады.

     Екінші ретті ақпарат фирманың ішкі құжаттамаларында және сыртқы ақпарат көздерінде болады. Фирманың ішкі құжаттамаларында-пайда туралы есептер, бухгалтерия және қаржы қызметінің есеп берулері, баланстар, өткізу көрсеткіштнрі, шот-фактуралар, тауарлық-материалдық құндылықтардың есеп тізімдемесі жатады.Сыртқы ақпарат көздері-мемлекеттік мекемелердің басылымдары, стастистикалық анықтамалар, газеттер мен журналдар, кітаптар, консалтингтік фирмалардың, жарнама агенттіктерінің есеп берулері мен шолулары.
       Бірақ мұндай мәліметтерді байқап талдау керек, өйткені олар әр түрлі мақсаттар мен әр түрлі жағдайларда жинақталғандықтан, ескіріп кетуі мүмкін. Сондықтан қайталама ақпараттардықолдану алдында олардың шүбәсіз сенімділігін және сонылығын мұқият тексеру керек.
      Егер зерттеуші өзіне қажетті ақпаратты сыртқы көздерден таба алмаса, онда оларды жинау керек.
      Бастапқы ақпарат-бұл нақты зерттелетін мәселені шешу үшін жаңа ғана жиналған ақпарат.Мұндай зерттеулер «далалық» декп аталады.
     Бастапқы ақпарат жинау үшін көп шығын, еңбек және уақыт керек.Сондықтан бастапқы ақпаратты жинаудың арнайы жоспарын дайындау кжет.

 Бастапқы ақпараттардың артықшылықтары:
1.        Зерттеудің нақты мақсатына сәйкес жиналады.
2.        Ақпаратты жинау әдістемесі бақыланады және белгілі болады.
Кемшіліктері:
1.         Көп уақыт және қаражт керек (сыпамалы маркетингтің нақты нәтижесін алу үшін 6 айдан  астам уақыт кажет).
2.         Кейбір мәліметтер алынбауы мүмкін.
Бастапқы және екінші ретті ақпараттарды кешенді пайдалану керектігін атап өту керек.

Маркетингтік зерттеулердің процесі

Маркетингтік зерттеулерді бес кезеңмен өткізуге болады:
Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарын айқындау.
1.Зерттеу жоспарын құру.
2.Ақпарат жинау
3.Жиналған ақпаратты талдау.
4.Зерттеу қорытындылары туралы есеп.
5.Маркетингтік зерттеудің тұжырымдамасы зерттеудің міндеттерін, обьектісін және мақсаттарын айқын белгілеу,жұмыс жорамалын жасау.
Егер азық-түлік өндіруші компания фирмалық дүкен ашуды жоспарласа, оның шешетін негізгі мәселесі—тұрақты сатып алушыларды жұмылдыру болып табылады.Мұндай жағдайларда сипаттаушы зерттеуді жүргізу үшін мәліметтерді жинау басталмастан бұрын мынадай сұрақтарға жауап алу керек.Тұрақты келушілер деп кімдерді қарастыруға болады? Әр сатып алушыны тұрақты деп санауға бола ма? Тұрақты сатып алушылар отбасы негізіндегі статистикалық бірлік деп анықталуы тиіс пе,әлде жеке тұлғаларды негізге алған жөн бе? Тұрақты сатып алушылардың қандай сипаттамалары (жынысы,жасы,табысы,мекен-жайы) зерттелуге тиіс? Олар дүкеннің пайда болуы туралы ақпаратты қайдан алды? Сатып алушылармен қай кезде пікір сұрау жүргізу керек; сатып алу кезінде ме немесе одан кейін бе?Пікір сұрауды қай жерде жүргізген дұрыс: дүкенде ме, дүкен алдында ма немесе үйде ме ? Зерттеу нәтижелерін басқа дүкендерді ашу туралы шешім қабылдауда қолдануға бола ма? Тұтынушыларды қалай зерттеу керек: анкеталық сауалнама қолдану арқылы ма немесе олардың мінез-құлқын тауар  сатып алу кезінде бақылау қажет пе? Егер пікір сұрау жүргізілсе, анкетаның түрі қандай болу керек: құрылымдық немесе құрылымдық емес түрде ме ? Пікір сұрау телефон не пошта арқылы жүргізіле ме немесе жеке сұхбат алу түрінде өткізіле ме?
     Маркетингтік зерттеулердің бірінші кезеңінде оны әзірлеу талаптарын қалыптастыру және зерттеу мәселесін анықтау қажет.Мәселені анық баяндау- табысты маркетингтің негізі.Егер мәселе дұрыс тұжырымдалса,ол аздап шешілді деуге болады.Мақсаттар мен мәселелер неғұрлым анық және түсінікті белгіленсе,маркетингтік зерттеулер соғұрлым тиімді болады.Ақпарат жинау-қымбатқа түсетін шара.Сондықтан мәселе бұлдыр немесе дұрыс белгіленбесе,қажетсіз шығындарға ұшыратады.Мәселелерді айқындау процедурасына мәселелер каталогын құру да кіреді.
    Әдетте,мәселелер өндірістік-өткізу қызметін талдау нәтижесінде және басшылар мен мамандардан сараптамалық пікір сұрау жүргізу арқылы анықталады.
Мәселелер анықталғаннан кейін мақсаттар қойылады.Егер мәселе (объект)-бұл міндеттердің жалпы қойылымы болса,онда мақсаттар-зерттеу объектісінен шығатын жеке міндеттердің жиынтығы болып табылыды.Мақсаттар анық құрастырылып,оның сандық өлшемі болуы қажет.Мысалы,тауар өлшемінің өткізу көлемі төмендей бастады.Осы құбылыстың себептері мен факторларын анықтау зерттеудің мәселесі болып табылады.Бұл мәселені шешуде маркетингтік зерттеудің алдына мынадай мақсаттар (міндеттер) қойылады: өнімге сатып алушылар көзқарасын айқындау; осы өнімді сату көлемінің өзгеруіне бәсекелестердің тигізетін әсерін талдау; тауар өніміне нақты сұранысы бар сатып алушылардың демографиялық бейінін(профилін) анықтау (жасы,жынысы,білімі,табысы және т.б).
     Мәселені анықтау үшін ”неге” деген сұрақ қойылады.Егер зерттелінетін мәселе туралы ешбір мәлімет болмаса немесе ол шамалы түрде ғана болса,онда барлау  зерттеуін пайдалану қажет.Мұндай зерттеулер мәселені нақты анықтауға немесе болжамды тексеру үшін ақпаратты алдын ала жинау мақсатында қолданылады.Ал егер мәселе нақты анықталған болса,бұл кезде сипаттаушы және казуалды зерттеулерді пайлалану керек.Шешуді керек ететін мәселені,зерттеуді талап ететін мәселеге өзгерту қажет,яғни оны зерттеу мақсатына сәйкес құрастыру керек.Мысалға,фирма өнімінің өткізу көлемі төмендеген.Осыған байланысты маркетинг маманының алдында оны қалай жоғарылату керек деген мәселе туады.Бұл өнімді нарықтан алып тастау қажет пе?Маркетинг маманы оның себебі тарату арналарының тиімсіздігінен болды деп есептесе,бұл болжау зерттеуді талап ететін мәселенің негізі бола алады.
    Басқа мысал.Компания жаңа өнімді өндіру қажет деп есептейді.Бұл жағдайда зерттеу мәселесі ретінде жаңа тауарды тестілеу жоспарын әзірлеу және оған деген тұтынушының әсерін анықтау керек.
    Шешуді талап ететін мәселені “шешімдер ағашы” сызбасы түрінде көрсетуге болады.”Шешімдер ағашының”түбірінде негізгі мәселе орналасады,одан әр түрлі шешу тәсілдерін көрсететін бұтақтар тарайды.
    Маркетингтік зерттеулердің екінші кезеңі –маркетингтік зерттеулер жоспарын әзірлеу.Бұл зерттеу сметасын анықтау,мәліметтер көздерін айқындау,оларды жинау және талдау әдістерін таңдау реттемелерінен(процедура) тұрады.Зерттеулер жоспарын әзірлеудің бірыңғай реттемесі және оны орындаудың стандартты әдісі жоқ.Үшінші кезеңде ақпарат алу көздері анықталады.Маркетингтік зерттеу екінші ретті ақпаратты зерттеуден басталады.Одан кейін ғана бастапқы ақпаратты жинауға көшу керек.Екінші ретті ақпараттарға мән бермейтін зерттеушілер қателеседі.Талдау негізінде алынған қайталама ақпарат кейде зерттеу мақсаты үщін жеткілікті болады. Екінші ретті ақпараттарды алудың маңызды көзіне маманданған зерттеу ұйымдарының есеп берулері, фирмалар жүргізетін ”күнделік жазбалары ” (сатып алушылардың ай сайынғы тауар түрлерін сатып алу туралы жазбалары) жатады.
    Көп жағдайда маркетингтік зерттеуді өткізу үшін бастапқы ақпараттар қажет болады.Оларды жинақтаудың үш әдісі бар.
1.Бақылау-бұл таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі.Ол далалық(дүкен,көше) және зертханалық(жасанды),стандартты немесе еркін жағдайда жүргізілуі мүмкін.Бұл әдістің артықшылығы объективтілігі жоғары,тұтынушы тілегіне тәуелді емес,тұтынушы мінез-құлқын бақылау мүмкіндігі.Кемщіліктері қабылдау субъективтілігі,көп еңбек сіңіру керектігі,тұтынушының себептері (мотивтері) және психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат алынбайтындығы.
\
2.Эксперимент-мұнда бір немесе бірнеше айнымалы факторлардың өзгерісі бір немесе көптеген тәуелді айнымалыларға ықпалы анықталады.Эксперименттер далалық және зертханалық болып бөлінеді.Зертханалық басқа факторларды зерттеуге мүмкіндік береді.Далалықтар нақтылы жағдайда жүзеге асырылады және бақыланбайтын факторлардың әсері болуын теріске шығармайды.Бұл нарықтың шектелген, бірақ мұқият таңдалып алынған секторында жүргізілеттін, бақыланатын эксперимент.Оның мақсаты-бір немесе бірнеше факторлардың өзгеруі нәтижесінде болатын сату көлемі немесе пйдалы болжау.Көбінесе нарыққа жаңа немесе жаңғыртып, жетілдірілген өнімді енгізу үшін пайдаланылады.
3.Пікір сұрау (опрос)-бастапқы ақпаратты алуды жүзеге асыру мақсатымен респонденттермен (пікір сұраушылармен) жеке байланыс әдісі және мәліметтерді жинаудың кең таралған түрі.Маркетингтік зерттеулердің 90%-і пікір сұрауға негізделген.Ол өнеркәсіптік кәсіпорындарда да,маркетингтік агенттіктерде де жақсы қолданылады.Пікір сұрау құрылымдық және құрылымдық емес сипатта болады.Құрылымдық сауалнамада барлық сауалдамаға қатысатындар бірдей сұраққа жауап береді.Құрылымдық емес сауалнамада сұхбат жүргізуші алынған жауаптарға байланысты сұрақтар қояды.Сұхбатты осы әдіспен мынадай түрлерде жүргізуге болады:
·          Сұралушылардың арасында(студенттер,зейнеткерлер);
·          Бір уақытта сұралушылар саны бойынша (жекелей немесе топпен әңгімелесу);
·          Стандартталу деңгейі бойынша (еркін немесе құрылымдық схема);
·          Пікір сұрау жиілігі бойынша(бір немесе бірнеше рет пікір сұрау).
Пікір сұрауды сипаттаушы зерттеулерде бақылау әдісін барлау, экспериментті,казуалді зерттеулерде қолдану тиімді.Зерттеуші ақпарат жинауға кіріспей тұрып,зерттелетін өзгермелілерді анықтау керек.Ең дұрысы,ақпарат жинау алдында анкетаға кіргізілетін айнмлы негізінде құрылған кесте макеттерінің жиынтығы дайындалуы керек.Ақпарат жинауға дейін зерттеуге қажетті айнымалы анықталуы керек.
     Маркетингтік зерттеулердің келесі кезеңінде маңызды мәліметтер мен нәтижелерді көбірек алу мақсатымен жиналған мәліметтер бағаланады және талданады
     Мәліметтерді талдаған кезде тиісті орта шамалар алынады,ең елеулі өзара байланыстарды анықтау үшін қисындасқан кестелер жасалынады,корреляция (ара қатыстылық) коэффициенттері есептеледі.Маркетингтік зерттеуледің соңғы кезеңінде негізгі қорытындылар мен есеп беру дайындалады.Ол тапсырыс берушінің талабынан шығатындай болуы керек.Есеп беру кіріспе,негізгі және қорытынды болып үш бөліктен тұрады.Алғы сөз титул парағы,мазмұны,меморандум және қысқаша аннотациядан тұрады.Меморандумда зерттеулердің сипттамасы,нәтижелері қарастырылып,әрі қарай зерттеу қажеттілігі туралы ұсыныстар жасалады.Кіріспеде зерттеудің мақсаты мен көкейтестілігі келтіріледі.Есеп берудің негізгі бөлімінде қолданылатын әдістеме және ұсыныстар сипатталады.Есеп беруде зерттеу әдістерінің қысқаша шолуы болады,ал техникалық бөлігі қосымшаларда беріледі.Жалпы есеп беру фирма және маркетинг қызметінің қызметкерлігі үшін түсінікті және осы мәселе бойынша қажет ақпаратты алуға мүмкіндік беретіндей болып жазылуы керек. 
  Фирманың клиенттерін,оның бәсекелестерін, дилерлерді, т.б. түсіну үшін қайраткерлері маркетингілік зерттеулер жүргізу керек. «Проктер Энд Гэмбл» түрлес үлкен компаниялардың маркалы тауар басшылары жылына осындай үш-төрт жүргізуге тапсырыс береді.Майдарақ фирмалардың маркетингтік басшылары мұндай жұмыстарды сиректеу орындайды.Коммерциямен айналыспайтын мекемелерде де маркетингілік зерттеулер жүргізудің қажеттігін байқай бастаған.Аурухана өзінің қызмет атқаратын зонасындағы адамдардың өзіне деген көзқарасын білгісі келеді.колледж мектептердегі мамандық таңдау консультанттарының көзқарастарының қандай екекнін білгісі келеді.Саяси мекеме өзінің кандидаттары туралы сайлаушылардыңойын анықтағысы келеді.
   Маркетингілік зерттеуді көңілге алған басшылар өздеріне керекті ақпаратты қажетті баға шамасында ұйымдастыру үшін, ондай зерттеулердің ерекшеліктерімен жете тыныс болуы керек. Басқа жағдайда олар өздеріне қаетті ақпаратты өте жоғары бағамен ұйымдастыруы мүмкін және алынған нәтижелерден дұрыс ұйғарым шығара алмауы мүмкін.
    Дұрыс шешім қабылдауға қажетті сипалы ақпарат алу үшін, басшылар
зерттеу жұмысын жоғары дәрежелі мамандарды тартуы қажет. Оның үстіне , басшылардың маркетингілік зертеу технологиясын жете білуі және  жоспарлап алынған  ақпаратты интерпретациялай  білуі қажет. Маркетингілік зерттеудің  бес кезеңі туралы айтылады.  Мысалы, 

 


Проблеманың табу және зерттеу мақ

сатын тұжы

рымдау


 


Ақпарат көздерін таңдау


 


Ақпарат

тарды жинау


 


Жиналған ақпараттарды талдау


 


Алынған нәтижелерді ұсыну


Маркетингілік зерттеу үлгісі
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Аллегени Эйрлайнс» фирмасының АҚШ-тың шығыс аудандарында  жергілікті қызмет атқаратын авиакомпаниясы болатын. Бірақ 60 жылдардың аяғында 70 жылдардың басында фирма өз маршруттарын кеңейте бастады. Екі кішігірім авиакомпаниялармен қосылу және әуә тасмалын мемлекеттік жүйелеуінің тоғарылуына байланысты «Аллегениге» 25 штатқа  Колумбия аймағына және Канаданың  бірнеше аудандарында маршрут ашуға мумкіншілік берді.  Дегенімен оның «Юнайтед Эйрланс», «Трансоурлд Эйрланс»  және «Американ Эйрланс»  сияқты бәсәкелестерін көпшілік жақсы білгендіктен  оларды ұнататын. «Аллегениге»

 Фирманың тез өсіп келе жатқанын көпшілікке көрсету үшін, жаңа жарнама науқаны қажет болды. Бірақ фирманың маркетинг бөліміне тиімді науқанды дайындау үшін  линиялық » әуә тасымалы нарқы туралы неғұрлым  көбірек білу үшін кеңейтілген зерттеулер жүргізу керек.

Информация о работе Маркетингтік зерттеулер және маркетингтік ақпарат жүйесі