Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 16:16, лекция
Маркетинг соңғы уақыттағы өндірістің және тауар қатысының дамыған түріндегі көрінісі. Маркетинг ағылшын сөзі «market» деген ұғымнан шыққан. Нарық жағдайындағы маркетингтің ең басты мәселесі: өндіру, тұтыну, өткізу. Осы процестерді зерттеу және тиімді жүзеге асыру.
Тақырып. Маркетингтің теориялық негіздер мен концепциялары.
1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы.
2. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері.
3. Маркетингтің басты салалары және маркетингтік қызметтің бес концепциясы?
1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы.
Маркетинг соңғы уақыттағы өндірістің және тауар қатысының дамыған түріндегі көрінісі. Маркетинг ағылшын сөзі «market» деген ұғымнан шыққан. Нарық жағдайындағы маркетингтің ең басты мәселесі: өндіру, тұтыну, өткізу. Осы процестерді зерттеу және тиімді жүзеге асыру. Сол себепті олардың әрқайсысын басқару жүйесіндегі бүтіннің бөлшектері ретінде жеке-жеке зерттеп барып, сол арқылы белгілі бір қорытындыға келгенде тиімді шешім қабылдау. Маркетинг экономикалық дамудың өзекті проблемаларын жан-жақты зерттеп, талдай отырып, бүгінгі таңдағы уақыт талабына сәйкес келешекке бағыт сілтейтін қызмет түрі болып табылады. Маркетинг мақсаты нарықтық экономикалық және шаруашылық коньюнктураны зерттеу, тұтынушының нақты сұранысын анықтау және оларды материалды түрде ынталандыру. Басқару саласына қатысты қабылдайтын шешімдермен қамтамассыз ету, кәсіпорынның жұмыс бағдарламасының дұрыстығын дәлелдеу, маркетинг кәсіпкерліктің қызғылықты және күрделі түрі оның нарыққа әсер ету құралдары жайында атап өтсек, бұл жерде екі ұғым қолданылады.
А) Мұқтаждық дегеніміз - адамзат өзіне іштей бірнәрсенің жетіспейтіндігін түсіндіруді айтамыз. Мұқтаждық 2 түрге бөлінеді:
1. Рухани мұқтаждық. Әсерлесу, сүйіспеншілік, сыйластық.
2. Әлеуметтік - физиологиялық мұқтаждық. Тамақ, киім, өмір, қауіпсіздік.
В) Қажеттілік - қоғамның дамуына қарай адамның бір нәрсені қажетсінуін түйсіну. Талап ету, сатып алу қабілетімен дәлелденген қажеттілік.
2. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері. Маркетинг шаруашылықты іскерлікпен басқару барысында ғылыми техника жетістіктеріне сүйене отырып, өндіріс пен тұтыну салаларын тұтынушы мүдделеріне сай бағыттау жолында елеулі қызмет атқарады.
Маркетинг принціптері:
1. Тұтынушы нарықтағы ең басты кейіпкер;
2. Тек сатылатын яғни тұтынылатын тауарды өндіру;
3. Тауарды қалыптастыра отырып, өз тұтынуыңды жаса.
Маркетинг атқаратын қызмет түрлері:
1. Нақты кешенді зерттеу;
2. Кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін талдау;
3. Маркетингтік стратегияға сүйене отырып, неғұрлым айқын бағдарлама жасау;
4. Тауар;
5. Баға;
6. Тауар өткізу;
7. Коммуникациялық саясатты жүзеге асыру;
8. Маркетинг қызметінің жобасын белгілеу;
9. Маркетингтік әрекетті бақылау және оған баға беру.
Бұл қызметтің әр сұрағын толық атап көрсетсек:
- Нарықтық кешенді зерттеу мәселесіне тікелей қатысы бар тақырыптар;
- Нарықтың жиынтық сипаттамасын анықтау, талдау, конъюнктуралық зерттеулер және болжамдар тұтынушылардың нақты тауарлы тұтынымдық мүмкіндігі.
Сапалық, сәндік, қасиеттеріне деген көзқарасын бағалау, кәсіпорынның өндірістік тауар өткізу мүмкіндіктерін талдай отырып, нарықтың коньюнктурасы мен сыйымдылығын анықтау. Нарық коньюнктурасының дамуын алдын-ала болжауға мүмкіндік табу. Тауар, баға, тауар сату және каммуникациялық саясат маркетингтік бағдарламаның арнаулы тараулары ретінде карастырылады.Бұл жерде ең басты көзделетін мақсат кәсіпорынның бәсекелестік төзімділігін нығайту.
3. Маркетингтің басты салалары:
1. Ішкі маркетинг- бір мемлекеттің ұлттық шекарасы шеңберінде жүргізілетін өндіріс тауар айналымы ауқымында жүзеге асырылады. Ол тауар өндіру және сату арқылы ішкі мұқтаждықты қамтамасыз етуден шетелдермен байланыс жасағанға дейін, яғни, ішкі сұранымды қанағаттандыруды ұйымдастыруға қызмет етеді. Ішкі маркетинг өзінің даму барысында шетелдермен қарым-қатынас жасау дәрежесіне дейін көтеріліп, маркетингтің басқа түрі пайда болған күннің өзінде де- ол өз кеңістігінде қала береді.
2. Экспорттық маркетинг- сыртқа тауар шығару қарым-қатынастары нәтижесінде пайда болып және шет ел халықтарын зерттеуді қоса қамтиды.
3. Импорттық маркетинг- шет елден сатып алынған тауарларды тұтынушыларға жеткізу барысында нарық сыйымдылығын және оның коньюнктурасын айрықша зерттеуге бағытталады.
4. Ғылыми - техникалық маркетинг- атқарылатын жұмыстың нәтижелі болуын, сату және сатып алу процесіндегі патент пен лицензия шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады.
5. Тікелей инвестициялық маркетинг- шет елдің инвестициялық әрекеттің жағдайын шет елде құрылған кәсіпорынның жұмыс істеу және тауар сату белсенділігін арттырумен айналысады.
6. Халқаралық маркетинг- шет елдегі ұлттық кәсіпорындар өз тауарларын З-ші бір мемлекетке сату барысында қолданылады және сол мемлекеттің нарық кеңістігін өзіне тарту арқылы дамуға бейім келді.
7. Тауар мен қызмет көрсету маркетингі- өндірілетін тауарлар мен атқарылатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызмет түрлерінің өзгешеліктеріне сәйкес әр түрлі кәсіптегі кәсіпорындардың пайдалылығын қамтамасыз етуді және тауарды тиімді сату мәселелерін ұйымдастыруды егжей-тегжейлі зерттейді. Сөйтіп, өндіріске арналған және көпшілік қолды тауарлардың маркетингтері осылай пайда болады.
8. Коммерцияға жатпайтын маркетинг- белгілі бір ұйым немесе жекелеген адамдарға қатысты алғанда дұрыс қоғамдық пікір туғызу міндетіне басты көрініс береді.
Маркетингте 5 концепция қолданылады:
1. Өндіріс концепциясы - бұл жерде өндіруші тек өнімнің өндірілуіне және кең таралуына басты назар аударады. Ішкі өндірістік мүмкіншіліктер басты рөл атқарды.
2. Өткізу концепциясы.
3. Тауар.
4. Маркетингтік концепция.
5. Қоғамдық маркетинг.
Информация о работе Маркетингтің теориялық негіздер мен концепциялары