Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:05, реферат
Маркетинг нарық дамуының жай күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау және тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологиялық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
1. Маркетингтің түсініктемелік аппаратына сипаттама беріңіз.
Маркетинг (ағылшынша: marketing — нарық, базар, өткізу, сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің, т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.
Маркетинг нарық дамуының жай күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау және тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологиялық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Маркетингтің мәні — экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни маркетиңг-тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас, тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтың (адамдардың, фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.
Маркетинг — бұл айырбастау арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі. » (маркетинг теориясының негізін қалаушы Филипп Котлер).
«Маркетинг — бұл мақсат нарықты дұрыс таңдаудың, сатып алушыны өзінің компания үшін ең үлкен құндылықты білдіретініне сендіру арқылы тұтынушыларды тарту және олардың санын сақтап, өсірудің өнері мен ғылымы, сонымен қатар «тұтынушылар мен нарықтық қызметті реттеудің мәселелерін реттелген және мақсатты бағытталған түсіну үрдісі» (Филипп Котлер).
«Маркетинг — бұл тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тұтынушыға жүретін ағынының бағыты бойынша бизнес-үрдістерді іске асыру.» (Америкалық маркетинг ассоциациясы (AMA)).
«Маркетинг — жоспарлаудың, баға қалыптастырудың, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қажеттіліктері мен сұранысын қанағаттандыру үшін идеяларды, тауарлар мен қызметтерді жылжыту мен таратудың жүйесі; жарнама маркетинг үрдісі факторларының бірі ғана болып табылады.».
2. Маркетингтің негізгі мақсаттары мен қызметтерін атап көрсетіңіз.
Маркетинг — шаруашылық шешімдерді қабылдау үшін нарықта орын алып жатқан үрдістерді мұқият есепке алуды қарастыратын капиталистік кәсіпорынды басқару жүйелерінің бірі. Маркетинг мақсаты — өндірістің қоғамдық сұранысқа, нарық талаптарына сәйкес болуы үшін жағдай жасау, нарықты зерттеу, өнім өткізуді қарқындату, тауарлардың бәсекелестік қасиетін жоғарлату бойынша ұйымдастырушылық – техникалық шаралар жүйесін құрастыру.
Маркетингтің типтік мақсаттары:
1.Маркетинг
Клиенттердің қажеттілігін толық қанағаттандыру;
Нарық үлесін ұлғайту;
Пайданың өсуі.
2.Өнім
Сапаны басқару жүйесін жасау;
Буып-түю,ораудың дизайнын жасау;
Жаңа тауарлар жасау.
3.Баға
Икемді бағаларды қолдану;
Бағаны түсіру;
Бағаны көтеру.
4.Өткізу
Делдалдар жүйесін кеңейту;
Өткізудің тиімді жолдарын іздеу;
Фирмалық дүкен ашу.
5.Коммуникация
Фирма беделін көтеру;
Жарнамаға арналған шығындарды көбейту;
Тауар брендін жасау.
Көптеген ғалымдар маркетинг
қызметтерін талдаушы,
Маркетингтің негізгі қызметтері: сұранысты, баға қалыптастыру мәселелерін, жарнама мен өткізуді ынталандыруды зерттеу, тауар ассортиментін, өткізу мен саудалық операцияларды жоспарлау, тауарларды сақтау, тасымалдау, сауда-коммерциялық персоналды басқару, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша қызмет.
3. 4Р құрылымына сипаттама беріңіздер.
Мичиган университетінің
профессоры Е.Маккарти «маркетинг-микс»
тұжырымдамасын дамыта отырып,1960 жылы
төрт элементтен тұратын «4Р» моделін
ұсынды,ол ағылшынша «р» әріпінен басталатын
өнім (produckt),баға (price),орын (place) және жылжыту
(promotion) деген ұғымдардан тұрады.Құрылу
логикасының ықшамдылығы және сыйымдылығы.қарапайымдылығы,
Бұл тұжырымдаманы алғаш рет «Ceneral Electric» компаниясы пайдаланған.Көптеген шетелдік оқулықтардың мазмұны маркетинг-микс тұжырымдамасына негізделген,оны нарыққа бейімделген компаниялар өз қызметінде қолданды.
«Р»-*лар саны қолдану
аумағына қарай өзгеріп
Маркетинг мазмұнына «4Р»
үлгісінен басқа нарықтық
Информация о работе Маркетингтің түсініктемелік аппаратына сипаттама беріңіз