Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:10, контрольная работа
1.Суретте ТӨЦ-тің әртүрлі қисықтары көрсетілген. Оларға маркетингтік макро және микроортаның қандай факторлары және қалай әсер еткенін талдаңыз.
2. Қазақстандық компаниялардың маркетинг бөлімдері қандай қағидалармен құрылғаны туралы мысалдар келтіріңіз. Кез-келген компания макроортасына сипаттама беріңіз.
3. Портативті компьютерлер, көліктік қызметтер және де электрлік-тұрмыстық құралдар нарығындағы бәсекелестердің басты 4 типін көрсетіңіз.
4. Макроорта факторлары әсерлері.
Практикалық тапсырма
1.Суретте ТӨЦ-тің
әртүрлі қисықтары көрсетілген.
а) 1990 жылы ЖІӨ 0,5 млн тг, 1992 жылы 1,2 млн тг, 1993 жылы 0,3 млн тг, 196 жылы 1,7 млн тг болған. ЖІӨ өскен кезде тауар өткізу көлемі өсіп, ал ЖІӨ кеміген кезде кеміп отырған.
б) 2001 жылы табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасынан төмен халықтың үлесі 46,7 %, 2006 жылы 18,2 %, 2011 жылы 5,3% болған. Көрсеткіш кеміп отырған бұл табыстың өсіп отырғанын білдіреді. Табыс өскен сайын тауарды өткізу көлемі өсіп отырған.
в) 2000 жылы туылған кездегі өмір сүру ұзақтығы 65,5 жас, 2004 жылы 66,1жас, 2008 жылы 67,1жас, 2011 жылы 69 жас болған. Бұл өмір сүру ұзақтығы өскен сайын тауар өткізу көлемі өсіп отырғанын көрсетеді.
2. Қазақстандық
компаниялардың маркетинг
«PRG Bottlers» компаниясы сұранысты ынталандыру және қалыптастыру қағидасы бойынша қалыптасқан.
«Қаз Мұнай Газ» компаниясында 64мыннан астам адам жұмыс жасайды. 2007 жылы «ҚазМұнайгаз» компаниясы $1,65 млрд Rompetrol Group румын компаиясының 75% сатып алды. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы мұнай –газ саласындағы компаниялар арасында жетекші орынды алады.Сонымен қатар табиғи – климаттық,экологиялық жағдайларды сақтай отырып жұмыс жасайды.«ҚазМұнайГаз Өнiмдерi» АҚ бензин тасушылар автопаркі 174 бірлікті құрайды. Компанияда АЖМС-ге мұнай өнімдерін жеткізу үшін қауіпті жүктерді тасу жөніндегі барлық талаптарға сай келетін ресей шығарған қазіргі заманғы ең озат бензин тасушылары бар.Қоғамның өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы саясаты мемлекеттің стратегиясымен толық сәйкестікте әзірленді және қабылданды әрі мына мақсаттарды:
1. Қазақстан Республикасының
заңнамалық және нормативтік
құқықтық актілерінің
2. Мұнай компанияларының
қызметін регламенттейтін
«ҚазМұнайГаз» - бірнеше әлеуметтік бағдарламалар құрған және ол іс жүзінде дәлелденіп келді. Мәселен, еңбек материалдары ыңталандыруға бағытталған, жас мамандардың кәсіби өсуіне және нық бекітілуіне, мүгедектер және ардагерлерге қамқорлық жасауға, сондай-ақ өнеркәсіп шараларына тікелей қатысы жоқ басқа да әлеуметтік сфера сегменттеріне сүйеу, қамқор бола алады.
3. Портативті компьютерлер, көліктік қызметтер және де электрлік-тұрмыстық құралдар нарығындағы бәсекелестердің басты 4 типін көрсетіңіз.
Фирма бәсекелестері оның маркетингтік стратегиялары мен нарықтағы табысына тікелей әсер етеді. Ф.Котлердің айтуы бойынша бұл- бәсеке-тілектер; тауар-тектес бәсекелестер; тауарлы-түрлес бәсекелестер;әр маркалар бәсекелесі.
4. Макроорта факторлары әсерлері.
Демографиялық ортаның
зерттелуі бүкіл дүниежүзі
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, ҚР халық саны 1993 жылы 18 млн, 1997 жылы – 16,5 млн, 2000 жылы – 14,8 млн, ал 2007 жылы – 15,4 млн адамды құрады. Нарықтық экономикаға өту кезеңі халық санының азаюы, экономиканың құлдырауы, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, көші-қон үдерістері, бала туудың азаюы, өлім санының көбеюімен сипатталады. 2008 жылғы Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы туу саны 1980 жылғы деңгейге әлі жеткен жоқ. Осы және басқа да демографиялық факторлар тауар өндірушілер қызметіне өз ықпалын тигізіп, олардың тауар стратегиясын қайта қарауға мәжбүр етеді, соған байланысты сұраныс құрылымының өзгеруіне әкеледі.
1) Сыртқы ортаның қандай факторлары компаниялардың қызметіне көп әсерін тигізеді. Осы өзгерістерге сай фирмалар қандай әрекеттер жасауы тиіс?
2) Қазақстандағы
соңғы он жылдың ішінде болған
демографиялық және
1) Сыртқы ортаның демографиялық факторы компанияның қызметіне әсер етеді. Егер халық саны көбейсе онда ол компанияның тұтынушыларының көбеюіне әкеп соғады, ал азайса сәйкесінше тұтынушылар саны азаюы мүмкін.Табиғи орта факторы да компанияның қызметіне тікелей әсер етеді. Егер де мұнай өндіретін компаниялар болса, олардан табиғаттан мұнай алып өндіргендіктен ол ауаны және суды ластайды. Сол себептен мұндай компаниялар барынша қалдық калдырмай өнім өндіруге тырысу керек.
2) Соңғы он жылда Қазақстанда халық саны көбейген. Экономикада да оң өзгерістер болған. Мысалы 2002 жылы ЖІӨ 3,8 млн тг болса, 2011 жылы 21,8 млн тг болған. Олар компаниялардың қызметіне әсерін тигізеді. Отандық компаниялар ЖІӨ-ге өз үлестерін неғұрлым көп қосса, онда олардың мемлекет алдындағы беделі жоғары бола бастайды.
5.Өзіңізді сұлулық салоны, жылжымайтын мүлік агенттігі, нан өндіруші зауыт басшысымын деп есептеңіз. Қазіргі кездегі сыртқы орта факторларын талдап, соған байланысты жасайтын ұсынысыңызды айтыңыз.
Демографиялық фактор бойынша талдау жасайтын болсақ, егер мен сұлулық салонының басшысы болсам ер адам мен әйел адамдар үшін сұлулық салонын бөлек ашуға ұсыныс жасар едім. Себебі әйел адамдар кезекте көп уақыт алатын болғандықтан ер адамдардың көп уақытын алар еді. Егер мен жылжымайтын мүлік агенттігінің басшысы болсам, оған табиғи фактор бойынша талдау жасасақ, бұл агенттік жер берумен айналысатын болғандықтан, қазіргі уақытта жерге арыз беріп қойып, ұзақ уақыт кезекте тұратындар бар. Бұндай қолайсыздықты болдырмас үшін агенттікте жұмыс істейтін адамдар санын көбейтіп, бос жатқан жерлерді тез игертуге ұсыныс жасар едім. Егер мен нан өндіру заводының басшысы болсам, биыл бидай аз жиналғаны белгілі, сол себептен ауыл шаруашылығында көп жерді жыртып көп өнім шығаруды сұратар едім.