Маркетинг және қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 01:39, реферат

Описание работы

Маркетинг нарық дамуының жай күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау және тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологиялық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.

Содержание

Кіріспе
1. Маркетинг және қоғам ұғымы

2. Қоғамдағы маркетинг функциялары
3. Қоғаммен байланыстар


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

маркетинг реферат - копия.doc

— 88.00 Кб (Скачать)
  • ең аз болғанда құндылығы бар екі объектің болуы;
  • мәмлені іске асырудың келісілген шарттарының болуы;
  • мәмлені жасаудың келісілген уақытының болуы;
  • мәмлені жасаудың келісілген орнының болуы.

   Әдетте, мәмле шарттары заңнан қолдау тауып, қорғалады. «Мәмле» ұғымынан тікелей «нарық» ұғымына келуге болады. Нарық — нақты және әлеуетті тауарды сатып алушылардың жиынтығы. Әртүрлі экономикалық жүйелерде адамдардың мұқтаждықтарын қанағаттандырудың әдістері әртүрлі. Қарапайым әлеуметтік құрылымдарда өзін -өзі қамтамасыз ету орын алады — яғни қажеттіліктер аз және әр адам өзіне қажетті нәрсемен өзін-өзі қамтамасыз ете алады. Орталықтандырылмаған айырбас болған жағдайда әрбір белгілі бір тауарды өндіруші оның тауарларына қызығатын әрбір тұтынушыны іздейді және мәмле жасайды. Үшінші әдіс — орталықтандырылған айырбас, бұнда айырбастаудың қосымша қатысушысы — саудагер және белгілі орын — нарық қажет болады.

   Нарық құндылықты маңыздылығы бар нақты  бір тауар немесе қызмет үшін құрылуы  да мүмкін. Мысалы, еңбек нарығы өзінің жұмыс күшін жалақыға немесе тауарларға айырбастағысы келетін адамдардан тұрады. Ақша нарығы адамдар мұқтаждықтарын қанағаттандырады, яғни ақшаны қарызға алуға, несиеге алуға, ақшаны сақтауға және олардың сақтығын кепілдендіруге мүмкіндік береді.

   Маркетинг сатушылардың ісі болып саналғанымен, маркетингпен сатып алушылар да айналысады. Үй шаруашылықтарындағы әйелдер өзіне қажетті тауарларды іздеген кезде өзінің маркетингін жүргізеді. Тапшылық көретін тауарларды іздеу барысында фирма жеткізушісіне сатушыларды іздеу қажет болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. Қоғаммен байланыстар  (public relations) 

     PR десе, яғни ағылшынша «public relations»  сөзінің қысқартылған түрі, оны  орыс тіліне аударғанда кирилицамен  ПР дейді, сондай-ақ пиар, пи-ар, қоғаммен байланыс деп, ал біздің қазақстандық зерттеушілер оны қоғаммен байланыс, бұқарамен байланыс, қоғамдастықпен байланыс, бұқарамен қарым-қатынас, жұртшылықпен байланыс, паблик рилейшнз деп айтып жүр.

 Біз  осы термин қаншалықты дұрыс  қолданылып жүр деген мәселеге  келер болсақ, онда көптеген пікір қайшылығына тап боламыз. Мәселен, неге посткеңестік елдерде PR терминінің алғашқы түсінігі сайлау технологияларымен байланыстырылады. Ал Қазақстанда неліктен қоғаммен байланыс:

PR = жарнама,

PR = сайлау, сайлау технологиялары,

 PR = саяси технологиялар,

PR = қара PR, лас технологиялар,

PR = үгіт, насихат,

PR = саяси  жарнама деп теңестіріледі. Осыған  сәйкес «пиаршы», «пиармэн» «пи-ар-ши», PR-менеджер, PR-профессионал деген  ұғымдар пайда болды.

 Енді  осы сұрақтардың жауабын іздесек. PR ең алдымен мемлекетті басқаруды тиімді жүзеге асыру институттарының бірі ретінде демократияның дамуына әсер етіп, қоғамдастықтың ақпараттануының кеңеюіне септігін тигізеді. Сондай ақ PR посткеңестік елдерде сайлауды, насихатты еске түсіреді, себебі кеңес үкіметі кезінде коммунистік идеологияның негізгі құралдары ретінде насихат құралдарын, ұрандарды пайдаланған болатын.

     Ал PR Қазақстанда өз мағынасында 1990-шы жылдары пайда болғандықтан, үгіт-насихат, ұран сөздері бірден қоғаммен байланыс терминдерімен алмастырылды және қоғаммен байланыс бизнес құрылымдарда емес алдымен мемлекеттік органдарда дамып, бастау алды. Себебі, посткеңестік елдерде қоғаммен байланысты алғаш рет қоғамның басқа салаларында емес, сайлау процесінде қолданған болатын. Адамдар алғашқыда паблик рилейшнздың мәнін түсінбеді, бұл саланың мамандары да болмады, ол кездері қоғаммен байланыспен филологтар, журналистер, тарихшылар, философтар, саясаттанушылар, психологтар айналысқан болатын. Өйткені, қоғаммен байланыстың мәнін кім қалай түсінсе, солай пайдаланған болатын. Мемлекеттік органдар PR-ды бұрынғы идеологиялық құрылымнан қалған ескірген, көнерген әдістердің жалғасы ретінде қабылдады. Міне, сондықтан да PR-ды посткеңестік елдерде мемлекетпен байланыстыратыны осыдан. Ал бүгінде PR биліктің бөлінбес коммуникативті аспектісі болып табылады. Қазір еліміздегі барлық атқарушы биліктің қоғаммен байланыс орнататын бөлімдері немесе баспасөз қызметі бар. Осы арқылы олар өз ұйымдарының бұқара үшін мейлінше ашық екенін көрсетуді көздейді. Бұл ашық қоғам үшін аса қажет. Алайда, еліміздегі мұндай құрылымдар күні бүгінге ПР талаптарына сай қызмет етіп отырған жоқ. Мәселен, Отандық қоғаммен байланыс нарығы толық қалыптаспаған. Себебі бұл салаға мейлінше көңіл бөлінбей, тек қосымша құрал ретінде ғана қалып отыр.

     Мемлекеттік институттардағы PR-құрылымдары қызметі  тиімсіз. PR-қызметін баспасөз орталықтары  ауыстырып, тек жаңалық пен баспасөз релиздерін таратып, журналистермен байланыс орнататын құрал деңгейінде танылып  отыр.

     Көпшілік  арасында PR-ды алдау, өтірік айту, елес, арман, манипуляция ретінде қабылданады. PR-дың келісімге келу, коммуникативті байланыс орнату, делдалдық қызметін атқару сияқты игі мақсаттарына қарамастан ол басынан бастап лас технологиялар, алдау-арбау ретінде көпшіліктің көңілінде орын алды, мәселен, «бұл жай ғана пиар ғой», «қара пиарды қолданған», «кәдімгі пиар», «пиарлау» деген сияқты ойлар бұқара санасына сіңісіп қалған. Яғни халық арасында PR аббревиатурасын оқығанда жарнамалау, алдау сияқты негативті ой-пікір туындайды.

     Қоғаммен  байланыс мамандығының жабылып қалуы. Еліміздегі қоғаммен байланыс мамандарының жетіспеушілігінен, қажеттілігін, мағынасын түсінбегендіктен бұл мамандық жабылып, қиын жағдайға ұшырады.

     Тек осы жылы жылдың сәуір айында ғана қайтадан ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім мамандықтарының классификаторына енгізілуі қоғаммен байланыс мамандығының алдында тұрған келелі мәселелерін шешуге жол ашады деп ойлаймыз. Бүгінде «PR-мәтін», «PR-акция», «PR-қызметтері», «PR-бөлімі», «PR-зерттеу», «PR-жоба» сияқты сөздерді жиі қолданатынымыз да белгілі.

     Негізгі мағынасында PR қызметі арқылы сенім  мен өзара түсіністік тудырып, билік  пен қоғам арасында көпір құруға арналған. PR – қоғам мен билік арасындағы кері байланысты орнату, халықтың сеніміне ену, қоғамдастықты ақпараттандыру құралы болып табылады. Бірақ бүгінгі күнде осы терминнің әртүрлі аударылуына байланысты сан алуан мағынада қолданылып келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

      Маркетинг нарық дамуының жай күйі мен келешегін  зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг мақсаты — өндірістің қоғамдық сұранысқа, нарық талаптарына сәйкес болуы үшін жағдай жасау, нарықты зерттеу, өнім өткізуді қарқындату, тауарлардың бәсекелестік қасиетін жоғарлату бойынша ұйымдастырушылық – техникалық шаралар жүйесін құрастыру.

     Ғылым мен философиялық ізденістерде қарапайым  халық қоғамның бірден-бір қозғаушы күші болып табылады. Себебі бұқара халық қоғамның шикізат көздерін өндіруші материалдық және рухани игіліктерді жасаушы әлеуметтік процестерді тудырушы жалпы қоғамның дамуы мен өзгеруін қамтамасыз ететін күш болып саналады. Яғни қоғамның даму жолы қозғаушы күштер арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда қарапайым халық өзінің ой белсенділігі  және еңбек процесі арқылы қоғамның дамуына үлкен үлес қосады. Мысалы: қоғамдағы ғылыми жаңалықтар, экономикалық даму жолдары, мәдениет, спорт, қолөнер мен сауда-саттық жетістіктері, рухани әлем өмірі осы халықтың арқасында орындалады. Сонымен бірге қоғамның қозғаушы күші ретінде материалдық, экономикалық қажеттіліктер негізгі роль атқарады. Бұл қажеттіліктер қоғамның өндіріс көздерінің дамуына, жұмысшылар мен жеке кәсіпкерлердің белсенді іс-әрекеттер атқаруына, қоғамның әлеуметтік жағдайының түзелуіне себер болады. Сонымен қатар қоғамның бірден-бір қозғаушы күші рухани қажеттіліктер болып табылады. Рухани қажеттіліктер қоғамның этикалық, мәдени, діни өмірлерінің қалыптасып, адам баласының ұлылық деңгейлерге жетуіне жол ашады. Сондықтан да материалдық, экономикалық қажеттіліктер мен рухани қажеттіліктер бір-бірімен байланыса отырып қоғамның дамуында негізгі роль атқарады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

  1. С.Н. Нысанбаев, Г.А. Садыханова «Маркетинг негіздері», Алматы. «Қазақ университеті», 2002
  2. http://www.elgazeti.kz/?p=1516
  3. Қожаназаров Қ. Маркетинг негіздері: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 1995
  4. Эванс Дж. Р., Берман Б. «Маркетинг». - М.: Экономика, 1990. - 350 с.
  5. Атыбалдин С. Маркетинг – нарықтану. – Алматы: «Білім», 1999.

Информация о работе Маркетинг және қоғам