Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 22:12, реферат
Маркетинг - (ағылшынша-нарықты жасау) капиталистік кәсіпорындардың өндірістік өткізу және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі ретінде 19-20 ғасырлар аралығында пайда болды. Алғашқыда маркетингті - өткізуді ұйымдастыру әдісі деп қаралды. Дегенмен маркетинг тек қана тауарларды өткізумен шектелмейді.
Кіріспе 3
Маркетинг жайлы жалпы түсінік 3
Маркетингтің принциптері, атқаратын қызметтері және оның концепциясы. 5
Сұраным сипаттары және маркетинг міндеттері мен типтері 9
Маркетингтің түрлері. 12
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер: 18
Жоспар:
Маркетинг - (ағылшынша-нарықты жасау) капиталистік кәсіпорындардың өндірістік өткізу және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі ретінде 19-20 ғасырлар аралығында пайда болды. Алғашқыда маркетингті - өткізуді ұйымдастыру әдісі деп қаралды. Дегенмен маркетинг тек қана тауарларды өткізумен шектелмейді. Маркетинг өзінің даму барысында бүтін ғылымға, ,,бизнестің өзегіне,, айналды. Қазіргі таңда маркетинг бәсекенің стратегиясы мен тактикасын сатып алушыларды өзіне тарту тәсілін, нарықты билеу әдістерін жасайтын, көзделген пайда деңгейін қамтамасыз ететін, нарық және бағаларға белсенді бақылау орнататын жан-жақты ғылым және іс-әрекет саласы болып табылады. Сонымен бірге, оның маңызды міндеті - өндірісті дұрыс бағдарлау үшін нарықты терең зерттеу.
Бұған әдетте, тұтынушылар сұранымның құрылымын құрайтын географиялық, демографиялық әлеуметтік-психологиялық және басқа да факторларды бөлек-бөлек есепке ала отырып, нарықтың сиымдылығын анықтау кіреді. Бұндай ақпар, әрбір тұтынушылар тобының ерекшеліктерін талдау және олардың талаптарын ескере отырып бұйымдардың номенклатурасын жасау үшін қажет. Маркетингті әрекет ету саласына, сонымен қатар, бәсекелестердің бағыт-бағдарын, мақсатын қадағалап отыруда жатады.
Енді маркетингтің мәнін
Маркетинг - бұл адамның тұтынуын
айырбас арқылы
Маркетинг - бұл тауарларға, қызметтерге, адамдарды ұйымдастыруға, аймақтарға және идеяларға сұранымды айырбас арқылы болжау, басқару және қанағаттандыру. (Дж. Р. Эванс, Б. Берман. Маркетинг. М, Экономика, 1990, 17 б.).
Маркетинг – бұл кәсіпорынның
сауда өткізу іс-әрекетін
Қазіргі заманғы маркетинг
,,Не өндірілетін болса, соны өндіру және сату керек,,
Маркетингтің дамуын үш
Бірінші кезеңі тауарларды артық өндірумен, яғни олардың ұсынымы сұранымнан артық болса бастауымен байланысты. Бұндай жағдайда, кәсіпорынның негізгі мақсаты тауарларды барынша көп шығару, сосын барлық әдістермен оларды сатып алуға тұтынушыларды мәжбүр ету. Оның орнына маркетингтің дамуының екінші кезеңі келді, оның негізгі принципі өндірушілерді тұтынушыларға, нарыққа бағдарлау болды. Маркетингтің дамуының үшінші кезеңі 70-шы жылдардағы ірі экономикалық дағдарыстармен байланысты. Бұл кезеңдегі маркетингтің негізгі концепциясы қоғамның экономикалық ресурстарына бағдарланған.
Атап көрсететін жәйт, маркетинг концепциясы экономикалық теорияның даму нәтижесінде туған жоқ, ол өндіріс өткізу, жалпы айналым саласындағы көптеген елеулі ішкі қоғамдық-экономикалық өзгерістердің салдары болатын. Нарық саласында бұл концепция тұтыну бағдарында болады. Әдетте нарық тек қана ұсыныммен емес, сонымен қатар оянған тұтынымдармен де, яғни сұраныммен қалыптасады. Өнім түрлерінің тереңдей түскен бөлшектенуінің, нарық сегменттерінің кеңеюі нәтижесінде маркетингтің тактикасы мен стратегиясының жекеленуі орын алады. Маркетингтің жекеленуі, стратегияның өнім түрлерінің біріне немесе бір тобына, сонымен қатар нарықтың белгілі бір тармағына бейімделуімен сипатталады.
Сонымен маркетингтің 200-ден аса
анықтамасына бөлек-бөлек
Біздің пайымдауымызша маркетингті –
нарықты терең білуге, баға белгілеу сұрақтарына,
және тұтыну мен сұранымды болжамдауға,
өндіріске, тауарларды тұтынушыларға
жеткізуге және одан кейінгі өызмет көрсетуге
негізделе құрылған өндірісті басқару
мен өнім өткізуге комплексті көзқарас
деп анықтау керек.
Нарық концепциясы ретіндегі
маркетингтің негізгі
Осы көрсетілген принциптер бойынша маркетингтің негізгі атқаратын қызметтерін анықтауға болады. Біріншісі, нарықты зерттеу. Бұл тұтынушылардың әртүрлі топтарының тұтыну қажеттігі және сұранымы, тауар ұсынымы мен жаңа тауарлар өндіру үшін ақпар тасқынының бағыттары немесе бұрын игерілген ассортименті (тауар түрі) жаңарту туралы барлық қажетті жинақтау процесі. Келесі атқаратын қызметі – жарнаманы пайдалану, ол нарықтың барлық тармақшаларын (сегменттерін) тұрақтандыруға және тұтынушылардың жаңа топтарын тартуға бағытталған. Сатуды ынталандыру қызметі тауарларды сатуды жеделдетуге (жарнаманы есептемегенде), көтермелеп жеңілдікпен сату, тауарларды арзандатылған бағамен өткізуге, диллерлердің қызметін пайдалануға бағытталған түрлі шараларды қамтиды. Баға саясаты- сұраным мен ұсынымның ара қатынасын реттейтін маркетингтің аса маңызды қызметтерінің біріне жатады.
Маркетингтің қызметі ретінде, өткізу (сату) саясаты тауар қозғалысының бүкіл жүйесі мен тауар сатылғаннан кейінгі тұтынушыларға көрсетілетін қызметі, тіпті пайдаланылған өнімді қалдықтандырудыда қамтиды. Маркетинг жүйесіндегі тауар саясаты тұтынуға қажетті нақты тауар топтарын, тұтыну әдістерін, сатып алу туралы шешім қабылдайтын адамның артықшылығын, сонымен бірге сатылған тауарға, өызмет көрсету қажеттілігін ескере отырып құралады. Жоғарыда көрсетілген қызметтер бірте-бірте емес, бір мерзімде орындалады, сөйтіп өндірісте, сатуда және тұтынушыларға ықпал етуде уақытылы болатын өзгерістер үшін ақпарат тасқынының үзіліссіздігі қамтамасыз етіледі. Нарық жағдайында, маркетинг тауарларға салыстырмалы түрде тұрақты сұраным жасауға, бәсекеге төтеп беруге, пайда табуға мүмкіндік береді. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің көптеген кәсіпорындары мен фирмалары лабораториялық зерттеулерге, конструкторлық жұмыстарға, өнімнің жаңа үлгісін жасауға, оны жетілдіруге, өндіріске дайындауға технологиялық жабдықтауға және шығаруды игеруге қанша ақша шығын жұмсаса, соншама соманы маркетингке жұмсайды екен. Америка мамандарының есептеуі бойынша АҚШ нарығында маркетингке жұмсалатын жиынтық шығын көптеген тауарлардың ақырғы бағасының 55-60 процентін құрайды. Шамамен осындай көрсеткіш Батыс Еуропа мен Жапония нарықтарына да тән болып отыр.
Қазіргі кезде, маркетингті өндірісі басқарудың қалыптасқан жүйесіне өндіру тәсілі туралы екі көзқарас бар.
Біріншіден, маркетингті - кәсіпорындағы басқару процесін ұйымдастыратын жүйе деп қарау және оны жүйе түрінде бірден ендіру.
Екінші көзқарас- маркетингті бірте-бірте және әрбір элементі бойынша оған деген қажеттілікті түсіну барысына қарай өндіру.
Қазірде, қайсыбір кәсіпорындар шұғыл нәтиже мен қайтарым алу мақсатымен шет елдердің тәжірбиелерін өз кәсіпорындарына дереу ендіруге тырысуда. Мұндай асығыстықтың пайдасынан зияны көп болуы мүмкін. Біздің елімізде, маркетингтің элементтерін пайдалануда кейбір талпыныстардың барын атап айту керек; сұранымды зерттеу, жарнама, тауар түрлерінің және сапаның даму концепциясын жасау. Мысалы, 1990 жылы ,,Актюбрентген,, өндірістік бірлестігінде маркетингтік қызмет құралды. Қазірде онда 4 адам жұмыс істейді. Бөлім бастағы маркетингтік зерттеулерді талдау, жоспарлау және өткізілетін шараларды бақылаумен айналысады. Қызметкерлердің біреуі дербес компьютерде маркетингтік мәселелер бойынша мәліметтер банкін жасайды, басқасы көрме ұйымдастыруға, үшіншісі жарнамаға маманданады. Бұрын завод өзінің өнімін қорлар бойынша бөлетін, ал нарықтық қатынастарға көшу өнімді өткізу қиындығын туғызады. Бұл маркетинг қызметін құруды жеделдетті. Бөлімнің мамандары барлық республикалық
,,Медтехника,, бірлестіктерімен, облыстық денсаулық сақтау бөлімдерімен, көптеген аурухана және емханалармен байланыс жасады. Олар туралы ақпарды компьютерлік банк мәліметіне енгізді. Зерттеудің нәтижесін талдау барысында, олар тек қана облыстық денсаулық сақтау бөлімдерімен байланыс жасау, бұл саладағы нақты жағдайды көрсетпейтінін анықтады. Көптеген емханалар, әсіресе медсанбөлімшелер рентген аппараттарына мұқтаж және сатып алатын мүмкіндіктері болғанымен, оны қорсыз сатып алуға болатынын білмеген болып шықты.
Біздің экономикада
А) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі;
Б) нарықтық жағдайды қалыптастыру:
В)
маркетингті ендірудің
Г) сатып алушылар нарығын құру:
Д) нарық механизімінің даму деңгейі.
Маркетинг концепциясының негізгі мазмұнының-сатып алушылар нарығы жағдайындағы тауарларды өндіру мен өткізу құрайды. Сондықтан, маркетингті іс жүзінде жүзеге асыру тұтынушылардың емес, сатушылардың алдында тұрған проблемаларды шешумен байланысты.
Тауарлар айырбасы арқылы сатып алушылардың тұтынуын қанағаттандыруға бағытталған көзқарастар жүйесі концепция шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Маркетингтің өндірістік
Тауар концепциясы, кәсіпорын
жоғары сапалы тауарларды
Өткізу концепциясы өндірісте өнімдерді барынша көбірек өндіруді сосын барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып оларды нарықта сатуға ұмтылуды көздейді.
Нарықтық концепция кәсіпорынды, коммерциялық табысқа, нарықтың қажеттіктерін және оларды басқа бәсекелестеріне қарағанда тиімдірек тәсілмен қанағаттандыру арқылы жетуге болатынына көзін жеткізеді. Егер өткізу концепциясы тауарға бағдарланған болса, бұл концепция тұтынушыларды егжей-тегжейлі білуге негізделген. Бұл үшін өнім шығарушы кәсіпорын маркетингтік зерттеуді кешенді жүргізеді( тек қана сату кезеңінде емес). Басқаша айтқанда, өздерінің мақсатына жету үшін клиенттердің қажеттіктерін білумен және болжамдауымен айналысу қажет.
Әлеуметтік-этикалық концепция, кәсіпорыннан кейбір тұтынушылардың немесе олардың топтарының және тұтас қоғамның мүдделері мен сұранымдарын ұзақ уақыт сақтауды талап етеді. Сөйтіп, ол нарықтық концепцияны толықтырады. Бұл, не тауар, не оны өндіру технологиясы, белгілі бір уақыт өткеннен кейін білінуі мүмкін тұтынушыларға келетін зиянды болдырмау керек дегенді білдіреді.
Маркетингтің стратегиялық концепциясы, тауар өндірушілердің өздерінің дамуының белгісіздігін, бұлдырлығын азайту ұмтылысына және басқарудың кәсіпорынның коммерциялық жетістігіне әсерінің күшеюіне негізделген.